Орыс тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамыту жолдары



Дата15.11.2023
өлшемі15,95 Kb.
#123161
түріСабақ
Байланысты:
Орыс тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамыту жолдары




Орыс тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамыту жолдары.
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілде де; қазақ тілі- мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілі –жаhандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» Н.Ә.Назарбаев. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы.
Әдістемелік кеңес тақырыбына орай әкімшілік тарапынан орыс тілі пәні мұғалімі Саякова Г.А. сабақтарына қатысылды. Мұғалім 6Б сыныбында өткізілген «Лексическое и грамматическое значение слова» тақырыбындағы сабақта дидактикалық сәттерді оқушылардың тілдік қатынастарын, тілдік құрылымды дұрыс қолдану мақсатында таңдап ала білген. Сөзжұмбақ шешкізе отырып оқушыларды жаңа сабаққа даярлап, сабақ мақсатына сай түрлі сөздік қосымша кітаптармен таныстырып, олардың пәнге қызығушылықтарын арттырды. Жаңаны меңгертуде тірек-сызба ұсынып, материалдың оңай игерілуіне жағдай туғызды. Тілдік лексикалық және грамматикалық талдаулар жасату арқылы оқушылардың сөздік қорын кеңітуге, сөздерді қолдана білуге баулыды. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «ғажайып алаң» сәті ұйымдастырылып, сөз мағынасын түсінуге, ой белсенділігіне баулыды. Оқушының іскерлігін бақылауда «артығын табу», сөздік кітаптармен жұмыс жасау, поэзиялық шығармадан негізгі ойды анықтау тапсырмалары жүргізілді. Мұғалім сабақ мақсатына орай оқушылардың әрекет түрлерін өзгерте отырып, әр оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете білді. Оқытуды ұйымдастырудың топтық және фронтальды түрлерін қолданды. Дегенмен мұғалімге деңгейлеп оқыту тапсырмаларын қарастыру қажеттілігі байқалды.
5«Б» сыныбында өткізілген «Кем быть?» тақырыбындағы орыс тілі сабағында поэзиялық шығарманың авторы туралы қосымша мәліметтер қолданылып, оқушыларға кластер құратып, авторлық мәдениетке баулыды. Оқушылардың тілдік қолданыстарын дамыту бағытында өлеңге талдау жасау, мамандық түрлеріне орай әңгімелесулер жүргізілді. Мұғалім оқушылардың ата-аналарының мамандықтарын жазғызып, гүл шоғын құрастыру, ауызша айтқызу тапсырмалары арқылы сабақтың өмірмен байланысын қамтамасыз етті. Түрлі кәсіпке байланысты қолданылатын кәсіби сөздер мен заттарды бейнелейтін суреттерді кеңінен қолданып, сөздік қолданыстың молығуына жағдай жасады. Оқушыларға оқылған материал бойынша ережелерді бере отырып, айтылым, сөйлесім, жазылым әрекеттерін жүзеге асырды. Сабақ қорытындылауда «фишбоун» әдісі арқылы жағдаяттар жазу, себебі мен аргументтер келтіру жұмысы жүргізіліп, зерттеушілікке, сыни тұрғыдан ойлауға, тұжырым жасай білуге баулыды.
«Самостоятельные и служебные части речи» тақырыбындағы 6«А» сыныбындағы сабақта Гүлмира Абитаевна оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуда оқытудың инновациялық тәсілдерін тиімді қолдана білді. Мұғалім сабақты сөз таптары туралы өлеңмен бастап, оқушылардың назарын сабаққа бірден аудара алды. Қысқа уақытта оқушылардың теориялық білім деңгейлерін тексеру мақсатында «блиц-опрос» сәтін ұтымды жүргізді. Жаңа материалды меңгертуде сызба-түсіндірме пайдаланып, тілдік қолданыстың морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін меңгертті. Сөйлемге талдау жасатып, теориялық білімді практикада қолдану дағдылары дамытылды. Сабақ тақырыбына сай қосымша мәліметтер қолданылып, мазмұны байытылды. Мұғалім оқушылардың оқу материалын түсіну тереңдігін анықтауда топтық жұмыс арқылы жағдаяттардың себебін іздеу, қорытынды жасау жүргізілді. Белсенді ойлау қабілеттерін талап ететін сұрақтар қойылып, стандартты емес жағдайлар туғызуға тырысты. Тілдік құрылымды жан-жақты игертуде оқушылардың жауаптары толықтырылып, қателер түзетілді. Алайда мұғалімге дарынды оқушыларды қолдау тапсырмаларын кеңінен қарастыру қажеттілігі байқалды.
5«А» сыныбында өткізілген «Одушевленные и неодушевленные существительное» тақырыбындағы сабақта оқушылардың тілдік құрылымдарды меңгертуде «сэнквейн», суреттермен жұмыс, бейнежазба көрсету тәрізді дидактикалық сәттерді ұтымды пайдалана білді. Сипаттау дағдыларын қалыптастыруда сұрақ-жауап, тақырыптық-көрнекілік әдістері пайдаланылды. Кабинет мүмкіндігі мен презентациялық слайдтар арқылы жаңа сөздермен таныстыру нәтижелі жүргізілді. Зат есімдерді тұлғасына ажырату айтылым және жазылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылды. Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілдік тұлға ретінде сезінуге баулыды. Сабақ тақырыбына орай Елбасы және тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы мәліметтер көрсетіліп ұлттық сезімге, мақтанышқа тәрбиеледі. Мәнерлеп оқуға, сауатты жазуға, тілдік қолданысты дұрыс айтуға назар аударды. «Дұрыс, бұрыс» сәті арқылы оқушылардың білім беріктігі тексеріліп, үй тапсырмасы шығармашылық сипатта берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет