Орындаган :Надирова Райхан Эссе “Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары” Ең алдымен, модернизация ұғымының не екеніне тоқталып өтсем, Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.
Мысал ретінде, Қазақстанды алып, саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары туралы жазамын. Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана дұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт – бағдарын елеулі өзгеріске ұшырату әбден ықтимал еді. Әлеуметтік –экономикалық және саясиахуал сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылайшабағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріпжатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық. Осыданонжыл бұрын - 1997 жылы Ел Президентінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауында еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат – мұраты баян етілді. Бұл ретте қандай қоғам орнату, дамудың самғау сызығы қандай болу керектігін анық білу, айқын түсіну маңызды болып табылды. Басым мақсатты дұрыс айқындап, стратегияны таңдап, тиісінше ерік – жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныту, алда тұрған кез – келген кедергілерді ойдағыдай еңсеру арқылы Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетіледі. Біз мұның іргетасын тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз..