«Өрлеу» «БАҰО» акф аопқбаи «тренері Ж. О. Жубаева өткізген



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі204,16 Kb.
#4580

 

 

«Өрлеу»  «БАҰО»  АКФ  АОПҚБАИ  «тренері  Ж.О.Жубаева  өткізген  

«Сыни  ойлау  дегеніміз  не?  тақырыбындағы  сабақтар  маған  ерекше  есте 

қалып,  өзгеше  ойлауым  мен  өзгеріс  енгізуіме  септігін  тигізген  сабақтар 

болып ұмытылмастай әсер қалдырды.  

Курстың  Бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде  тренер  көшбасшылығымен 

Кембридж  бағдарламасы  ұсынып  отырған  жеті  модульді  жан-жақты  игеріп, 

өз  тәжірибемізге  енгізу,  үйрену,  үйрету  мақсатында  түрлі  тапсырмаларға 

негізделген  сабақтар  ұйымдастырылды.  Соның  бірі  жеті  модульдің  бірі 

саналатын  –  сыни  тұрғыдан  ойлануға  үйретуге  негізделген  сабақтардан 

ерекше  әсер  алдық.  Себебі  мұғалімге  арналған  нұсқаулықта  көрсетілгендей 

«Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды 

мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Біз 

түрлі тәсілдер арқылы топтасып, жұптасып жұмыс жасау барысында әр қилы 

сыни  тұрғыдан  ойланатын  тапсырмалар  орындап,  өзіміздің  сыни  ойлау 

дағдыларымыз  қалыптасып,  әр  іс-әрекетімізге  ерекше  көзқараспен  қарауға 

тырысып,  дәлелдерді  сыни  тұрғыда  талдап,  бағалауға  үйрендік.  Атап  айтар 

болсам, көліктерді  классификациялау, ермексазбен композиция жасау және 

тағы  басқада  зерттеуге  арналған  тапсырмалар  ұйымдастырылды.  Нәтижелі 

өткізілген  осы  сабақтардан  кейін  менің  де  өз  тәжірибеме  сыни  ойланатын 

тапсырмаларды  кірістіру  туралы  ой  келді.  Мәселен,  жұмыртқаны  20  см-ден 

сындырмай  түсіру  тапсырмасы  оқушыларды  сыни  ойлатып  қана  қоймай, 

зерттеуге,  ізденуге,  жаңалық  ашуға  қызығушылықтарын  арттырса, 

ермексазбен 

композиция 

жасау 


тапсырмасы 

кімді 


болса 

да 


шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  жетелейтіні  сөзсіз.  Соның  ішінде  маған 

ерекше  ұнаған  сабақ  «Көліктерді    классификациялау»  тапсырмасын 

орындаған  сабақ  болды.  Сол  себептен  мектептегі  тәжірибе  кезеңінде 

әріптестеріммен  жаңа  оқыту  тәсілімен  бөлісу  мақсатында  ұйымдастырған 

«Оқытуда  Кембридж  тәсілдерін  қолдану»  тақырыбында  семинар-

практикумда  сыни  тұрғыдан  ойлануға  негізделген  визуалды  айғақтар 

бөліміндегі  «Көліктерді    классификациялау»  тапсырмасын  пайдаландым. 

Өзім  тарих  пәні  мұғалімі  болғандықтан  бұл  тапсырма  маған  тиімді  көрініп, 

жоспарлағанымдай  жақсы  нәтижеге  жеттім.  Тренерімнің  бізге  үйреткен, 

сабақта қолданған осындай сыни тұрғыда ойлануға арналған тапсырмаларын 

болашақта  өз  тәжірибеме  пайдаланып,  шеберлігімді  шыңдағым  келеді  және 

бізге осындай  нәтижелі  сабақтар беріп,  өз  тәжірибемізге өзгеріс  енгізуге  оң 

әсерін тигізген Жангүл Оңайқызының еңбек жолына табыс тілеймін.  

 

Тарих пәні мұғалімі: Бирмаганбетова И.Е. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет