Ќорытынды емтиханныњ баѓдарламасы


Ежелгі үнді мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз



бет6/6
Дата22.12.2023
өлшемі43,47 Kb.
#142497
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қорытынды бақылау Салыстырмалы. (копия)

Ежелгі үнді мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз

Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі — оның өте бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды.


Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген! Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар:
Индра — найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы;
Митра — күн Құдайы;
Варуна — аспан Құдайы;
Агни — от Қүдайы; Яма — өлім Кұдайы;
Тапас — дене іңкәрі, жылылық;
Рита — ғарыштағы тәртіп;
Пуруша — ғарыш адамы, рух, жан;
Карма — адамның тағдырын құрайтын жан-дүние;
Сансара — ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі;
Мокша — бұл дүниедегі азаптан кұтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу;
Дхарма — заң мен әділет Құдайы.
Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упанишада, Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с.
Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда ол Пуруша — ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады.
«Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы — Брахманға, қолы -кшатриге, бөксесі — вайшьиге, аяғы — шудраға айналды. Ай -ойынан, күн — көзінен, кіндігінен — кеңістік, тынысынан — жел, басынан — аспан, аяғынан — жер. Осылай Дүние келді», — дейді Ригведа.
Ал Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман болып саналады. «Брахман — ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін сақтайды. Ол — Дүниенің ең басы, себебі байланыстырушы». Оны қалай танып-білуге болады? деген сұраққа, «нети-нети» (ол емесол емес) деген жауап береді. «ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды …»
Үнді мифологиясында адам — табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса, мокшаға (құтылу) — сансарадап құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.
Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, еш нәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. «Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек — Яма!» (Яма — өлім Құдайы).
«Менің білетінім — байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды» деген дана сөздерді Үнді мифологиясында табуға болады. Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.

  1. Б.Нұржекеевтің «Әй-дүние-ай» романы мен М.Әуезовтың «Қилы заман» шығармаларына салыстырмалы талдау жасаңыз

  2. Дүниенің жаратылуы, адамзаттың пайда болуы туралы түрлі халықтар мифологиясындағы ұқсас сарындарға талдау жасаңыз

  3. Дүниенің жаратылуы, адамзаттың пайда болуы туралы түркі және қытай, үнді халықтарының мифологиясындағы ұқсас сарындарға талдау жасаңыз

  4. Дүниенің жаратылуы, адамзаттың пайда болуы туралы грек және қытай халықтарының мифологиясындағы ұқсас сарындарға талдау жасаңыз

  5. Қазақ әдебиетіндегі 1916 жылғы көтеріліске қатысты шығармаларға салыстырмалы талдау жасаңыз

  6. Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» шығармасының интертекстуалдық поэтикасына талдау жасаңыз

  7. Д.Рамазанның «Ауғанда ағарған шаш» әңгімесі мен Д.Әшімханның «Тасқоры» әңгімелеріне салыстырмалы талдау жасаңыз

  8. Д.Амантай шығармашылығы бойынша салыстырмалы талдаулар жасаңыз

  9. Т.Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасы мен «Остров проклятых» фильмімен салыстырмалы талдау жасаңыз

  10. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі, Б.Нұржекеевтің «Әй-дүние-ай» романы мен М.Әуезовтың «Қилы заман» шығармаларына салыстырмалы талдау жасаңыз

  11. Фэнтези жанрындағы шығармаларды салсытыра талдаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет