http://www.enu.kz
Т. Мәми
Астана қ., Қазақстан
ҚОРҚ ЫТ АТА ЖАЙЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕЕУЛЕР
http://www.enu.kz
Қазіргі кезде асқан күйші , ақылгӛй , данышпан , атақты ұзан Қорқыт Ата Қазақстан
туризмінің Қызылорда облысындағы соқпағының бір нысанына айналып отыр. Ол
Жосалы қыстағына ( Қармақшы ауданының орталығы ) 20 шақырым батысындағы
Қорқыт ата бекеті маңында. Абыз сол жердегі Сырдарияның оң жағалауындағы қорым
бейіттердің ішінде жерленген деген аңыз жорамал бар. Оның солтүстігінде 1 км жерде
автожол бойында Қорқыт Ата сәулет кешені салынған. Қорқыт Ата мәдени мұраларына
байланысты дәйектейтін мәселелер әлі де жеткілікті. Әсіресе, соңғы жылдары Қорқыт
Атаның даңқы ғана пайдаланылып , оның сол ӛңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысы,
аңызы мен ақиқаты фолклорлық, этнографиялық тұрғыдан және оны археологиялық
деректермен салыстырмалы тарихи танымға келтіру зерттеушілер назарынан тыс қалуда.
Қорқыт атаның қай жерде жерленгені жайлы аңыз бен ақиқатқа толы деректер кӛп
емес. Қорқыт ата маузолейі жайлы П.Лерх ( 1867 ж.) Н.А. Таранов (1885ж.), А.А.Диваев
(1897, 1901 жж.), В.М. Жирмунский (1951ж.) т.б. зерттеушілер мәліметтер берген
Қазақстан археологиялық картасында (1961) Шиелі станциясынан ( Шиелі ауданы)
оңтүстік-шығысында 26 км, Кӛккесене ескерткішімен (Жаңақорған ауданы) 1 км жерде
деп кӛрсеткен [1, реттік саны 3336]. Ә. Диваев 1893 жылы Қорқыт ата сағанасы деп
кӛрсеткен жерге келгенінде : ―… Дария құмды жағалауын үнемі жуып, аталған бейіттен
15—20 сажындай (құлаш, адым ) ғана жерде болған.‖- делінген .Ол 1898 жылы қазан
айының басында келгенінде бейіттің бір қабырғасы Сырдария ӛзені жағына опырылып
тұрғанын кӛріп , И.С. Арзамасовпен бірге соңғы суретін түсірген.
‖ Кітаби даде Қоркуд ғали диван таифа оғузиан ‖ яғни ―Қорқыт Ата кітабына ‖
негізге алған зерттеушілер Қорқыт ата ӛмірін ІХ-Х ғасырлардағы оғыз этникалық
қауыммен байланыстырғанымен, аңыздық желілік оқиғалары кейінгі орта ғасыр кезеңіне
дейін қамтиды [2].
Қорқыт этимологиясына келгенде нақтылық болмай отыр. В.П. Юдиннің пікірінше
, ―қор‖( хор)- (оситенше) ―хорместен‖, ―хур‖- аспан, күн және ―құт‖- бақыт, ӛмір күшін
дарытушы қасиетті құт. Уақытында патшалар мен хандарға жебеуші болған. Су аяғын
билеуші иесі. Оның философиялық мәнін Б.Ибраев одан әрі Тауратпен (Авеста) сақтар
мен кӛшпелілер әфсаналарымен байланыстырады [3].
Кейбір зерттеушілер Қорқыт ата есімін ертедегі Жанкент және Хора қалаларымен
байланыстырады. Жанкент Қазалы ауданында орыналасқан оғыздардың ягбу
тайпасының орталығы болған танымал ескерткіш. Қорқыт ата қорымынан қашықта (
Қазалы ауданы , Ӛркендеу ауылы) жырақта орналасқан. Ал нақты орны белгісіз ертедегі
Хора қаласының мәселесі де беймәлім . Оны кейбір карталарда Ұлы Жібек жолы
бойындағы Хора (Хуара, Джуара) болып белгіленіп жүр . Орны Қорқыт ата бекеті
маңында (Қармақшы ауданы) деп кӛрсетілген [2]. ―Қазақстан археологиялық картасында
‖ (1960 ж.) ертедегі Жанкент қаласымен іргелес есепке алынған. [ 1, реттік саны 2795].
Қорқыт ата аңыздары мен жырлары одан қалған жәдігерлер арасындағы ӛлке
тарихы мен мәдениетіне қатысы қандай ? Жоғарыдағы ауызша мәліметтерді дәйектеу
мақсатында аталған жерлердің тарихи –географиялық аумағындағы ескерткіштерге және
Қорқыт ата қорымы деп аталатын жердегі бейіттер тобына зерттеу жүргізілді. Оның
жәдігерлерін жаңғырту мен оған қатысты ескерткіштердің тарихи-мәдени шекараларын
анықтау мақсатында автордың жетекшілігімен 1998-1999 жылдары археологиялық
ізденіс жұмыстары атқарылды.
Бұл ӛңір географиялық тұрғыдан ежелгі Қызылорда мен Арал қазан шұңқырының
орта белінде Қорқыт ата дӛңесінде Сырдарияның оң жағалауындағы қырашта жатыр. Осы
http://www.enu.kz
жерде дарияның жағалауын солтүстікке қарай су жыралап құлатқан [4]. Сол кезде кӛп
бейіттер су астына кеткен ( 1- сурет).
Қорқыт мазарының соңғы куәгері ғұлама Ә. Қоңыратбаев: ― … 1952 жылы Сыр
суына құлағанда жардан үш қабат болып жатқан адам сүйектері табылған. Үстіңгі қабатта
Қорқыт сүйегі, 6 метр тереңдікте түрлі сүйектер , 9 метрлік тереңдікте бірлескен адамдар
сүйектері болған. Бұл Кушан заманынан қалған коллективтік мүрделер болса керек ‖ – деп
жазған [5].
Дарияның арғы бетінде 10 км жерде Жосалы ауылы биіктен кӛрінеді. Қариялардың
айтуынша, ауыл ―Шайтан шұңқыр ‖ деген жерде қоныс тепкен.Оның маңында ертедегі
ескерткіштер кездеседі. Соның бірі – ауылдан бір шақырым оңтүстіктегі тӛбедегі биіктігі
12 м. қыштан аралас салынған мұнара. Аңызды айтушылар оның ішіне отын жинап
жағып, адамдар тӛбесінде қарауылдап жау келген жағдайда Жетіасар мен Алтынасар
жақтағыларға белгі берген екен.
Осы ауылға жақын ескерткіштер Сортӛбе І, ІІ деп аталатын ертедегі қалалардың
орны. Әсіресе, Сортӛбе І. аумағы 100 м, биіктігі 6 м шеңберлі бейнелі тӛбе жоспарлы
тӛбе. Солтүстік жағын Сырдария суы қиып ӛткен. Маман археологқа қималық мәдени
қабаты дайын. Мұндағы үстіңгі және қималық қабатындағы керамика сынықтары мен
қаптама кірпіштер деректеріне қарағанда Жетіасар мәдениетімен тӛркіндес (б.э.д. УІ ғ.)
және орта ғасырлық қала болғаны дәлелденеді. Ондағы табылған кӛзенің сынығында
―Биссмилда ,рахман рахим … 933 хижра (РР ЗЗ), Канһаб (кәсіп) …‖ деп түсті бояумен
арапша жазылған ( Оқыған араб тілі маманы Ш.Тобжанов, 1999 ж.). Оның жазылу мәнері
ХУ-ХУІ ғасырларға мерзімделеді (2- сурет) .
Деректерін іздестіргенімізде бұл ескерткіш ―Қазақстан археологиялық картасында‖(
1960) Жосалы ауылынан 12 км жерде орналасқан Жусандала ертедегі қаласына сәйкес
келеді. 1946 жылы Суворов осы мұраның үстіңгі қабатындағы кейбір деректерін
Қазақстанның Орталық мұражайына тапсырған. Бірақ ғылыми мерзімделуі жайлы мәлімет
жоқ [1, реттік саны 2803].
Ӛңірдің тарихи-мәдени мәселелерін жан-жақты қарау мақсатында аумағындағы
ескерткіштерге байланыстыруды жӛн кӛрдік. Осы бағыттағы іздестіру , барлау
жұмыстарының барысында Қорқыт ата ескерткіші деп аталатын жердегі дария
жағасындағы орналасқан бейіттер қорымын зерттеуге алдық. 1998 жылы қорымдағы
бейіттерді құжаттау, мерзімдеу жұмыстары барысында мәні бар 76 бейіт есепке алынды
(1-сурет). Жергілікті тұрғындардан мұнда 1990 жылы Байқоңырдан кӛп солдаттар келіп
шатыр тігіп бір ай жатқанын естігенбіз. Бейіттерді бізден бұрын да қазбалап кейбірін
бүлдіріп кеткен. Олардың зертеу барысындағы топографиялық cыртқы бейнесі жағынан
мынандай:
1-үлгідегі (типтегі) тас бейіттердің 43-тен астамы белгіленді. Кӛбісі қазылып,бүлінген деуге болады.
Үстіндегі саағана орнына үйілген тастар бор жасайтын қара- қоңыр тасты, не домалақ майда тас. Бір ерекшелігі
кейбір сыртқы бейнесін сақтағандарында діңгек тас құлпы таста ру белгісі қашалған. Онда әсіресе, Жаппас,
Алтын, Телеу, Тама, Жағалбайлы т.б. рулардың таңбалары сызбаланған [6], ( 4-сурет).
―Кӛсеу‖ таңбасы қосарланған екі сызық- кӛсеу, шылбыр, қос алып деп аталып керейт, қыпшақ және тама
руларына бӛлінеді. ―Т‖- әріпіне ұқсас- Жағалбайлының жеке таңбасы, Шӛмекейдің ―Дӛйіт‖ ұрандысының, белгі
ендері бар. Ал дулаттың Жаныс, тӛле ұранды рулары мен қаңлы, тана, қожа таңбалары дӛңгелек, тӛртбұрышты
қыш кірпіштерде кездеседі. Сонымен қатар Жалайырдың ―тарақ‖ таңбасы бірнеше жердегі таста сызбаланғанын
айту қажет [ 6 ]; (4-сурет 9,1-8).
Тасты бейіттердің құрылымы мен мерзімдеу мақсатында 12-бейітке археологиялық қазба жүргізілді. Оның
диаметрі 4 м , биіктігі 75 м..Үстіне үлкенді кішілі Қаратау қыраттарында кездесетін қара тас үйілген.
Топографиясы жартылай шеңберлі бейнеде. Солтүстік-батыс жағында биіктігі 50 см ,ені 20 см , қыры 15 см
тікесінен құлпытас ретінде тас қойылған.Онда ―қос сызық -кӛсеу‖ таңбасы қашалған [ 6 ]; (3- сурет ,1).
Бетіндегі тасы алынғаннан кейін,майда құмды бейіт шұңқырынан бейіт дағы кӛрініп, мәйіттің бұрын
бүлінгені байқалды. Бейіт шұңқырының қималық кӛрінісіне қарағанда,оның үстін 8 см қалыңдықта ағаш
http://www.enu.kz
қабығымен жапқан. Қазылған бейіт шұңқырының теңдігі жер бетінен 80 см. Оның ӛлшемі 2 ,30 м х 40 см
бұрыштары жұмырланған сопақ бейнелі (3- сурет ).
Мұнда әйел мүрдесінің басы оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа бағытталып, бет жағын солтүстікке
қаратқан күйінде шалқасынан қойылған. Жерлеу ғұрыптық заттары жоқ.
41- тас бейіт жоғарыдағы айтылғанға ұқсас, әбден бүлінген. Сыртқы тас үйілген бейнесінің диаметрі 3 м.
биіктігі 50 см. Адам сүйегі шашылған, жерлеу ғұрыптық заттары кездеспеді (1-сурет).
Зерттеушілердің деректерімен баламалап тұжырымдағанда кӛшпелі тайпалар жерлеу мәдениетінде қола
ғасырынан бастап, обалы тас бейітті жерленіп кейінгі кӛшпелілерде ХІІІ-ХУ ғасырларға дейін сақталған [ 7].
62- шеңберлі жоспарлы бейітті қазақтар қойқорған атайды.Оның құлағаннан қалғаны- диаметрі 4,60 м,
биіктігі 30 см. Қабырғасын қам саздан дӛңгелентіп ӛріп,бейіт шұңқырының бетіне ши тӛсеп, не ши тоқымамен
жапқан.
5-8-бейіттер дӛңгелек бейнелі жоспарлы. Диаметрі 2-3м. Қам сазды қабырғамен қоршалып,бейіт шұңқыры
бетіне ірі борлы тас пен майда қиыршақ тастармен жабылған (1-сурет). Басқа үлгідегі, түрдегі кейбір бейіттер
ерекшелігі Алтын Орда аймағындағы зерттелген ескерткіштерге ұқсас. Мысалы, қазіргі кезде Қорқыт ата жатыр
деп белгіленген жердегі бейіт шұңқырының үстіндегі жабылған ағаштың ұшы кӛрініп жатыр. Осындай 11,13
санды бейіттердің үстін тасқа айналған ағаш таспен жапқан.Олар антрополог, этнограф т.б. мамандардың
арнайы зерделеуін қажет етеді.
Қорымның солтүстігіндегі темір жол бойы биіктігінде бейнесіз мүсін тастар табылды. Олар 50 х 20 х 45 см
ӛлшемді қиыршақ жынысты тастан қашалған. Жоғары жағы жұмырлана алғы беті тегіс, сырты шекілген бейнеде.
Қыпшақтар кезеңінде балбалдар аумақты болып келсе, кейін олар мұсылман дінінің әсерінен адам кейіпін
жоғалта бастайды. Бұл ескерткіштерді әдеп-ғұрыптар ӛтпелі алмасқан ІХ-ХІІІ ғасырларға мерзімдеуге негіз
болады (1-сурет,23).
Сонымен бірге қорымда бетіне араб тілінде жазуы бар шағын құлпытастар да кездеседі. Олардың кӛбісі
орнынан қозғалып кеткен. Бірінде: ―Абул-хасан шах ІХ ғасырда осы жерде жерленген‖ - делінген ( Оқыған араб
тілі маманы Ш.Тобжанов).
Мұндай дәстүр балбал және бейнесіз тастар қою әдеп-ғұрыптарынан кейін ӛлкеде ӛмір сүріп келе жатқан
кіші жүз руында кӛп тараған.
Қорқыт ата мәселесіне байланысты Сортӛбе ескерткіштерін және жерлеу қорымындағы зерттеу нәтижесі
географиялық, тарихи таным және бейіттердің сыртқы сағаналық құрылымына қарай тӛмендегідей
тұжырымдалады:
1-Қорқыт ата ӛңірі тарихи-географиялық тұрғыдан оңтүстігінде Жетіасар және батысында ―батпақтағы
қалалар ‖, ертедегі Жанкент, Үлкен Күйік қала,Күйік қала мәдениеттерімен жалғасып жатыр [8]; Бұл жерге
Алыпқала мен Рабен сай асарлары жақын. Жаңадария,Қуаңдария арналары да таяу шектеседі. Бұрынғы
Сырдарияның бір арнасы Бұйынғақ сайы болған.
2- Таңбаларды және қыш ӛндірісі деректерін зерттеу нәтижелерін ӛңір тұрғындарының этникалық
мәліметтерімен салыстырғанда, Қорқыт ата қорымында үш жүздің қайтыс болған адамдарының жерленуі Қазақ
еліндегі оның қасиеттті орын (пантеон) болғанын кӛрсетеді.
3-Қорымдардағы бейіттер сыртқы бейнесіне қарай үлгілерге (типтерге): 1) Тас бейіт (дӛңгелек,тӛрт бұрышты
түрдегі) ; 2)Шеңберлі (қойқорған) 3)Сатылы сағана (бесік); 4) Үстінде сағанасы жоқ; 5) Мазар ; 6) Мешіт болып
бӛлінеді
Тас бейіттер қола ғасырдан бастап , ІХ-ХУ ғасырларда пайдаланылып, кейін ислам дінінің әсерінен
жоғалған. Бейіттерді баламалық жағынан Алтын Орда қалалары мәдениеті деректерімен шендестіруге болады.
Археологиялық қазба мәліметтерімен нақтылағанда Л.Т. Яблонскийдің жіктеуінше: ―1-түр. Мавзолей және мешіт
территориясында кірпіш сағана астына жерленгендер.2-түр.Табыт асты қапталдық бейіттерге жерлеу. 3-
түр.Ағашпен жабылған және жабылмаған, құлпытассыз қатардағы кӛпшілік қорымға жерленгендер. 4-түр.
Мавзолейге орыналасып ,құлпы тассыз ағаш -қималық сағаналарға жерленгендер‖,- деп ерекшелеп зерттей түсу
қажет [ 9] .
4-Хора (Хуара, не Жуавара,Қорқыт ата)- ертедегі Жанкент қаласының маңында. Ал Сортӛбе деп отырғаны
- ―Қазақстан археологиялық картасында ‖ (1960 ж.) аталған Қорқыт Ата кешенінің маңындағы
Жусандала ертедегі қаласының мұрағаттарына сәйкес келеді.
5- Бұл қорымда Қорқыт Ата жерленген бе, одан әрі мерзімдеу және этнологиялық тегі деген
мәселелерді шешу үшін жан-жақты мамандар қатысқан археологиялық зерттеулер қажет.
http://www.enu.kz
Сонымен Қорқыт ата ӛңірі ежелден келе жатқан кӛшпелі малшылар мен
жерӛңдеушілер, қала мәдениеттерінің тоғысқан жері. Қорымдағы бейіттер мен
маңайындағы тұрақтар деректері Асар дәуірінен (б.э.д. 6 ғасыр) , орта ғасырға
мерзімделіп, қазіргі уақытпен жалғасқан Қазақ елінің үш жүзінің қорымы болған [ 8 ].
Осы мәселе жайлы кейбір мәліметтерді толығырақ зияткердің ―Қорқыт ата туралы аңыз
бен ақиқат‖ ( 2000) атты кітабынан оқуға болады [ 10 ]. Сондықтанда кейбір
зерттеушілердің Жусандала , Сортӛбе ескерткіштерін құпия қала деп, оны тек қана
оғыздардың ескерткішімен баламалап жарнамалаудың жӛні жоқ. Ал Хора қаласының
орнында 2006 жылы таптым. Бірақ қара археологиялық зерттеушілердің екпінінен
сақтанғаннан айта алмай отырмын.
Қорқыт Ата туристтік нысанына , оның сол ӛңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысы,
аңызы мен ақиқаты фолклорлық, этнографиялық археологиялық деректері осындай.
Аталған кешендегі алынған мәліметтер жергілікті тұрғындардың жадынан тыс қалмасын
деп тағы да қайта тұжырымдалып отыр. Осы тұрғыда Түркі дүниесін байытатын уақыт
кӛрпесін жамылып іздеушісін күтіп қордаланып зерттелмей жатқан ӛзекті этномәдени
мәселелер баршылық .
ӘДЕБИЕТ
1. Археологическая карта Казахстана , реєстр, Алма- Ата, 1969.-С.225-250.
2. Сыр ӛңірі тарихы, Алматы, 1998.- 204-205-б. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия, Т.ІV, Алматы,1989.-73-82-б.
Қоңыратбаев Ә. Қорқыт Ата туралы ақиқат пен аңыз. // ―Жалын‖ журналы. 1987. 4. Байпаков К., Нұржанов А.
Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан , Алматы, 1992.- 92-93 бб.
3. Ибраев Б. Соңғы буының соны қырлары. //― Білім және еңбек ‖ журналы, 1985, 2. Қорқыт Ата. Алматы.
―Қазақстан‖ 1993.-63-64 -б.
4. Почвы Казахской ССР, вып. 14. Кзылординская область Алма-ата. 1983.- С.8, 9, 76.
5.Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.- Алматы. ―Қазақстан‖ 1975.- б.16.
6. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа, Ташкент, 1925. -С.28-30. Аманжолов С.
Вопросы диалектологии истории казахского языка, Алма-ата, 1958, С.11-18.
7. Кригер В.А. Железников Б.Ф. Позднекочевнические погребения у пос. Рубежа и алебастрово Уральской
области. // СА, Москва, 1980,1.- С.300-306.
8. Левина Л.М. Керамика Нижней и средней Сыр-дарьи в 1 тысячелетии нашей эры ,
Москва, 1971.- С. 242-255; Итина М.А. История степных племен Южного Приаралья ( ІІ
нач. 1 тыс. До н.э.) Москва, 1977.- С.39; Толстов С.П. Города гузов // СЭ, Москва, 1947,3.-
67-69.
9. Яблонский Л.Т. Мусульманский некрополь Водянского городища // СА, Москва,1980,1,С.90-
104,221.Яблонский Л.Т. Социально-этнические взаимоотношения в Золотоордынском городе ( По данным
могильников) // Средневековая городская культура Казахстан и Средней Азии. -Алма-ата. -1963. – С. 221-228.
10. Мәмиев Т. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат ( Арал ӛңірінің ежелгі тарихы мен қала мәдениеті) , Оқу
құралы, Қызылорда, 2000.-113-126 бб.
http://www.enu.kz
Сурет 4. Қорқыт Ата қорымындағы тас бейіттеріндегі ру таңбалары .
Достарыңызбен бөлісу: |