Орындаған: Нұрсалимова Д. Е қабылдаған: Қожахметова А. Г астана, 2023ж



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі18,14 Kb.
#139609
  1   2

А.К.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

БАЯНДАМА
Тақырып: Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру




Орындаған: Нұрсалимова Д.Е
Қабылдаған: Қожахметова А.Г

Астана, 2023ж.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.


«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерретінде Кантильон өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адамды түсінетін.Американдық экономист Иозеф Шумпетер (1883 – 1950) былай деп тұжырымдайтын: кәсіпкерлікдегеніміз – бұл, ең алдымен, өзінің нәтижесінде жаңа тауарлар жасалу нәтижесінде болып отыратын жаңашылдық қызмет.
Кәсіпкерлік шағын бизнестің дамуынан басталады. Шағын бизнестегі кәсіпкер қандай да бір жетістіктерге бағытталады. Сонымен кәсіпкер – бұл нарық қажеттілігі мен перспективасын түсіне алатын және осы түсініктерді өндірісті басқару облысындағы біліммен байланыстыратын және пайда табу мақсатында өндірістік ресурстарды пайдаланатын адам. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі және бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – жаңартушылық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасуын немесе капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен тиімділігіне оны қаржыландыру шамасы тікелей әсер етеді. Яғни, қажетті көлемде қаржы ресурстары болуы тиіс. Қаржы - тауар-ақша қатынастарымен байланысты қалыптасқан категориялардың бірі. Ол экономикалық қатынастарда маңызды рөл атқарады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары - шаруашылық субъектінің иелігіндегі қаражаттар жиынтығы. Ол кәсіпорын табысын қалыптастыру, бөлу және пайдалану үрдісін көрсетеді, сондай-ақ, қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру ішкі және сыртқы қаражат көздері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, меншікті және қарыздық қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет