Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


– Еліміздің экологиясын жақсарту үшін не істеу керек?



Pdf көрінісі
бет6/152
Дата13.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#34259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
– Еліміздің экологиясын жақсарту үшін не істеу керек? 
–  Біріншіден,  Заң  жағы  реттелу  керек.  Ең  бастысы,  қаражат,  ынта,  тәрбие 
болса,  біраз  мәселе  шешіледі.  «Бір  тал  кессең,  он  тал  ек»  демекші,  көктем 
мезгілінде ағаш егуді әдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, 
мұны  айтуға  табиғаттың  тілі  жоқ»  демекші,  табиғатты  қорғау  -  әрбір  азаматтың 
парызы екенін үнемі естен шығармауымыз тиіс. 
Елдос Өмірзақұлы.  
 
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді 
Қазақстанның экологиялық мәселелері 
 
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы 
(2,7  млн.  шаршы  км)  Франциядан  бес  есе  артық.  Қазақстан  халқы  16  млн-нан 
астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: 
бейбітшілікті  және  табиғатты  қорғау  -  екеуі  де  болашақ  өмір  сүрудің  шарты,»  - 
деп  белгілі  жазушы  Л.Леонов  айтқандай,  Қазақстандағы  қалыптасқан 
экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. 
Қазақстандағы экологиялық аймақтар: 
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған 
облыстар  кіреді.  Бұл  аймақтағы  өзекті  мәселе  –  табиғи  ортаның  мұнаймен 
ластануы.  Каспий  теңізінде  бекіре  мекен  етеді.  Ол  ең  жоғары  сапалы 
уылдырықтың  95%-ын  береді  де,  оның  табысы  10  млн.  долларды  құрайды. 
Бекірені  шектен  тыс  аулаумен  қатар,  теңіз  суының  мұнаймен  ластануы  оның 
санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы 
керек. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет