Тұтынушының, қызметкерлердің, иелердің және қоғамның қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру арқылы ұзақ мерзімді жетістікке жету; оқу орны процестерінің нәтижелерінің тұтынушының, ұйымның және қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігі. Сонымен қатар, нақты талаптарға да, болжанған қажеттіліктерге де сәйкестігі жатады.
Жоғары білім берудің сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру мамандарды даярлаудың осы заманғы және перспективалы өлшемдер мен стандарттарға сай келетін деңгейіне қол жеткізуге бағытталуы тиіс, сондай-ақ адам қызметінің бірегей саласы болып табылатын білім беру сапасының проблемаларын өзектілендіруге ықпал етуі тиіс. Осыған байланысты әр бакалавр, студент, магистр, аспирант, оқытушы, ғылыми қызметкер Сапа менеджментінің негіздерін білуі керек.

Жоғары оқу орындарында СМЖ қалыптастырудың екі негізгі жолы болуы мүмкін:
1. Белгілі бір оқу орнының мысалында әзірленген , ішінара әмбебап және басқа ұйымдар үшін қолданылатын сапа менеджменті жүйесінің бірегей моделін жасау; 2. Адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдаланылатын қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесін құрудың әмбебап қағидаттарын пайдалану, яғни 9000: 2000 сериялы ISO халықаралық стандарттарының талаптарында және сапа саласындағы ұлттық сыйлық өлшемдерінде көрініс тапқан жалпыға бірдей сапа менеджменті (TQM) қағидаттарын тікелей қолдану. СМЖ әдістемелік құралдары: Деректерді ұсыну үшін ақпарат көздері
Деректерді ұсыну құралдары
Деректерді статистикалық өңдеу әдістері
Жалпы басқару теориясы
Мотивация және тұлғааралық қатынастар теориясы
Экономикалық есептеулер
Қызметті жүйелі талдау
Жоспарлау арқылы басқару