Қорытынды Клондық микрокөбейту әдісінің толып жатқан артықшылықтары болса,ол көп еңбекпен қаржыны талап етеді.Дүние жүзінде клондық микрокөбейту әдісінің технологиясы лабораториялық деңгейінде 2400-ден астам өөсімдік түрлеріне дайындалған,ал практикада оның қолданылуы тек қана әдеттегі жолмен көбейе алмайтын өсімдіктермен шектеліп отыр.Сонымен бірге,бұл әдіс селекция мен не-гізгі ғылыми зерттеулердің мақсатымен байланысты,атап айтқанды;
1.Өте құнды жеке генотиптер мен жаңа бағалы сорттарды жылдам және тиімді көбейту.
2.Гетерозистік будан тұқымды шығару үшін қажет линияларды алу және оларды тиімді көбейту.
3.Генетикалық жағынан біртекті ұрпақты алу үшін,өте бағалы таңдаулы (эли-талық) өсімдіктерді көбейту (мысалы,жалғыз-жарым гаплойдтық өсімдіктер неме-се клеткалық және гендік инженериясы әдістерімен жасалған өсімдіктер).
4.Вирустармен патогендік Өсімдіктерден таза жеміс көкеніс,тамақтық және әсемдік дақылдардың көшеттерін алу және оларды тез көбейту.
5.Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалу.
6.Кейбір бағалы екпе және жабайы ағаш тұқымдарында көбею коэффициенті төмен болады,сонымен бірге тұқымдық ұрпағында кейбір қасиеттері сақталмайды.Ал әдеттегі вегетативтік жолымен өте баяу көбейеді (қылқанды өсімдіктер) немесе мүлдем көбейе алмайды (пальма).Ағаш түрлерін өсіру және олармен селекциялық жұмыс жүргізу көп уақыт керек етеді,себебі олардың жыныстық жолмен көбеюі өте ұзақ мерзімді талап етеді.Бұдан басқа,ағаштардың экономика жағынан маңызды көптеген түрлері ұрпақсыз болады,оларды жақсарту үшін әдеттегі селекция әдістері жарамайды.Дара жарнақты пальмалар мен кейбір орман өсімдіктері тіпті әдеттегі вегетативтік жолмен де көбейе алмай-ды.Сон-дықтан ағаштар үшін In vitro жағдайларындағы вегетативтік көбейту баға жетпес әдіс.Мысалы,Европа,Канада,АҚШ өндірістік лабораторияларында қолтық бүр-шіктерінің In vitro өсіріп жеміс ағаштардың телушілерін көбейтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Валиханова Г.Ж. Биотехнология растении. Алматы-1996ж
2.Бутенко Г.Р. Биология клеток высших растении in vitro т биотехнологии на их основе. М. ФБК-ПРЕСС,1999