ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасы Тақырыбы: Әлеуметтанудың негізгі түсініктері
Орындаған:Уәли Қ.,Ерік А. Тексерген:Садырова М.С
Мақсаты
Әлеуметтану түсініктерімен танысу
Түсініктерге мысалдар келтіру
Түсініктер жайлы ойды ашу
Кіріспе:
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам көлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам көлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.
Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. Соның ішіндегі негізгілері:
1. Теориялық-танымдық қызметі.
2. Практикалық қызметі.
3. Идеологиялық қызметі.
Қызметтер анықтамасы:
Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жөніндегі білімді тереңдетеді.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады
Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді.
Әлеуметтану түсініктері:
Әлеуметтік топтар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік зерттеулер
Әлеуметтік зерттеу объектілері
Түсініктер анықтамасы:
Әлеуметтану түсінігі дегеніміз индивид қауымның жалпы қоғамға ену процесстерін зерттейді.Яғни, жеке тұлғаның қоғамдағы мүмкіндіктері мен байланыстарын қарастырады.
Жалпы айтқанда,қоғамдағы процесстердің кезекпе кезек алмасуы арқылы топтық байланыс құруы.Негізінен бұл процесстер адам мен қоғам байланысын зерттейтінін ұмытпаған жөн.
Қорыта келе айтпағымыз,әр тұлғаның индивид,ерекше екенін және оны өмірлік бағытының өзгелерге ұқсамайтынын ұмытпағанымыз жөн.Сонда ғана біз тұлғалық қасиетті ескеріп,бір бірімізді түсінеміз.