10 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .
ҚАЗ БЕН ТҮЛКІ
Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді шешеміз:
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтарды 94, басы 35»
Есептің мәтінін түсіну.
Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ, көжекте -4 аяқ.
Теңдеу құру: Балапан саны – х.
Көжек саны - у
Балапанда 2 аяқ – 2х.
Көжекте 4 аяқ – 4х.
Сонда Теңдеулер жүйесі шығады.
Теңдеулер жүйесін шешу.
Теңдеудің шешімдерін зерттеу:
Балапан – 23
Көжек – 12
Бастарының саны 23 + 12 = 35
Аяқтарының саны 2·23+4·12=46+48=94
Есептің жауабы: 23 балапан, 12 көжек.
11 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .
СКЕЙТБОРД.
Серік скейтбордбен тебуді ұнатады. Кейбір тауарлардың бағаларын білу үшін, ол «Спорт» дүкеніне жиі барып отырады. Осы дүкеннен толық жиналған скейтбордты сатып алуға болады. Сонымен қатар скейтбордты жинауға арналған платформаны, 4 доңғалақтан тұратын 1 комплекті, 2 доңғалақ-ұстатқыштан 1 комплекті, метал және резина құрама бөліктерден тұратын комплекті сатып алуға болады. Дүкендегі аталған тауарлардың бағаларын төмендегі кестеден көруге болады:
Тауар
|
Баға, доллар (ақша бірлігі)
|
|
Жиналған скейтборд
|
82 немесе 84
|
|
Платформа
|
40, 60 немесе 65
|
|
4 доңғалақтан тұратын 1 комплект
|
14 немесе 36
|
|
2 доңғалақ-ұстатқыштан 1 комплект
|
16
|
|
Метал және резина құрама бөліктерден тұратын комплект (подшипниктер, резиналы төсемелер, болт пен гайкалар )
|
10 немесе 20
|
|
1 СҰРАҚ.
Серік скейтбордты өзі жинағысы келіп тұр. Осы дүкенде скейтбордтың барлық құрама бөліктерін сатып алағнда, қандай ең төмен және ең жоғары бағаны төлеуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |