Педагогикалық менеджменттің
функциялары
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Орындаған:
ТөлеужанЖанагүл
Жоспар
1.Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы ұғым.
2. Обьектіні бағдарлау және басқару жүйесі арасындағы қатынас
3. Шешім қпһабылдау және жоспарлау функциясы
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады. Әрбір басқару функциясы үдеріс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы.
Функция – көпмәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, әлеуметтануда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік үдеріс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Функция – бұл сонымен қоса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функцияұғымы басқару функциясының категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан
- өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару функциясы
Бақылау
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Мотивация
6. реттеу-түзету.
1. ақпараттық -талдау;
2. уәждеу –мақсаттық;
3. жоспарлы –болжамдық;
4.ұйымдастырушылық–атқарушы;
5. бақылау –диагностикалық;
П.И. Третьяков «Нәтижелер бойынша мектеппен басқару» кітабында басқарудың келесі функцияларын бөлді:
2. Алдыңғы тараудан бізге басқару процесінің төрт функциясы белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау үдерісерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралық.
Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.
Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
1. Педагогикалық менеджменттің мазмұнындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы ұстаным. Ұтымдылық. Менеджмент субъектісі қызметінің аналитикалық ұстанымы. Оқушылар мен оқытушылар қызметінің тиімділігін бағалау және сараптау менеджердің оқу –тәрбие үдерісін бақылаудағы негізгі ережелер. Нақты мақсат қоюдың ұстанымы. Кез-келген деңгейдегі менеджердің қызмет мазмұнының негіздері. Кешендік ұстаным . сызықты басқару және функционалдылық, мақсатқа сәйкес келу. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер. Жүйелердің мақсаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.
педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,
Педагогикалық менеджменттің тиімділігін анықтайтын факторлар
Білім беру үдерісіндегі орта білім беру оқу орындарындағы немқұрайлылық. Базалық негізгі ұғымдар. Педагогикалық менеджменттегі немқұрайлылық. Оқытудағы немқұрайлылық. Тәрбиедегі немқұрайлылық. Білім беру үдерісін жоспарлаудағы немқұрайлылық. Ұйымдағы оқу-танымдық қызметіндегі немқұрайлылық. Білім беру үдерісін бақылаудағы немқұрайлылық. Білім беру үдерісін бақылаудағы немқұрайлылық.
Менеджер қызметінде жетістіктері жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың қатарында: -көп жағдайда өзін басқара алмауы. Өз уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нәрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады.
Әлеуметтік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.
Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |