АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен таратушы факторлары
АИТВ-инфекциясы. тұрмыстық қарым-қатынаста жұқпайды
АИТВ инфекциясы ортақ ыдыс-аяқ, дәретхана, бассейнді пайдаланғанда немесе қол алысу, сүйісу, құшақтасу кезінде, маса және басқа жәндіктердің шағуынан жұқпайды.
Ешкім АИТВ инфекциясын жұқтырудан қауіпсіздендірілмеген. Кез келген адам жынысына, жасына, мекен жайына, діни көзқарасына қатыссыз АИТВ-ны жұқтыра алады.
Инфекцияны жұқтырудан тек қана әр адамның білімі (АИТВ-ның берілу жолдары мен оның алдын алу) мен икемділігі сақтай алады.
АИТВ инфекциясын жұқтыру жолдары: - Қан тамырына есірткілерді ортақ инемен шприцтерді қолдану - АИТВ – мен зақымданған донордың қанын құю немесе мүшелері мен тіндерін ауыстыру - Медициналық манипуляциялар кезінде өңделмеген құралдарды пайдалану - Татуировка мен пирсинг жасау, бөтен щетканы пайдалану
АИТВ инфекциясын жұқтыру жолдары: - Қан тамырына есірткілерді ортақ инемен шприцтерді қолдану - АИТВ – мен зақымданған донордың қанын құю немесе мүшелері мен тіндерін ауыстыру - Медициналық манипуляциялар кезінде өңделмеген құралдарды пайдалану - Татуировка мен пирсинг жасау, бөтен щетканы пайдалану
АИТВ инфекциясын қалай анықтауға болады?
Адам АИТВ-инфекциясын жұқтырғанын анықтаудың жалғыз тәсілі – қан тапсыру.
ВИЧ ағзаға енгеннен кейін, вируспен күресетін арнайы белок- антиденелер пайда болады.
ИФА әдісімен антиденелерді анықтайды.
Егер тексеру нәтижесі оң болса, онда адам АИТВ инфекциясымен зақымданған.
Егер қан анализінің нәтижесі теріс болса, онда:
Адам АИТВ-инфекциясын жұқтырмаған
АИТВ-ні жақында ғана жұқтырып, ағзада вирусқа қарсы әлі антидене пайда болып үлгермеген (яғни “терезе кезеңі”)
СПИДпен күресу орталығының жұмысы
СПИД орталығы – ерекше типтегі, арнайы емдеу –диагностикалық мекеме.
Міндеті: емдеу –диагностикалық, профилактикалық, эпидемияға қарсы шараларды жүргізу арқылы ЖҚТБ ауруларын ерте анықтау, емдеу, аурудың таралуын алдын алу.
СПИД- орталықтың құрамы:
Емдеу ісі бөлімі (диспансерлік бақылыу бөлімі, психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті, емдеу бөлімі)
Профилактикалық бөлім (әдістемелік бөлім, эпидемиологиялық бөлім)