Орыс тілі сабағында акт мүмкіндіктерін пайдалану



Дата11.10.2022
өлшемі16,77 Kb.
#42382
түріОқулық

Орыс тілі сабағында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ — топтағы оқушылардың оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жетуге болады. 
АКТ арқылы арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын .
Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.
Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.
Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:
1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.
2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).
АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.
Орыс тілі мен әдебиеті сабағында сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
. тақырыпты оқып үйретеді;
. дұрыс сөйлеуге;
. ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Интерактивтітақтаға аудио таспадағы өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.
Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5-сыныпта «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» аясын өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам, «Мектеп кітапханасы» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ- ны флипчарт арқылы пайдаландым:
І. Сабақтың тақырыбына шығу (АКТ-ны қолдану уақыты – 3 минут). Жаңа сабақ тақырфяыбына шығу үшін сөзжұмбақты пайдаландым (жасырын сөздер сурет арқылы берілген);
ІІ. Жаңа сөздермен танысу кезеңі (АКТ-ны қолдану уақыты – 1 минут)
Балалар оқыған мәтіндерінен теріп жазған жаңа сөздерді салыстырып, танысты;
III. Интерактивтік тақтамен жұмыс: Тақтадағы сөздерді көптік жалғауларымен сәйкестендіріп жазды. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады(АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут);
IV. «Біздің кітапхана» суретін тамашалай отырып, алған әсерлері бойынша кітапхана тақырыбы бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтып, сабақты қорытындылай алады.
Орыс тілінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.


Анықтама беруші: Н:Жолдыбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет