«Орман иелену және орман пайдалану құқығы» Орындаған: Мыңбай Нұрсұлтан


Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы



бет2/4
Дата04.05.2023
өлшемі118,36 Kb.
#89830
1   2   3   4
Байланысты:
Мыңбай Нұрсұлтан слайд заң

 
 
 
 
 
 

1. Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

  • Орман пайдалану құқығы – орманды пайдалануды реттеуге бағытталған заңдық ережелердің жиынтығы. Орман ағаштарын және өнімдерін пайдалану құқық алған уақыттан бастап орман пайдаланушылар орман пайдалану құқығының субъектісі бола алады.Орман қорының учаскелері арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде пайдалануға беріледі. Орманның жай-күйіне, ұлғайтіп өсірілуіне, сақталуына, қорғалуына және пайдалануына, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Үкіметі белгілейді.Сүрекдің – екпе ағаштардың негізгі құрамы болатын ағаштардың жиынтығы.Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады. Жекеше орман қоры жеріне жеке және заңды мемлекеттік емес тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттеріне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасы орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.

2.Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

      • Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары: 1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарды растайтын мемлекеттiк орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша; 2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бiр реттен аспайтындай етiп; 3) мемлекеттiк орман қорындағы орман өрттерi фактiлерi бойынша; 4) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша; 5) жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетiлген мерзiмде бақылау мақсатында жүзеге асырады.Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары.Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет