Орындаған: Орынбек. А тобы: жм-05-23


Ауруханаға жатқызу көрсетпелері



бет8/8
Дата18.12.2023
өлшемі2,5 Mb.
#140535
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖТД Асыл 2

Ауруханаға жатқызу көрсетпелері:

  • АИТВ инфекциясын жұқтырған науқас ЖИТСпен күресу орталығында не жұқпалы аурулар ауруханасында арнайы бокстарда емделеді. Ауруханаға жатқызу клиникалық, эпидемиологиялық, психоәлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес.
  • Клиникалық қажеттілік: қосымша аурулардың асқынуы ( вирусты, бактериалды инфекциялар). Антиретровирусты ем СД4 лимфоциттер 1мкл 200 ден кем болғанда, РНК лы вирустар 1мл плазмада 55000 колониядан көп болғанда жасалады.
  • Эпидемиологиялық қажеттілік: қан кету, қан аралас қақырық бөліп шығару, туберкулездің ашық формасы. Ауруханада бөлек бокстарда емделеді, басқа АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандармен қатынасы шектеледі.
  • Психологиялық, әлеуметтік қажеттілік: суицид қауіпі, агрессия, жанұядағы конфликт.

АИТВ инфекциясын жұқтыру қауіпі:

  • Ластанған қанмен жанасу (ине кіру, өткір инструменпен кесу) – 0,3 %;
  • Биологиялық сұйықтықтардың тері немесе шырышты қабаттарға тиюі 0,09%
  • Зақымдалмаған терінің қан, биологиялық сұйықтықтармен ұзақ уақыт (бірнеше минут және одан көп) немесе үлкен аймақта жанасуы;
  • Жыныстық қатынас 0,1-3 %;
  • АИТВ оң анадан баласына жұқтыру – 15-50%

АИТВ инфекциясына қарсы тексеру түрлері:

  • Міндетті түрде тексеру.
  • Қан мен өзге де биологиялық сұйықтықтарды, ағзалар тіндерді тапсыратын донор әрбір тапсырған кезде міндетті түрде тексеріледі.
  • Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру
  • Шығу тегі белгісіз синдромдар мен белгілер:
  • ұзақтығы 1 айдан астам қызба;
  • бездердің екі және одан да астам топтарының 1 айдан астам ұлғаюы;
  • ұзақтығы 1 айдан астам диарея;
  • түсіндіруге болмайтын дене салмағының 10% және одан астам азаюы;

Қорытынды

  • 22.04.2015 ж. ДСМ № 246 «АИТВ жұқтырудың анықталуын медициналық куәландыру ережелері» бұйрығына сәйкес тексеру түрлері:
  • Ерікті тексеру –толық ақпарат негізінде адамдарды олардың ықыласы бойынша тексеру.
  • Аты – жөнін атамай тексеру – адамдардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпей тексерілуі;
  • Құпия түрде тексеру – нәтижесі туралы тек тексерілуші мен оған тікелей көмек көрсеткен медицина қызметкер ғана білетін тексеру. Құпия түрде тексерудің нәтижелері жарияланбайды және тексерілуші мен медицина қызметкерден басқа ешкімге берілмейді.
  • Мәжбүрлеп тексеру – құқық қорғау органның қаулысы бойынша. АИТВ –ға мәжбүрлеп тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Толық ақпарат негізінде тексеру –тексеру алдында кеңес беруден кейін тексеру.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Фтизиатрия М.И. Перельман, В.А. Корякин Аударған Т.Ә.Момынов. Алматы-2006 ж.
  • . Г. Б. Ракышев, С.А.Вядро, А.А.Бугаков-Туберкулез у детей и подростков-Астана, 1999
  • www.wikipedia.ru/tub32./
  • www.medikus.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет