Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет24/152
Дата13.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#34259
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ  
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін) 
Нұсқа №2 
 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. 
А мәтіні (ғаламтор материалы) 
Табиғи ресурстар - ел байлығы 
 
Кез  келген  елдің,  оның  ішінде  Қазақстанның  да  табиғи  ортасы  табиғат 
жағдайы мен табиғат ресурстарынан тұрады. 
Табиғат  ресурстары  -  бұл  шаруашылықтың  дамуына  қажетті  табиғи  қор. 
Табиғат  ресурстары  шаруашылықты  дамытуда  тікелей  қолданылады.  Пайдалы 
қазбалар,  жер,  су,  ауа,  жел,  топырақ,  өсімдік  және  жануарлар  дүниесі  -  табиғат 
ресурстарын құрайды. 
Су  ресурстары.  Қазақстан  су  ресурсына  онша  бай  емес  және  олар  біркелкі 
таралмаған. 
Жер  ресурсы.  Қазақстанның  жер  ресурсы  орасан  зор,  оның  жалпы  көлемі 
270,1 млн га-ды құрайды. 
Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен 
ерекшеленеді.  Еліміздегі  өсімдіктердің  5700  дей  түрі  кездеседі,  оның  14%  тек 
Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. 
Республика  аумағы  орманға  өте  тапшы.  Орман  алқабы  бар  болғаны-  13 
млн.га.  Қазақстан  орманының  басым  бөлігі  -  сексеуіл  ағашы.  Ол  көбіне  шөлді 
аумақтарда  өседі.  Қылқан  жапырақты  ормандар  Тянь-Шань,  Жонғар  Алатауы, 
Алтай тауларында кездеседі. 
Жануарлар  дүниесінде  сүтқоректілердің  155  түрі,  құстардың  480  түрі, 
бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар.  Қазақстанның 
табиғат  ресурстарымен  қамтамасыз  етілуі  өте  жоғары  және  шаруашылықтың 
өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор. 
Табиғат  ресурстарына  жауапкершілікпен  қарау,  еліміздің  табиғат 
байлықтарын  сақтау,  яғни  табиғи  ортаны  қорғау,  оның  ресурстарын  ұтымды 
пайдалану - әрбір азаматтың міндеті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет