Өрмекші торы әдісі немесе қазақстанды теміржолмен



Pdf көрінісі
Дата17.03.2017
өлшемі404,79 Kb.
#9995

ӨРМЕКШІ ТОРЫ ӘДІСІ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТЕМІРЖОЛМЕН 

«ТОРЛАУ» 

 

Жердің  кеңдігі  –  үлкен  байлық.  Мәселе  сол  байлықты  халықтың 



игілігіне  жарату.  Жер  игілікке  айналу  үшін  оны  игеру  қажет.  Ал  игерілген 

жер  ғана  байлық  көзі  болып  табылады.  Қазақстанды  теміржолдармен, 

автожолдармен  «торлау»  -  жерді  игеруге  зор  ықпал  етер  жұмыс  болары 

сөзсіз.  Әзірге,  аталмыш  саладағы  күре  жолдар  Қазақ  жерін  шеттеп 

айналып  жүретін  бұрынғы  кеңестік  жүйеден  толық  арылып  кете  алмай 

отыр.  Сондай аймақтың бірі – Қостанай. 

 


Қостанай  –  астықты,  кенді  аймақ.  Еліміздің  солтүстік-батысына 

орналасқан.  Қостанай  облысының  территориясына  Еуропадағы  шағын 

мемлекеттер  сыйып  кетеді.  Кеңес  дәуірінде  Алматыдан  гөрі  басты  орталық 

Мәскеумен  байланысы  тығыз  болып,  Ресейге  қарай  шығар  қарым-қатынас 

жолдары  жақсы  дамып,  Қазақстанның  ішкі  жағымен  байланысы  кенжелеп 

қалған.  Бүгінгі  таңда  Қостанай  қаласы  Елорда  Астанамен,  сондай-ақ 

оңтүстік,  орталық  өңірлермен  тікелей  теміржол  арқылы  тікелей 

байланыспайды.  Қостанайға  Астанадан  келетін  теміржол  батысқа  қарай 

едәуір  бойлап  барып,  Тобыл  станциясы  арқылы  Қостанайға  кейін  шегініп 

бұрылады.  Себебі  өткен  ғасырда  орын  алған  Сталиндік  индустриализация 

кезеңінде  Тобыл  станциясы  Қазақстанның  оңтүстігі  мен  орталығынан 

шығатын  қорғасын,  мыс,  көмір  шикізаттарын  Ресейдің  оңтүстік  Орал 

өңіріндегі  зауыттарда  өңдеу  үшін  тасымалға  қажетті  жол  ретінде  салынған 

еді.  Осы  Тобылдан  теміржол  тура  Ресейге  шығып  кетеді.  Ресейлік  мүддені 

ойлаған  сол  кездегі  саясат  Қазақстан  ішіндегі  жол  қатынастарына 

немқұрайлы қарап, соның салдарынан облыс орталығы Қостанай бір бүйірде 

қалып  қояды.  Сонымен  бүгінгі  таңда  оңтүстік  өңірден  немесе  Астанадан 

Қостанайға  келген  жолаушы  5  сағаттық  уақытын  айналма  жолға  «құрбан» 

етеді. Айналам жолдың қашықтығы - 240 шақырым. 

Бұрын  Мәскеуге  қарап  сағат  түзеген  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  енді 

барлық  бағытын  Елордадан  түйінделетін  мақсаттарға  орай  қимылдауы  тиіс. 

Осы  орайда,  Астана  арқылы  оңтүстік  өңірді  Қостанай  қаласымен 

байланыстыратын  теміржолды  Тобыл  арқылы  айналдырмай  «Құсмұрын» 

станциясының  тұсынан  бұрынғы  «Целинный»  теміржолына  (орталық 

Қазақстанды солтүстікпен байланыстыратын жол, қазіргі Көкшетау-Қостанай 

бағыты)  «Шоққарағай»  станциясына  қосып,  төте  жол  салынса,  жол 

қашықтығы  едәуір  қысқарар  еді.  Құсмұрын  мен   Шоққарағай  арасы  -  90 

шақырым. 

Егер  осы  аралық  теміржолмен  жалғасса,  оның  мынадай  экономикалық-

әлеуметтік пайдасы болар еді: 

1.

 

Астана мен Қостанай арасы едәуір қысқарып, жолаушылардың уақыты 



әрі  қаржысы  үнемделеді.  Бұл  -  адам  капиталын  дамытуға  қосылған 

ерекше  үлес.  Жолаушының  жол  шығынынан  үнемделген  қаржысы 

басқа салаларға салынып, әсіресе, адамның өзін-өзі жетілдіретін салаға 

бағытталар  еді  (білім,  денсаулық,  туризм  т.б.).  Қазіргі  таңда  Астана-

Ақтөбе,  Атырау  бағытында  жүретін  «Тальго»  жүрдек  пойызы  Тобыл 

станциясына  дейін  7  сағат  жүреді.  Егер  ол  Құсмұрын  станцисынан 

Қостанайға  тура  бұрылса,  әрі  кеткенде  сол  7  сағаттың  о  жақ,  бұ 

жағында облыс орталығынан төбе көрсетер еді

2.

 

Облыстың оңтүстіктегі шеткі өңірі Торғай аймағының орталығы болып 



саналатын Арқалық пен Қостанай арасындағы теміржол қашықтығы да 

кемінде  5  сағатқа  қысқарар  еді.  Арқалық  қаласы  Шұбартау-Бейнеу 



теміржолына  қосылғанын  және  алдағы  уақытта  ол  жолмен 

жолаушылар  пойызы  да  жүретінін  ескерсек,  оңтүстікпен  солтүстіктің 

арасы теміржол арқылы едәуір жақындайды;  

3.

 



Астанадан Батыс Қазақстанға қарай жүретін пойыздар облыс орталығы 

Қостанай  арқылы  өтіп  (қазір  олар  бүйірдегі  Қостанайға  бұрылмай, 

Тобыл  станциясы  арқылы  өтіп  жатыр)  қаланың  транзиттік  мүмкіндігі 

артар  еді.  Бұл  – бір.  Екіншіден, бұл  жұмыстар өз  кезегіде бір бүйірде 

оқшау  тұрған  облыс  орталығы  Қостанайды  Қазақстанның  оңтүстік 

және  батыс  аймақтармен  түрлі  бағытта  тығыз  байланысуына  жол 

ашып,  бизнестік  байланыс,  әріптестіктің  жандануына  септігін  тигізері 

анық; 


4.

 

Құсмұрын станциясы маңында тез жанатын қоңыр көмір кенінің үлкен 



қоры  бар.  Оған  көрші  Ресейдегі  Троицк  ГРЭС-і  қызығыушылық 

танытып  жүр.  Темір  жол  тура  Қостанайға  тартылса,  Троицкіге 

шығатын  қашықтық  қысқарады.  Көмір  кенінің  екінші  тынысы 

ашылады.  Ал  солтүстік  аймақтағы  ең  үлкен  көл  Құсмұрын  балық 

шаруашылығын дамытуға да қолайлы; 

5.

 



Құсмұрыннан  облыс  орталығына  тура  тартылған  теміржол  табиғаты 

сұлу  Қостанайдың  ең  әдемі  жерлерінің  бірі,  курортты  аймақ 

«Сосновый  бордан»  (Арақарағай  орманынындағы  «Шоққарағай» 

станциясы)  өтуі  тиіс.  Бұл  «Сосновый  бор»  курортына  оңтүстік  және 

батыс  өңірлерден  келеушілердің  санын  күрт  асырады.  Қазіргі  таңда 

олар  аталмыш  курортқа  жету  үшін  Қостанайға  келіп,  әрі  қарай  50 

шақырым  көлікпен  баруға  тура  келіп  жүр,  екінші  сөзбен  айтқанда, 

қиыншылық,  жол  азабын  тартып  жүр.  Айтпақшы,  «Сосновый  бор» 

курортының емдік суының қасиеті даңқты Карлово Вародан кем емес. 

Еуропаның  аталмыш  курортына  емделетін  кісілерге  дәрігерлер 

«Сосновый борды» да ұсынады;  

6.

 



Жаңа  теміржол  егін  және  мал  шаруашылығымен  айналысатын 

Әулиекөл,  Қарасу,  Алтынсарин  аудандарының  тыныс-тіршілігіне 

теміржол  өзгеше  екпін,  өзгерістер  алып  келері  сөзсіз.  Егін  мен  мал 

шарушылығымен  айналысатын  жеке  шарушылықтардың  қатары 

көбейеді.  Олардың  қолын  байлап  отырғаны  инфрақұрылымдардың 

тапшылығы.   Теміржол  аталмыш  аудандарының  үстінен  өтіп, 

Алтынсарин  ауданының  орталығы  Обағанға  жақын  Шоққарағайға 

аялдайды.  Шағын  Шоққарағай  Көкшетаудағы  Бурабай  станциясы 

сынды алыс-берісі мол теміржол бекетіне айналып, сол маңдағы шағын 

ауылдардың тіршілігін жандандырар еді (таксишілер, сауда орындары, 

қызмет  көрсету  т.б.).  Дәл  осындай  нәрсе  табиғаты  сұлу,  қазыналы 

Құсмұрынға да туары анық

7.

 

Құсмұрын  мен  Қостанай  қаласы  аралығын  «Сосновый  бор»  үстімен 



теміржол  арқылы  қосу  ішкі  туризмді  (өлкетанулық  саяхат,  балық 

аулау, табиғат аясындағы демалыс) жандандырады. Себебі Құсмұрын –

   орманды,  табиғаты  көркем,  жері  бай  тарихи  мекен.  Мұнда  атақты 

Абылай  ханның  немересі  Шыңғыс  Уәлиханов  Аманқарағай  округінің 



дуанбасы  болып  қызмет  етіп,  қазақтың  атақты  ғалымы  Шоқан 

Уәлихановтың  балалық  шағы  өткен.  Бала  Шоқан  осы  өлкеде  түркі 

халықтарына  ортақ  мұра,  атақты  «Едіге  батыр»  жырын  жазбаға 

түсірген. Құсмұрын көліне Обаған өзені құйып, сол өзен көлден қайта 

ағып  шығады.  Бұл  -  табиғатта  сирек кездесетін  құбылыс. Қазақстанда 

мұндай  құбылыс  Ертіс  өзенінің  бойындағы  Зайсан  көлінде  бар. 

Құсмұрын көлінің маңынан демалыс орындарын да ашып, оған облыс 

орталығының  тұрғындары  мен,  «Сосновый  бор»  курортына  келген 

демалушылардың қыдырып баруына мүмкіндік ашуға болады.  

8.

 



Елімізде  2014  жылдан  бастап  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Мәңгілік  ел» 

идеясын жүзеге асыруды және еліміздің болашағы жастарды жұмыспен 

қамтамасыз  етуді  көздейтін,  «Мәңгілік  ел  жастары  -  индустрияға» 

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  қолға  алынған  болатын.  Жобаның 

басты  мақсаты  –  жұмыспен  қамтамасыз  етудегі  әлеуеті  төмен,  бірақ 

демографиялық  өсімі  жоғары  оңтүстік  пен  батыс  өңірі  жастарын 

индустриялды-инновациялық  бағдарламаның  ірі  жобалары  жүзеге 

асырылып жатқан солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда орналасқан 

жоғары  оқу  орындарында  білім  алуға  жәрдем  етіп,  кейін  оларды  сол 

өңірдегі  бос  жұмыс  орындарына  орналастыру.  Екі  жылдың  ішінде 

Қостанайдың ЖОО-лары мен колледждеріне 1200 жуық жасөспірімдер 

келіп,  білім  алуда.  Олардың  алды  индустрализация  картасына  енген 

нысандарға жұмысқа орналасып та жатыр. Бірақ Қостанайға «Серпін -

2050»  жобасымен  келуші  жастарға да, олардың ата-анасының  жанына 

бататын жағдай – жолдың алыстығы. Қалған нәрсенің барлығы ауаның 

тазалығы,  табиғаттың  сұлулығы,  елдің  мәдениеті,  оқу  орындарының 

жағдайы  –  бәрі  оларға  ұнайды.  Жолдың  қашықтығы  қысқарса, 

оңтүстіктегі  ағайындардың  солтүстікке  келіп  орналасу  ағыны  арта 

түсер еді. Қостанай сынды шекаралық аймақтың демографиялық, еңбек 

ресурстары  тұрғысынан  қауіпсіздігі  -  «Мәңгілік  ел»  идеясының 

терең  астарының бірі. Сондықтан бұл өлкеге Қазақстанның өзінің ішкі 

ресурстары есебінен инвестиция салу – елдің болашағына бағытталған 

нақты қадам; 

9.

 



Құсмұрын-Шоққарағай теміржолын салу Хромтауда ашылған теміржол 

рельс зауыты өнімдерінің тоқтаусыз шығуына, сұраныстың артуына да 

септігін тигізеді.; 

10.


 

Құсмұрын-Шоққарағай  теміржолы  еліміздің  ішкі  байланысын 

нығыздай  отырып,  жер  игеруге,  инфрақұрылымдарды  дамытуға  ішкі 

және  шетелдік  инвестицияларды  кең  тартуға  да  жол  ашады.  Қыс 

мезгілі боранды болып келетін бұл өлкені (жалпы, Сарыарқаны) темір 

жолмен  өрмекшінің  торындай  әдіспен  «торлап  тастау»  -  жерді  өз 



күшімізбен игерудің бір жолы.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет