Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты География, экология және туризм кафедрасы 6В05203 – География 3 курс
Орындаған: Сәкен А, Сырлыбек Г, Әбламит Г.
Қабылдаған: Абулгазиев А.
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Солтүстік Қазақстан — батыста Орал сырты үстіртінен, шығысында Ертіс маңы жазығына дейін, солтүстігінде Солтүстік қазақ жазығынан оңтүстіктегі Сарыарқаның ұсақ шоқылы қырқаларына дейін созылып жатқан өңір. Құрамына Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары жатады. Аумағында Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы орналасқан. Ірі қалалары - Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Екібастұз.
01
02
Жер бедері
Ауданның жер бедері негізінен жазық. Оңың солтүстік және шығыс бөлігін Солтүстік қазақ жазығы алып жатыр. Бұл далалы жазықтықта табақша тәрізді ойпаңдар және олармен алмасып келетін қырқалар көптеп кездеседі. Олардың көпшілігінде тұщы және тұзды көлдер орналасқан. Құрғақшылық жылдары олардың кейбіреулері құрғап қалады. Оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Солтүстік қазақ жазығы біртіндеп биіктеп, Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемдігімен "Қазақстан Швейцариясы" деген теңеуге ие болған көркем қыратпен (Көкшетау қыраты) алмасады. Онша биік емес, бірақ құзды-жарлы, қырқалы және қарағайлы-қайыңды ормандармен көмкерілге тау жоталары ғажайып суретке ұқсайды. Тауаралық ойыстардағы көлдер және олардың жағаларындағы әр түрлі пішіндегі дөңбек тастар мен шың-құздар ерекше ғажайып көріністер береді.
Көкшетау қыратындағы Бурабай көлі
03
Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың 1960 жылы дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады. Қара металлургия темір кенін өндіру мен оны байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаковск КБК болып табылады (шөгінді қабаттардағы кен орындары). Кендегі темірдің мөлшері орта есеппен алғанда 34,3%, бірақ оны пайлаланудағы бір
мөселе оның құрамында фосфор болуы (0,48%). Кәсіпорын кен қорымен 80 жылға қамтамасыз етілген. Ақсу ферроқорытпа зауыты темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен қорытпасын өндіруден республикада 1-орын алады. Ол шикізат ретінде Батыс Қазақстанның хромитін және Орталық Қазақстанның марганец кендерін пайдаланады. Түсті металлургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалық қаласының маңында).
Өнеркәсібі
04
Солтүстік Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратын өнім-ауыл шаруашылығы машиналары - АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда - тракторлар, Макинскіде - олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда - бульдозерлер шығарылады. Бқл салалар тасымалданып әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар - Екібастұздағы МАЭС-1 (куаты 4 млн кВт/сағ) ЖӨН6 МАЭС-2 (1 млнкВт/сағ). Екібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС-терін қамтамасыз ететін қоңыр және тас көмір өндіріледі. Құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады (Астана мен Қостанай). Құрылыста пайдаланылатын тастарды Атбасар мен Шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материалдарын - тас, саз, пістасты қолданады.
05
Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).
Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.
Ауыл шаруашылығы
04
Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол. Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай болуы ықпалын тигізеді. Тамақ өнеркәсібі салаларының (ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау) аймақ экономикасында алар орны ерекше.
Сүт және май шайқау салалары сары май, ірімшік, құрғақ сүт өндіруге маманданған. Аймақ бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы орташа республикалық, көрсеткіштен 2 есе көп. Барлық қалаларда (кейбір ауылдық елді мекендерде) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады.
07