Орындаған: Таубалдиева Гүлбахыт ҚӘ. 22. 1



Дата14.06.2023
өлшемі56,41 Kb.
#101256
түріРеферат
Байланысты:
д ж т


Реферат
Жоспар

  1. Кембридж университеті

  2. Кембридж университетіне қалай түсуге болады?

  3. Кембридж уиверситетінің құрылымы

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Орындаған:Таубалдиева Гүлбахыт ҚӘ.22.1

Кембридж университеті– Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. 13 ғ-дың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. 17 ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И.Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч.Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж бар. Оның әрқайсысының өз кітапханалары жұмыс істейді. Әр колледжде әр түрлі факультеттерден 300 – 400 студент оқиды. Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады. Кембридж университетітінде 600-ден астам ғылыми қызметкер мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет 25 мамандық бойынша ғылыми атақ береді. 2000 – 2001 жылдары Кембридж университетінің барлық колледждерінде 16 мың студент және 400 біріктірілген топта аспиранттар оқыды. Кембридж университеті ғалымдарының ғылыми жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған.[1]


Кембридж университететі –Ұлыбританияның ең көне және ең танымал, әрі әлем бойынша барлық рейтингтерден бірінші орында тұрған университет. Бұл университеттің негізін 800 жыл бұрын Оксфардтан белгілі себептерге байланысты кетіп қалған ғалымдар қалаған. ЯғниҰлыбританиядағы екінші университет.
Кембридж дәстүрді өте қатаң сақтайтын университеттердің бірі. Мысалы, мұнда 700 жыл бойыең аз балл жинаған студентке ағаш қасық беретін болған екен.
Университетке түскісі келген талапкерді қабылдау кезінде қабылдау комиссиясы үш негізгі пунктті ерекше қарайды: академиялық қабілеті мен шамасы, тәуелсіз пайымдауы және таңдаған мамандығына деген құштарлық. Қазіргі уақытта мұнда undergraduate level бағдарламасы бойынша білім алып жатқан шетелдік студенттер үлесі 10 пайыз.

Кембридж университетіне қалай түсуге болады?

Құжаттарды тапсыру уақыты

UCAS жүйесі бойынша бүкіл университеттік және Кембридждік ішкі қалып бойынша оқуға түсу үшін барлық құжаттар 15-қазанға дейін толтырылып, тапсырылуы қажет.

Университетке түсу тәртібі

Сәуір мен мамыр айларының аралығында талапкер университеттің ұсынатын бағдарламарын жаттап және бұл бағдарламалар іске асатын колледждерді біліп алуы керек.


Одан бұрын ол бағдарлама мен колледжді таңдауға көмек беретін арнайы кеңесшімен сөйлескені абзал.
Маусымнан қазан айына дейінгі аралықта, талапкер қажетті барлық құжаттар мен оқуға тапсырудан бұрын өткен сынақтың нәтижелерін қосып, оқуға түсуге өтініш жазуы керек.
Қыркүйек пен желтоқсан аралығында шетелдік студенттер университетте немесе университет сұхбат өткізетін бір елде әңгімелесуден өтулері қажет. Өткен жылы таңдалған елдер Канада, Қытай, Үндістан, Малайзия, Пәкістан және Сингапур болған.

Талапкерге қойылатын талаптар

Кембридж университетіне түсу үшін, Ұлыбританияның өзге де жоғарғы оқу орындарындағыдай, біздің мектеп бітіру туралы аттестат аздық етеді, мектепті бітіргеннен кейін міндетті түрде A-Level* дайындық курсын немесе бір-екіжыл ЖОО-нында оқу қажет.
Қабылдау комиссиясы талапкердің мамандығана байланысты пәндерге ерекше көңіл бөледі. Сол үшін бағалары өте жоғары болуы керек - британдық жүйе бойынша тек А.
Сонымен қатар, таңдаған саласы бойынша жетістіктері де маңызды: олимпиада, байқаулардағы жеңістер, ғылыми жұмыстар, конференцияларға қатысқандығы.
Талапкердің Кембриджге түсуге мүмкіндігі бар-жоғын тек арнайы Cambridge Admissions Office бөліміне хабарласу арқылы ғана білуге болады. Сонымен қатар, тіл білімі IELTS шкаласы бойынша 7.0 балл болуы қажет.
*A-level — Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарына түскісі келетіндер үшін міндетті білім деңгейі. Өйткені UK-да мектепте 13 жыл оқиды, ал бізде 11 жыл. Бұл деңгейде оқушылар ЖОО-на түсу үшін қажетті пәндер мен емтихандарды таңдайды.

Оқуға түсу алдындағы сынақтар

Барлық мамандықтарға түсу үшін алдымен әңгімелесуден өтуқажет. Ал қалған сынақтар таңдаған мамандығы бойынша өтеді. Мысалы, математиканы таңдаған болсаң, әңгімелесу үстінде тест жазуың керек, ал тілдер бөліміне түсу үшін - тест және эссе, архитектуралық мамандықтарға - портфолио. Алайда, университеттің әр колледжінде бір мамандыққа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

Оқу ақысы


2011–2012 оқу жылында шетелдік студенттерге 1 және 2-топ пәндері (археология және антропология, экономика, педагогика, құқық, лингвистика, математика, саясаттану, психология т.б) үшін — £11 829, 3-топ пәндері (архитектура, география, музыка) үшін — £15 480, 4-топ пәндері (инженерия, информатика, менеджмент т.б) — £18 000 және 5-топ пәндері (медицина мен ветеринария) үшін — £28 632.
Сонымен қатар, студенттер жылына бір рет £4 400 - £5 200 аралығындағы College Fees төлеп тұрады. Оған қоса, студентке шетелде өмір сүру үшін жылына ең аз дегенде £8 060 қажет.

Гранттар


Шетелдік студенттер үшін оқу ақысына немесе колледж салығына көрсетілетін аздаған жеңілдіктер бар. Ол жайыда нақтырақ білу үшін Cambridge Admissions Office-ке немесе талапкер түскелі жатқан колледждің гранттар жайындағы бөліміне хабарласу керек. Негізі гранттардың көбі магистранттар мен аспиранттарға арналған.

Колледждер

Кембриджде 31 колледж бар. Оның үшеуі қыздарға арналған, алтауы тек бакалавр бойынша қабылдайды. Мұндағы әр колледжде өзінің территориясы, өзіне тән инфрақұрылымы бар. Колледж студенттің оқитын, тұратын әрі бос уақытын өткізетін орны болғандықтан, Кембридж әкімшілігі құжат тапсырғалы жатқан талапкер үшін колледж таңдау – ең маңызды бөлімдердің бірі болуы керек дегенге басымдылық көрсетеді.

Мұражайлар мен кітапханалар

Жас ғалымдар салаға, зерттеу жұмысының қиындығына қарамастан, түрлі зерттеулер өткізе алады. Университет аумағында Fitzwilliam Museum, Kettle’sYard, Археология мен антропология мұражайы, Зоология мұражайы, Классикалық археология мұражайы, Ғылым тарихы мұражайы, Жер туралы ғылымдар мұражайы, Поляр мұражайы, Ботаникалық бақ орналасқан.
Соныменқатар, Кембриджде 100 кітапхана бар. Олардык артадан көруге болады.[2]

Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар, әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Индияның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан.


Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды. Тіпті, өзінің басты қарсыласы саналатын Гарвард университеті де қалып қойды. Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады. Әлемнің 15000 мыңнан астам ғалымдары Кембридж университетін ғылыми зерттеу жоғары дәрежеде жүргізетін көшбасшы оқу орны деп таныды. Екі жыл қатарынан жаратылыстану ғылымдары саласында көшбастаса, Arts&Humanities бөлімі бойынша тек Оксфорд университетін алға жіберді, ал медицина саласы бойынша Гарвардтан қалады. Social Sciences бөлімінде – үшінші болса, Technology& Engineering-да әлемде 4 орында.
Орналасқан жері: Кембридж, орталық Англия
Студенттер саны: 25 мың.
Мамандықтар: археология, антропология, экономика, педагогика, тілбілімі, тарих, заң, математика, философия, саясаттану, социология, өнер, теология, сәулет, инжинерлік, информатика, география, менеджмент, медицина, мал-дәрігерлік, құқық, экология, қаржы, дизайн.
Оқу жүйесі: қыркүйек-қазан.
Оқудың мерзімі: бакалавриат: 3-4 жыл; магистратура: 1 жыл.
2011-2012 ж. оқу ақысы: 12.000-28.700 GBP /жылына
Жататын орын мен тамағы: 6.000-7.500 GBP /жылына
Талапкерге: жасы: 18 жас; IELTS :7.0+; A-Levels немесе IB, алдыңғы академиялық білім сертификаты куәлігі.[3]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. http://kk.wikipedia.org

  2. http://yvision.kz/

  3. http://massaget.kz





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет