Даму деңгейлері
|
Қалыпты даму жағдайы
|
Аномальді даму жағдайы
|
1. Нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жас)
|
Адамдарғы деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата – ана мен баланың бірін – бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.
|
Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.
|
2. Сәбилік (1 жастан 3 жас)
|
Дербестік, өзіне - өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата – анасына тәуелді адам деп санайды.
|
Өз - өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімделмегенін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әрекеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандар-
дан өте қатты жасыруғатырысады.
|
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасы)
|
Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рөлдерге қосылу.
|
Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рөлдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
|
4. Балалық шақ (5 жастан 11 жас)
|
Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы.
|
Өзін - өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту.
|
5. Жасөспірімдік және жастық шақ (11 жастан 20 жас)
|
Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның – болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? Деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену
|
Рөлдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың (көрініс, келешек) ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы.
|
6. Ерте егде жас (20 жастан 45 жас)
|
Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану.
|
Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау.
|
7. Егде жас (40-45 жастан 60 жас)
|
Шығармашылық. Өзімен - өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір.
|
Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімділігі.
|
8. Қарттық шақ (60 жастан жоғары)
|
Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру
|
Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау.
|