Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет22/152
Дата13.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#34259
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін) 
Нұсқа №1 
 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. 
А мәтіні («Ол кім? Бұл не?» кітабынан) 
Қызыл кітап 
 
«Қазақстанның  Қызыл  кітабы»  -  республика  аумағында  кездесетін  сирек, 
саны  азайып,  жойылып  кету  қаупі  бар  жануарлар  мен  өсімдік  түрлері  туралы, 
оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану туралы толық 
мәліметтері бар негізгі құжат.  
«Қазақстанның Қызыл кітабы» «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын 
2  томнан  тұрады.  Оның  омыртқалы  жануарларға  арналған  І  бөлімі  1978  жылы 
басылып  шықты.  Оған  омыртқалылардың  78  түрі  енді.  Оларға  сүтқоректілерден 
қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді қайраңы, қызыл қасқыр, Тянь-Шань аюы, қара 
күзен, Орта Азия сілеусіні, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, арқар, т.б.; 
құстардан  Алтай  ұлары,  қара  ләйлек,  кәдімгі  қоқиқаз,  дуадақ,  безгелдек,  бүркіт, 
субүркіт, лашын, т.б.; балықтардан Сырдария тасбекіресі, Арал албырты, Каспий 
тасбекіресі, т.б. кірді.  
Қазақстан  Қызыл  кітабының  өсімдіктерге  арналған  ІІ  бөлімі  1981  жылы 
басылып шықты. Оған өсімдіктердің 308 түрі тіркелді.  
«Қызыл  кітап»  -  аң-құс  пен  өсімдіктердің  белгілі  бір  түрлерінің  жойылу 
қаупін,  оларды  көздің  қарашығындай  қорғау  қажеттігін,  оларды  аулауға  тыйым 
салынганын  ескертетін  белгі,  сол  түрлерді  сақтап,  көбейту  ісінің  бағдарламасы 
болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет