Орындаған: Тәуекел Ажар Тексерген: Жұбай Орынай Алматы, 2023ж



Дата27.09.2023
өлшемі73,74 Kb.
#111191
Байланысты:
Тәуекел Ажар морфология сөж


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті «Филология»
Кафедрасы «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы»

СӨЖ
Тақырыбы: Қосымшалардың табиғатына қатысты қазақ тіл біліміндегі әртүрлі ұстанымдар
Орындаған:Тәуекел Ажар
Тексерген:Жұбай Орынай

Алматы, 2023ж
Қосымшалардың табиғатына қатысты қазақ тіл біліміндегі әртүрлі ұстанымдар
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім:
Ақымет Байтұрсыновтың ұстанымдары
Ақымет Байтұрсыновтың жіктік жалғауы мен жіктеу есімдіктерінің байланысы,ымырасы туралы тұжырымдары
Қазақ тіліндегі көптік қосымшасының мағынасы мен қызметі
Қорытынды бөлім
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» еңбегінде «Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді; екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Бүгінгі өзіндік тапсырмамда Ақымет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» еңбегін негізге алып жазбақпын.Өзге ғалымдардың пікірі де айтылып,пікір білдіріледі.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Алалық, «жылқы» деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» деген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да қосып байқайық: қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы-жылқы-шы, жылқы-жылқының, «жылқышы» дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерілді яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, адамның есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының» деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан мәлім енді болды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның» қосымша жалғау екендігі. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туынды сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде ғана болады.
Жалғay һәм жалғаулықтар.
Жалғау екі түрлі:
1) Септік жалғау;
2) Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады. Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.
Септік жалғау бесеу:
1. Ілік жалғау «-дың»;
2. Барыс жалғау «-ға»;
3. Табыс жалғау «-ды»;
4. Жатыс жалғау «-да»;
5. Шығыс жалғау «-дан».
Ахмет Байтұрсынұлы жалғауларды жай жалғау (көптеу, септеу), жақ жалғау (тәуелдеу, жіктеу) деп топтастырады. Қызығы, Н. Ильминский, П. Мелиоранский, H. Созантов еңбектеріндегі көптік жалғау халық, ру аттарына, жануар, дене мүшелерінің атауларына, қос сөздерге жалғанбайтыны туралы айтылады. Ғалым "Тіл құралында" септіктің бес түрін көрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлы: "Септік жалғау бесеу";
1) ілік жалғау "да";
2) барыс жалғау "ға";
3) табыс жалғау "ды";
4) жатыс жалғау "да";
5) шығыс жалғау "дан"5, 2003, - дейді. Ахмет Байтұрсынұлы атау, көмектес септіктерін септік құрамына қоспайды. Ахмет Байтұрсынұлы атау септікті "нольдік форма" деп таныған. Байқап қарасақ, бүгінгі кездегі тілші ғалымдар нысана етіп, Ахмет Байтұрсынұлы септеу үлгісін пайдаланады. П.М. Мелиоранский "салыстырмалы" (сравнительный падеж) септік жалғауы ретінде - дай тұлғасын қосып, 7 септеу берген. М. Тереньтев, И. Лаптев пен H. Созонтов 9 түрін атайды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдағандықтан төмендегідей сипаттайды: жіктеуді анайы- сыпайы жөнге ажыратып, анайы жіктеуді І жақ (мендік), II жақ (сендік), III жақ (бөгделік); сыпайы жіктеуді І жақ көпше түрі жоқ екенін көрсетіп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған болатын. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінде жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққаны айтыла келіп, соған сәйкес I жақ көрсеткіш -мын-мін түрінде, II жақ -сын-сін түрінде берілсе, кейінгі қазақ зерттеушілер еңбегінде II жақ көрсеткіштері -сың-сің түрінде көрсетіледі.
Ғалым есімдікке төмендегідей анықтама береді: «Есімдік дегеніміз — есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, орнына жүретін сөздер, мəселен, мағлұм дегеннің орнына «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына «сен» деймін, анау баланың атын атаудың орнына«ол» деймін. «Мен», «сен», «ол» деген сөздер зат есімнің орнына жүрген себептен есімдік болады». Есімдіктерді бес түрге бөледі:
1) жіктеу есімдігі;
2) сілтеу;
3) сұрау;
4) жіктеу;
5) танықтық есімдігі.
Жіктеу есімдіктеріне қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүргендей мен, сен, сіз, ол түрлерін жатқызады. Жіктеу есімдіктерінің септелуін көрсетіп, олардың септелуінде басқа зат есімдердің септелуінен ерекшелік бар екенін айтады. Оларды мысалдармен дəлелдейді. Сілтеу есімдіктерінің мағынасына қарай жақындағыны жəне алыстағыны көрсететін болып бөлінеді дей келіп, мысалдармен дəлелдейді. Автордың есімдіктерді түсіндіруінде қазіргі теориямен салыстырғанда еш өзгешелік жоқ.
Сұрау есімдігіне: «Сұрау есімдігі дегеніміз — біреуден бір нəрсе сұрағанда айтылатын сөздер», — деп анықтама береді. Оған кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, қанша?, нешінші?, қашан? деген есімдіктерді жатқызады. Бұның қазіргі теориядан айырмашылығы жоқ.Жіктеу есімдіктеріне мынадай анықтама береді: «Жіктеу есімдігі дегеніміз — нəрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер, мəселен, бəрі, барша».
Жіктеу есімдіктеріне мына есімдіктерді жатқызады: өз (өзім, өзің, өзі), бəрі, барша. Олардың тəуелдік жалғауының 3 жағында септелуін көрсетеді. Ғалымның бұл терминді алуындағы бір кемшілік — бұл терминнің қалыптасқан «жіктеу есімдігі» (мен, сен, ол) терминімен сəйкес келіп, онымен омоним болуы.
Ғалым есімдіктің бұл түрінде өз есімдігі қарастырылған. Қазір бұл есімдік (өздік есімдігі) есімдіктің парадигмалық түрін құрайды. Ал бəрі, барша есімдіктері жалпылау есімдіктері деп аталады.Есімдіктердің 5-ші түрі танықтық есімдігіне мынадай түсіндірме береді: «Танықтық есімдігі дегеніміз — нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер. Мəселен, һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді; кей, қайсыбір — бұлар түгел еместігін, біреу, əлдекім, əлдене анық белгілі еместігін көрсетеді».Қазіргі морфологияда һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір болымсыздық есімдіктерге жатқызылса, біреу, əлдекім, əлдене есімдіктері белгісіздік есімдіктерге жатады.
Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. олардың сұрақтары мен жалғаулары біркелкі емес. Сондай-ақ олардың сөзге үстейтін мағыналары да алуан түрлі. Кейінгі кезде септіктер екі топқа бөлініп жүр: грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер.
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты.
Грамматикалық септіктер (атау, ілік, табыс) негізінен тек затттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әркайсысы екі сұракка ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені? Ал көлемдік септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) заттық мәннен яғни объектілік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады. Сондықтан барыс септік кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, жатыс септік кімде? неде? деген сұрақтан баска қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа көмектес септік кіммен? немен? деген сұрактан басқа қалай? деген сұраққа да жауап береді.
Қазақ тіліндегі көптік қосымшасы (-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер) үндестік заңына сәйкес жалғанады.
Сөздің соңы дауысты дыбысқа не үнді р, и, у-ға аяқталса, көптік қосымшасы -лар,-лер түрінде жалғанады. Мысалы: бала-лар, тау-лар, жер-лер.
Сөз соңы ұяң не үнді л, м, н, ң дыбыстарына аяқталса, көптік қосымшасы -дар, -дер түрінде жалғанады. Мысалы: қағаз-дар, шамـ-ـдар, аңـ-ـдар.
Сөз соңы қатаң дыбысқа не б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, көптік қосымшасы -тар, -тер түрінде жалғанады. Мысалы: кітапـ-ـтар, клубـ-ـтар, мектепـ-ـтер.
Көптік жұрнағына қатысты ескерілетін жайттар:
1) сан есім не көп, мол, бірталай, бірнеше, әлденеше, бірсыпыра сияқты сөздер, сондай-ақ, қайталама қос сөздер заттың анықтауышы болып келгенде көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: бес малшы, көп кісі, мая-мая шөп;
2) жеке-даралап санауға келмейтін зат, құбылыстарға көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: қымыз, ұн, жел, шаш, ауа;
3) дерексіз зат есімдерге көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: достық, адамгершілік, байлық, махаббат, сүйіспеншілік, тәрбие, сыйластық, т.с.с.
3) көптік қосымшасы кісі аттарына жалғану арқылы сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы: Асқарлар ертең келеді;
4) көптік жалғау сан есімдерге жалғану арқылы шамасын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: Ондарда үйге қайттым. Жасы жиырма бестердегі жігіт;
5) қосарлама қос сөздер жиынтық мәнде қолданылатындықтан, ол сөздерге көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: Халықтың әдет-ғұрпы ғасырлар бойында қалыптасады. Ғалия ыдыс-аяғын жинастыра бастады.
Көптік категориясына байланысты тұжырымды пікір айтқан ғалымдарымыздың бірі – Н.Оралбаева “Зат есімнің көптік категориясы” атты мақаласында қазақ тіліндегі зат есімнің мағынасын беруінің негізгі 3 тәсіліне – морфологиялық, лексикалық, синтаксистік – тоқталады. Зат есімнің көптік мағынасын морфологиялық тәсіл арқылы, яғни, қосымшалар арқылы білдіру – түркі туыстас тілдердің барлығында негізгі тәсіл деп қарайды да, көптік жалғауының төмендегідей мағыналық ерекшеліктерін көрсетеді:
1) көптік жалғау зат есімге жалғанғанда көптік мағынасын береді;
2) көптік жалғауы жинақтау мағынасын білдіреді;
3) көптік жалғау зат есімнен болған бірыңғай мүшелердің тек соңғысына немесе әрбір мүшеге жалғанып келе береді. Осыған орай көптік жалғаудың беретін мағынасында да айырмашылықтар болады;
4) зат есімнің мезгілдік мағынасын беретін сөздеріне жалғанғанда, болжал мағынаны білдіреді;
5) көптік жалғауы зат есімге тәуелдік жалғауының екінші, үшінші жақ көпше түрімен байланысты да қолданылады. Тәуелдік жалғауының ІІ-ІІІ жақ көпше түрінің өз алдына ерекше жалғауы жоқ. Сондықтан екінші, үшінші жақтың көпше түрі жекешенің алдынан көптік жалғауы тіркесіп келуі арқылы жасалады (-лар + ың, -лар + ыңыз, -лар + ы);
6) көптік жалғауы жіктік жалғауының құрамында да қолданылады. Бұл кезде жіктік жалғауының тек қана екінші жақтағы көпшесінің анайы, сыпайы түрімен байланысты қолданылады (-ың + дар, -ің + дер, -ң +дер, -ыңыз + дар, -іңіз + дер, -ңыз + дар, -ңіз + дер). Көптік жалғауы жіктік жалғаудың көпше түрінде қолданылғанда, қимыл иесінің (субъектінің) көп екенін көрсету үшін және бастауышпен қиыстыру үшін жұмсалады;
7) көптік жалғауы сын есіммен немесе етістікпен қолданылғанда оған заттық мағына береді;
8) үстеумен қолданылғанда да заттық мағына береді; кейде болжалдық мағына береді;
9) сан есімге жалғанғанда да болжалдық мағына береді;
10) зат есімнің орнына қолданылып тұрған есімдікке көптік жалғауы жалғанғанда, көптік мағынасын береді.
Ысқақов: Қазак тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялык форма бар. Олардың бірі -ыз (-із, -з) формасы, екінші -қ (-к) формасы, үшіншісі -лар (-лер, -дар, - дер, -тар, -тер) формасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынұлы Ақымет-Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013.

  2. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы»-Алматы, «Ана тілі»,1992,448 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет