Ірі қалалардан немесе төтенше жағдай болған басқа аймақтардан адамдарды қаладан тыс зонаға апарып қоныстандыру. Олар жағдайға байланысты өз қызметтерін жалғастыруы немесе әскери жағдайда жалғастырмауы мүмкін.
Қала сыртылық зона дегеніміз - төтенше жағдай болған аумақтан алшақ, ірі қалалардың немесе маңызды объектілердің жанында орналасқан аймақ. Қала мен бұл аймақтың арасы 4 сағаттық жолдан аспауы қажет.
Мүмкін болатын бұзылу зонасы – ол қарсыластардың шабуылы кезінде ірі қалаларда болатын ғимараттар мен үйлердің құлауы және болжаммен зардап шегетін халық санына байланысты болады.
Мүмкін болатын бұзылу зонасы сол қаланың маңыздылығы мен халықтың санына байланысты. Ал қала сыртылық зона бейбіртшілік кезінде нақтыланып арнайы дайындалынылады.