ҚАРАША БОЛҒАН ХАНЗАДА
Қыдыр бай (кейін шежіре түзушілер ислам дінін таратушы қожалар тұқымына жақындау үшін қожа жалғауын қосып Қыдырқожа бай атап кет-кен, негізінде түркілердің арабтарға еш қатысы жоқ) елдiң есiнде қалар-лықтай айран асыр той жасап, Қанбибi (аңыздың екінші вариантында Анайы) мен Елтайдың некесiн қияды. Бiрақ жатса да, тұрса да Елтайдың ойынан өзіндік думанға толы хан сарайы, әкесiнiң iнiсiнiң қатiгез қылығы кетер болмады. Іштейгі есi-дертi сарайға оралу, өзiне жақтастардан қол жинап, қайткен күнде де әке тағын қайтадан тартып алудың қамы болады. Үйленгеннен кейiн көп кешiкпей келген жағына азынаулақ жiгiттермен ат-танып кетедi де, содан еш хабар болмайды.
Ал құдай қосқан жарын күте-күте екi көзi төрт болған Қанбибi сұлу айы-күнi жетiп, аман-есен босанады. Осы кезде «Елтай қаза тауыпты» деген жаманат хабар жетедi. Ел-жұртты басқару арманына жете алмаған ханзада өзiнің тегін жасырған қараша қалпында дүниеден өтедi. Әйтеуiр ғұмырын жалғастырар ұрпақ қалдырып үлгередi артына. Ол ұрпағы аман-есен өсiп, өз қолы өз аузына жетуi үшiн алшын Қыдыр атты байдың ұлы болып тәр-биеленедi. Тұмса босанып, қалжырағанын басуға қалжа жемек боп бағылан-ның бал етiн аузына ендi ала берген, сағыныштан сарғайған Қанбибiнiң құлағына “күйеуiң ажал құшыпты” деген қаралы хабар қанжардай қадалады да, жүрегi жарылып сүйiктiсiнiң артынан жүре бередi. Жарық дүниеге шыр етiп түскен бойда әке мен шешеден бiрдей айрылған сәби осылай жетiм қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |