Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: М.Әуезовтің «Оқыған азамат» шығармасындағы әдеби характер мен типтік бейне табиғаты
Орындаған:Райханова:Айдана 208-топ
Тексерген: Юсуп.А
Характер (әдеби характер)-көркем шығармадағы кейіпкердің мінез бітімі, ой-сезім дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат-ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл- әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-тұтастығы, синтез деп қараған жөн. Реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп-өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды, және осыған қоса оның өз ішкі диалектикасы да болатыны ескерілуі кажет. Xарактер белгілі қоғамдық жағдайда калыптасады, сол ортаға, өз уакытына сәйкес болады. Адамның мінез-құлқы, оның әрқилы кезеңдегі сынға түсетін екіұдай жайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой-өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған орай әдеби шығармада характер күрес-тартыс үстінде, кейіпкердің іс-әрекеті, ойниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып анықталады. Кейіпкердің бір- бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі. Әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін су- реттеу арқылы, психологиясы, жан дүниесі тікелей бейнеленуі, арқылы айқындалып, сондай-ақ сыр-сымбатын, бой-тұлғасын, бет-әлпетін, сөйлеу ерекшелігін көрсету, яғни жанама мінездеу арқылы жан- жақты ашыла түседі.
Мұхтар Әуезов «Оқыған азамат» Жұмағұл мен Мейірханға мінездеме
Өзімшіл
Тойымсыз
Жұмағұл
Екі жүзді
Қу
Досына адал
Қамқор
Мейірхан
Шыншыл
Білімді
Көркем бейне шығарманың негізгі бөлігі болып табылады. Көркем бейненің нақты әрі типтік түрлері болады. Әдебиет теориясы пәні әдеби көркем бейненің бүкіл табиғатын зерттейді. Әрбір шығармада көркем бейненің өзіне тән ерекшеліктері болады.
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі.
К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады.
Көркем бейне бүгінде қазақ әдебиетінде тарихи шығармаларда, әдебиеттің түрлі жанрларында кездеседі. Мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолы», І.Есенберлин «Көшпенділер», К.Есенжанов «Ақ жайық» романы нақты, деректермен тарихи оқиғалар шығармаларға өзек болады. Содан әдебиет тарих пәнінен байланысты дамиды. Ал психология пәнімен байланыстиы дамиды. Көркем әдебиетте кейіпкердің ішкі дүниесі, ой-пікірі, қиялы мен үмітті арманы бір сөзбен айтқанда психологиясы көркем шығармаларлың басты ерекшелігі деуімізге әбден болады. Кейде ол типтік бейне табиғаты арқылы беріледі . Мысалы Мұхтар Әуезов «Оқыған азамат» шығармасында Мақсұттың ауырғаны қыс мезгілімен суреттелсе, Жұмағұл мен Қадишаның үйленгені көктем, жаз айларымен суреттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |