Қорытынды емтихан сұРАҚтары



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі22,1 Kb.
#92366
  1   2   3
Байланысты:
ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ




ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ:



  1. Сыпыра жырау шығармашылығын баяндаңыз.

  2. Асанқайғы Сәбитұлы туралы ел аңыздарының автор шығармашылығымен байланысын көрсетіңіз.

  3. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және Асанқайғы мен Қыдан Тайшы туындысы туралы мәлімдеңіз.

  4. Қазтуған жырау Сүйінішұлының туған жер, ел тағдыры жайлы шығармаларын талдаңыз.

  5. Қыдан Тайшының “Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным” туындысында сипатталатын ел тарихи,ол туралы Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. ғалымдар зерттеулерін атаңыз.

  6. Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы шығармашылығын баяндаңыз.

  7. (Шәлгез) Шалкиіз шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырлардағы басылымы жайлы зерттеушілер еңбектерін атаңыз.

  8. ХІV-ХV ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы сипаттаңыз.

  9. ХІV-ХV ғасырлардағы саяси жағдай және жыраулар мұрасын байланыстырыңыз.

  10. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы болған тарихи оқиғаларға байланысты ақын-жыраулар мұрасы және Әбілғазы баһадур хан, Ш.Уәлиханов, М.Ж.Көпеев еңбектерін атаңыз.

  11. Доспамбет жырау мұрасына байланысты әдебиетші ғалымдар еңбектерін көрсетіңіз.

  12. Жиембет жырау Бортоғашұлы шығармаларының революцияға дейінгі жинақтарда жариялануы, жырау туралы ғалымдар пікірін келтіріңіз.

  13. Марғасқа жырау мұрасы туралы баяндаңыз.

  14. Бұқар жырау Қалқаманұлының қазақ әдебиетіндегі орнын көрсетіңіз.

  15. Бұқар жырау-дипломат, ел қамқоры болғандығын баяндаңыз.

  16. Ақтамберді Сарыұлының жыраулық тұлға ретіндегі ерекшелігін көрсетіңіз.

  17. Тәтіғара ақын шығармашылығы туралы айтыңыз.

  18. Үмбетей жырау Тілеуұлының шығармашылығын талдаңыз.

  19. ХVІІІ ғасырдағы қазақ билерінің әдебиетке қосқан үлесін көрсетіңіз.

  20. Шал ақын Құлекеұлы туындыларын сипаттаңыз.

  21. Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алар орнын анықтаңыз.

  22. Ежелгі жыраулардың ел басқару ісіне араласқандығын көрсетіңіз.

  23. Жырау мен жыршының шығармашылық тұлға ретінде бір-бірінен өзгешеленетін басты критерийлерін анықтаңыз.

  24. Сыпыра жырау шығармашылығын баяндаңыз.

  25. Сыпыраның өмір сүрген дәуірі. Дәуір тынысына қатысты ел ісіне араласуын баян етіңіз.

  26. Асанқайғы Сәбитұлының қазақ әдебиеті мен тарихынан алар орнын көрсетіңіз.

  27. Асан туралы аңыздар. Қазақ хандығы, Жәнібек ханмен байланысты Асан шығармасында кездесетін тарихи деректерді атаңыз.

  28. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтарды анықтаңыз.

  29. Асанның Литва королі Ягайлоға барған елшілік сапарын мағлұмдайтын мәліметтерді келтіріңіз.

  30. Асанқайғының дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған шығармаларын көрсетіңіз.

  31. Қыдан Тайшыдан жеткен жырдың 1456 жылғы оқиғаға қатысын мәлімдеңіз.

  32. Қыдан шығармасын “Жылау, жылау,жылау күй” деп басталатын халық жырымен байланыстырыңыз.

  33. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, халық жырына байланысты пікірлерін келтіріңіз.

  34. Қазтуған Сүйінішұлының өзі, ата-анасы, туып-өскен ата жұрты жайлы жырларын атаңыз.

  35. Қазтуған туындысының 1480-1481 жылдардағы оқиғалармен байланысын табыңыз.

  36. Қазтуғанның “Шыңғыстан туған хандарды” аңсауының түпкі себебін түсіндіріңіз.

  37. Асанқайғының, Абаттармен ара-қатынасынан мәлімет беретін Қазтуған туындысын баяндаңыз.

  38. Шәлгездің революцияға дейінгі жарық көрген шығармаларын көрсетіңіз.

  39. Жырау есімін ғалымдарымыздың әртүрліше оқу себептерін атаңыз.

  40. Шәлгездің өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй азамат, қол бастаған батыр ретінде жастай танылуын сөз етіңіз.

  41. Шәлгезді Би Темір қасынан кетуге себепкер еткен жағдайларды атаңыз.

  42. Шалкиіз шығармаларында өрнектелген тарихи оқиғаларды көрсетіңіз.

  43. “Ер Шобан” жырына байланысты Ә.Дербісәлин, М.Мағауин пікірлерін келтіріңіз.

  44. Доспамбет жырау шығармаларындағы автордың өз бейнесін ашыңыз.

  45. Доспамбеттің “Озушылар озмаңыз”, “Азау,азау дегенің” шығармаларындағы автордың өмір сүрген дәуірін, өзін, от басын тануға көмектесетін жолдарын талдаңыз.

  46. Доспамбеттің өмір сүрген кезеңіне байланысты әдебиеттанушы ғалымдар пікірін келтіріңіз.

  47. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи тағдырын танытатын Жиембет туындыларын көрсетіңіз.

  48. Жиембет пен Есім ханның Жолымбет оқиғасына дейінгі арақатынасын көрсететін жыр жолдарын атаңыз.

  49. Жиембеттің қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсететін жыр шумақтарын көрсетіңіз.

  50. Марғасқаның Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баяндайтын “Қатағанның хан Тұрсын” шығармасын баяндаңыз.

  51. Қырғыздың Шоңбағыш руының басшысы Көкемнің Тұрсын хан-Есім хан оқиғасына қатынасын ашып көрсетіңіз.

  52. Есім хан мен Тұрсын оқиғасын көзімен көрген Әбілғазы баһадур хан жазбасын анықтаңыз.

  53. Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген еңбегін саралаңыз.

  54. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясатында Бұқар жырау ұстанған принципін ашыңыз.

  55. Бұқардың Бөгембай, Абылай, т.б. тарихи тұлғалар ерлігі бейнелеген шығармаларын атаңыз.

  56. Бұқардың ру араздығы, Қырғыз жұртымен арадағы қатынастар, т.б. кездердегі дипломатиялық келбетін көрсетіңіз.

  57. Үмбетей жыраудың “Бөгембай өліміне”, “Бөгембай батырдың өлімін Абылайханға естірту” туындыларында суреттелетін қазақ батырлары атаңыз.

  58. Үмбетейдің ел қорғау, азаматтық тақырыпқа қатысты шығармаларының Бұқар жырау туындыларынан өзгешелігін көрсетіңіз.

  59. Ақтамбердінің “Уа,қарт Бөгембай”, Үмбетейдің Ақтамбердіге арналған шығармаларының әлеуметтік салмағы мен мазмұнын ашыңыз.

  60. Тәтіғараның шығармашылығы, ру басы көсемі, әскербасы батырлығы жайлы Ш.Уәлиханов, Қ.Халидов деректерін келтіріңіз.

  61. 1376-1390 жылдар аралығында талай рет қанға боялған Дешті Қыпшақ елі туралы Сыпыра жырау толғауларының мәні мен маңызына тоқталыңыз.

  62. Едіге би мен Тоқтамыс хан , Ақсақ Темір мен Едіге би, Тоқтамыс пен Ақсақ Темірдің арақатынасы туралы араб, қазақ ғалымдарының (Шереф-ад-дин Иезди, Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, С.Сейфуллин, т.б.) еңбектерінен қандай қорытынды жасар едіңіз?

  63. Асанқайғының өмір сүрген уақытын, туған, өлген жылдарын айқындай түсуге қызмет ететін жазба мағлұматтар жайлы өз пікіріңізді айтыңыз.
  64. Асанқайғының адамның сыншысы, жердің сыншысы, туған жұртына жер ұйықты іздеген ел қамқоры ретіндегі аңызбен астасып жатқан тарихи тұлғасына сараптама жасаңыздар.



  65. Қазтуғанның орыс елінің билеушілерінен теңдік алып беретін Шыңғыс ұрпақтарынан тараған хандарды аңсау себебін 1480 жылғы Иван үшінші, Ахмет, Меңлігерейлер арасындағы жағдайлармен байланыстыра отырып талдаңыздар.

  66. Ежелгі эпостық туындылардағы батырлар тұлғасына Қазтуған жырау бейнесінің ұқсастығын салыстыра отырып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер

  67. Қазтуғанның қазақ әдебиеті тарихында ең бірінші болып туған жері туралы дерек беретін автор ретіндегі ерекшелігіне тоқталыңыздар.

  68. Шалкиіздің Би Темірмен арадағы қатынастарын сипаттайтын толғауларының қазақтар мен Қырым ноғайлары арасындағы мәтіндеріне сараптама жасаңыздар.

  69. Шалкиіздің Мамайға айтқан жырының мәні мен мағынасына тоқтала отырып, ХV ғасырдың сексенінші жылдары мен он алтыншы ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығы мен ноғай ұлысының жай күйіне түсінік беріңіздер.

  70. Шалкиіз Тіленшіұлының Едіге тұқымдарына жиені болып келетініне қатысты , сондай-ақ, жыраудың ата-тегіне байланысты шежіре деректер мен тарихи мәліметтерге кеңінен тоқталыңыз.

  71. Доспамбет жырау өмірінің грузин ақыны Давид Гурамишвили тағдырына ұқсастық жайына сипаттама беріңіз.

  72. Қазақ әдебиетінің тарихында өзінің алған жарының бейнесін жасаған тұңғыш автор ретіндегі Доспамбет жыраудың адам тағдырына қатысты туындысының мәні мен маңызына сараптама жасаңыздар.

  73. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбасының Есім хан мен Тұрсын хан арасында болған тарихи оқиғаның себеп-салдарын анықтауға тигізер жай-күйіне баға беріңіз.

  74. Марғасқа жыраудың «Қатағанның хан Тұрсын» деп басталатын туындысының өмірге келген уақытын анықтауға мүмкіндік беретін Әбілғазы баһадүр хан еңбегінің маңызын түсіндіріңіз.

  75. Марғасқа жырау толғауында айтылатын жайдың оқиғасына орай Ташкент қаласында қырғыздың Көкем биінің құрметіне тұрғызылған «Көкемнің көк күмбезі» атанатын мұнара туралы Ш.Уәлиханов еңбегінің мәні мен маңызын түсіндіріңіз.

  76. Есім хан заманында өмір сүрген Жиембет жырау мұрасының өзімен тұрғылас Марғасқа туындыгерлігінен өзгеше болуының себептерін табыңыз.

  77. Жиембет шығармашылығында өрнектелген Есім хан бейнесінің асқақтатыла жырланбайтындығын қалай түсіндірер едіңіз?

  78. Жиембет жырауға Есім ханның қаһарын тігуіне себепкер болған Жолымбет батырдың қылығы туралы Мақаш Бекмұхамедовтің «Жақсы үгіт» жинағындағы өлең жолдарының көркемігі туралы пікіріңізді айтыңыз.

  79. Жиембет туындыларындағы автордың өз бейнесінің асқақтата өрнектелуін поэтикалық тұрғыдан түсіндіріңіз.

  80. Бұқар жыраудың тарихи тұлғасын танытудағы Ш.Уәлихановтан басталатын ғалымдар еңбектерінің негізгі ерекшеліктеріне баға беріңіздер.

  81. Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы ел қорғаны болған ерлерін жырлаудағы Бұқар жырау шығармашылығының басты кредосы неде деп білесіздер?

  82. Бұқар шығармаларын бүгінгі ұрпаққа жеткізудегі М.Ж.Көпеевтің еңбегінің ерекшелігіне тоқталыңыз.

  83. Бұқар Қалқаманұлының бүкіл жыраулар қауымының тарихындағы Асанқайғыдан кейінгі елге ең танымал болған шығармашылық тұлға болуының негізгі себептеріне сараптама жасаңыз.

  84. Үмбетей жырау Тілеуұлының туындыларын жинақтау, зерттеу жолындағы қазақ ғалымдарының негізгі еңбектеріне баға беріңіздер.

  85. Абылай ханның Жоңғар билеушісінің тұтқынында болған кезін суреттейтін Үмбетей толғауындағы тарихи шындықтың көрінісін Ш.Уәлиханов, А.Левшин еңбектерімен, кейінгі Көкбай Жанатайұлы туындысымен байланыстыра отырып талдаңыз.

  86. Үмбетейдің ел арасының ер құны, жесір дауына байланысты тұстардағы қызметін көрсететін туындыларының мәні мен маңызын түсіндіріңіздер.

  87. Ақтамбердінің өр тұлғалы батыр, мейірімді жан кейпіндегі бейнесін көрсететін шығармаларын автордың өмірбаянымен байланыстыра отырып талдаңыздар.

  88. Тәтіғара туындысында сөз болатын Баян батыр бейнесін Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» туындысымен байланыстыра отырып өз пікіріңізді айтыңыз.

  89. Ұзақ жылдар бойы Абылай ханның ел қорғаған елеулі жорықтарына әрі ақыны, әрі батыры болып қатынасқан Тәтіғара шығармашылығын ілгеріде өткен Доспамбет жырау туындыгерлігімен салыстыра отырып сараптама жасаңыздар.

  90. Көтеш ақынның бүкіл өмірбаянына қатысты М.Ж.Көпеев деректерінің ақын туралы бұрынғы жазылып келген мәліметтерден біраз өзгеше екендігіне ғылыми тұрғыдан сараптама жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет