Эмиль Крепелин енгізген. Ақыл- ой кемістігінің негізгі 3 түрін қарастырамыз олар:
Эмиль Крепелин енгізген. Ақыл- ой кемістігінің негізгі 3 түрін қарастырамыз олар:
Дебилдік- ақыл- ой кемістігінің жеңіл және өте жиі кездесетін түрі, бұл балалардың 70-80% осы топты құрайды. Бұл деңгейде балалар құрдастарынан юарлық жақтан артта қалады. Олар кеш сөйлейді кеш жүреді ақыл ой да ақырын дамиды және бұл балалар әлсіз аурушаң, епсіз болады. Бала айналасында болып жатқан жағдайға мән бермейді қызықпайды, заттарды өз бетімен зерттемейді, қоршаған ортада болып жатқан процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында бұл балалардың сөздік қоры өте аз болады, өз қатарластарына қарағанда өте аз сөз біледі және 3-4 сөйлемнен тұратын сөздерді түсінбейді. Бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасқаннан кейін ойын жетекші болып қалыптаспайды. Сәйкесінше бала ойнай алмағандықтан оны қалыпты қатарластары ойынға қабылдамайды. 7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы оқыту мекемелеріне қабылданады. Және бұл балаларда көптеп сөйлеу тілінде ауытқулар кездеседі.Бұл балалардың зият коэффициенті IQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік- ақыл- ой кемістігінің орташа деңгейі бұл балалардың 10% осы топты құрайды. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Нәрестелік жаста мұндай балалар кеш дамиды 3- жастан кейін жүреді. Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында ғана сөз тіркесі ретінде пайда болады. Танымдық мүмкіндіктері дамымағандақтан сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні қатты зақымдалған. Бұларда моторика бұзылғандықтан өзін-өзі күту дағдысы қиындықпен және үлкендердің көмегімен жүзеге асады. Бұл балалар кішкене оқи алады және санауды қоршаған орта туралы кейбір мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Имбецилдік дәрежеде сөздік қоры небәрі 200-300 қарапайым сөздерден тұрады және интеллектуалды коэффициенті IQ 20-50, ал ауыр имбецил кезінде 20-35 болады.
Идиотия (нақұрыстық)- ақыл- ой кемістіктің ең ауыр және сирек кездесетін түрі. Шығу себебі көбінше ішінен статикалық және моторикалық функцияның бұзылысы болып келеді. Бұл балаларда кездеседі әртүрлі сезімдік реакцияның көрінуіндегі тежелулер, тұру, жүру дағдасының кеш дамуы айналасындағы болып жатқан құбылыстарға және ойынға деген қызығушылығы әлсіз байқалады.