Орман жолақтарының қардың жиналуына және бөлінуіне әсері



Дата09.11.2022
өлшемі107,38 Kb.
#48867
Байланысты:
Ділдабек Б


Орман жолақтарының қардың жиналуына және бөлінуіне әсері
Орындаған: Ділдабек Б
Тексерген: Сатыбалдиева Г
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстанның далалы аймақтарында қардың жиналуы және оны ұшырып әкетуден сақтау аса маңызды мәселе болып табылады. Ашық даладағы жыртылған жерлердегі (аңыздардағы) қардың жиналған мөлшері қысқы жауын-шашын мөлшелерінің 60%-ын құрайды. Қалған қардың 24%-ы желмен көшсе, ал 16%-ы булануға кетеді. Жел екпіні қатты учаскелердегі қар көшіру 73%-ға жетеді. М.Е. Васильев және Г.Г. Ибрагимовтың (1965) мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстік облыстары аумақтарында I ға жыртылған жерлерде қардың бірқалыпсыз жиналуы мен жер бетімен ағуы әсерінен жыл сайын 400-500 м3 су жоғалады.
Орман жолақтарының аталған түрлері бөлену сипатына әртүрлі әсер етеді.
тығыз
селдір
сусымалы
селдір сусымалы
1
Тығыз (жел өткізбейтін) жолақтар жел жылдамдығын жолақ ішінде шұғыл төмендетіп, өзінің екі жағына биік күртік қар жинайды. Қар етектерінің ұзындығы бұл кезде орман жолағының 5-7 Н-не жетеді, ал жолақаралық учаскелерде қар бірқалыпсыз таралып, көбінесе ұшырып әкетіледі. Тығыз орман жолақтары маңындағы биік күртік қарлар топырақтың шектен тыс дымқылдануына соқтырып, әрі көктемгі дала жұмыстарын бастауды кешіктіреді. Бұл жолақтарды қар тоқтатуды қажет ететін жолдар, жыралар, аңғалар мен елді мекендер маңына өсіру тиімді.
2
Селдір орман жолақтары тығыз жолақтарға қарағанда үлкен қашықтықта жел жылдамдығын баяулатып, егістерде қарларды жақсы әрі біркелкі бөледі. Күртік қар төбешігі бұл кезде жолақтың ық жағында 1-3 Н қашықта болады. Қар биіктігі көбінесе 1,5 биіктіктен аспайды. Күртік қардан кейін егіс танаптарына қарай ұзын жазық болып, қар етектері орналасады. Ал оның ұзындығы 10-15 Н қашықтыққа жетеді.
Сусымалы (жел өткізгіш) орман жолақтары жолақаралық кеңістікте қарды бірқалыпты тоқтатады. Бұл кезде орман жолағының ішінде қар тоқтамайды, ары қарай ұшып кетеді. Орман жолағы ішіндегі күртік қардың ең жоғары биіктігі 1 метрден де аспайды. Қар етегінің ұзындығы алқа ағаштардың 12-20 Н-не жетеді. Егіс танаптарын қорғау үшін өсірілген сусымалы орман жолақтары жауын-шашын мөлшері мол, жиі қарлы боран, бұрқасын болатын аудандарда механикалық жағынан орташа және ауыр топырақтарда отырғызылады.
3
Селдір-сусымалы орман жолақтары орналасқан танаптарда қар қалыптаспайды, олар жолақтардан 20 Н қашықтықта ұзыннан етектеніп жиналады. Аталған орман жолақтарын суық және бұрқасын желдері бар аудандарда құрғақ топырақтарда өсіру ұсынылады. Н.Д. Никитин (1972) оларды Қазақстанның солтүстік обылыстары мен Батыс Сібірде өсіруге болатынын анықтаған.
4
1
2
3
Орман жолақтарының ауылшаруашылық дақылдар өнімділігіне әсері.
Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ҒЗИ (1987) суарылмайтын жерлер үшін 4 табиғи аймақта қорғаныш орман жолақтарының әсерінен маңызды ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің молаю нормативтерін зерттеп, дайындады. олар мыналар:
Сондықтан, егіс қорғайтын орман жолақтары ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін арттыра алады. Республикамыздың жазық бөлігіндегі аймақтар бойынша, орта шамамен орман жолақтары дәнді дақылдар өнімдерін орта шамамен 26,1-17,6%-ға, сүрлемге арналған жүгеріні - 39,4-36,3%-ға, көп жылдык. шөптесін өсімдіктерді – 53,5%-ға арттыруға мүмкіндік туғызады.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет