1.3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының тиімді жолдары Оқыту процесін ұйымдастыруда ұстаздың және оның сабаққа дайындалуының рөлі ерекше. Ол туралы ғалым – ұстаз Қоянбаев Ж.Б. 1992-жылы жарық көрген педагогикасында өте жақсы жазған.Біз соған тоқталайық.
Ұстаз өз сабағын ғылыми – әдістемелік дәрежеде өту үшін ол оқу жоспарын , бағдарлама-сын, оқулықты ,қосымша оқу – құралдарын ,керекті көрнекті құралдарды жақсы меңгеріп өзі-нің жұмысын жоспарлауы тиіс.Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүр-гізіледі.Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы ,оқулық ,оқу құралдары негізінде жарты неме-се толық оқу жылына жасалады.
Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады , ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі түрі.
(Сабақ жоспарының үлгісін студенттерге семинар сабағында беріледі.)
Жасалған сабақ жоспары бойынша ұстаз:
а). Сабақ тақырыбы бойынша оқулықты , оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып , өзінің білімін тексереді.
б).Алдын ала есептер шығарады , жаттығуларды дайындап , тәжірибелерді істейді.
в).Жабдықтарды тексереді.
Сабақты дұрыс өткізу үшін ұстаз пәнді де, ғылымды да өте жақсы игеріп қолдана білуі қа-жет.Ұстаз өткен сабақты өтетін сабақпен ұштастырып оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастыра-ды.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алып, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау – сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі.
Ұстаз келесі сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдайды, онда мынаны ескерген жөн:
-тақырыптың мазмұнын оқушылар қалай игерілді;
-сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
-сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешілді ;
-сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері;
-сабақ барысында жіберілген кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Оқыту процесін ұйымдастырудың нәтижесі білімді тексеру мен бағалау арқылы белгі-неді. Жоғарыда айтқандай ұстаз жаңа сабақ өту үшін өткен сабақты талдайды,ой түйіндейді, кемшіліктерді ескереді. Сондықтан да білімді тексеру , бағалау оқу процесінің өте қажетті құрамы.
Бірақ тексеру , бағалау – жазалау әдісі емес. Бұл оқу мен оқытудың нәтижесін білу.Жал-пы білімді тексеру мен бағалау жөнінде екі түрлі пікір бар. Олар: а) оқушылардың білімін ба-ғалау мен тексеруден бас тарту , бағасыз оқыту. Әрине олар бұл ойда шет елдік әріптестес-тердің еңбектеріне , немесе жаңашыл – ұстаздардың еңбектеріне сүйене отырып айтуда. Бұған жартылай келісуге болады – тек бағалау мен тексеру дұрыс жүрмей , жазалау әдісіне көшкен кезде ғана оны қолдауға болады. б) Оқушының білімін әр уақытта тексеріп бағалау керек.Себебі шет елдік әріптестер жылына 1-2-рет бүкіл өтілген бағдарлама бойын-ша тест жүргізіледі. Ал В.Ф.Шаталов сияқты жаңашыл – ұстаздар баға қоймаса да баланың қалай дамып, қалай үлгеруін іштей қадағалап отырады.
Қалай болған күнде де білімді тексеру ,бағалау керек.Бағалау мен тексерудің қызметі:
-Бақылау жасау. Бұл ұстазға да, шәкіртке де тиімді;
9
-Оқыту. Өткен сабақты пысықтау , білімді дамыту, кеңейту, пікір таластыру , баланың өс-уін көру;
-Тәрбие. Баланы жауапкершілікке тәрбиелейді ;
Білімді тексерудің және бағалаудың бірнеше түрі бар. Олар:
-Күнделікті тексеру;
-Қорытынды тексеру. Бір тақырыпты, бөлімді өткеннен кейін жалпы тақырып, тарау, бөлім бойынша тексеру;
-Жекелеп (даралап) сұрау. Мұны күнделікті және қорытынды тексеруде де қолдануға болады. Бірақ оның кемшілігі сабақта 3-4-баладан артық жауап бере алмайды. Жекелеп сұ-рауға уақыт көп кетеді;
-Топтап тексеру немесе құрама жауап беру. Мұны да күнделікті тексеру мен қорытынды тексеруде қолдануға болады. Оның қолайсыздығы да бар. Ол – білімді терең тексеруге болмайды;
-Жазбаша үй тапсырмасын тексеру;
-Есеп;
-Емтихан;
-Тест. Кейінгі кезде тест арқылы тексеру жиі қолданылып жүр.
Білімді тек тексеріп қоймай оны бағалау керек.Білімді бағалаудың оқулық мәнімен тәр-биелік мәні қатар жүреді. Тәжірибелі ұстаздар бұл қызметті өз дәрежесінде өткізе алады. Бірақ жас ұстаздар бұл жерде көптеген кемшіліктер жіберуі мүмкін. Олар
-шектен шыққан көңілшектік немесе барлығына жоғары баға қою
-шектен шыққан сараңдық. Оқушыларды баға арқылы бағындыру.
Сондықтан бағаға әділдік керек. Баға баланың ойлау қабілетінің нәтижесі. Ойлау қабіле-ті күшті балаға тереңірек және көбірек тапсырма беру керек. Сөйтіп ол баланы жақсы оқуға ары қарай жетелеп үйрету қажет.
Кейінгі кезде шет елдік әріптестеріміз 1-2-сабақтан үлгермесе де баланы келесі сыныпқа көшіру керек деген ой тастауда. Бірақ бұл бізге жарамайды. Себебі біздің оқушыларымыз-
дың сана-сезіміне , бағаның құндылығына сәйкес емес . Біздің оқушыларымыз баға қойма-ғанымызға түсінбейді. Сондықтан оқушының білімі бағалану керек.
Бізде баға 5-балдық, ал шетелдік баға 10-100-балға дейін. Негізінде бағаның көп балды болғаны дұрыс , бұл әділеттіліктің кепілі.
Оқушылардың білімін тексеру , бағалау үй тапсырмасына , оның көлеміне байланысты. Мәселен , әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4-5- сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушы-ның мектептегі күнделікті оқитын 5-6-сабағын қоссақ,оның жұмыс күні 9-11-сағатқа созыла-ды. Сондықтан ұстаздар үй тапсырмасының көлемін шектегені жөн. Мәселен , ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып оқушыларына 1-1,5- сағат , орта буын оқушыларға 1,5-2,5-сағат, ал жоғары буын оқушыларына 2,5-4-сағат көлемінде орындалатын тапсырма берілуі тиіс.Сабақтың ең негізгі қиыны оқушының мектепте өткені жөн. Осы нұсқауды орындауды сынып жетекшісі , не мектеп директорының орынбасарына жүктеледі.
Ұстаздар оқыту процесін ұйымдастырып және оның нәтижесін бағалау барысында сабақ-қа қойылатын талаптарды орындағаны жөн. Олар :
-әрбір сабақтың мақсаты , мазмұны , құрылымы , құралдары ұстазға белгілі болуы тиіс
-әрбір сабақ болуы білім , тәрбие , даму беруі тиіс;
-әрбір сабақта ұстаз проблемалық ситуацияны бар мүмкіншілігінше қолдануға тиіс;
10
-әрбір сабақтың дидактикалық міндетін ойластыру керек;
-әрбір сабақта оқушылардың қызығушылықтарын туғызу керек;
- оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеру;
-шамадан тыс тапсырма бермеу, балаға гуманистік тұрғыдан қарау;
-дарынды балаларды анықтау , ұстаздық қызметтестікті пайдалану.
Мұғалімнің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру , табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру , оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі , оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған , мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұ-мысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа даярлануы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақ-сы білгенімен , егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабақ-қа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ.Бұл – педагог-тік стажы көп мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа даярлануы жөніндегі талап , педагогикалық процесінің күрде-лігінен туады.
Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік.Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып ,келесі тақырыпты бел-гілеу.
в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре беруге , әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізді-лігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдар-ламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қыс-қаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жосарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.