Орындаған: Санабекова. А. Р. Тобы: Арнайы педагогика 302 Тексерген



Дата02.10.2023
өлшемі20,59 Kb.
#112631

Орындаған: Санабекова.А.Р.
Тобы: Арнайы педагогика 302 
Тексерген: Жубатырова Б.Т. 
Академиялық жазу пәнінің өзіндік зерттеу әдістері мен тілдік ерекшеліктері 
“Академиялық жазылым” ұғымы нені білдіреді? Жалпы жазу, жазылым деген не? Жазу не үшін керек? Электронды құралдардың, ұялы телефондардың мүмкіндігі орасан зор және баршаға қолжетімді қазіргі кезеңде жазудың қажеттігі аз болып көрілуі рас. Қазақ жастарының шетелдік оқу орындарында білім алуы, мектеп оқушыларыныңтөменгі сыныптардан бастап шағын ғылыми жобалар орындауы, студенттер мен магистранттардың, докторанттардың күрделі ғылыми зерттеулер жасауы, осының бәрі жазу әрекетінің маңызының жойылмағандығын,тіпті артып отырғанын көрсетеді. Оқушылар мен студенттер конспект, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс және диссертация жазады. Ал жұмысқа тұрған кезде жазу қызметкердің нақты қызметтік міндеттеріне кіреді. Ол қандай да бір жұмыс туралы сараптамалық талдаулар, қорытындылар, есептер, қызметтік хаттар жаза білуі тиіс. Сауатты жаза білу күнделікті өмірде де қажет. Жазу әрекетінің басымдылықтары мынады: 

  • Хабарлауға қажетті ақпарат туралы барынша жан-жақты ойлануға және зерттеуге уақыт береді

  • Материалды өз қалауыңызша құрастыруға, өзгертуге мүмкіндік береді; 

  • Ойларыңызды, әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізді тіркеуге, қағаз бетіне қалдыруға мүмкіндік береді; 

  • Материалмен танысатын оқырманның уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, жазба материалмен оқырман кез келген өзіне қолайды уақытта таныса алады, оның үстіне адамның көбі естіген ақпараттар көрі оқыған ақпаратты тез игереді. 

Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты жазамыз. Оқытушы ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс жазуды талап етуі мүмкін немесе жазба жұмысын орындау білгілі бір жетістікке жету жолындағы сіздің тікелей міндетіңіз болуы мүмкін. Кей жағдайда сіздің пікіріңіз қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету үшін қажет болуы ғажап емес. Олай болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-жай қарамайтын адамдарға да арнап жазамыз. 
Академиялық жазылым дегеніміз қандай жазылым? 
Академиялық жазылым - эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялық сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. 
Академиялық жазылым - жеке ойлар мен идеяларды білдіру және оны негіздей білу әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. 
Академиялық жазылым - бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. 
Академиялық жазылым дағдысын білу - академиялық ортада табысты болудың негізі. 
Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін Қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретіндегі мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады, айталық мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан дектант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрлі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды. 
Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстырылым дағдыларын меңгерту оқу құралының мақсаты болып табылады. Осы тұрғыда оқу құралының міндеттеріне академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту; сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін тандай білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байыту; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады. 
Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағыттау сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі - оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді. Осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу міндетті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеуге қажетті негізгі дағдылар: 

  1. Зерттеу жүргізу дағдылары - ізденушінің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі

  1. Конспектілеу дағдылары - тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі; 

  1. Өз-өзіне бақылау жасау - мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті; 

  1. Болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу; 

  1. Аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  • Динаева Б.Б., Сапина С.М. 

Академиялық сауаттылықтың теориялық жәнк практикалық негіздері” Оқу құралы. Толықтырылған 2-басылым / Б.Б.Динаева, С.М.Сапина. - Нұр-Сұлтан, 2020. - 200 бет. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет