Қортындылай келе бұл ауруларға асқазан мен ішектер ауруларының үлкен тобына жатады. Аурулардың пайда болуы мен дамуы әртүрлі болғанымен оларда жалпы ауырсыну және мазасыздану синдромдары бірыңғай болып келеді.
Колик сиңдромы негізіне асқазан мен ішектердің бітелуі жатады, азық қорыту жолының моторлы, секреторлы және басқада қызметтері, жүрек, тыныстану, зат алмасу және бөлу қызметтері бұзылады, ішектен ауыр уланулармен аяқталады. Жүйке рефлекстері, сезімталдық, вегетативті жүйке жүйсінің қозуы және малдың мінезі бұзылады.
Ауырсыну сезімдерінің көздері әртүрлі себептер болуы мүмкін және ауырсыну біркелкі болмайды, сол себепті Дәрігер малдың мінезіне және мазасызданудың сипатына байланысты бұл жағдайда (колик) «шаншу» деп тауып, диагноз қоюға жақындайды. Мысалы сфинктрлердің және ішектердің кейбір тұзағының қатты түйілуінен түйілмелі ауырсыну пайда болады.