Педагогикалық барысының сипатына қарай ойын мынадай топтарға бөлінеді: а) оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) өнімді, шығармашылық;
в) коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық және т.б.
Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады:
лексикалық;
фонетикалық;
грамматикалық;
орфографиялық
Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады:
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
Уақытты үнемдеуге үйретеді.
Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
Оқушылар үшін қауіпсіз.
Сонымен қатар ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға;
2. Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға уақыт көбірек бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталату ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі үрдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетінің орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың барысында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырып бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
3.Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған тиімді. Мысалы: «доппен ойыны» балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташыдағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташы көрсетіп «What color is it?» балалар It's red деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.
Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: “colours”, “friends”, “ school”, “family” .
Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындардың да маңызы зор. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.