9 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .
МЫСЫҚ
«Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
Есепті талдау
а)Алты қанат киіз үй туралы түсінік.
ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы
б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.
Есепті схема сурет түрінде жазу.
Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға көбейту.
Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.
12+72+432+2592+15552+93312=111972
5. Есептің нәтижесін тексеру:
2·6=12 432·6=2592
12·6=72 2592·6=15552
72·6=432 15552·6=93312
Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.
Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |