Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау — Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау женіндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;
б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;