Г.М.Коджаспирова «Ғылым білімді болу ғана емес, оны саналы түрде меңгеру, білімді қолдана білу біліктілігі».
|
Осы айтылған анықтамаларды басшылыққа ала отырып, ғылымды ерекше тану процесі – деп айта аламыз. Ғылым - қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызметінің бір саласы.
|
Исаева З.А., Таубаева Ш.Т. педагогикалық эксперимент деген қысқаша лекция курсында «Ғылыми таным – жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу» деп тұжырымдаған.
|
Ғылыми таным ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстары мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады.
|
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды төмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, ойлы-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
|
Ғалым өзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаларға байланысты педагогика, психология, философия, әлеуметтану, медицина, математика, тарих, тіл білімі болып таралуын ғылымдардың жіктелуі деп атайды.
|