Іңкәр ДӘУЛЕТОВА,
№7 «Айналайын»МДҰ тәрбиешісі
Жақында «Табиғат және экология
мұражайында» №6 «Шолпан» мектепке дейінгі
ұйымының ересек топ тәрбиеленушілерімен
«Жәндіктер патшалығы» атты іс-шарасы
өткізілді. Осы балабақша тәрбиешісі Гүлдана
Джалбыкованың ұйымдастыруымен өткізілген
шараның мақсаты: балаларға Жер шарындағы
табиғат және ондағы жәндіктер туралы мағлұмат
беру, олардың өмір сүру ортасы, пайдасы туралы
түсініктерін кеңейту, жәндіктерді, табиғаттағы
тіршілікті сүйіспеншілікпен қорғауға тәрбиелеу
болатын.
Осы балабақшаның бүлдіршіндерімен
әзірленген «Жәндіктер патшалығындағы»
қойылымда бірі инелік, ара, өрмекші, көбелек,
шыбын, бірі тарақан тәрізді киініп, жәндіктер
кейпіне енген бүлдіршіндер – Айдын, Решат,
Анар, Назерке, Ақтоты, Арсен, Әділет
Ай планетасынан келген
Айшыққа
Жер
бетіндегі
жәндіктерді
таныстырып,
олардың қасиеті мен адам және табиғат тыныс
тіршілігі үшін пайдасы, олардың табиғат тепе-
теңдігін сақтаудағы тіршілік қарекеті туралы
таныстырды. Балалар түсініктеріне сай ойын,
музыкалы композиция түріндегі әдеби монтаж
қойылымынан балалар да көрермендер де көп
мағлұмат алды.
Қалалық мектепке дейінгі ұйымның эколог
тәрбиешілері қатысқан бұл қойылымнан кейін
БҚМУ-дың доценті, биология ғылымының кан-
дидаты Асқарбек Ерғалиев сөз кезегін алып, өз
ойын ортаға салды:
- Жас бүлдіршіндермен «Табиғат және эко-
логия» мұражайында өтіп отырған осындай іс-
шаралардың мәні зор. Әр адам туған жердің
топырағын, тауын тасын, суын, бұлағын, жан-
жануары мен жәндігін балабақшадан бастап
сүйіп, ол үшін қызмет етуі керек. Бұлардың
барлығы туған жерге, елге деген балалардың
махаббатын қалыптастырады. Жалпы табиғат
және экология жеке ғылым болмаса да оны
зерттеген сайын туған жерге деген махаббатың
арта түседі. Сондықтан туған жерді аялауға,
оны қорғауға арналған тәрбие бала жастан
жасалуы керек. Облысымыздағы өзге бала
бақшалар да «Шолпан» балабақшасынан үлгі
алуы тиіс. Сонда ғана біз болашақта мейлі
ол құрылысшы болсын, мейлі кәсіпкер бол-
сын табиғат заңын бұзбай, өз жұмысын дамыта
білетін адамдар тәрбиелей аламыз. Сонда ғана
аспандағы Көктәңірі мен жердегі Ұмай анамыз
аспан мен жер аралығын тепе-тең байланысты-
рып, жаратылыс пен жануарларға сүйіспеншілік
көрсетсе, табиғат та адамдарға қаттылық жаса-
майды. Бұған қоса қазақ халқының төрт мәдени
құндылығын – күйшілік өнер, киіз үй тігу өнері,
саятшылық өнері мен ырым-жоралғыларын
сақтау өнерін жоғалтпаса, оны әрі қарай дамыта
түссек, көрсек көз тоймайтын, шапсақ ат тұяғы
жетпейтін қасиетті жеріміздің мәңгілік гүлденіп,
дами беруіне септігі тиеді деп есептеймін.»
Сөз
кезегін
алған
қойылымды
ұйымдастырушы Гүлдана Асқарқызы:
- Мен алты жыл-
дан бері осы
мұражаймен бай-
ланыс жасап, таным көкжиегін
кеңейту жолында балаларды осында жиі
әкеліп қойылымдар ұйымдастырып келемін.
Мен өзімді қолдап, маған көмек беріп жүрген
өзім жұмыс істейтін «Шолпан» балабақшасының
меңгерушісі Гүлнар Меңдіғалиқызына, осы
мұражай меңгерушісі Какима Әлмұхановаға,
мұражай қызметкері Алма Темірғалиеваға
алғыс айтамын. Мақсатым балалардың бойы-
нан қатыгездік пен ұқыпсыздықты аласта-
тып, бауырмалдыққа, мейірімділікке, табиғатты
құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Бала неғұрлым
табиғатқа жақын болса, жан-жануарлар мен
жәндіктерді жақсы көрсе, соғұрлым олардың
бойына адамдарды жақсы көру, құрмет тұту,
бауырмалдық қасиеттері қалыптасады деп ой-
лаймын. Бұл қойылымның табиғат және эколо-
гия мұражайында өткізілуінің себебі де осыдан.
- Осындай балабақшадан бастау алған іс-
шаралар мектепте жалғасын таба ма? Өзімізден
кетті, мектепке жетті деген түсініктен арылып,
бұл жерде мектеп пен балабақша байланысын
дамыту керек тәрізді, бұл жөнінде не айтасыз? –
деген сұраққа балабақша меңгерушісі:
- Мектеппен де үнемі байланыс жасап оты-
ру жоспарымызда бар. Сондықтан бұл жұмыс
алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Қойылым соңы тәрбиешілер мен мұражай
қызметкерлерінің көкейінде жүрген жоспарлар-
ды белгілеуге арналған отырысқа жалғасты.
Рысты ИСМАҒҰЛОВА
Мұража
йдағы
“Жәндік
тер патшалығы”
Бүгінгі таңда бала тәрбиесі - үлкен
жауапкершілікпен қарайтын үлкен мәселенің
бірі. Сондықтан да қазіргі уақытта мектеп-
ке дейінгі ұйымдарда психологтың алатын
орны ерекше. Бала 24 сағаттың 10 сағатын
бөбекжайда өткізетін болса, тәрбиенің
қалыптасатын алғашқы баспалдағы
балабақша болып есептеледі. Психолог
маман әр баламен жұмыс істей отырып,
баланың психологиялық ерекшеліктеріне же-
те мән беруі керек. Баланың психологиялық
дамуын, оның бойындағы психикалық
процестер мен сапаларын, қабылдауын,
зейінін, қиялдауын есте сақтауын, ойлау-
ын, сөйлеуін, сезімдерін, мінез-құлықтық
еріктің – басқаруының бастапқы формалары
дағдыларын қалыптастыру ол бала психоло-
гиясы — жас ерекшелігі психологиясының
негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі ерекше бо-
лып табылатын балалық шақтың психикалық
даму заңдылықтарын зерттейді.
Бала психологиясы 19 ғасырдың
аяғында дербес пән ретінде өмірге келді.
Бала психологиясының негізін қалаған —
неміс ғалымы В. Прейер. Ол бала психо-
логиясын жүйелі зерттеуді бастап берген
психолог. Бала психологиясының пәні —
балалық шақтағы психикалық дамудың
жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу,
осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту
себептерін анықтау. Бала психологиясы
үшін басты мәселе — баланың психикалық
дамуының факторларын, психикалық да-
му шарттарын түсіндіру. Бұл бағыттар бір-
бірінен бала дамуының негізіне қандай фак-
торды (биологиялық не әлеуметтік) алу-
ымен ерекшеленеді. Бала психологиясы
баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге
дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бала
психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы
ғасырлар барысында өзгеріп отырды.
Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып та-
былатын “балалық шақ” ұғымы нақты тари-
хи сипатқа ие. Бала психологиясында
жалпы психологияның негізгі әдістері
жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп
қолданылады. Сәбидің эмоционалды
көңіл-күйі саласының психологиялық
диагностика әдiстерi өте көп . Бірақ
бұл әдістердің барлығын пайдалану
мүмкіншілігі бола бермейді.
Бiрiншiден,
тәрбиешiлер
тестілеудiң нәтижелерiн дұрыс
түсiндiрiп беру үшiн жеткiлiктi
психологиялық дайындықта болуы
қажет. Екiншiден, тәрбиешi тестiң
нәтижелерiн, байыптап қарап, сара-
лай білулері қажет.
Эмоционалдық көңіл-күй пай-
да болуын бағалауда тәрбиеші өзі
де сауатты болуы міндетті.Балалық
шақ - денсаулықты қалыптастыру және
жеке тұлғаның дамуындағы адамның
өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен
қатар бұл кезде бала айналасындағы ере-
сектерге, яғни ата-аналары мен ұстаздарға
тәуелді. Келеңсіз жағдайлар, жүрiс-тұрыс,
әлеуметтiк және эмоционалдық мәселелер
зардаптары баланың болашағына тікелей
әсерін тигізеді.Сәбидің жеке басының да-
муы ерте кезеңнен басталады. Бала өмірінде
болған жағдайлардың барлығы дерлік, ба-
ла дамуына ықпал етуші болады. Баланың
даму процесiнде ересектер үлкен ықпал
етеді. Бiрақ баланы дамыту ортасына беру өз
ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоциоал-
ды көңіл-күйін дамыту, баланың тілін дамы-
ту, баланы психикалық және психологиялық
дамыту – жанашыр адамдардың қатысуынсыз
өте қиын болады.
Баланың психикасының дамуына ықпал
ететін биологиялық және әлеуметтiк фактор-
лар.
Биологиялық фактор: (жүйке жүйесiнiң
дамуы) адам психикасының ортақ
ерекшелiктерi, сонымен бiрге тұқым
қуалаушы жеке ерекшелiктер де бұл жерде
есепке алынады.
Әлеуметтік фактор: баланы қоршаған
жақындарының дұрыс тәрбие беруі.
Басқа балалармен ойын кезінде баланың
эмоционалды портреті айқындалады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу-
іс әрекетті ұйымдастыру баланың эмоционал-
ды көңіліне ықпалы зор.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмо-
ционалды компоненттерін есепке алуымыз
қажет. Бiлiм беру жолдары және әр түрлi
іс-әрекет кезінде. Сәбидің эмоционалды
көңіл-күйіне ойын ықпал етеді.Эмоционалды
компоненттiң функциялары адамның бағалы
құндылықтарының ең маңызды шарттары.
Психологтар эмоция парасатының 5
тармағын ерекшелейдi.
1.Сезiм, яғни ол пайда болатын
сезiмді ажырату. (өзін-өзі тану)
2.Олар лайықты шеңберлерден
шықпау үшiн сезiммен қарап
анықтайтын эмоциялармен басқару.
3.Эмоцияларды бақылау - бұл
қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық
күйiне өзiн келтiру.
4.Өзара
арақатынастарды
сүйемелдеу.
5.Жас ерекшелікке байланысты
мiнездемелер.
Осы 5 тармақты басшылыққа ала
отырып, баламен жұмыстана білсек,
баланы жетелі де, талапты тұлға етіп
қалыптастыра аламыз. Балабақшада
тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын
әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі
мол болып, жан-жақты дамуы үшін, тілін
дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және
айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін
пайдаланудың маңызы зор.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған
көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп
бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші
роль атқарады.
Рухани адамгершілік тәрбие - екі жақты
процесс. Бір жағынан ол үлкендердің,
ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан-
тәрбиеленушілердің
белсенділігін
қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым-
қатынастарынан
көрінеді.
Сондықтан, белгілі бір мазмұнды іске
асыра, адамгершілік ықпалдың әр
түрлі әдістерін пайдалана отырып, педа-
гог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер са-
лып талдау керек. Адамгершіліктің негізі
мінез-құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың мінез-
құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара
қарым-қатынастарды басқарады. Отанға де-
ген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам
еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға
тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-
сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара
қарым-қатынастың бөлінбес элементтері,
олардың
негізінде
қоғамымыздың
қоғамдық-экономикалық құндылықтары
жатады.Баланың өмірге белсенді
көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім бе-
ру жұмысының мазмұны мен форма-
лары балалардың мүмкіндігін ескеру
арқылы нақтыланады. Адамгершілікке,
еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,
үлкендердің қолдан келетін жұмысты
ұйымдастыру процесінде, ойын және
оқу ісінде жоспарлы түрде іске аса-
ды. Бала тәрбиесі - қиын да, жауапты
міндет.
Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның,
заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы
орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-
тәрбиені одан әрі жалғап, жандандыра-
тыны сөзсіз.
Гүлзира НҰРҒАЛИЕВА,
№35 «Шұғыла» МКҚК
бөбекжайының психологы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жай
бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу жөніндегі
білімдерін тиянақтау, толықтыру және бекіту, өзіндік
ізденістерін қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушының логикалық ой-
өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын артты-
ру, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру,
зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды берілген тапсырманы
тиянақты орындай білуге, шапшандыққа, тез ойлап,
тез есептей білуге, ұйымшылдыққа тәбиелеу.
Сабақтын түрі: Қайталау және бекіту сабағы.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап; есептер шығау.
Сабақтың көрнектілігі: сұрақтар және ереже
жазылған файлдар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Еске сақтадың ба? (сұрақ жауап ережелерді еске
түсіру.)
1) Жәй бөлшектің алымы(бөлімі) нені көрсетеді?
2) Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосады?
4) Бөлімдері бірдей аралас сандар қалай
қосылады? Мысалмен көрсетіңдер.
5) Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай
қосылады? Мысалмен көрсетіңдер.
6) Натурал саннан бөлшекті азайтуды
түсіндіріңдер.
7) Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай азайты-
лады? Мысалмен келтіріңдер.
8) Егер азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі
азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кем бол-
са, азайту амалы қалай орындалады? Мысалмен
көрсетіңдер.
9) Бөлшектер қалай көбейтіледі?
10) Натурал санды бөлшек санға қалай
көбейтеміз?
11) Өзара кері сандар дегеніміз не?
12) Екі жай бөлшекті бөлу қалай орындалады ?
Ой сергіту: Жұмбақтарды шешу үшін мына
есептерді шығарып кестені толтыруымыз керек.
Жұмбақтар:
1. Бірге барып сыныпқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады. (күнделік)
2. Әр күн сайын жыртылдық
Өміріміз бір жылдық. (күнтізбе)
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар
қолдану.
1. Жай бөлшектерді қосу және азайту
2. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу.
ІV. Үй тапсырмасы: №634.
V. Сабақты қорытындылау.
Тест.
1) 123/15 бөлшегінің бүтін бөлігін табыңдар.
а) 5 ә) 6 б)7 в)8
11
2) 13
23
санын бұрыс бөлшекке айналдыр.
№ 1 2 3 4 5
жауабы в ә а в ә
Сәния АХАПОВА,
Бұлдырты ЖББОМ мұғалімі,
Сырым ауданы
10
Жайық ұстазы
19 наурыз, 2014 ж.
Ш ы ғ а рм а ш ы л ы қ қ а б і л е т т і
а р т т ы р у ж о л д а р ы
«Жай бөлшектер мен аралас
сандарға амалдар қолдану»
Ма т ем а т и ка
Мақсаты: Оқушының өз болмысын
тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа руха-
ни күш беру.
Міндеті: Балаға белгілі бір білім беріп
қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқу
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас
қалыптастыру. Ойын дұрыс айту, салыстыра
білу, дәлелдеу, сөйлеу мәдениетін үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың
танымдық, шығармашылық қабілетін да-
мыта оқыту, олардың сабаққа деген
қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын да-
мыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның
өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу адамның ру-
хани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына
көмектеседі.
Бастауыш
сынып
оқушысының
зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері де әр түрлі болады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа
баулып,
олардың
белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін сабақта
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мы-
надай:
- Мазмұнын жинақтау, пікірталас,
сөзжұмбақ, анаграмма, түрлендіру, салысты-
ру, әңгімені өз бетінше аяқтау, сурет салу,
мінездеме беру, өлең шумақтарын құрастыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс
түрлері:
• Мұражайға апару;
• Кездесулер өткізу;
• Әр түрлі тақырыптарда сайыс,
пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойын-
ша шығармалар жазу;
• Балаларға арналған журналдарды жаз-
дырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану;
• Әрбір оқылып отырған шығармалардың
авторлары туралы толық мағлұмат жинау, ре-
ферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу
оқушыларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып,
тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше
ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы
қабілетті ашу - оқушының шығармашылық
бағытта дамуына жете мән беру болып табы-
лады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін
жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге,
әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан
ойлануға жетелесе, екінші жағынан
қызығушылығын оятып, шығармашылық
қабілеттін арттыруға, белсенділікке ынта-
ландырады. Мысалы:1) берілген сөздердің
ішінен солдан оңға қарай оқығанда, жаңа сөз
шығатын сөздерді теріп жаз.
қыран қала Дархан
мұз бұлақ есек
қысым сүт киім
2) Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп
қосып, мағынасы өзгерген сөз жаз.
Қала+(қ) таба+(н)
Ат+ (а) ел+ (у)
3. Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір
әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс.
1. Асық; 2. Ұзақ; 3. Бас; 4. Бақ; 5. Мал;
6.Мұз; 7. Бұлақ; 8. Лақ; 9. Құл; 10. Сым, т.б
Дария ЕСМАҒАНОВА,
Мичурин ЖББОМБ,
Зеленов ауданы
Ә д і с т е м е л і к б а я н д а м а
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға
раушангүлділердің және
бұршақ тұқымдастардың
құрылыс ерекшеліктерімен
таныстырып, гүлді өсімдіктер
туралы білім деңгейін кеңейту.
Тәрбиелік: Раушангүлділер
және бұршақ тұқымдастардың
азықтық маңызын түсіндіре оты-
рып, оларды баптауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды
гүлдердің формулаларын жаза білуге,
тұқымдастарды ажырата білуге
дағдыландырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың типі: Жана мате-
риалды меңгерту. (түсіндірмелі-
иллюстративті).
Сабақтың түрі. Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті
тақта, кеппешөптер, жемістер коллекци-
ялары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Үй тапсырмасын
тексеру:
Тапсырма: «Менің көңіл-күйім».
Оқушыларға шеңбердің суреті салынған
қағаз беті беріледі. Онда 15 сан белгіленген.
Әр сан сұрақты білдіреді. Егер сұрақ дұрыс
деп есептелсе «+», қате деп есептелсе «-»
белгісі салынады. Нәтижесі тексеріледі.
Тұқымдас: Раушангүлділер, Бұршақ
тұқымдастар.
Жемісі: Құрғақ, шырынды, сүйекті-
шырынды. бұршаққап.
Қолданылуы, пайдасы: Сәндік бағалы
май, хош иісті заттар. Тағамға, медици-
нада, мал азығы ретінде.
Жапырақ формасы. Жай жапырақ,
(алма, алмұрт, шие, өрік). Күрделі
жапырақ (бүлдірген, құлпынай,
таңқурай). Қауырсын тәрізді
(итмұрын, шетен, қараған). Саусақ-
салалы (қазтабан, жатаған).
Қауырсын тәрізді және саусақ-
салалы күрделі жапырақ.
Түрлері: Ағаштар – мой-
ыл, шетен, алмұрт, алма.
Бұталар, раушан, Итмұрын,
Шөптекті- теңгежапырақ,
қойбүлдірген.
Асбұршақ,
үрмебұршақ, соя,
беде,
сиыр
жоңышқа,
жер
жаңғақ,
қызыл мия,
тентек мия,
Жаңа сабақтан
алған түсініктері
бойынша оқушылар.
Венн диаграммасын тол-
тырады.
Раушангүлділер:
Жапырақтары
–
жай
жапырақ. Жемістері – құрғақ
шырынды. Сәндік үшін, бағалы
май, хош иісті заттар алынады.
Ұқсастығы: Ашық тұқымды,
кос жарнақты, гүлді өсімдіктер.
Бұршақ тұқымдас: Жапырақтары
күрделі, бөбешік жапырақты болады.
Жемістері – бұршаққап. Тағамға, мал
азығына, медицинада пайдаланылады.
ІV. Жана сабақты бекіту:
1-тапсырма: Мына суреттерден
гүлдің диаграммасын талдап, формуласын
жазыңдар.
2-тапсырма: Сәйкесін тап!
1. Соя. А. Бұршақ тұқымдастардың
жемісі.
2. Сүйекті жеміс. Б. Өрік, шие.
3. 35 түр. В. Жай жапырақ.
4. Алма, алмұрт ағаштары.
С. Раушангүлділердің Қазақстанда та-
ралуы.
5. Т5, К5, Аоо, Жоо. Д. Бұршақ
тұқымдастардың Қазақстанда таралуы.
6. Раушан. Е. Сәндік гүл.
7. 650. Ж. Итмұрын гүлі.
8. Бұршаққап. З. Раушан гүлі.
9. Бағалы май. И. Бұршақ
тұқымдастар.
10. Ағаштар. К. Алма, шие ағаштары.
Жауабы: 1-И, 2-Б, 3-С, 4-В, 5-Ж, б-Е,
7-Д, 8-А, 9-3, 10-К.
IV. Сабақты қорытындылау:
V.
Үйге
тапсырма:
§27.
Раушангүлділер
және
бұршақ
тұқымдастар.
№3 кестені толтыру.
Ү1. Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |