Орыс дәрігері Н. И. Лунин


Майда еритін витаминдерге жатады: А, D , Е , К , және F



бет2/6
Дата12.04.2023
өлшемі20,47 Kb.
#81865
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реф моя

Майда еритін витаминдерге жатады: А, D , Е , К , және F .


A витамині( ретинол, антиксерофталмалық витамин) 
А витаминінде жүретін авитаминоз.
Авитаминоз. 1. Организмде А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады.
2.А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз(түнгі суқараңғы) болады.
3.Бұл витаминнің жетіспеуі жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесін тыйылтады
4.Лизоцим ауру қоздырушы көптеген микроорганизмдерден қорғаушы фермент болып табылады. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лицозим болмайды, ол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады , оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия деп атайды. Бұл сырқат кезінде көздің шынайнасы (қасаң қабатын) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады


D витамині ( кальциферол, антирахит витамині) 
D) витаминінде жүретін авитаминоз
Авитаминоз. 1.Егер D витамині жеткіліксіз болса , өсіп келе жатқан жас жануардардың сүйегінде және шеміршегінде кальций мен фосфор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады. Сүйектер жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішімі бұзылады және аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел-рахит ( грек rhachis деген сөзінен шыққан, омыртқа дегенді білдіреді) деген атпен белгілі. Мешел ауруы Англияда таралған , <ағылшын балаларының ауруы> деп те аталады, оның себебі бұл елде көп уақыт күн жарығы түспейді, тұманданып тұрады, жауын-шашынды келеді.
2.Мешел сырқаты кезіндк бұлшық еттер босап әлсірейді, аурудың қарыны тез қампиып ұлғайып кетеді. 
3.Ересек малдарда Д витамині жетіспесе, олардың сүйектері морт сынғыш келеді, мұндай күйді остеомаляция (грек osteon - сүйек, malakia-жұмсару деген сөзінен шыққан) Мұндай ауру кезінде сүйекте саңылаулар, қуыстар - остеопороз пайда болады.
4.Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары яғни жас төлдер жиі мешел ауруына ұшырайды. Олардың бүкіл сүйектері дамуы бәсеңдейді, әсіресе тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып , анемия құбылысы болады, өкпенің құрт ауруына оңай шалдығады.
D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет