Биология, 7-сынып ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (ТЖБ)
Орындау уақыты: 45 мин Жалпы балл: 30 І-нұсқа 1-тапсырма: Сұрақтарға қысқаша және нақты жауап жазыңыз. [3 балл]
Реті
Сұрақтар
Жауаптар
а.
ДНҚ молекуласының құрылымын кім және қай жылы ашты?
ә.
ДНҚ-күрделі химиялық зат. Осы күрделі заттың толық атауы (расшифровкасы) қандай ?
б.
Мутация дегеніміз не ?
2-тапсырма: ДНҚ туралы негізгі 6 қағида бар. Оларды есіңізге түсіріп, кез келген 4 қағидамен шеңберлерді толтырыңыз. [4 балл]
ДНҚ туралы негізгі қағидалар
3-тапсырма: Төменде берілген ұғымдарды қандай ретпен орналастыруға болады? [1 балл]
«ген» «хромосома» «ДНҚ» «нәруыз»
тапсырма: ДНҚ құрамына қандай заттар кіреді ? ДНҚ нақты қайда орналасқан ? ДНҚ қызметі қандай ? [3 балл]
10-тапсырма: Суретте қандай жәндіктің даму кезеңдерін көріп тұрсыз? Онтогенездің қандай типіне жататынын анықтаңыз. Даму кезеңдерін жазыңыз. [3 балл]
11-тапсырма: Кең таралған бактерилық аурулардың 1 түрін сипаттап, жұғу жолдары мен алдын алу шараларын жазыңыз [2 балл]
Биология, 7-сынып ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (ТЖБ)
Орындау уақыты: 45 мин Жалпы балл: 30 ІІ-нұсқа 1-тапсырма: Сұрақтарға қысқаша және нақты жауап жазыңыз. [3 балл]
Реті
Сұрақтар
Жауаптар
а.
Нуклеин қышқылдарының түрлері қандай ?
ә.
ДНҚ-күрделі химиялық зат. Осы күрделі заттың толық атауы (расшифровкасы) қандай ?
б.
Өзгергіштік дегеніміз не ?
2-тапсырма: ДНҚ туралы негізгі 6 қағида бар. Оларды есіңізге түсіріп, кез келген 4 қағидамен шеңберлерді толтырыңыз. [4 балл]
ДНҚ туралы негізгі қағидалар
3-тапсырма: Төменде берілген ұғымдарды қандай ретпен орналастыруға болады? [1 балл]
«ген» «хромосома» «ДНҚ» «нәруыз»
тапсырма: Хромосома құрамына қандай заттар кіреді ? Хромосома нақты қайда орналасқан ? Хромосома қызметі қандай ? [3 балл]
v
5-тапсырма: Терминдерді олардың сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз [4 балл]
№
Терминдер
Реті
Сипаттамалар
1
Мутация
А
тірі ағзалардағы өз ата-аналарынан ерекшеленетін жалпы қасиет.
2
Модификация
Ә
ағзалардың өз ататегіне ұқсау қабілеті.
3
Тұқымқуалаушылық
Б
қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдардың аяқ астынан өзгеруі.
4
Өзгергіштік
В
тікелей қоршаған орта әсеріне тәуелді өзгергіштік түрі.
6-тапсырма: Жасушалардың бөліну типтерін салыстыра отырып, кестені толтырыңыз. [3 балл]
Митоз
белгілер
Мейоз
?
Бұл әдіспен қандай жасушалар бөлінеді ?
(жыныс жасушалары, дене жасушалары)
?
?
Бөліну нәтижесінде қанша жас жасуша түзіледі ?
(8, 2, 10, 4 )
?
?
Бұл бөліну типі қандай көбею әдісін қамтамасыз етеді ?
(жынысты, жыныссыз)
?
7-тапсырма: Төменде берілген сипаттамаларды 2 бағанға жіктеңіз. [4 балл]
1. Ұрпағы анасының ағзасын дәлме-дәл көшіреді.
2. Гаметалар қатыспайтын ағзаның көбею типі.
3. Ұрпағында ата-анасының белгілері тең кездеседі.
4. Бұл әдіспен ең алғашқы тірі ағзалар – бактериялар көбейген.
5. Кемшілігі – өзгергіштік тым төмен болады.
6. Ұрпақтардың бір-бірімен өзгешеліктері жиі болады.
7. Едәуір ескі әдіс.
8. Көбеюге тек бір аналық дара қатысады.
Жынысты көбею
Жыныссыз көбею
?
?
8-тапсырма: Төменде берілген суретте тозаңданудың қандай түрі бейнеленген? Cипаттап жазыңыз. [2 балл]