Қорытынды Мен, Мұрат Ақбота Маратқызы 05.06.2023-17.06.2023 жж. аралығында 1-курстағы оқу-тәжірибемді Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасында өттім. Оқу тәжірибесінің алғашқы күнінде кафедраның ұйымдық құрылымымен, басқару жүйесімен, кафедра тарихымен таныстым. «Қазақ филологиясы» кафедрасының білікті де, білімді оқытушылары жайында білетін мәліметтерімді толықтыра түстім.
Білім беру бағдарламаларымен танысып, болашақ білікті маман қандай болу керектігі жайында көптеген мәліметтер алдым. Білім беру бағдарламасы, оның ішінде жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысып оқушылармен қалай жұмыс жасауды және оларға қалай әсер ете алуды, сонымен қатар жаңа технологияларды қалай қолдану керектігін меңгердім.
Еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игердім, топта қалай жұмыс жасауды, ортамен қалай ашылуды, кәсіби қызметпен қалай айналысуды үйрендім.
Іскерлік хат алмасу жайында мәліметтер алып, іс қағаздарын қалай толтыру керектігі жайында білдім. Ең бастысы, іскерлік хат алмасуда белгілі бір тәртіпті және әдепті сақтау қажет екендігін жадыма сіңірдім.
Ең маңыздысы, тәжірибе барысында халық ауыз әдебиетін жинақтап, ертеден ел арасында тараған аңыз-әңгімелермен танысып, Қарахан әулие, Домалақ Ана және Жер ана және оның құдіреті жайлы аңыз әңгімелерді жинақтадым.
Ата-баба өсиеті мен нақыл сөздерін оқып, тереңіне бойладым. Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса- қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса-іздеп таба алмайсың сынды мақалдарды өз қоржыныма салдым.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің қазақ халқының нағыз құндылығы , рухани байлығы екенің ескере отырып оны басқаларға да дәріптей алатындай санама сіңіріп ұғындым.
Әр өңірдің жергілікті халқының тілдік ерекшеліктеріне салыстыра отырып талдау жасадым. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ, КӨКТАЛ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІЛІНЕ ТӘН ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР жаздым. Диалект сөздер туыстық атауларға, құрал-саймандарға, киім-кешек ,тағам, ыдыс-аяқ атауларына байланысты әр өңірдің ерекшелігін танытып тұрады.Мысалы, Кемпірауыз – шеге суыратын аспап, тістеуік. Батыста атауыз, Солтүстікте тістеуік. Бұл оқу тәжірибесі болашақ мұғалімдер үшін ең тиімді әдіс деп есептеймін. Себебі, бұл оқу тәжірибесінде білім беру бағдарламаларымен толық танысып, көкжиегімді кеңейттім.