ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Омархан БЕРКІНБАЙ
ОРНИТОЛОГИЯ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
жоғары оқу орындарына ұсынған
Алматы 2010
2
ƏОЖ 596 (075.8)
ББК 28.693.35 я 73
Б 44
Рецензенттер:
Есжанов Б., биология ғылымдарының кандидаты, Əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология факультеті,
«Зоология жəне гистология» кафедрасының доценті;
Ағыбаев А.Ж., биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ
ұлттық аграрлық университеті, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы
жəне өсімдік қорғау» кафедрасының профессоры.
Беркінбай Омархан.
Б 44
Орнитология: //Оқулық, толықтырылған.-Алматы: «Агроу-
ниверситет» баспасы.-
164 бет.
ISBN 9965-759-77-4
Оқулықта құстардың жануарлар əлеміндегі орны, жүйесі,
Қазақстанда таралуы, морфологиясы, биологиясы жəне мекен ету
орталары берілген.
Оқулық колледж жəне университеттерде оқитын «Аңшылық-
тану жəне аң шаруашылығы» мамандығы студенттеріне арналған.
ƏОЖ 596 (075.8)
ББК 28.693.35 я 73
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ғылыми Кеңесі (№5
хаттама, 04.05.09.) баспаға ұсынды.
ISBN 978-601-241-156-0
© Беркінбай О., 2010.
© «Агроуниверситет», 2010.
3
ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР
Жүйелеу, жіктеу немесе таксономия – тіршіліктану
ғылымының ертеден қалыптасқан бір бөлімі. Оның негізгі мақсаты
– организмдердің əр алуандылығын анықтау, оларды жіктеудің
теориялық жəне практикалық негізін жасау, түрлердің жəне түр
топтарының арасындағы туыстық қатынасын айқындау.
Патшалық – қазіргі кездегі Халықаралық ботаникалық жəне
зоологиялық кодекстер, сондай-ақ Халықаралық бактериялардың
номенклатуралық кодексі мақұлдаған организмдер жүйесіндегі
биологиялық ең жоғарғы таксономиялық мəртебе. Аристотелдің
кезінен тірі организмдер екі патшалыққа бөлінетін: өсімдіктер жəне
жануарлар патшалығы болып. Қазіргі кезде бұл түсінік өзгерген
жəне кеңейтілген. Қазіргі заманғы ғалымдар бұдан да жоғарғы
таксонға бөлуді талап етуде: патшалық үсті деген. Мұндай
патшалық үстілігі екеу: прокариоттар жəне эукариоттар.
Эукариоттар үш патшалықтан (жануарлар, саңырауқұлақтар жəне
өсімдіктер) тұрады.
Таксон – бір бірімен əр түрлі дəрежеде туыстық байланыста
жəне оларға өз алдына жеке таксономиялық мəртебе беретіндей,
жеткілікті түрді оқшауланған организмдер тобы.
Тип – жануарлар жүйесіндегі жоғарғы таксономиялық
мəртебенің бірі. Тип өзіне кластарды біріктіреді.
Класс – биологиялық жүйедегі жоғарғы таксономиялық
мəртебенің бірі. Ол өзіне отрядтарды біріктіреді.
Отряд – тұқымдастық пен класс арасындағы жануарлардың
таксономиялық мəртебесі.
Мəртебе – болмыс құбылыстарының жалпы қасиеттері мен
байланыстарын бейнелейтін ғылыми ұғым.
Авиафауна, авифауна, орнитофауна – сол аумақта тұрақты
мекендейтін, сол аумаққа ұялауға ұшып келетін, қыстайтын,
кездейсоқ ұшып келетін, сол аумақтан ұшып өтетін құс түрлерінің
тізімі.
Моногамия – бір некелік, бір немесе бірнеше маусымда
қораздың тек бір мекиенмен шағылысуы. Əдетте, ол қораздың
ұрпаққа қамқорлығына жалғасады. Моногамия көптеген құстарға
тəн: аққулар, лейлектер, қырандар, құмайлар бірнеше жылға, кейде
өмір бойына жұп құрады.
4
Полигамия
–
көбею
кезінде
қораздардың
көптеген
мекиендермен шағылысуы.
Полиандрия – көбею кезінде мекиендердің көптеген
қораздармен шағылысуы.
Тұқымдас – биологиялық жүйедегі таксономиялық мəртебе.
Тұқымдас өзіне шыққан тегі жақын туыстарды біріктіреді.
Туыс – филогенетикалық жақын туысты түрлерді біріктіретін
негізгі түр үстіндегі таксономиялық мəртебе.
Түр – морфофизиологиялық, биохимиялық жəне мінез-
құлықтық белгілері бірдей, бір-бірімен шағылысатын, бірнеше
буынға ұрпақ беретін, белгілі бір аймақта тараған жəне ортаның
əсерінен бірдей өзгеретін жекеленген топтың таксономиялық
жүйелік бірлігі. Түрдің атауы латынша екі сөзден тұрады:
алдыңғысы туыстың атауы, екіншісі түрдің атауы. Түрдің артынан,
əдетте оны жазған адамның тегі жəне жазған жылы жазылады.
Мысалы, Eimeria nurlani Berkinbay, 2001.
Түрше – бір-бірінен ортаның əсерінен эволюциялық түрде бір
белгісі өзгерген географиялық, кейде экологиялық оқшауланған
түрдің бір бөлігі.
5
АЛҒЫ СӨЗ
Пəннің мақсаты - болашақ мамандардың құстар биологиясын
меңгеру, іс жүзінде табиғи жағдайда құстарды анықтау дағдыларын
игеру, осы білімдерін кəсіби аңшылық құстарды тиімді
пайдаланудың биологиялық негіздерін жасағанда пайдалану.
Бұл пəннің міндеті – мамандарды біздің еліміздің аңшылық-
кəсіпшілік құстарын толық жəне тиімді пайдалануда тұрақты
құралы, берік білімдермен қаруландыру.
Пəнді оқу нəтижесінде студенттер құстардың жүйелік,
морфологялық
жəне
физиологиялық
ерекшеліктерін
жəне
құстардың табиғи жіктелінуінің негізгі принциптерін; құстар
класын, отрядын, тұқымдастарын, туыстарын жəне түрлерін
анықтау тəсілдерін; құстар класының жалпы сипаттамасын,
олардың ұқсастығын жəне ерекшелік белгілерін; қоршаған ортаға,
қоректенуге
жəне
жылдық
айналымдарының
маусымдық
құбылыстарына бейімделуіне байланысты құстардың негізгі
экологиялық топтарын; құстардың мінез-құлқын, тіршілігін жəне
экологиясын білуі керек.
Пəнді оқу кезінде студенттер анықтамалық кітаптарды
пайдалануды жəне коллекциялық деректер бойынша құстар класын,
отрядын, тұқымдастарын, туыстарын, түрі мен түршелерін
анықтауды; табиғи жағдайда құстарға бақылау жүргізуді жəне оны
іс жүзінде анықтауды; өсіру, биотехникалық жəне шаруашылық
шараларын сауатты жасауды игеруі керек.
6
КІРІСПЕ
Тіршіліктану ғылымдарының ішінде орнитология ерекше
орын алады. Оның негізгі нысаны жануарлар əлемінің
эволюциялық ерекше бір тармағы - құстар. Орнитологияға əр түрлі
əдістемелердің көмегімен алынған құстар туралы толық білім
қамтылады.
Солай бола тұра, осы кезге дейін мемлекеттік тілде білім
алатын студенттер үшін оқулықтар жоқтың қасы.
Жас мамандар алдында оқулық жасау үлкен міндет. Осы ақ
таңдақтарды толтыру мақсатында автор өзі көп жылдар бойы
жинаған мəліметтерді (Беркінбай О., Мүтəлиев Ə. Жануарлар
экологиясы. – Шымкент, 1999; Бекболатов Қ.М., Байтұрсынов Қ.Қ.,
Жанабілова Х.К., Беркінбаев О. Жануартану сабақтарына
методикалық нұсқау. – Алматы, 1994) жəне əдеби-ғылыми
еңбектерді (Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц
Казахстана. – Алматы, 1999; Долгушин И.Г. и др. Птицы Казастана.
Т. 1-5. – А., 1960-1974; Кузнецов Б.А. Определитель позвоночных
фауны СССР. – Москва, 1975) пайдалана отырып, тұңғыш рет
«Орнитология» оқулығын дайындады. Оқулықта құстардың
жануарлар əлеміндегі орны, жүйесі, Қазақстанда жəне əлемде
таралуы, морфологиясы, тіршілігі жəне мекен ету орталары
берілген.
Оқулықта берілген суреттер Б.А.Кузнецовтың «Определитель
позвоночных фауны СССР» (Москва, 1975) атты оқулығынан
алынды жəне автордың түсірген суреттері пайдаланылды.
Құстардың аттары қазақ, орыс жəне латын тілдерінде қатар
берілген. Бұл болашақ мамандар үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі
кезде еліміз дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елу мемлекеттің
қатарына ену міндеті қойылып отырғанда біздің мамандар басқа
елдердің мамандарымен бəсекелес болу үшін кем дегенде үш тілде
құстардың атын білуі өте қажет деп ойлаймыз.
7
1. ҚҰСТАРДЫҢ ЖАНУАРЛАР ƏЛЕМІНДЕГІ ОРНЫ
Жануарлар патшалығы (Animalia) бір жасушалылар немесе
қарапайымдылар (Protozoa) жəне көп жасушалылар (Metazoa) патшалық
тармақтарына бөлінеді.
Қазіргі жүйеде (Беркінбай, Мүтəлиев, 1999) бір жасушалылар
патшалық тармағы алты типтен тұрады:
1) жалғанаяқтылар (sarcodina);
2) апикешенділер (apicomplexa);
3) книдоспоралылар (cnidosporidia);
4) микроспоралылар (microsporidia);
5) кірпіктілер (ciliophora);
6) талшықтылар (mastigophora).
Көп жасушалылар патшалық тармағы он жеті типтен тұрады:
1) губкалар (spongia);
2) ішекқуыстылар (coelenterata);
3) ескекаяқтылар (ctenophora);
4) жалпақ құрттар (plathelminthes);
5) немертиндер (nemertini);
6) жұмыр құрттар (nemathelminthes);
7) қалақшалар (acanthocephala);
8) сақина құрттар (annelida);
9) буынаяқтылар (arthropoda);
10) онихофоры (onychophoa);
11) былқылдақ денелілер, немесе моллюскалар (mollusca);
12) қармалағыштар (tentaculata);
13) тікентерілер (echinodermata);
14) жартылай желілілер (hemichordata);
15) погонофорлар (pogonophora);
16) қылшық жақтылар (chaetognatha);
17) желілілер (chordata).
Қазіргі кезде өсімдіктер патшалығы мен жануарлар патшалығы арасында
бір тип бар – протофита (Protophyta).
Желілілер жануарлар патшалығының ең жоғарғы типі. Олар үш тип
тармағына бөлінеді:
1) бас сүйексіздер (acrania);
2) дернəсіл желілілер немесе қабықшалар (tunicata);
3) бас сүйектілер, немесе омыртқалылар (craniata, et vertebrata);
8
Омыртқалылар мына класстарға бөлінеді:
1) дөңгелек ауыздылар немесе жақ сүйексіздер (agnatha);
2) шеміршекті балықтар (chondrichthyes);
3) сүйекті балықтар (osteichthyes);
4) қос мекенділер (amphibia);
5) бауырмен жорғалаушылар (reptilia);
6) құстар (aves);
7) сүтқоректілер немесе аңдар (mammalia).
Сонымен, құстар жануарлар патшалығына, көп жасушалылар
патшалық тармағына, желілілер типіне, бас сүйектілер немесе омыртқалылар
тип тармағына, құстар класына жатады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1) Құстар қай патшалыққа жатады?
2) Құстар патшалықтың қандай тармағына кіреді?
3) Құстар қай типке жатады?
4) Құстар қай тип тармағына жəне класқа жататынын анықтап мысал
келтір.
9
2. ҚҰСТАР ЖҮЙЕСІ
Құстар екі класс тармағынан тұрады:
1) көне немесе кесіртке құйрықты құстар (archaeornithes);
2) қазіргі немесе айыр құйрықты құстар (neornithes).
Қазіргі құстарды үш отряд үстіне бөледі:
1) төссіздер немесе жүргіштер (ratitae);
2) пингвиндер немесе жүзгіштер (impennes);
3) төстілер немесе ұшқыштар (carinatae).
Төссіз құстар мына отрядтардан тұрады:
1) түйеқұс тəрізділер (struthioniformes);
2) нанду тəрізділер (rheiformes);
3) казуар тəрізділер (casuariiformes).
Бұл құстар Қазақстанды мекендемейді. Дегенмен, кейінгі кезде елімізде
түйеқұсты жəне эмуді қолда өсіруді қолға алуда.
Пингвиндер тек бір отрядтан тұрады:
Пингвин тəрізділер (Sphenisciformes).
Бұл құстар Қазақстанда мекендемейді.
Төсті құстардың Қазақстанда жиырма бір отрядының өкілдері бар
(Гаврилов, 1999):
1)
маймаққаз тəрізділер (gaviiformes);
2)
сұқсыр үйрек тəрізділер (podicipediformes);
3)
түтікмұрындылар (procellariformes);
4)
ескекаяқтылар (pelecaniformes);
5)
лейлектер немесе дегелектер (ciconiiformes);
6)
қоқиқаз тəрізділер (phoenicopteriformes);
7)
қаз тəрізділер (anseriformes);
8)
сұңқар тəрізділер (falconiformes);
9)
тауық тəрізділер (galliformes);
10) тырна тəрізділер (gruiformes);
11) татрең тəрізділер (charadriiformes);
12) бұлдырық тəрізділер (pteroclidiformes);
10
13) кептер тəрізділер (columbiformes);
14) көкек тəрізділер (cuculiformes);
15) жапалақ тəрізділер (strigiformes);
16) тентекқұс тəрізділер (capimulgiformes);
17) ұзынқанат тəрізділер (apodiformes);
18) көгілдір құстар (coraciiformes);
19) бəбісек тəрізділер (upupiformes);
20) тоқылдақ тəрізділер (piciformes);
21) торғай тəрізділер (passeriformes).
Аталған құс отрядтарына жекелеп тоқталамыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Құстар қанша класс тармығына бөлінеді?
2. Құстар қанша отряд үстіне бөлінеді?
3. Төссіз құстар қанша отрядтардан тұрады?
4. Пингвиндер қандай отрядтарға жатады?
5. Қазуарлар қанша отрядтарға бөлінеді?
6. Қазақстанда мекендетін төсті құстардың қанша отряды бар?
7. Қазақстанда мекендейтін құстардың қай класс тармағына, тобыр үстіне
жəне қандай тобырға жататынын анықтаңдар.
11
3. ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ ОТРЯДТАРЫН АЙЫРУ БЕЛГІЛЕРІ
1 (14) Алдыңғы саусақтары жаппай терілі жарғақпен жалғанған. Əр кезде
ішкі саусақтың жартысынан көбісі ұзына бойы жалғастырылған.........2
2 (3) Барлық төрт саусағы да жарғақпен жалғанған..... Ескекаяқтылар отряды
Отряд Веслоногие
Pelecanifomes
3 (2) Тек алдыңғы үш саусағы ғана жарғақпен жалғанған...............................4
4 (5) Тұмсығы жіңішке жəне жоғары қарай иілген..............................................
Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
5 (4) Тұмсығы басқа типті.....................................................................................6
6 (9) Тұмсығының жиегіне көлденең пластинкалар (тақтайшалар) немесе
тісшелер орналасқан......................................................................................7
7 (8) Жіліншігі 250 мм-ден асады, тұмсығы төмен қарай бұрыштап
иілген..................................................................Қоқиқаз тəрізділер отряды
Отряд Фламингообразные
Phoenicopteriformes
8 (7) Жіліншігі 150 мм-ге жетпейді, тұмсығы бұрыштап иілмеген....................
Қаз тəрізділер отряды
Отряд Гусеобразные
Anseriformes
9 (6) Тұмсығының жиегі тегіс, көлденең пластинкалары (тақтайшалары)
немесе тісшелері жоқ..................................................................................10
10(11) Танауы түтік тəрізді ашылады.........................Түтікмұрындылар отряды
Отряд Трубконосые
Procellariformes
11(10) Танауы түтіксіз тік ашылады……….......................................................12
12(13) Тіліншігі екі жағынан қысылған, сондықтан оның алдыңғы жағы
өткір...............................................................Маймаққаз тəрізділер отряды
Отряд Гагараобразные
Gaviiformes
13(12) Жіліншігі алдыңғы жағынан жалпақ немесе жұмырланған......................
Татрең тəрізділер отряды (шағалалар тұқымдасы)
Отряд Ржанкообразные (семейство чайковые)
Charadriiformes
14(1) Саусақ араларында жарғақ мүлдем жоқ немесе тек саусақтарының
түбін жалғайды. Кейде саусақтары аздап біріккен..................................15
15(20) Алдыңғы саусақтары жекеленіп жалпақ жарғақпен қоршалған –
жаппай немесе буыны бойынша кескінделген.........................................16
16(17) Саусақтарын қоршаған жарғақтар біртұтас. Алдыңғы саусақтардың
тырнақтары жалпақ жəне қалың............Сұқсыр үйрек тəрізділер отряды
12
Отряд Поганкообразные
Podicipediformes
17(16) Саусақтарын қоршаған жарғақтары əр саусақ буыны бойынша
кескінделген. Алдыңғы саусақтарының тырнақтары əдеттегідей.........18
18(19) Ортаңғы саусағы жіліншігінен ұзындау. Оның ұзындығы 60 мм-ден
асады..........................Тырна тəрізділер отряды (сутартарлар тұқымдасы)
Отряд Журавлеобразные (семейство пастушковые)
Gruiformes
19(18) Ортаңғы саусағы жіліншігінен қысқа. Оның ұзындығы 30 мм-ге
жетпейді................................................................Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
20(15) Алдыңғы саусақтары жарғақпен қоршалмаған немесе тек жіңішке тері
қалтасымен қоршалған (саусақтың өзінде)...............................................21
21(22) Көзі алдына қарай бағытталған. Бірінші жəне екінші дəрежелі желпуіш
қауырсындардың сырты кескінделген............Жапалақ тəрізділер отряды
Отряд Совообразные
Strigiformes
22(21) Көздері бастың екі жағында орналасқан жəне екі жанына бағытталған.
Бірінші дəрежелі желпуіш қауырсындары кескінделмеген....................23
23(26) Тек екі саусағы ғана алдына қарай бағытталған.....................................24
24(25) Тұмсығы аздап иілген, тұмсық үсті жұмырланған.....................................
Көкек тəрізділер отряды
Отряд Кукушкообразные
Cuculiformes
25(24) Тұмсығы тік, тұмсық үсті өткір....................Тоқылдақ тəрізділер отряды
Отряд Дятлообразные
Piciformes
26(23) Алдына қарай үш немесе төрт саусағы бағытталған..............................27
27(28) Алдына қарай барлық саусағы бағытталған...............................................
Ұзынқанат тəрізділер отряды
Отряд Стрижеобразные
Apodiformes
28(27) Алдына қарай тек үш саусағы ғана бағытталған....................................29
29(56) Артқы саусағы алдыңғы саусақтарына қарағанда жоғары деңгейде
орналасқан, өте қысқа, кейде болмайды ................................................30
30(47) Артқы саусағының жұрнағы бар..............................................................31
31(34) Жіліншігі 160 мм-ден асады.....................................................................32
32(33) Жіліншігі алдынан ірі көлденең қалқандармен жабылған. Тұмсық
үстінің екі жанынан ұзынша сайы бар, оған танауы ашылады...................
Тырна тəрізділер отряды
Отряд Журавлеобразные
Gruiformes
13
33(32) Жіліншігі алдынан майда қалқаншалармен жабылған. Тұмсық үстінің
екі жанында сайы жоқ.......................................Дегелек тəрізділер отряды
Отряд Аистообразные
Ciconiiformes
34(31) Жіліншігі 160 мм-ге жетпейді..................................................................35
35(40) Тұмсығының ұзындығы ортаңғы саусақтың ұзындығымен (тырнақсыз)
бірдей немесе одан сəл ұзындау................................................................36
36(37) Қанатының ұзындығы жіліншігінің ұзындығынан сегіз есе ұзын............
Татрең тəрізділер отряды (шағалалар тұқымдасы)
Отряд Ржанкообразные (семейство чайковые)
Charadriiformes
37(36) Қанатының ұзындығы жіліншігінің ұзындығынан сегіз есе ұзын
емес...............................................................................................................38
38(39) Қанаты қысқа, оның ұзындығы ортаңғы саусақ ұзындығынан
тырнағымен қоса есептегенде үш есе ұзын емес.........................................
Тырна тəрізділер отряды (сутартарлар тұқымдасы)
Отряд Журавлеобразные (семейство пастушковые)
Gruiformes
39(38) Қанатының ұзындығы ортаңғы саусақтың тырнағымен қосқандағы
ұзындығынан үш есе ұзын..................................Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
40(35) Тұмсығының ұзындығы ортаңғы саусақтың ұзындығынан (тырнақсыз)
едəуір қысқа................................................................................................41
41(42) Танауы тік................Тырна тəрізділер отряды (сутартарлар тұқымдасы)
Отряд Журавлеобразные (семейство пастушковые)
Gruiformes
42(41) Танауы тік емес..........................................................................................43
43(44) Қанаты қысқа жəне доғал. Қанатының ұшынан екінші дəрежелі
желпуіш қауырсындарының бірінің ұшына дейінгі аралық қанат
ұзындығының жартысына жетпейді....................Тауық тəрізділер отряды
Отряд Курообразные
Galliformes
44(43) Қанаты ұзын жəне өткір. Қанатының ұшынан екінші дəрежелі
желпуіш қауырсындарының бірінің ұшына дейінгі аралақ қанат
ұзындығыныңжартысына тең..............................................................45
45(46) Жіліншігі жалаң, құйрығы айыр тəрізді...........Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
46(45) Жіліншігі қауырсынданған, құйрығы сына тəрізді....................................
Бұлдырық тəрізділер отряды
Отряд Рябкообразные
Pteroclidiformes
14
47(30) Артқы саусағы жоқ....................................................................................48
48(49) Тілерсегі қауырсынданған...........................Бұлдырық тəрізділер отряды
Отряд Рябкообразные
Pteroclidiformes
49(48) Тілерсегі жалаң..........................................................................................50
50(51) Тұмсығы ортаңғы саусақтың ұзындығынан (тырнағымен қосқанда)
едəуір ұзын...........................................................Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
51(50) Тұмсығының ұзындығы ортаңғы саусақтың (тырнағымен)
ұзындығымен бірдей немесе одан қысқа................................................52
52(53) Қанатының ұзындығы 200 мм-ге, жіліншігі 50 мм-ге жетпейді...............
Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
53(52) Қанатының ұзындығы 200 мм-ден, жіліншігі 50 мм-ден асады...........54
54(52) Танауы тік............................................................Татрең тəрізділер отряды
Отряд Ржанкообразные
Charadriiformes
55(54) Танауы тік емес...........Тырна тəрізділер отряды (дуадақтар тұқымдасы)
Отряд Журавлеобразные (семейство дрофиные)
Gruiformes
56(29) Артқы саусағы алдыңғы саусақтарымен бірдей деңгейде орналасқан
жəне əркезде жақсы дамыған.....................................................................57
57(60) Сирағының төменгі бөлігі қауырсынданбаған жəне қалқанмен
жабылған......................................................................................................58
58(59) Тұмсығы ұзын, ортаңғы саусақтың ұзындығымен бірдей немесе одан
ұзындау................................................................Дегелек тəрізділер отряды
Отряд Аистообразные
Ciconiiformes
60(57) Бүкіл сирағы жаппай қауырсынданған....................................................61
61(62) Тұмсық үсті түбінде жалаң терісі бар, əдетте ол тұмсықтың мүйізді
бөлігіне қарағанда басқаша боялған.................Сұңқар тəрізділер отряды
Отряд Соколообразные
Falconiformes
62(61) Тұмсық үстінің түбінде жалаң терісі жоқ................................................62
63(64) Тұмсығының астында қылшықтанған қауырсындардан тұратын ұзын
(бірнеше сантиметр) сақалы бар, өте ірі құстар...........................................
Сұңқар тəрізділер отряды
Отряд Соколообразные
Falconiformes
64(63) Тұмсық астында қылшықтанған қауырсындардан тұратын сақалы жоқ,
майда немесе орта мөлшерлі құстар.........................................................65
15
65(66) Алдыңғы саусақтарының түбі бірігіп табан құраған, сондықтан ішкі
жəне сыртқы саусақтардың ұшы ғана бос............Көгілдір құстар отряды
Отряд Ракшеобразные
Coraciiformes
66(65) Алдыңғы саусақтары түбіне дейін немесе сəл оған жетпей бос...........67
67(70) Ортаңғы саусақтың ішкі жағы тарақ тəрізді...........................................68
68(69) Тұмсығы жəне жіліншігі 30 мм-ден асады...Дегелек тəрізділер отряды
Отряд Аистообразные
Ciconiiformes
69(68) Тұмсығы жəне жіліншігі 30 мм-ге жетпейді...............................................
Тентекқұс тəрізділер тобыры
Отряд Козодоеобразные
Capimulgiformes
70(67) Ортаңғы саусақтың тырнағы тегіс...........................................................71
71(72) Жіліншігі жəне саусақтары қауырсынданған..Торғай тəрізділер отряды
Отряд Воробьинообразные
Passeriformes
72(71) Жіліншігі жəне саусақтары қауырсынданбаған......................................73
73(74) Бағыттауыш қауырсындарының өзегінің ұшы ине тəрізді........................
Ұзынқанат тəрізділер отряды
Отряд Стрижеобразные
Apodiformes
74(73) Бағыттауыш қауырсындарының өзегінің ұшы ине тəрізді емес...........75
75(76) Жіліншігінің арты үшкір қырлы, себебі екі ұзынша қалқан тік
бұрышпен қосылады...........................................Торғай тəрізділер отряды
Отряд Воробьинообразные
Passeriformes
76(75) Жіліншігінің арты доғал жəне бірнеше көлденең немесе майда торлы
қалқаншалармен жабылған........................................................................77
77(78) Танауы жоғары жағынан дөңес терілі қақпақшалармен жабылған..........
Кептер тəрізділер отряды
Отряд Голубеобразные
Columbiformes
78(77) Танаулары қақпақшалармен жабылмаған. Олары ашық немесе
қауырсындармен жабылған.......................................................................79
79(80) Тұмсығы ұзын, жіңішке жəне төмен қарай иілген. Басында ұзын
қауырсындардан құралған айдары бар.............Бəбісек тəрізділер отряды
Отряд Удодообразные
Upupiformes
80(79) Тұмсығы басқаша, басында айдары жоқ.................................................81
81(82) Қанаты 170 мм-ден асады. Қанатында көк жəне жасыл түстері бар........
Көгілдір құстар отряды
Отряд Ракшеобразные
16
Coraciiformes
82(81) Қанатының ұзындығы 150 мм-ге жетпейді. Қанатында көк жəне жасыл
түстері жоқ............................................................Торғай тəрізділер отряды
Отряд Воробьинообразные
Passeriformes
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Маймаққаздарды қандай ерекшеліктері бойынша анықтайды?
2. Сұқсыр үйректер несімен ерекшеленеді?
3. Түтік мұрындыларды қандай ерекшеліктері бойынша анықтайды?
4. Ескек аяқтылардың немесе бірқазандардың ерекшеліктері қандай?
5. Лейлектерді немесе дегелектерді қандай белгісіне сүйеніп анықтайды?
6. Қоқиқаздар несімен ерекшеленеді?
7. Қаз тəрізділердің ерекшеліктері қандай?
8. Жырқыш құстарды немесе сұңқар тəрізділерді қандай ерекшеліктері
бойынша анықтайды?
9. Тауық тəрізділердің ерекшеліктері қандай?
10. Коллекциялық материалдардан құстың қай отрядқа жататынын
анықтаңдар.
17
4. ҚҰСТАР КЛАСЫНА СИПАТТАМА
Құстар класы – шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген
морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған жəне сонымен бірге, бүкіл мүшелері
түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістеріне байланысты, жалпы
өмірлік тіршілігін күрт көтерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған
тобы.
Құстар – қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа
айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына
қамқорлық жасайтын жəне сыртқы ортамен күрделі байланыстағы
омыртқалы жануарлар.
Құстардың денесі ағымды пішінді (4.1-сурет).
4.1-сурет. Құс денесінің жəне қауырсындарының бөлімдері:
1 – тамақ үсті; 2 –
ауыз бұрышы; 3 – тамақ асты, алқым; 4 – маңдай; 5 – төбе; 6 – шүйде; 7 – мойын; 8 –
иық; 9 – бел; 10 – бірінші дəрежелі желпуіш қауырсындар; 11 – жамбас; 12 – жоғарғы
құйрық жабындысы; 13 – құйрық, бағдарлаушы қауырсындар; 14 – бірінші дəрежелі
желпуіш қауырсындар; 15 – құйрық асты, төменгі құйрық жамылғысы; 16 – артқы
саусақ; 17 – сыртқы саусақ; 18 – ортаңғы саусақ; 19 – ішкі саусақ; 20 – жіліншік,
тілерсек; 21 – сирақ; 22 – құрсақ; 23 – қанатты жабушы қауырсындар; 24 – төс, кеуде;
25 – иық қауырсындары; 26 – кеңірдек, тамақ.
Тұлғасы ықшам, жұмыртқа тəрізді. Көптеген құстардың мойыны
жіңішке, майысқақ. Басында алға қарай тұмсығы шығып тұрады, ол тұмсық
үсті жəне тұмсық астынан құралған. Олары мүйізбен қапталған. Тістері жоқ.
Алдыңғы қолы қанатқа айналған. Құстың аяғы жерде жүру, ағаштарға
өремелеу, жемтігін ұстау, суда жүзгенде жəне сүңгігенде қозғалу үшін қажет.
Тілерсек сүйегі мен толарсағының төменгі қатарының сүйектері қосылып6
ерекше сүйек – жіліншікті құрайды. Жіліншікке саусақтар жалғасады. Əдетте
18
құстардың аяғында төрт саусағы бар, оның үшеуі алдына, ал біреуі артына
қараған.
Бірақ, кейбір орман құстарының (мысалы, тоқылдақтардың) екі саусағы
алдына, екі саусағы артына қараған. Кейде саусағының бірі не алдына не
артына қарауы мүмкін (4.2-сурет).
4.2-сурет. Əр түрлі құстардың аяқтарының құрылысы:
а-құзғындардікі; б-
бұлдырықтікі; в-қасқалдақтікі; г-сұқсыр үйректікі; д-шағаланыкі; е-суқұзғындыкі; ж-
шұбар тоқылдақтікі; з-ұзынқанаттікі; и-айналма саусақ.
Ақыр аяғында, көптеген сұр қарлығаштардың барлық саусақтары да
алдына қараған. Кейбірінің артқы саусағы болмайды немесе жойылған.
Құстың құйрығы серпімді желпуіш қауырсындардан құралған. Құйрықтың
пішіні көбінесе маңызды жүйелік бөлігі болып саналады (4.3-сурет).
4.3-сурет. Құс құйрықтарының əртүрлі пішіні:
а-түзу; б-томпақ; в-лира
тəрізді; г-сына тəрізді; д-сатылы; е-ойықты; ж-айырлы.
19
Құстар денесінің температурасы тұрақты: ол əртүрлді құстарда 39ºС-
тан 44ºС-қа дейін жетеді. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған. Ол
қауырсындар дененің ішкі жылуын сақтауда жəне ұшуда маңызды рөл
атқарады. Қауырсын қаламшадан, сояудан жəне пəріден тұрады.
Құстарда əр түрлі қауырсын типтері болады (4.4-сурет):
1) желпуіш қауырсындар – қанаттың негізгі қалқу бетін құрайтын ірі
серпімді қауырсындар; олар бірінші дəрежелі (қанаттың шашағында
орналасқан) жəне екінші дəрежелі сəл жұмсақтау (қанаттың білегіне
жалғанған) болып бөлінеді;
2) бағыттауыш қауырсындар – құйрықты құрайтын ірі серпімді
қауырсындар;
3) қанаттың жоғарғы жағын жабушы қауырсындар – желпуіш
қауырсындардың негізгі бөлігін жоғарғы жағынан жабатын онша үлкен
емес, бірақ серпімді қауырсындар;
4) қанаттың төменгі жағын жабушы қауырсындар – желпуіш
қауырсындардың
негізгі
бөлігін
төменгі
жағынан
жабатын
қауырсындар;
5) құйрықтың жоғары жағын жабушы қауырсындар – белдің артқы
бөлігінде орналасқан жəне құйрық қауырсындарының негізгі бөлігін
жабушы қауырсындар;
6) құйрықтың төменгі жағын жабушы қауырсындар – құйрық
қауырсындарын төменгі жағынан жабушы қауырсындар;
7) қанат шашағын жабушы қауырсындар – қанат шашағын жабатын
пəрлер;
8) нұсқалық қауырсындар – құстардың барлық денесін жабатын
қауырсындар;
9) мамық қауырсындар – нұсқалық қауырсындардың астында орналасқан
майда қауырсындар.
Құстардың қаңқасы көптеген ауалы қуыс сүйектерден тұратындықтан
жеңіл əрі берік.
Бұлшық еттерден, əсіресе қанатты қозғаушы, кеуде еттері жақсы
дамыған; көптеген құстарда олар кеуде сүйегінің қыртөсіне жалғасқан.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, безді, етті қарыннан, ащы
жəне тоқ ішек пен айналшықтан тұрады. Айналшыққа зат шығару жəне
жыныс мүшелерінің түтіктері ашылады. Бауыры жəне шажырқай безі бар.
Құстардың өкпесі денесінің əртүрлі бөлігінде орналасқан ауа
қапшықтары жүйесімен жалғасқан. Олары тыныс алуға, дене жылуын
реттеуге жəне құс қаңқасының ауалануына қатысады.
Екі қан айналу шеңбері бар. Жүрегі төрт қуысты, екі жүрекшеден жəне
екі қарыншадан тұрады. Ересек құстарда сол жақ қарыншадан басталатын оң
жақ қолқа доғасы сақталады.
20
4.4-сурет. Құс қанаты мен құйрық қауырсындарының атаулары:
1-
бірінші дəрежелі желпуіш қауырсындар; 2-екінші дəрежелі желпуіш қауырсындар; 3-
қанатша қауырсындары; 4-қанаттың жоғарғы жағын жабушы қауырсындар; 5-иық
қауырсындары; 6-құйрық, бағыттауыш қауырсындар; жоғарғы құйрық жамылғысы; 7-
төменгі құйрық жамылғысы, құйрық асты.
Бүйрегі жамбасында орналасқан, қуығы жоқ.
Құстар – дара жынысты: кейде еркегі мен ұрғашысы сыртқы түрі
бойынша өте жақсы ерекшеленеді. Құс мекиенінің аналық безі жəне тұқым
жолы біреу, ол денесінің сол жағында орналасқан. Еркегінің жыныс
мүшелері (аталық безі, тұқым жолы) екеу. Аталық безі дене қуысында
орналасқан.
Құстар жұмыртқалар арқылы көбейеді. Жұмыртқаларын əртүрлі
құрылысты
ұяларға
салады.
Құстар
жұмыртқаларынан
шығатын
балапандардың ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді:
- ширақ балпан шығаратын құстар ;
- қызылшақа балапан шығаратын құстар.
Қызылшақа балапандар əлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген
болады.
Мұндай балапан шығаратын құстарға кептерлер, торғайлар,
тоқылдақтар жатады.
Ширақ балапандар атына сейкес үлпілдек қауырсынды əрі ширақ,
көдері ашық, жұмыртқадан шыға сала тіршілік əрекетіне кіріседі. Ондай
құстарға тауық тəрізділер, қаз тəрізділер, жыртқыш құстар жатады.
Құстар жануартектес те жəне өсімдік тектес те азықтармен қоректенеді.
Құстар елімізде болу мəртебесі бойынша бірнеше топқа бөлінеді:
- отырықшы,жергілікті құстар – өзінің бүкіл өмірін бір жерде өткізетін
құстар;
- көшпенді құстар – көбею кезеңінен басқа кезде сол аумақта көшіп
жүретін құстар;
21
- жыл құстары – көктемде біздің елімізге ұя салуға ұшып келетін,
күзде қысқа қарай жылы елдерге ұшып кететін құстар;
- ұшып өтетін құстар – біздің еліміздің аумағынан көктемде солтүстік
жаққа, ал күзде жылы жаққа ұшып өтетін құстар;
- ұялауға ұшып келетін, кейде қыстайтын құстар – көктемде ұялауға
ұшып келетін, кейбірі біздің оңтүстік аудандарымызда қыстайтын
құстар;
- кездейсоқ құстар – біздің елімізге кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Қазақстан құстарға өте бай. Елімізде 488 құс түрі тіркелген. Олар
еліміздің барлық бөлігінде кездеседі. Əртүрлі алқаптарда мекендейді.
Құстардың маңызы өте зор. Олардың көпшілігі ауыл жəне орман
шаруашылығына əртүрлі өсімдіктер зиянкестерін жойып өте үлкен пайда
келтіреді.
Кейбір түрлері əуесқой жəне кəсіптік аңшылық нысаналары болып
келеді.
Көптеген құстардың этикалық жəне эстетикалық маңызы үлкен.
Ал кейбір түрлері шектен тыс пайдаланғандықтан сандары күрт
кемуде. Сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі бар құстар Қазақстанның
Қызыл Кітабына енгізілген.
Құстардың Қазақстан Қызыл Кітабындағы (1978, 1991, 1996, 1998)
мəртебелері:
1) мəртебе – жойылып бара жатқандар (жойылып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі
олар туралы бірнеше жылдар – 50 жылдан астам уақыт бойында
ешқандай деректер жоқ);
2) мəртебе – саны азайып бара жатқандар (саны əлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада
жойылып кетушілер мəртебесіне қосылатын түрлер);
3) мəртебе – сирек (қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте аз
кездесетін немесе аймақтары шектеліп, табиғи жəне адам қызметі
əсерінен тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нəтижесінде тез
жойылып кететін түрлер);
4) мəртебе – белгісіздер (тіршілігі толық зерттелінбеген, ал саны мен
қауымдастық жағдайы алаңдатушылық туғызатын, бірақ мəліметтердің
жетіспеушілігінен оларды жоғарыда айтылған мəртебеге жатқызуға
болмайтын түрлер);
5) мəртебе – қалпына келгендер (қорғау жұмыстарын қолға алу
нəтижесінде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кəсіпшілік
пайдалануға болмайтын жəне қауымдастықтары тұрақты бағдарлауды
қажет ететін түрлер).
22
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Құстардың дене пішіні қандай? Олардың дене бөлімдерін ата.
2. Құс құйрығының қандай маңызы бар жəне құйрықтардың пішіндері
қандай? Қандай қауырсын типтерін белесің?
3. Құстардың ас қорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
4. Олардың өкпесі қандай қызмет атқарады?
5. Құстарда қанша қан айналу шеңбері бар?
6. Олардың жүрегі қанша бөлімнен тұрады?
7. Жұмыртқаларынан
шығатын
балапандардың
ерекшеліктеріне
байланысты құстар қанша топқа бөлінеді?
8. Елімізде болуына байланысты құстар қанша мəртебеге бөлінеді?
Елімізде қанша құс түрі тіркелген?
9. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстар қанша мəртебеге
бөлінеді?
23
5. ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Қазақстан құстарын зерттеу бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарынан XIX
ғасырдың елуінші жылдарына дейін. Бұл кезең біздің еліміздің
авиафаунасымен алғашқы танысу кезеңі. Ғалымдардың негізгі мақсаты
ғылымға сол кезге дейінгі белгісіз болып келген жануарлар түрлерін
сипаттау болды. Олар құстардың географиялық таралуы туралы тек жалпы
мəліметтерді ғана берді, ал олардың тіршілігі туралы мəлімет мүлдем
болмады. Ғалымдардың ішінде тек П.С.Паллас қана дəл жəне құнды деректер
бере алды. Сондықтан оның еңбектері осы уақытқа дейін маңызын жойған
жоқ. Сол кездегі саяхатшы ғалымдар: П.С.Паллас, И.М.Лепехин, И.Г. жəне
С.Г. Гмелиндер, П.И.Рычков, Э.А.Эверсман, Г.С.Карелин, ал коллекциялық
материалдармен жұмыс істеген кабинеттік ғалымдар А.А.Лихтенштейн,
Ф.Ф.Брандт болды. Мысалы, П.С.Паллас Қазақстанда 41, И.М.Лепехин – 2,
И.Г. жəне С.Г.Гмелиндер – 4, А.А.Лихтенштейн – 4, Ф.Ф.Брандт – 3,
Э.А.Эверсман – 8 жаңа құс түрін ашқан.
Екінші кезең – XIX ғасырдың елуінші жылдарынан XX ғасырдың
басына дейін. Орыс империясының саяхатшы-тыңшыларының зерттеулері.
Олар тек жаңа құс түрін ғана жазып қоймай, сонымен бірге құстардың таралу
аймағын, жергілікті жердің географиялық жағдайын, халқын, дəстүрін
мұқият сипаттады. Мұндай зерттеушілердің қатарына Н.А.Северцовті,
А.П.Федченконы, М.Н.Богдановты жатқызуға болады.
Үшінші кезең – XX ғасырдың басынан жиырмасыншы жылдарға
дейін. Бұл кезде саяхатшы ғалымдар жоқ. Кеңес үкіметінің орнауына
байланысты зерттеушілердің мақсаты да өзгерген. Еліміздің құстары
аймақтарда тұрақты зерттеле бастады. Бұл кезеңде Қазақстанның
авиафаунасымен айналысқан ғалымдар П.П.Сушкин, Н.А.Зарудный,
В.Н.Бостанжогло,
А.М.Никольский,
В.Н.Шнитников,
Г.И.Поляков,
А.Ф.Котс. Өткен кезеңдерге қарағанда бұл кезде Қазақстанда тұрғылықты
мекендейтін жəне құстарға тұрақты бақылау жүргізетін жергілікті
зерттеушілер пайда болды. Мысалы, Б.П.Кореев, В.Н.Плотников, кейіннен
Н.А.Зарудный жəне В.Н.Шнитников Қазақстанда қалып қойды. Аталған
ғалымдардың еңбегі нəтижесінде Қазақстанда кездесетін құстардың бəрі
сыйпатталды, кейбір аудандардың авиафаунасының құрамы зерттелді.
Дегенмен, Қазақстанның көпшілік бөлігінің авиафаунасы əлі де тексерілмеді.
Төртінші кезең – XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан
алпысыншы жылдарына дейін. Бұл кезеңде Қазақстан құстарын зерттейтін
бірнеше білім жəне ғылым мекемелері пайда болды. Оның ішінде мына
мекемелерді ерекше айтуға болады.
КСРО Ғылым Академиясының зоология институты (Санкт-Петербург).
Бұл мекеменің қызметкерлері А.И.Иванов, Б.К.Штегман, М.И.Владимир-
скаялар Қазақстанның солтүстік аудандарында зерттеулер жүргізді.
24
Мəскеу мемлекеттік университетінің зооология мұражайы (Мəскеу).
Е.П.Спангенберг, Г.А.Фейгин, А.Н.Формозов, Н.А.Гладков, В.С.Залетаев,
А.М.Чельцов-Бебутов,
В.И.Осмоловскаялар
Қазақстанның
əртүрлі
аймағында орнитологиялық зерттеулер жүргізді.
КСРО Ғылым Академиясының география институтының биогеография
бөлімі (Мескеу) профессор А.Н.Формозовтың басшылығымен Қазақстан
фаунасын зерттеуге қатысты.
Ортаазия мемлекеттік университетінің (Ташкент) қызметкерлері
Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс бөлігінің авиафаунасын
профессорлар
Д.Н.Кашкаровтың,
Р.Н.Мекленбурцовтың
жəне
В.А.Селевиннің басшылығымен зерттеді.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің зоология
институты қызметкерлерінің күшімен еліміздің барлық бөлігі зерттелді. Бұл
кезде Л.М.Шульпин, С.И.Снигеревский, М.А.Кузьмина, И.А.Долгушин,
М.Н.Корелов, А.А.Слудский жəне С.Г.Панченко зертеу жұмыстарына
қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының авиафаунасын зерттеуге Қазақ
ұлттық университеті, Барсакелмес, Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтары,
Өсімдік қорғау институты, Оба ауруын зерттеу институты қатысты.
Қазақстан ғалымдары зерттеулерінің нəтижесі И.А.Долгушиннің
басшылығымен жазылған бес томдық «Қазақстан құстары» кітабына
енгізілді. Кейіннен бұл еңбек Қазақ ССР мемлекеті сыйлығын алды.
Бесінші кезең – ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан XXI ғасырдың
басына дейін. Қазақстанда құстарды сақиналау арқылы олардың ұшып өту
жолдары анықталды, құстардың морфологиясы жəне биологиясы зерттелінді.
Құстардың ауыл, аңшылық, орман, құс, балық, қала шаруашылықтарын,
медицинадағы, ветеринариядағы, авиациядағы маңызы белгілі болды. Бұл
кезеңде
еңбек
еткен
ғалымдар:
Э.И.Гаврилов,
А.Ф.Ковшарь,
Н.Н.Березовиков, Б.М.Губин, С.Л.Скляркенко, Э.М.Əуезов, А.П.Гисцов,
А.В.Грачев, Б.Есжанов, С.Н.Ерохов, А.Ж.Жатқанбаевтар.
Аталған
ғалымдардың
еңбектері
профессор
Э.И.Гавриловтың
«Қазақстан
құстарының
фаунасы
жəне
таралуы»
(1999)
деген
монографиясында қортындыланды. Онда 495 құс түрі тіркелген.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақстан құстарын зерттеу қанша кезеңнен тұрады?
2. Бірінші кезең қай жылдарды қамтиды?
3. Бұл кезеңдегі ғалымдардың мақсаты қандай? Зерттеуге қай ғалымдар
қатысты?
4. Екінші кезеңге қай жылдар кіреді?
5. Ғалымдар қандай мақсатты ұстанды? Олар кімдер еді?
6. Үшінші кезең қай жылдарды қамтиды?
25
7. Осы кезеңде қандай ғалымдар ат салысты жəне олардың мақсаты
қандай еді?
8. Төртінші кезең қай жылдарды қамтиды?
9. Төртінші кезеңдегі ғалымдар кімдер, олардың мақсаты қандай еді?
10. Бесінші кезең қай жылдарды қамтиды? Бұл кезеңде зерттеуге қатысқан
қай ғалымдарды білесің, олардың ұстанған мақсаттары қандай еді?
11. Орнитология саласынан қандай еңбек мемлекеттік сыйлыққа ие болды?
12. Профессор Э.И.Гавриловтың қандай маңызды еңбегін білесің?
26
6. МАЙМАҚҚАЗ ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
- ОТРЯД ГАГАРООБРАЗНЫЕ - GAVIIFORMES
Үлкен суда жүзетін құстар. Бұлар солтүстік жартышардың тундралық
жəне тайгалық аймақтарында кең тараған. Бір түрі оңтүстікте Балқашта жəне
Ыстық көлде ұялайды. Бұл тобырға жататын құстар ірі болып келеді: ең
кішкентайының салмағы (қызылжемсаулы маймаққаздың) 2 кило, ал
ақтұмсықты маймаққаздың салмағы 4,5 килодан асады.
Дене тұрқы созылған ағымды, аяқтары денелерінің соңында
орналасқан. Ал алдыңғы саусақтары жаппай жарғақпен біріккен. Сол себебті
олардың жерде жүруі қиын. Қанаттары жіңішке жəне үшкір, салыстырмалы
түрде қысқа. Қауырсындануы тығыз, денесіне тығыздалып орналасқан
мықты қауырсындардан тұрады. Құйрықтары қысқа, бірақ мықты
қауырсындардан құралған. Тұмсығы ұзын, тік, үшкір жəне ауыз қиығына
қарай тегіс.
Күндізгі құстар. Олардың өмірі сулы ортаға байланысты. Теңіздерді
жəне көлдерді мекендейді. Ұяларын су жағасына жақын орналастырады.
Керемет жүзеді жəне сүңгиді. Сүңгіген кезде көбінесе қанатын денесіне
қысып ұстайды, кейде жүзуге көмектеседі. Судың астында екі минуттан аса
бола алады. Тез ұшады, бірақ тек бір сызық бойынша ұшады. Судан зорға
жүгіріп барып көтеріледі. Жерге сирек шығады, бірақ олар жерден көтеріле
алмайды. Құстар ұяларынан суға түседі немесе сүңгиді, содан кейін ғана
көтеріледі.
Тек балықтармен ғана қоректенеді. Егер балықсыз немесе балықтары аз
су қоймаларына қоныстанса, онда олар басқа көрші су қоймаларына ұшып
барып қоректенеді. Балықтардан басқа олар моллюскалармен, шаян
тəрізділермен, жəндіктермен жəне басқа су омыртқасыздарымен қоректенеді.
Бұл азықтар тек қосымша болып саналады жəне олармен балапандары ғана
қоректенеді.
Моногамдар. Тұрақты жұп құрмайды. Жұмыртқа басуға жəне
балапандарды өргізуге екеуі де бірге қатысады. Əдетте, екі жұмыртқа салады.
Жұмыртқалары қоңырлау, қара, сұр, алабажақ. Жұмыртқаларын 25-30 күн
басады. Ширақ балапанды құстар. Балапандары жұмыртқадан шыққанда
мамық жамылғысы бар жəне аз уақыт ішінде жүзе алады. Балапандарының
арқа жағы біртегіс қоңырлау. Балапандардың екі мамық қауырсыны бар.
Балапандардың екінші мамық қауырсындары қыста түлейді де, ересектерге
ұқсайды. Қысқы жамылғыларын құстар үш ай киеді – желтоқсаннан
науырыздың аяғына дейін. Толық түлеген кезінде желпуіш қауырсындары да
ауысады, мұндай кезде құстар ұшу қабілетінен айырылады. Қораздары мен
мекиендерінің реңдері бірдей, бірақ қораздары ірілеу.
Маймаққаздардың онша көп маңызы жоқ. Балықтармен қоректеніп
балық шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін, бірақ олардың саны аз
болғандықтан іс жүзінде олардың зияны байқалмайды. Əуесқой аңшылық
27
нысаналары. Олар өте сақ жəне жаралануға төзімді. Олардың терісі «Құс
терісі» ретінде бас киім, жаға тігуге, көйлектерді əсемдеуге жаратылады.
Маймаққаз тəрізділерге тек бір ғана тұқымдас жəне бір туыс жатады.
Маймаққаздар тұқымдасы
Семейство Гагаровые
Gaviidae
Маймаққаз туысы
Род Гагары
Gavial J.R.Forster, 1788
Қазақстанда бұл туыстың екі түрі кездеседі.
Түрлерді айыру кестесі (6.1-сурет):
1(2) шүйдесі жəне мойынының үсті біркелкі сұр................................................
Қаражемсаулы маймаққаз
Чернозобая гагара
G. arctica (Linnaeus, 1758)
2(1) шүйдесі жəне мойынының үсті сұр-қоңыр аң дақтары бар........................
Қызылжемсаулы маймаққаз
Краснозобая гагара
G. stellata (Pontoppidan, 1763)
Қаражемсаулы маймаққаз
Чернозобая гагара
G. arctica (Linnaeus, 1758)
Еуразияда Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін, сондай-ақ
Неоарктикада ұялайды. Ұялауларына тундралы жəне тайгалы аймақтар
ыңғайлы.
Солтүстікте Жаңа жерге дейін барады, Енесейда 73º солтүстік
кеңістікте, 76º солтүстік кеңістікте Таймырда жəне одан əрі Солтүстік мұзды
мұхиттың барлық жағалауларында ұялайды. Ұялаудың оңтүстік шекарасы
Солтүстік Германия, Латвия, Мəскеу облысы, Енесейдің жоғарғы жағы,
Байкалдың маңы жəне Камчатка. Қазақстан олардың ұялауының ең оңтүстігі.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – G. a.arctica. Ұя салуға
ұшып келетін құстар. Қазақстанда орталық, солтүстік, шығыс аудандарда
ұялайды (Торғай өзендерінің төменгі жағына дейін жəне Балқашта), ал басқа
аудандарда ұшып өтіп бара жатқанда кездеседі. Кейде оңтүстік аудандарда
қыстайды. Су қоймаларын мекендейді. Əдетте, екі жұмыртқа, кейде бір-үш
жұмыртқа салады. Жұмыртқадан балапан шығушылығы 45%. Балапандардың
28
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Қызылжемсаулы маймаққаз
Краснозобая гагара
G. stellata (Pontoppidon, 1763)
Тундрада жəне Еуразия мен солтүстік Американың орманды
аймақтарының солтүстігінде ұялайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – G.s. stellata.
Ұшып өтетін құстар, қыстауы да мүмкін.
Қазақстанның батыс бөлігінің су қоймаларында (Сырдария жəне
Телікөл өзендеріне дейін) кездеседі.
Əдетте екі жұмыртқа, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Жұмыртқадан
балапан шығушылығы 29,7%. Балапандардың 19,8% қанатына көтеріледі.
Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер жұмыртқалары жойылса, онда
олар қайта жұмыртқалауы мүмкін.
Негізінен
балықтармен,
одан
кейін
моллюскалармен,
шаян
тəрізділермен жəне су жəндіктерімен, кейде өсімдіктермен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Маймаққаз тəрізділер қандай экологиялық топқа жатады?
2. Олар қандай елдерге тараған? Не себебті оларға жерде жүруге қиын?
3. Олар немен қоректенеді?
4. Құс терісі деген не?
5. Қазақстанда маймаққаздардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі
мекендейді?
6. Маймаққаздардың қандай маңызы бар?
7. Қаражемсаулы маймаққаздар жəне қызылжемсаулы маймаққаздар бір-
бірінен қандай белгілерімен ажыратылады?
8. Қаражемсаулы маймаққаз қай елдерде ұялайды?
6.1-сурет.
Алдында қаражемсаулы
маймаққаз, артында қызылжемсаулы
маймаққаз
.
21 пайызы қанатына көтеріледі.
Жылына
бір
рет
қана
жұмыртқалайды. Егер ұялары
бұзылса,
онда
олар
қайта
жұмыртқалайды.
Негізінен
балықтармен
қоректенеді,
сондай-ақ шаян тəрізділермен,
моллюскалармен,
су
жəндіктерімен, кейде бақалармен,
су өсімдіктерімен жəне олардың
ұрықтарымен қоректенеді.
29
9. Олар Қазақстанның қай бөлігінде ұялайды?
10. Қаражемсаулы маймаққаздардың біздің елімізде болу мəртебесі
қандай?
11. Қызылжемсаулы маймаққаздың біздің елімізде болу мəртебесі қандай?
12. Олар еліміздің қай бөлігінде кездеседі?
13. Коллекциялық материалдардан маймаққаздың түрін анықтаңдар.
30
7. СҰҚСЫР ҮЙРЕК ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - ОТРЯД
ПОГАНКООБРАЗНЫЕ - PODICIPEDIFORMES
Орташа жəне майда су құстары. Ең ірілері үлкен сұқсырдың салмағы
900-1200 г, ең майда кішкене сұқсырдың салмағы 200 г жуық.
Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда жəне аралдарда тараған.
Олардың сыртқы пішіні ерекше, басқа тобырларға ұқсамайды.
Дене тұрқы созылған ұршық тəрізді.
Қанаттары қысқа. Жүзгенде жəне сүңгігенде қанаттарын денесіне
қысады.
Аяқтары денесінің соңғы жағында орналасқан, қысқа, екі жағынан
қатты қысылған. Аяқтарының əр саусағы жеке жалпақ терілі өскіндермен
қапталған, олары тек саусақтың түбінде ғана бірігеді. Тырнақтары жалпақ.
Қауырсындануы тығыз, төменгі жағы жібектей өте тығыз.
Бағыттауыш
қауырсындары
жұмсақ,
құйрықтың
жамылғы
қауырсындарына құсайды, сондықтан құйрықтары айқын емес.
Тұмсықтары тік, үшкір, конус тəрізді. Жақтың иектері тегіс.
Сұқсыр үйрек тəрізділердің бүкіл өмірі сумен байланысты. Суда
қоректенеді жəне ұялайды. Жағаға шықпайды. Су бетінде бай өсімдіктері бар
тұщы жəне сəл тұздылау су қоймаларын маңайлайды.
Күндізгі құстар.
Əсем жүзеді жəне өте жақсы сүңгиді. Ірілері су астында үш минутқа
дейін бола алады. Су астында аяғымен қозғалады. Суда ұзақ жүгіріп еңгіш
ұзын сызықпен əуеге көтеріледі. Қанаттарын жиі қағып тік сызықпен ұшады.
Азықты суда сүңгу арқылы табады. Жемтікті тұмсығымен ұстайды.
Жануарлармен қоректенеді. Майда құстар су жəндіктерімен жəне олардың
дернəсілдерімен, шаян тəрізділермен, моллюскалармен, майда балықтармен
қоректенеді. Кейбір үлкен құстар тек балықтармен қоректенеді. Сұқсыр
үйректердің қарындарында сол құстардың қауырсындары əрдайым
табылады. Олар өздерінің қауырсындарын жұлып жейтін сияқты.
Моногамдар. Жұбымен өмір сүреді. Еркегі де ұрғашысы да жұмыртқа
басуға жəне балапан өргізуге бірдей қатысады. Ұяларын жүзінді су
өсімдіктерінен (көбінесе шіріген) жасалған аралдарға салады. Жеке
жұптармен жəне шоғырланып жүздеген жұптармен бірге ұялайды.
Құс ойнақтары күрделі.
Ұяға үштен сегізге дейін жұмыртқа салады.
Жұмыртқалары сопақша, реңі біркелкі көкшіл. Ұяда жұмыртқалар өте
ылғалды ортада жатады, көбінесе суда. Сондықтан жұмыртқалар
өсімдіктермен былғанып сарғайып немесе сұрланып кетеді.
Сұқсыр үйректердің жұмыртқа басу дақтары жіңішке. Сондықтан олар
барлық жұмыртқаларын жаба алмайды.
Жұмыртқа басу бірінші жұмыртқа туудан басталып, жиырма-жиырма
бес күнге созылады.
31
Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы бар жəне тез
арада суға жүзе алады. Бір ұядағы балапандар толық жетілгенше бөлінбейді.
Қазақстандағы сұқсыр үйректердің мамық қауырсынды балапандарының
реңдері жолақты.
Балапандар мамық сəндерін жастық қауырсындарға ауыстырады. Бұл
реңдері ересектерден өзгеше. Жастық сəн күзде қысқы сəнге ауысады. Ыстық
жердегі сұқсыр үйректер жылына бір рет түлейді, ал ТМД елдеріндегі сұқсыр
үйректер – екі рет түлейді: көктемде майда қауырсындары, ал күзде бүкіл
қауырсындары. Желпуіш қауырсындары түгелімен түлейді жəне ол кезде
құстар ұша алмай қалады.
Қазақстан сұқсыр үйректерінің қыстық сəннен өзгеше ерекше күйлік
сəні бар.
Еркектері мен ұрғашыларының реңдері бірдей, бірақ еркектері ірілеу.
Сұқсыр үйректердің шаруашылық маңызы шамалы. Көпшілік жағдайда
ірі сұқсыр үйректердің балықтармен қоректену зияны білінбейді. Сұқсыр
үйрек еттерінің онша дəмдік ерекшелілігі жоқ, көпшілігін жеуге болмайды.
Сұқсыр үйректердің кəсіпшілік маңызы – терілерінің «Құс терісі»
ретінде пайдаланылуы. Өңдеуге кеудесі мен саны жарайды. Өңделген соң ол
əдемі жібектей теріге «мехқа» айналады. Ол əйелдердің қалпағын
əшекейлеуге пайдаланылады.
Қазақстанда сұқсыр үйрек тəрізділердің тек бір тұқымдасы –
Podicepedidae жəне бір ғана туысы – Podiceps кездеседі.
Кішкене сұқсыр
Малая поганка
P. ruficollis (Pallas, 1764)
Кең тараған, əсіресе тропикалық жəне субтропикалық елдерде.
Олардың таралу аймағы Еуропаның оңтүстік бөлігі, Африка (Мадагаскармен
қосқанда), Австралия, Жаңа Гвинея, Зонд жəне Филиппин аралдары,
Жапония, Қытайдың көпшілік бөлігі, Үндістан, Алдыңғы жəне Кіші Азия,
Орта Азия жəне Қазақстан.
Тоғыз түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. R. Capensis.
Қазақстанда ұялайтын, ұшып өтетін, қыстайтын құстар
Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймаларында – Сырдарияның төменгі
жағынан Балқаш-Алакөл ойпатына дейін – мекендейді. Жаркент аймағында,
Шымкент маңында жəне Сырдарияның оңтүстік сағаларында қыстайды.
Əдетте төрт-алты, кейде үш-он жұмыртқа салады. Бір ұядан орташа
есеппен 1,8 балапан қанатына көтеріледі. Ұялай жетістігі 40,0% жуық.
Жылына екі рет, кейде үш рет жұмыртқалайды.
Көпшілігінде ересек жəндіктермен жəне олардың дернəсілдерімен,
моллюскалармен, қосмекенділердің дернəсілдерімен, майда балықтармен,
кейде балдырлармен қоректенеді.
32
Экологиялық маңызы бар.
Қара мойын сұқсыр
Черношейная поганка
P. nigricollis Breht, 1831
Қара мойын сұқсырлардың таралу аймағы бөлшектелінген. Ең көп ұялайтын
аймағы Еуропаның көпшілік бөлігі, Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азия жəне
Сібірдің оңтүстік бөлігі, шығысқа қарай Обь өзеніне дейін, солтүстікке қарай
Минск, Мəскеу, Қазан, Пермь, Омскіге дейін барады. Екінші ұялайтын
аймағы Теңіз жағалауы, Солтүстік Маньчжурия, Солтүстік Американың
батыс бөлігі мен Солтүстік-Батыс жəне Оңтүстік Африка, сондай-ақ,
Абиссина.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. n. Nigricollis (7.2-
сурет).
Қазақстанда
ұялайтын,
кейде оңтүстігінде қыстайтын
құстар
Қазақстанның
барлық
су
қоймаларында ұялайды жəне ұшып
өтіп
бара
жатқан
құстарды
республикамыздың барлық жерінен
көруге болады.
Əдетте үш-төрт, кейде бір-cегіз
7.2-сурет. Кішкене сұқсыр.
жұмыртқа салады. Ұядан орташа есеппен 1,7 балапан қанатына көтеріледі.
Ұялау жетістігі 47,0%. Жылына бір рет, кейде екі рет жұмыртқалайды.
Ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Тек омыртқасыздармен (қоңыздармен, қандаламен, қос қанаттылармен,
инеліктердің дернəсілдерімен, моллюскалармен, шаян тəрізділермен,
өрмекшілермен), кейде балықтармен, қос мекенділермен жəне əр түрлі су
өсімдіктерімен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Қызыл мойын сұқсыр
Красношейная поганка
P. auritus (Linnaeus, 1758)
Еуразия мен Солтүстік Американың тайгалық жəне орманды-далалы
аудандарының оңтүстік бөлігінде кең тараған.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. a.auritus.
Қазақстанда ұялайтын, республикамыздан ұшып өтетін құстар.
33
Қазақстанның солтүстік аудандарының су қоймаларында ұялайды,
оңтүстікке қарай Қарағандыға дейін, сондай-ақ Алтайға жетеді. Басқа
жерлерден ұшып бара жатқан құстарды көруге болады.
Əдетте төрт-бес, кейде бір-жеті жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен 1,1 балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет, кейде екі рет
жұмыртқалайды. Ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен су жəндіктерімен, кейде балықтармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Сұржақ сұқсыр
Серощекая поганка
P. griseigena (Boddaert, 1783)
Еуропада жəне Батыс Сібірде ұялайды, онда шығысқа қарай Обь
өзеніне, солтүстікке қарай Архангелскіге, ал Жайық жағалауымен Уфаға
дейін жетеді. Содан соң сəл үзіліс жасап, олар Шығыс Сібірде (батысында
Байкалға дейін, солтүстігінде – Колыманың төменгі жағына дейін,
оңтүстігінде – Солтүстік Маньчжурияға дейін) жəне одан əрі Солтүстік
Америкада ұялайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. g.griseigena (7.2-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Қазақстанның барлық су қоймаларында ұялайды жəне кездеседі.
Əдетте төрт-бес, кейде екі-алты жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен 1,7 балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет, кейде екі рет
жұмыртқалайды.
Ұялары қираса, онда
олар қайта жұмыртқалайды.
Су жəндіктерімен жəне
олардың
дернəсілдерімен,
өрмекшілермен,
жамбас
жүзгіштермен,
кейде
су
өсімдіктерімен
жəне
балықтармен қоректенеді.
7.2-сурет. Алдында Үлкен сұқсыр,
артында Сұржақ сұқсыр.
Үлкен сұқсыр
Большая поганка
P. cristatus (Linnaeus, 1758)
Өте кең тараған құстар. Олар Австралияда, Жаңа Зеландияда,
Африкада, Сахараның оңтүстігінде, Еуропада оңтүстікке қарай 60-63º
34
солтүстік кеңістіккедейін жəне Азияның көпшілік бөлігінде ұялайды. Азияда
оның ұяларының солтүстік шекарасы Түмен, Омск, Ачинск, Ханка көлі
арқылы өтеді; оңтүстік шекарасы Месопатия, Шығыс Иран, Тибет, Кашмир
арқылы жүріп, Хуан-хэ алабы арқылы Уссурия өлкесіне жетеді.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. c. сristatus (7.2-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Қазақстанның барлық су қоймаларында ұялайды жəне кездеседі.
Əдетте үш-төрт, кейде бір-тоғыз жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен 1,8 балапан қанатына көтеріледі. Ұялау жетістігі 37,0%. Жылына бір
рет, кейде екі рет жұмыртқалайды. Ұялары қираса, онда олар қайта
жұмыртқалайды.
Балық, су жəндіктерімен жəне олардың дернəсілдерімен, шаян
тəрізділермен, моллюскалармен, өрмекшілермен, кейде бақалармен,
шөмісбастармен, өсімдік ұрықтарымен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сұқсыр үйректер қандай экологиялық топқа жатады?
2. Олар əлемде қалай таралған?
3. Олардың аяқтарының құрылысы қандай?
4. Сұқсыр үйректер немен қоректенеді?
5. Олардың жұмыртқалары қандай жерге орналасқан?
6. Сұқсыр үйректердің құрықтық даңтары қандай?
7. Олардың түлеуі қалай өтеді?
8. Сұқсыр үйректердің терісінің қандай маңызы бар?
9. Қазақстанда сұқсыр үйректердің қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі
кездеседі?
10. Кішкене сұқсырлар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Кішкене сұқсырлар Қазақстанның қай бөлігінде
таралған?
11. Олардың ұялау жетістігі қандай? Кішкене сұқсырлар немен
қоректенеді?
12. Қарамойын сұқсыр əлемде қалай таралған?
13. Олардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай?
14. Қарамойын сұқсырлардың ұялау жетістігі қандай? Қарамойын
сұқсырлар немен қоректенеді?
15. Қызыл мойын сұқсырла əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай?
16. Қызыл мойын сұқсырлар немен қоректенеді?
17. Сұржақ сұқсырлар əлемде қалай таралған?
35
18. Олардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Сұржақ сұқсырлар
Қазақстанда қалай таралған? Олар немен қоректенеді?
19. Үлкен сұқсырлар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Үлкен сұқсырлар Қазақстанда қалай таралған?
20. Олардың ұялай жетістігі қандай?
21. Үлкен сұқсыр немен қоректенеді?
22. Коллекциялық материалдардан бір сұқсырды алып, түрін анықтаңдар.
36
8. ТҮТІКМҰРЫНДЫЛАР ОТРЯДЫ - ОТРЯД ТРУБКОНОСЫЕ -
PROCELLARIFORMES
Мөлшерлері əртүрлі (қараторғайдан аққуға дейін) теңіз құстары.
Сыртқы пішіндері шағалаға ұқсас. Теңіз жағалауларында, көбінесе топтасып,
ашық жерлерде немесе шыңдардың жарықтарында, кейде індерде ұялайды.
Арктикада да, Андрактикада да, дегенмен көпшілік түрі қоңыржай
аймақта кездеседі.
Қауырсындануы қалың, тығыз.
Қанаттары ұзын, жіңішке, үшкір.
Тұмсығында төменге қараған ілмегі бар.
Бұл құстың ең бір ерекше белгісі – тұмсығының жоғары бетіндегі
танауынан шығып тұратын түтікшелері.
Алдыңғы үш саусағы жақсы дамыған жəне жарғақпен жалғанған.
Бұл тобырдың барлық өкілдері теңіздің ашық кеңістіктерінің құстары.
Құрылықпен байланысы тек көбею кезінде ғана. Көбеюден тыс кезінде,
құстар үлкен қашықтықта мұхиттарды кезіп жүреді.
Əдемі ұшады, жүзе алады, кейбірі сүңги алады.
Жерде тілерсегіне таянып əрең жүреді.
Көпшілік уақытын əуеде жəне суда өткізеді.
Құстар кез келген ауа райында да ұша алады.
Моногамдар. Бір ғана жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан
балапандардың мамық жамылғылары бар, бірақ көздері ашылмаған. Өсуі жай
– екі айдан төрт айға дейін. Ата-аналарымен қоректендірілген балапандар тез
жетіледі. Ұяда олар ата-аналарының мөлшеріне жетеді. Ұяда, соңғы күндері
ата-аналары оларға жем бермей қояды, ашыққан жас балапандар ұясын
тастауға мəжбүр болады жəне теңізге шығады. Алғашқы күндері олар тек
жүзеді жəне сүңгиді, кейіннен ұшып үйренеді.
Түтікмұрындылар төрт тұқымдасқа біріккен жиырма үш туыстан,
сексен бір түрден тұрады.
Қазақстанда соның бір тұқымдасы – дауылпаздар (Буревестниковые –
Procellaridae, бір туысы – дауылпаз - Puffinus Brisson, 1760 жəне бір түрі
кездеседі.
Кіші дауылпаз
Малый буревестник
P. puffinus (Brunnich, 1764)
Бірнеше түршелері кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P .p. yelrouan.
Құстар Исландияда, Фарер, Гебрид, Оркней жəне Шотланд
аралдарында, Ирландияда, Ұлыбританияда, Бермуд жəне Азов аралдарында,
Мадейреде, Оңтүстік-Батыс Францияда, Жер орта жəне Мəрмəр теңіздерінің
аралдарында ұялайды.
37
Қыс кезінде (қыркүйектен сəуірге дейін) Атлант мұхитын жəне Жер
орта теңізінде кезбелейді. Кезбе құстарды Қара теңізде, Украина
жағалауында, Қырымда жəне Кавказда, кездейсоқ Азов теңізіне ұшып келеді,
ол кезде оларды Керчтен жəне Мариуполдан көруге болады. Каспий теңізіне
де соғады, Маңғыстауда көрінген.
Орта мөлшерлі құстар.
Үстіңгі жағы қоңыр, ал астыңғы жағы ақ түсті.
Құстар жеңіл жəне тез ұшады. Қалықтай алады, бұл кезде денесі мен
қанаты бір жазықтықта болады. Қалықтау тез қанат қағумен қайталанады.
Əдетте су бетіне жақын ұшады. Ұшып келе жатып сүңгиді. Құстар су
астында қашыққа бара алады, себебі олар аяғымен жəне қанатымен жұмыс
істейді.
Күндіз де, түнде де кезе алады.
Ұялау кезінде олар түнгі құстар.
Дауыстары əртүрлі: кейде айқын, кейде қырылдаған, кейде қатты,
шағалалардікіне ұқсас, кейде басыңқы күңгірлегендей.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Түтікмұрындылар қандай экологиялық топқа жатады?
2. Түтікмұрындылар əлемде қалай таралған?
3. Олардың ерекше белгісін анықта.
4. Түтікмұрындылар құрлыққа қай мезгілде шығады?
5. Олар балапандарын ұядан қалай шығарады?
6. Түтікмұрындылардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі бар?
7. Олардың Қазақстанда қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі кездеседі?
8. Кіші дауылпаз əлемде қалай таралған?
9. Олардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай?
38
9. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР НЕМЕСЕ БІРҚАЗАН ТƏРІЗДІЛЕР
ОТРЯДЫ - ОТРЯД ВЕСЛОНОГИЕ, ИЛИ ПЕЛИКАНООБРАЗНЫЕ -
PELECANIFORMES
Көпшілігі орташа жəне ірі су құстары. Олардың сыртқы пішіндері
əртүрлі болғанымен, аяқтарының құрылысы бойынша бір тобырға біріккен.
Артқы аяқтары жақсы дамыған (төмен отырызылған, жанына жəне
ішіне қараған, барлық төрт саусақтары жақсы дамыған, жарғақпен
жалғанған).
Тропикалық жəне субтропикалық елдердің теңіз жəне мұхит
жағалауларында жəне аралдарында кең тараған.
Құстардың тұмсықтарының құрылысы əртүрлі. Кейбірінде конус
тəрізді жəне үшкір, басқаларының тұмсығының ұшында төменге иілген
қармағы бар, ал бірқазанның тұмсығы ерекше.
Қанаттары жəне құйрықтары əр өкілінде əр қилы.
Қауырсындануы қалың жəне тығыз, мамығы бүкіл денесін біркелкі
жабады.
Су маңында мекендейді.
Ұяларын əртүрлі жағдайда орналастырады: жер бетінде, шыңда,
ағашта, бұтада, қамыста.
Күндізгі құстар.
Көпшілгі жақсы жүзеді, жақсы сүңгиді.
Əдетте олар жақсы ұшады, кейбірі қалықтайды (бірқазандар, олуштар,
фрегаттар).
Негізінен балықтармен қоректенеді.
Өте үлкен тобырлармен ұялайды. Көбею кезінен басқа уақытта да
тобырланып жүреді.
Моногамдар.
Бір-үш, кейбірі бес-алты жұмыртқа салады. Жұмыртқаның реңі
біркелкі ақ, ақшыл немесе жасылдау. Жұмыртқадан балапандар қызыл шақа,
көзі ашылмаған күйінде шығады. Кейіннен мамықтанады. Ата-аналары
балапандарын есейгенше қоректендіреді.
Көпшілік өкілдерінің еркектері мен ұрғашыларының реңдері бірдей,
тек фрегаттарда ғана ерекшелік бар. Жастарының реңі ересектерінен
ерекшеленіп тұрады, тек үшінші немесе төртінші жылы ғана ересектерінің
сəніне кіреді.
Ересектері жылына екі рет түлейді: жартылай күйек алдында жəне
толық шағылысудан кейін. Желпуіш қауырсындары біртіндеп түлейді,
сондықтан оларда барлық кезде ұшуға қабілеттілігі жойылмайды (жылан
мойындардан басқасы).
Кейбір жерлерде олар балық шаруашылығына, əсіресе ішкі су
қоймаларында ұялайтын ескек аяқтылар зиян келтіреді.
39
Қазақстанда үлкен суқұзғындар кейбір су қоймаларында балық
шаруашылығана үлкен шығын келтіреді. Əсіресе, Зайсанда, Балқаш-Алакөл
ойпаты көлдерінде жəне басқа республикамыздың оңтүстік бөлігіндегі су
қоймаларында.
Ескек аяқтылардың еттерінің сапасы нашар жəне балық сасып тұрады.
Суқұзғындардың
майы
Қазақстанда
қайнатылған
күйінде
пайдаланылады. Бірқазандар мен суқұзғындардың терілері өңдеуге келеді,
одан бас киімге, жағаға, қалпаққа əшекей жасайды.
Перудің, Патагонияның, Кəріп теңізінің жағалауларында жəне
Африканың батыс аралдарында ұялайтын бірқазандардың, суқұзғындардың
жəне олуштардың кейбір өкілдері ыстық ауа райы жағдайында көптеген
қымбат бағалы азотты-фосфорлы тыңайтқыш – гуано – тұнбаларын жасайды.
Бұл тыңайтқыштар егіншіліктің, мысалы, Германияда, дамуына əсер етті.
Ескек аяқтылар үш тобыр тармағынан (Phaethontes, Pelecani, Fregatae)
тұрады.
Олар алты тұқымдасқа біріккен: Phaethontidae, Pelecanidae, Fregatidae,
sulidae, Anhingidae. Жеті-сегіз туыстан жəне жиырма тоғыз түрден тұрады.
Қазақстанда ескек аяқтылардың үш тұқымдасы кездеседі.
Бірқазандар тұқымдасы
Семейство Пеликановые
Pelecanidae
Бұл тұқымдасқа өте ірі құстар жатады.
Тұмсықтары ұзын, төменгі жағының астында жалаң терілі қабы бар.
Аяқтары қысқа, денесінің ортасында орналасқан.
Қанаттары жалпақ, ұзын, доғал.
Құйрықтары қысқа.
Біздегі бірқазандардың қауырсындарының реңі қызғылт немесе
қоңырлау. Кейбір өкілдерінің реңдерінде қара дақтар көп кездеседі.
Теңіз жағалауларында немесе ішкі үлкен су қоймаларында үлкен топ
құрып мекендейді.
Қоректері балық. Балықтарды тұмсығындағы ожауларымен аулайды.
Жақсы жүзеді, бірақ сүңгімейді.
Балықтарды аулағанда қанаттарын сəл көтеріп, тек басын жəне
мойынын суға батырады.
Жақсы ұшады жəне əсем қалықтайды.
Судан екі аяғымен қоса серпіп əуеге əрең көтеріледі.
Жұмыртқадан балапандары қызыл шақа күйінде шығады. Он күннен
кейін олар қою мамыққа оранады.
Ересектерінің түлеуі күйектен кейін басталып, күздің соңына дейін
созылады. Жас құстар ересек сəнді үшінші жылы ғана иеленеді.
40
Тұқымдастықта алты түрден тұратын тек бір туыс бар: Pelecanus
Linnaeus, 1758.
Қазақстанда бірқазанның екі түрі кездеседі.
Қызғылт бірқазан
Розовый пеликан
P. onocrotalus Linnaeus, 1758
Құстар Сенегалда, Нигерия жəне Конгода, Парсы шығанағының
жағалауларында жəне осыдан шығысқа қарай Үнді жағалауымен Кəмбі
шығанағына дейін, Синдіде Тигр жəне Евфрат сағаларында, Сеистанда,
Хоросонның оңтүстік бөлігі мен Үрей көлінде (Иранда), Сирияның Антиохия
көлінде, Жоғарғы Ертістің алабында, Кран өзені бойында, Добруджеде жəне
Дунай сағаларында, Молдовада, Днепрдің төменгі жағында, Қара жəне Азов
теңіздерінің жағалауларында, Еділ өзенінің атырауларында, Амударья мен
Арал теңізі аралдарында ұялайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар
Балқаш-Алакөл ойпатының су қоймаларында жəне Торғай өзенінің
төменгі жағында, Наурызым қорығында, Зайсанда, Шошқакөлде ұялайды
(9.1-сурет).
Қоныс аудару кезінде Солтүстік, Орталық, Оңтүстік жəне Шығыс
Қазақстанда кездеседі.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Ұядан балапандардың
орташа есеппен бірі ғана қанатына көтеріледі.
Жылына
бір
рет
жұмыртқалайды.
Егер
жұмыртқалаудың алғашқы кезінде
ұялары қираса, онда олар қайта
жұмыртқалайды.
Құстар
орта
мөлшерлі
балықтармен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл
Кітабына енгізілген.
9.1-сурет. Қызғылт бірқазан.
Бұйра бірқазан
Кудрявый пеликан
P. crispus Bruch, 1832
Бұйра бірқазанның ұялары батыста Балқан шығанағынан шығыста
Хуан-хэ сағаларына дейін, оңтүстікте Парсы шығанағынан солтүстікте
41
Қорған
облысының
Қара
көліне
дейін
белгілі.
Бірақ
сирек
орналасқан.Олардың ұялары Грецияда, Албанияда, Словенияда, Болгарияда,
Румынияда, Дунай мен Днепрде, Азов теңізінде, Дон мен Кубанда, Каспий
теңізінің жағалауларында жəне оған қуятын өзендерде (Еділде, Теректе,
Күрде жəне басқаларда), Кавказдың кейбір жерлерінде, Парсы шығанағында,
Тигр мен Ефраттың төменгі жағында, Сеистанда, Арал теңізінде, Қорған
облысының Қара көлінде, Синь-Цзянның кейбір жерлерінде, Қобданың
төменгі жағында, Хара-Усу мен Далай-Нор көлдерінде жəне Хуан-хэ өзенінің
жоғарғы жағында белгілі.
Жерорта теңізінің батыс бөлігінде, Мысырда, Кавказдың Қара теңіз
жағалауында, Каспийдің оңтүстігінде, Иранда, Пəкістанда жəне Үнді елінің
солтүстік-батысында, Қытайдың оңтүстік-шығысында қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Балқаш-Алакөл ойпатының су қоймаларында, Зайсанда, Қамыс-Самар
көлдерінде, Дөңгелек су қоймасында, Жайық атырауында, Ақшатау көлінде
жəне Шошқакөлде, кейде Сорбұлақта ұялайды.
Қоныс аудару кезінде республикамыздың барлық тегістіктерінде
кездеседі.
Əдетте екі-үш, кейде екі-алты жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Орташа мөлшерлі балықтармен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Олуштар тұқымдасы
Семейство Олушевые
Sulidae
Орта жəне ірі мөлшерлі теңіз құстары (салмақтары 1,5-5 кило).
Тұмсықтары ұзын, конус тəрізді. Иектерінде тісшелері бар. Ауыздарын
кең ашып, ірі жемтіктерді жұта алады.
Қауырсындануы тығыз, қалың.
Көпшілігінің реңдері ақ, қанаттары қара, ал жастарыныкі қоңыр.
Қанаттары ұзын, жіңішке.
Құйрықтары ұзын, сына тəрізді.
Теңіз жағалауларының, негізінен аралдардың ылдиларында жүздеген
жəне мыңдаған жұптары топтанып ұялайды. Ұялары балдырлар жəне
жағалау өсімдіктерінен жай жиналған үйінділер.
Ұшуы тез (сағатына 60-90 шақырым жылдамдықпен ұша алады),
икемді, жеңіл түрде қалықтауға көше алады. Əуеде көп уақыт бола алады.
Жақсы жүзеді.
Əдетте бір, кейде екі көкшіл немесе жасыл жұмыртқа салады. Ата-
анасы бірдей жұмыртқа басады. Олардың құрықтық дақтары болмайды жəне
42
олар жұмыртқаны табанымен қыздырады. Жұмыртқадан шыққан
балапандардың жалаң қара терілері болады. Бірнеше күндерден кейін оларға
ақ мамық шығады.
Негізінен балықтармен жəне ірі теңіз омыртқасыздарымен қоректенеді.
Жемтіктерін олар су бетінен 10-30 метр биіктікте ұшып немесе қалықтап
жүріп бақылайды. Жемтіктерін көрісімен олар бірден суға сүңгиді. Кейде
судың бес метр тереңдігіне дейін жете алады.
Бұл тұқымдастыққа тек бір ғана туыс олуштар – Олуши – Sula Brisson,
1760 – бар. Туыс тоғыз түрден тұрады.
Қазақстанда соның тек бір түрі кездеседі.
Ескек аяқты олуша
Северная, или атлантическая, олуша
S. bassana (Linnaeus, 1758)
Атлант мұхитының солтүстік бөлігінің жағалауларын, Африканың
оңтүстігін, Австралияда жəне Жаңа Зеландияда мекендейді (9.2-сурет).
Эстонияда
жəне
Мурманскіде
кездейсоқ
кездеседі.
Қазақстанға кездейсоқ
келетін құстар.
Петропавл шаһарының
маңында кездескен.
9.2-сурет. Ескек аяқты олуша.
Суқұзғындар тұқымдасы
Семейство Баклановые
Phalacrocoracidae
Ірі жəне орта мөлшерлі құстар. Тұмсықтары ұзын, екі жағынан
қысыңқы. Тұмсығының ұшы тік қайырылған ілмекпен аяқталады. Осы
ілмектің көмегімен олар жемтіктерін ұстайды.
Тамақ қабы кішкентай.
Аяқтары денесінің соңғы жағында орналасқан. Бұл жағдай олардың
жүзуіне, əсіресе сүңгуіне өте ыңғайлы.
Ұшқанда құстар денесін тік ұстайды.
Қанаттары доғал жəне қысқа. Сондықтан олар қалықтап ұша алмайды,
бірақ қанаттарын олар сүңгігенде ескек ретінде пайдаланады.
Қауырсындануы қалың, тығыз.
Құйрықтары ұзын, саға тəрізді; жіңішке мықты қауырсындардан
тұрады.
43
Су маңында мекендейді.
Ұяларын ағашқа, шыңға, қамысқа, жай жерге салады.
Тек балықтармен қоректенеді. Азықты тек судан алады.
Əдемі жүзеді жəне сүңгиді.
Балықты су астында қуып аулайды.
Тік қанатын жиі қағып ұшады. Ұшқанда мойынын алдына шығарады.
Судан көп жүгіріп көтеріледі.
Көпшілік өкілдері теңіз жағалауларында өмір сүреді, аздағаны ішкі су
қоймаларында мекендейді.
Негізінен тропикалық құстар, кейбірі қоңыржай аймақта мекендейді, ал
кейбір өкілдері полярлық шеңберге енеді.
Топтасып өмір сүретін құстар.
Суқұзғындардың екі туысы бар: Phalacrocorax, Nanopterum.
Қазақстанда тек бір туысының – Phalacrocorax Brisson, 1760 - өкілдері
кездеседі.
Үлкен суқұзғын
Большой баклан
Ph.carbo (Linnaeus, 1758)
Өте кең тараған құстар. Үлкен суқұзғын Жаңа Зеландияда,
Австралияда, Австралияның жəне Азияның барлық аралдарында (Жаңа
Гвинеядан Сахалинге дейін), бүкіл Африкада, Еуразия құрлығының
солтүстікте 50-55º солтүстік кеңістікке дейін, полярлық шеңберге кіріп
Гольстрим облысына жеткенше, Исландияда, Гренландияның оңтүстігінде,
Лабрадорда жəне оған жататын Америка құрлығында ұялайды.
Алты түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – Ph. c. sinensis (9.3-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Балқаш-Алакөл ойпатында, Зайсанда,
Бұқтарма су қоймасында, Қамыс-Самиар
көлдерінде, Торғай өзенінің төменгі жағында,
Наурызым қорығында, Қорғалжын көлдерінде,
Сорбұлақта ұялайды.
Қоныс аудару кезінде оларды барлық
жерден көруге болады.
Əдетте үш-төрт, кейде алтыға дейін
жұмыртқа
салады.
Жылына
бір
рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда
олар қайта жұмыртқалайды.
Майда
жəне
орташа
мөлшерлі
балықтармен қоректенеді.
9.3-сурет. Үлкен
суқұзғын.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
44
Кейбір жағдайларда тоған шаруашылықтарына зиянын келтіреді.
Кішкене суқұзғын
Малый баклан
Ph. pygmaeus (Pallas, 1773)
Алжирде, Балкан шығанағында, Кіші Азияда, Сирияда, Иракта,
Иранның оңтүстік жəне шығыс бөліктерінде, Ауғанстанның батыс бөлігінде,
Дунай сағасында, Қырымда, Азов теңізінің оңтүстік шығыс жағалауларында,
Еділдің атырауларында жəне Каспий теңізінің батыс, оңтүстік-шығыс
жағалауларында, Армения мен Азербайжанда, Тенженнің төменгі жағында,
Арал теңізінің шығыс жағалауларында, Сырдарияның төменгі жағында жəне
Тəжікстанның кейбір орындарында ұялайды.
Түршелері жоқ (9.4-сурет).
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар
Қазақстанның
оңтүстік
аудандарының су қоймаларынан
солтүстікке
қарай
Сырдарияға,
Шуға жəне Атырауға дейін, кейде
Сорбұлаққа кездейсоқ ұшып келеді.
Жылына
бір
рет
жұмыртқалайды. Əдетте төрт-алты,
кейде үш-жеті жұмыртқа салады.
Майда
балықтармен
қоректенеді.
9.4-сурет. Кішкене суқұзғын.
Кекілді суқұзғын
Хохлатый баклан
Ph. aristotelis (Linnaeus, 1761)
Атлант мұхитының жағалауларында Мурманск жағаларынан бастап
Норвегия жəне Исландияның солтүстігінде, одан əрі Фарер аралдарының
оңтүстігінде,
Шотландияда,
Англияда,
Ирландияда,
Францияда,
Португалияда, Африканың, Атлантмұхитының солтүстік жағалауларында,
Жерорта теңізінің аралдары мен оның Еуропалық жəне кіші Азиялық
жағалауларында,
Қара
теңіздің
батыс
жағалауларында,
Днепр
жайылмаларында жəне Қырымның оңтүстік жағаларында ұялайды.
Қазақстанға, Каспийдің солтүстігіне кездейсоқ ұшып келетін
құстар.
45
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ескекаяқтылар қандай экологиялық топқа жатады? Қандай
ерекшеліктері бойынша олар бір тобырға біріктірілген?
2. Ескекаяқтылар əлемде қалай таралған? Олардың ерекшелік белгісін
анықта. Ескекаяқтылардың қандай маңызы бар? Олардың қанша
тұқымдасы, туысы жəне түрі бар?
3. Қазақстанда ескекаяқтылардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі
кездеседі?
4. Бірқазандардың ерекшелігін тап. Олар жемтігін немен аулайды?
5. Қызғылт бірқазан əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Қызғылт
бірқазандар немен қоректенеді?
6. Бұйра бірқазандар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Бұйра бірқазан
немен қоректенеді?
7. Олуштар тұқымдасының қандай ерекшеліктері бар?
8. Ескек аяқты олуштар жұмыртқаларын қалай қыздырады? Олар əлемде
қалай таралған?
9. Суқұзғыдардың ерекшелігін тап. Олар жемтігін қалай аулайды? Үлкен
суқұзғындар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
10. Үлкен суқұзғын немен қоректенеді?
11. Кішкене суқұзғын əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Кішкене суқұзғын
немен қоректенеді?
12. Кекілді суқұзғындар əлемде қалай таралған? Кекілді суқұзғындардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
Кекілді суқұзғындар немен қоректенеді?
46
10. ЛЕЙЛЕКТЕР НЕМЕСЕ ДЕГЕЛЕКТЕР, ОТРЯДЫ - ОТРЯД
АИСТООБРАЗНЫЕ, ИЛИ ГОЛЕНАСТЫЕ - CICONIIFORMES
Сыртқы пішіндері, құрылыстары жəне өмір сүру жағдайы əртүрлі
құстардың тобы. Бұл отрядқа жататын құстардың ұзын тұмсығы (басынан да
ұзын), ұзын мойыны жəне ұзын аяғы бар. Мұның бəрі батпақта немесе тайыз
суда жемтігін табу үшін бейімделген мүшелер.
Аяқтарында төрт ұзын саусақтары бар. Ортаңғы жəне сыртқы
саусақтардың түбі жарғақпен жалғанған, кейде жарғақ алдыңғы үш
саусақтың түбін жалғайды.
Тілерсегі жалаң, көпшілік өкілдерінде сирақтың төменгі жағы
қауырсынданбаған.
Тұмсық құрылыстары əртүрлі: лейліктерде жəне құтандарда ол үшкір
жəне тік (кейбір лейліктерде сəл жоғары иілген), көпшілігінде төменге
иілген; жалбағайларда – жалпайған, ұшына қарай кеңейген; китбастыларда -
өте үлкен, қайық тəрізді.
Қанаттары ұзын, жалпақ жəне доғал.
Құйрықтары қысқа, тік немесе сəл дөңгеленген.
Реңдері əртүрлі, еркектері мен ұрғашыларының реңдері бірдей,
жастарыныкі ересектерінікінен ерекшеленіп тұрады. Көпшілік өкілдерінің
жазғы сəндерінде əртүрлі көркемдеуші қауырсындары бар: түйінделген,
таспа тəрізді, томпиған жəне тағы басқа.
Бұлардың ішінде күндізгі, ымыртты жəне түнгі құстар бар.
Көпшілігі су қоймаларының маңында немесе ылғалды көгалдарда, енді
бірі ашық құрғақ кеңістікте мекендейді.
Əртүрлі жануар тектес азықтармен қоректенеді, кейбірі азыққа
маманданған: тек балықтармен қоректенеді; ал енді бірі өлекселермен
қоректенеді.
Əр топ өкілдерінің қорек табу жолдары да əртүрлі: лейліктер
көгалдардың немесе су қоймаларының жағаларымен жүріп іздейді; құтандар
суда аңдып тұрып аулайды; тырна құтандар оларды тұмсығымен тайыз
лайлардан тауып алады.
Моногамдар. Еркектері мен ұрғашылары ұя салуға, жұмыртқа басуға
жəне балапандарды қоректендіруге бірдей қатысады.
Ұядан балапандары ұшып кетсе де, екеуі бірге өмір сүреді, ал кейбірі
(көлбұқалар) жеке өмір сүреді.
Топтасып ұялайды, ал кейбір өкілдері жеке жұбымен өмір сүреді.
Ұяларын қамыста, бұталар арасында, ағашта, шыңда құрастырады, ал
кейбір өкілдері адамның жайларында (ақ лейлік) ұя салады.
Көпшілігінің ұялары қарапайым.
Африкада жəне Мадагаскарда өмір сүретін балғабастылар бұталарға,
ағаштарға немесе шыңдарға шар тəрізді ұя жасайды. Олардың ұяларының
47
диаметрі екі метрге жетеді, үш бөліктен тұрады жəне бір жанында кіретін
тесігі бар.
Кит бастылар екі, жалбағайлар үш-төрт, лейліктер төрт-бес, құтандар
екі-тоғыз жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың реңдері ақ немесе көкшілдеу.
Бірінші жұмыртқа туылысымен оны басу басталады жəне жұмыртқа басу
майда өкілдерінде 17-20 күнге, ірілерінде 30 күнге созылады. Көпшілігінде
балапандар жұмыртқадан көздері ашылмаған жəне дəрменсіз күйінде
шығады, ал лейліктердің балапандарының көздері ашық.
Лейліктердің балапандарының екі түрлі сəн жамылғысы болады,
басқаларында – бір ғана.
Кейбір өкілдерінде түлеу жылына екі рет жүреді: жартылай – күйек
алдында жəне толық – күйектен кейін, ұялау кезеңі біткен соң. Кейбір
өкілдерінде тек бір ғана түлеу болатын сияқты.
Аңшылар лейлік тəрізділерді арнайы ауламайды. Үйрек ату кезінде қол
астына түскенін атады. Көпшілігінің еттерінің сапасы нашар. Тек қарабай
мен көлбұқаның еттері жақсы.
Ақ
құтандардың
қауырсындары
əшекей
ретінде
жиналады.
Қауырсындар əйелдердің қалпағын көркемдеуге жаратылады. Қазіргі кезде
оларды аулауға тиым салынған.
Кейбір өкілдері балықпен қоректеніп, балық шаруашылығына зиян
келтіреді.
Олардың пайдасы – кеміргіштерді жəне зиянды жəндіктерді жоюы.
Пайдасы зиянынан əлдеқайда көп.
Қазіргі өмір сүретін лейлектер жеті тұқымдасқа бөлінген. Олар 118
түрге біріккен 49 туыстан тұрады.
Қазақстанда бұл отрядтың үш тұқымдасы кездеседі.
Құтан тұқымдастары
Семейство Цаплевые
Ardeidae
Мөлшерлері əртүрлі құстар (қанаттарының ұзындығы 130-490 мм)
көпшілігі тропикалық жəне субтропикалық елдерде жəне кейбірі солтүстікте
тараған.
Бұл тұқымдасқа жататын құстардың тұмсығы ұзын, үшкір,
жақтарының ернеулерінде майда тістері бар.
Мойындары ұзын жəне аяқтары биік. Мойындарының ерекше
құрылысы көлбұқаларға найза сияқты алдына тез лақтыруға жəне
балықтарды аулауға көмектеседі.
Құтандардың қауырсындарын су жұғудан сақтайтын құйыршық
безінен басқа, ерекше мамығы бар: олар өскен сайын опаға айналып,
қауырсындарын жауып тұрады.
48
Көпшілік құтандарда ұялау кезеңіне қарай басында, мойынында,
жемсауында, кеудесінде, иығында, арқасында сəн қауырсындары болады.
Сəн қауырсындары: кейбірінде өте ұзын, айырланған немесе таспа
тəрізді. Сəн қауырсындары қыста түсіп қалады. Жас құстардың реңдері
ересектерінен айрықша. Кейбір түрлерінің еркектері мен ұрғашыларының
реңдері əртүрлі (кішкене көлбұқада).
Құтандар тұқымдасына он төрт туыс кіреді: Ardea, Agamia, Ardeola6
botaurus, Bubulcus, Butorides, Egretta, Gorsachius, Hygranassa (Melanophoyx),
Ixobrychus, Nyctanassa, Nycticorax, Tigrosoma, Zebrilus. Олар алпыс екі түрге
біріккен.
Қазақстанда құтандардың жеті туысының түрлері кездеседі.
Құтандар туысы
Род Цапля
Ardea Linnaeus, 1758
Бұл туысқа бүкіл құрлыққа кең тараған он бір ірі құс түрі кіреді.
Құстардың бастарында, желкелерінде жəне кеуделерінде ұзын сəн
қауырсындары бар.
Жоғарғы жақтарының иегінде артқа қараған ара тəрізді тістері бар.
Қазақстанда екі түрі мекендейді.
Көк құтан
Серая цапля
А. cinerea Linnaeus, 1758
Еуразияда жəне Африкада өте кең тараған. Еуразияда солтүстікке қарай
Скандинавия аралдарының ортасына дейін, Оңтүстік Финляндияда, Санкт-
Петербургта, Вологдада, Каманың жоғары жағында, Ертіс жағасында,
Ашинскіде, Ленаның жоғарғы жағында, Амур өзені аймағында, Сақада –
Мге, Алдан жəне Мая бойында кездеседі. Оңтүстіккке қарай Еуропа мен
Азияның барлық жерінде кездеседі. Африканың бүкіл құрлығында
кездескенімен сирек ұялайды. Мадагаскарда да солай. Солтүстіктегі жыл
құстары. Орта Азиялықтары отырықшы құстар. Оңтүстіктегі құстар
жергілікті құстар.
Төрт түршесі кездеседі.
Қазақстанда соның бірі – A. c. cinerea (10.1-cурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар, ал оңтүстік аудандарда қыстайды.
Еліміздің тегістіктерінің барлық сулы-батпақ алқаптарында кең
тараған.
49
Түркістанның
жəне
Шымкенттің
оңтүстігінде қыстайды.
Əдетте төрт-бес, кейде он жұмыртқа
салады.
Балапандарының
шығыны
46,0%.
Жылына бір рет жұмыртқалайды. Ұялары
қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Құстар судағы жəне жердегі жануар
тектес азықтармен (жəндіктермен, шабақпен,
құрбақамен жəне шөмішбастармен, кесіртке
жəне
жыландармен,
тышқан
тəрізді
кеміргіштермен, саршұнақтармен) қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
10.1-cурет. Көк құтан.
Қошқыл құтан
Рыжая цапля
A. purpurea Linnaeus, 1766
Негізінен тропикалық құстар. Бүкіл Африкада, Үндістанда, Үнді-
Қытайда, Зонд жəне Филиппин аралдарында, Шығыс Қытайда жəне одан əрі
солтүстікке қарай Уссурия өлкесінде тараған. Еуропада Пиреней
шығанағында, Оңтүстік Францияда, Австрияда, Венгрияда, Балкан
шығанағында, Украинада, Кавказда жəне Еділдің төменгі жағында ұялайды.
Сондай-ақ, Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азияда тараған.
Солтүстікте ұялайды. Оңтүстікте қыстайды.
Үш түршесі кездеседі.
Қазақстанда соның бірі – A. p. purpurea (10.2-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Қазақстанның оңтүстік бөлігінің сулы-
батпақты алқаптарында ұялайды жəне кездеседі.
Солтүстікке қарай Қамыс-Самар көлдерінен,
Торғай өзенінің төменгі жағынан, Қорғалжын
көлдерінен
жəне
Іленің
атырауларынан
кездестіруге болады. Бірлі-жарымдары Ертісте
жəне Батыс Тянь-Шаньның төменгі жағында
кездеседі.
Əдетте төрт-бес, кейде екі-сегіз жұмыртқа
салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер
ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Майда балықтармен, сондай-ақ бақалармен,
10.2-сурет. Қошқыл
құтан.
50
кесірткелермен, жыландармен, су жəне жер жəндіктерімен (кейде
кеміргіштерді де жейді) қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Көлбұқалар туысы
Род Выпь
Botaurus Stephens, 1819
Көлбұқалардың төрт түрі бүкіл құрлықта тараған.
Қазақстанда тек бір түрі кездеседі.
Үлкен көлбұқа
Большая выпь
B. stellaris (Linnaeus, 1758)
Ұялайтын құс ретінде Еуразияда, Британия аралдарының оңтүстік-
шығыс бөлігінен Испанияға дейін, батысында Сахалинге жəне шығысында
Жапонияға дейін тараған. Оңтүстікте Жерорта теңізіне, Палестинаға, Тигр
жəне Евфрат өзендерінің төменгі жағына, Қашғарияға, Жоңғарияға,
Монғолияға, Сары өзеннің солтүстігіне, Кореяға, Жапонияға, сондай-ақ Кіші
Африкаға жəне Кап жеріне жеткен. Еуропаға жəне Азияға ұя салуға келіп
қайтатын құстар. Жерорта теңізінің жағалауларында, Қара жəне Каспий
теңіздерінде, Орта Азияда, Африканың көпшілік жерлерінде, Үндістанда,
Бирмада жəне Оңтүстік-Шығыс Қытайда қыстайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – B. s. stellaris (10.3-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Аздағаны Бəйгеқұмның, Түркістанның жəне
Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Қазақстанның
тегістіктерінің барлық сулы-батпақты алқаптарын-да
ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық жерден
көруге болады. Əдетте бес-алты, кейде үш-жеті
жұмыртқа салады.
Балапандарының
шығыны
63,0%.
Ұядан
балапандардың тек 56,0% ғана қанатына көтеріледі.
Ұяларының қирауы 38,0%. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Шабақтармен, бақалармен, шөмішбастармен, су
жəндіктерімен, құрттармен, майда сүтқоректілермен,
балапандармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
10.3-сурет.Үлкен
көлбұқа.
51
Кішкене көлбұқалар туысы
Род Волчок
Ixobrychus Billberg, 1828
Тропикалық жəне субтропикалық елдерде тараған майда құстар. Тек
кейбір түрлері қоңыржай аймақтың оңтүстік бөлігіне енген. Еркектері мен
ұрғашыларының реңдері əртүрлі.
Қазақстанда тек бір түрі кездеседі.
Кішкене көлбұқа
Малая выпь
I. minutus (Linnaeus, 1758)
Скандинавия, Финляндия, Дания жəне Британия аралдарынан басқа
барлық Еуропа елдерінде ұялайды. Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азияда,
Солтүстік-БатысҮндістанда,
Оңтүстік-Батыс
Сібірде,
Африкада,
Мадагаскарда, Австралияның оңтүстік бөлігінде, Жаңа Зеландияда кездеседі.
Еуропада ұялайды. Африкада, Оңтүстік Иранда жəне Пəкістанда
қыстайды.
Бес түршесі бар.Қазақстанда соның бірі – I. m. minutus (10.4-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның
тегістіктерінің
сулы-
батпақты алқаптарында жаппай ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды Жайықтан,
Наурызымнан,
Қорғалжыннан,
Семейден,
Зайсаннан, Ертістің жайылмаларынан көруге
болады.
Əдетте
бес-алты,
кейде
төрт-тоғыз
жұмыртқа
салады.
Жылына
бір
рет
жұмыртқалайды.
Су
жəндіктерімен
жəне
олардың
дернəсілдерімен, құрттармен, моллюскалармен,
шабақтармен, бақалармен, шөмішбастармен,
құстардың
жұмыртқаларымен
жəне
балапандарымен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
10.4-сурет. Кішкене
көлбұқа.
52
Бақылдақтар туысы
Род Кваква
Nycticorax Forster, 1817
Төрт түрі бүкіл құрлыққа тараған. Қазақстанда бір түрі кездеседі.
Бақылдақ құтан
Кваква
N. nycticorax (Linnaeus, 1758)
Өте кең тараған. Оңтүстік Америкада жəне Солтүстік Амерканың
оңтүстігінде, Африкада жəне Еуразияда (Жерорта теңіздерінің жəне Дунай
жағалауы елдерінде, Украинаныңоңтүстігінде, Кавказда, Еділдің төменгі
жағында, Азияның оңтүстік бөлігінде, Аравияда, Үндістанда, Үнді-Қытайда,
Зонд жəне Филиппин аралдарында, Қытайда, Кореяда, Жапонияда, Кіші,
Алдыңғы жəне Орта Азияда) ұялайды.
Солтүстік түрлері ғана ұялауға ұшып келеді.
Африкада қыстайды.
Төрт түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – N. n. nycticorax (10.5-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде,
солтүстікке қарай Жайықтың, Торғайдың
төменгі жағында, Қорғалжынның, Балқаш-
Алакөл ойпаты мен Зайсанның ағашты-
бұталы,
сулы-батпақты
алқаптарында
ұялайды жəне кездеседі.
Көбінесе
төрт,
кейде
екі-бес
жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда
олар қайта жұмыртқалайды.
10.5-сурет. Бақылдақ
құтан.
Негізінен
балықтармен
жəне
бақалармен
қоректенеді.
Су
егеуқұрықтарын, ірі жəндіктерді жəне өсімдік ұрықтарымен де қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Үрпекті құтандар туысы
Род Косматая цапля
Ardeola Boie, 1822
Бұл туысқа онша үлкен емес, мойындары қысқалау құтандар жатады.
Осы туысқа кіретін бес түрі негізінен Азия мен Африканың ыстық
бөлігінде тараған.
Қазақтанда тек бір түрі ғана кездеседі (10.6-сурет).
53
Сары құтан
Желтая цапля
A. ralloides (Scopoli, 1769)
Еуразияда жəне Африкада (Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан
Еуропа жəне Африка елдерінде, Дунайды жағалай орналасқан елдерде,
Украинаның оңтүстігінде, Кавказда, Каспийдіңжағалауларында, Кіші,
Алдыңғы жəне Орта Азияда, Африканың басым бөлігінде жəне
Мадагаскарда) ұялайды.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Жайықтың, Сырдарияның төменгі жағында,
Каспийдің солтүстік жағалауларының сулы-
батпақты алқаптарында ұялайды.
Кездейсоқ
Наурызымда,
Ырғыз
атырауларында, Темірде, Сорбұлақта көрінген.
Əдетте төрт-бес, кейде төрт-жеті жұмыртқа
салады.
Балапандарының шығыны 40,0%-ға жетеді.
Ұяларының қирауы 44,0%.
Негізінен балықтармен, бақалармен, су
жəне жер бетінің жəндіктерімен қоректенеді.
Қазақстанның
Қызыл
Кітабына
енгізілген.
10.6-сурет. Сары
құтан.
Мысыр құтандары туысы
Род Египетская цапля
Bubulcus Bonaparte, 1855
Бұл туысқа тек бір ғана түр кіреді.
Сарықұйрық құтан
Египетская цапля
B. ibis (Linnaeus, 1758)
Тропикалық жəне субтропикалық құстар, тек кейбір жерлерде
солтүстік
кеңістікке
тарайды.
Олар
Азияда
жəне
Африкада
(Жапонияныңоңтүстігінде, Филиппин жəне Зонд аралдарында, Шығыс
Қытайда, Үнді-Қытайда, Үндістанда, Пəкістанда, Ауғанстанда, Иранда,
Оңтүстік-Батыс Түіркменстанда, Кавказда, Месопатияда, Оңтүстік-Батыс
54
Арабияда, бүкіл Оңтүстік жəне Солтүстік-Шығыс Африкада, Кіші Африкада
жəне Пиреней шығанағының оңтүстігінде) ұялайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – B. i. ibis (10.7-сурет).
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Жайық өзенінің атырауында ұялаған. Кездейсоқ Маңғыстау түбегінде
жəне Торғай өзенінің төменгі
жағында Шолақкөлде байқалған.
Əдетте төрт-бес, кейде үш-
тоғыз жұмыртқа салады. Жылына
бір рет жұмыртқалайды.
Омыртқасыздармен:
тік
қанаттылармен,
инеліктермен,
соналармен, су қоңыздарымен жəне
олардың
дернəсілдерімен,
өрмекшілермен,
бұзаубастармен,
моллюскалармен
қоректенеді.
Балықтарды да жейді.
10.7-сурет. Сарықұйрық құтан.
Аққұтандар туысы
Род Белая цапля
Egretta Forster, 1817
Бұл туысқа ірі жəне орта мөлшерлі таза ақ қауырсынды құстар кіреді.
Бүкіл құрлықта, əсіресе тропикалық жəне субтропикалық елдерде кең
тараған.
Он екі түрі кездеседі.
Көктемге қарай ересек құстардыңарқасында ұзын, мықты, жіңішке
жəне өте əдемі қауырсындар өседі – ол қарқара (эгретка) деп аталады.
Көпшілік түрлерінде сəнді қауырсындар желкесінде жəне алқымында
болады.
Қазақстанда екі түрі кездеседі.
Үлкен аққұтан
Большая цапля
E. alba (Linnaeus, 1758)
Тропикалық жəне субтропикалық елдерде тараған, бірақ əр жерде
солтүстікке жəне оңтүстікке қарай алыс кеткен.
Америкада солтүстікке қарай АҚШ-тың оңтүстік бөлігіне жəне
оңтүстікке қарай Патагонияның солтүстік бөлігінде тараған.
Африкада оңтүстікте құрлық біткенше, Австралияда, Жаңа Зеландияда
тараған.
55
Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде (Австрияда, Венгрияда,
Словенияда, Албанияда, Болгарияда, Румынияда, Украинаның оңтүстігінде,
Кавказда, Еділдің атырауларында) ұялайды.
Азияда солтүстікке қарай Солтүстік-Батыс Монғолияда, Байкалдың
оңтүстігінде, Амурдың маңында жəне Сахалиннің оңтүстігінде ұялайды.
Солтүстіктегілер ұя салуға ұшып барады. Тропикалық құстар
жергіліктілер.
Төрт түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – E. a. alba (10.8-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінің сулы-батпақты алқаптарында жəне
солтүстікке қарай Күршім су қоймасында, Ойылдың төменгі жағында,
Наурызым қорығында, Қорғалжын көлдерінде, Зайсанда ұялайды.
Қоныс аудару кезінде солтүстікке қарай
Ілекте жəне Павлодарда кездеседі.
Кездейсоқ Марқакөлде кездескен.
Кейде Арыс жəне Келес бастауларында
қыстайды.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-алты жұмыртқа
салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер
ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Балықтармен, су жəндіктерімен жəне
олардың дернəсілдерімен, тік қанаттылармен,
майда
сүтқоректілермен,
кейде
торғай
тəрізділердің балапандарымен қоректенеді.
Экологиялық жəне эстетикалық маңызы
бар.
10.8-сурет. Үлкен
аққұтан.
Кішкене құтан
Малая цапля
E. garzetta (Linnaeus, 1766)
Еуропаның оңтүстік бөлігінде (Испанияда, Францияның оңтүстігінде,
Италияның солтүстігінде, Венгрияда, Словенияда, Болгарияда, Румынияда,
Украинаның оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Кавказда жəне Еділдің төменгі
жағында), Азияның оңтүстік бөлігінде (Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азияда,
Үндістанда, Үнді-Қытайда, Оңтүстік Қытайда, Жапонияда, Зонд жəне
Филиппин аралдарында), ЖаңаГвинеяда жəне Австралияның солтүстік
бөлігінде, Африканың кейбір жерлерінде (Ніл атырауларында, Жасыл мүйіс
аралдарында, Виктория көлінде, Мадагаскарда жəне оған жататын аралдарда)
ұялайды.
Еуропа мен Орта Азияның солтүстігінде мекендейтін құстар ұялауға
ұшып кетеді.
56
Бұл құстар Жерорта теңізінің жағалауларында жəне Үндістанда
қыстайды.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі - E. g. garzetta.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Каспийдің солтүстік жағалауларында, Еділ мен Жайықтың аралығында
ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды Маңғыстаудың сулы-батпақты
алқаптарынан көруге болады.
Кездейсоқ Батыс Қазақстанда, Күршім бойында, Сырдарияның
атырауларында, Алакөлде, Арыстың жоғарғы жағында кездескен.
Əдетте бес, кейде үш-алты жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Шабақтармен, бақалармен, əртүрлі су жəне жер беті жəндіктерімен
жəне олардың дернəсілдерімен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Тырнақұтандар тұқымдасы
Семейство Ибисовые
Threskiornithidae
Ішкі құрылыстары ұқсас батпақ жəне су маңы құстары. Сыртқы
пішіндері бойынша екі тұқымдас тармағына бөлінеді – жалбағайлар жəне
қарабайлар.
Жалбағайлар жиырма төрт түрден тұратын он жеті туысқа біріккен:
Threskiornis, Bostrychia, Cercibis, Eudocimus, Geronticus, Hagedashia,
Harpiprion, Lampribis, Lophotibis, Mesembrinibis, Nipponia, Phimosus, Platibis,
Plegadis, Pseudibis, Thaumatibis, Theristricus).
Қарабайлар алты түрден тұратын екі туысқа біріккен: Platalea, Ajaja.
Жалбағайлар дене тұрқы бойынша құтандарға немесе лейліктерге
ұқсайды. Аяқтары жəне мойындары ұзын, бірақ тұмсықтары жалпақ, ұшына
қарай кеңейген күрекке ұқсас.
Қарабайлар жерге жақындау, аяқтары қысқалау, тұмсықтары төменге
иілген, жалпаймаған.
Тұқымдастықта отызға жуық түр бар, көпшілігі тропикалық жəне
субтропикалық елдерде тараған.
Қазақстанда əр тұқымдас тармағының бір бірден түрлері бар.
Жалбағайлар туысы
Род Колпица
Platalea Linnaeus, 1758
Бұл туыстың төрт түрі, Қазақстанда соның біреуі ғана бар.
57
Жалбағай
Кольпица
P. leucorodia Linnaeus, 1758
Қытайда, солтүстікке қарай Амурға дейін, Монғолияда, Үндістанда,
бүкіл Алдыңғы, Орта жəне Кіші Азияда, Солтүстік-Шығыс Африкада, Дон
мен Еділ арасындағы далада, Дунайдың алаптарында ұялайды.
Испанияның оңтүстігінде жəне Голландияның жекеленген жерлерінде
ұялары кездеседі.
Оңтүстік Қытайда, Үндістанда жəне Африкада қыстайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі - P. l. leucorodia (10.9-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның тегістіктеріндегі сулы-батпақты алқаптарда, солтүстікке
қарай Ілектің төменгі жағына, Наурызым қорығында, Қорғалжын көлдерінде,
Зайсанда ұялайды жəне кездеседі.
Қоныс аудару кезінде Ертістің бойымен Семейге дейін көруге болады.
Кездейсоқ Семейде, Өскеменде, Павлодарда, Марқакөлде кездескен.
Əдетте үш-төрт, кейде үш-жеті жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 96,0%
балапан шығады. Балапандардың шығыны 30,0%.
Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары
қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Су
жəндіктерімен
(сүңгуірлермен,
қалытқылармен) жəне олардың дернəсілдерімен
(сонымен бірге масалардың дернəсілдерімен), аз
мөлшерде
моллюскалармен,
шабақтармен,
бақалармен жəне олардың шөмішбастарымен
қоректенеді.
Қазақстанның
Қызыл
Кітабына
енгізілген.
10.9-сурет. Жалбағай.
Қарабайлар туысы
Род Каравайка
Plegadis Kaup, 1842
Бұл туысқа екі түр кіреді, соның бірі Қазақстанда кездеседі.
58
Қарабай
Каравайка
P. falcinellus (Linnaeus, 1766)
Солтүстік Америкада (Флоридада, Луизианада, Орегонада, Ютада,
содан əрі оңтүстікке қарайМексиканың оңтүстік бөлігіне жəне Жаңа Үнді
аралына дейін); Оңтүстік Америкада Перу, Бразилиядан Аргентинаға дейін;
Африкада, Тунисте жəне Мадагаскарда; бүкіл Австралияда; Еуропада
Испания мен Францияның оңтүстігінде, Италияның солтүстік-батысында,
Дунай жəне Балкан елдерінде, Украинаның оңтүстігінде, Кавказда жəне
Еділдің төменгі жағында; Азияда: Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азияда,
Пəкістанда, Үндістанда, Бирмада, Ява жəне Филиппин аралдарында тараған.
Еуропаның жəне Азияның солтүстігінде ұялайтын қарабайлардың
қыстауы Африкада жəне Үндістанда.
Түршелері жоқ (10.10-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Каспийдің солтүстігінде (Еділ мен Жайықтың арасындағы сулы-
батпақты алқаптарда, Жайықтың жоғары жағында, Ырғыз бен Торғай
өзендерінің төменгі жағында) ұялайды.
Ұшып бара жатқан жəне кездейсоқ құстар Маңғыстауда, Ілектің
төменгі жағында, Сырлдарья, Іле, Шу өзендерінің бойында кездеседі.
Əдетте
төрт,
кейде
үш-алты
жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Жəндіктермен
жəне
олардың
дернəсілдерімен, майда балықтармен,
шөмішбастармен,
өрмекшілермен,
моллюскалармен,
кейде
өсімдік
қабықтарымен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына
енгізілген.
10.10-сурет. Қарабай.
Дегелектер тұқымдасы
Семейство Аистовые
Ciconiidae
Ірі құстар. Салмағы 3-4 кг. Денесі жұмыртқа тəрізді. Мойыны ұзын.
Басында конус тəрізді тұмсығы бар. Тұмсығының ұзындығы басының
ұзындығымен бірдей. Аяғы ұзын. Төртсаусақты, оның артқы саусағы сəл
көтеріңкі. Тырнақтары қысқа, доғал. Қанаттары ұзын жəне жалпақ. Жақсы
қалқиды. Ұшу кезінде мойындарын тырналар тəрізді алдына шығарады.
59
Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ол олардың дыбыс жарғағының
жойылуында. Сондықтан олар дыбыс шығара алмайды. Бір бірімен тек
жақтарын шайқастыру арқылы хабарласады.
Шалғындарда, батпақтарда жəне тайыз су қоймаларында жайылады.
Қос мекенділермен, балықтармен жəне əртүрлі омыртқасыздармен
қоректенеді.
Адамдардың жайларында, ағашта, шыңдарда жəне құздарда ұялайды.
Тұқымдастықта он алты түр бар. Қазақстанда тек бір туысының
түрлері кездеседі.
Дегелектер немесе лейлектер туысы
Род Аисты
Ciconia Brisson, 1760
Туыстың екі түрі бар.
Ақ дегелек
Белый аист
C. ciconia (Linnaeus, 1758)
Ақ дегелектердің таралуы ерекше. Олар Батыс Еуропаның басым
көпшілігінде (Англияда, Норвегияда, Финляндияда, Швецияның басым
бөлігінде кездеспейді), шығысқа қарай Псков, Орел, Харьковке дейін, Кіші
Африкада жəне Алдыңғы Азияда, Орта Азияның басым аумағында жəне
Қашғарияда ұялайды. Содан кейін үзіліс жасап, олар Амурдың төменгі
жағында, Приморье аймағында, Шығыс Маньчжурияда, Солтүстік Кореяда
жəне Жапонияда ұялайды.
Еуропада жəне Батыс Азияда ұялайтын құстар Африкада қыстайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – C. c. asiatica (10.11-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Оңтүстік
Қазақстанда
солтүстікке қарай Түркістанға дейін,
шығысқа қарай Меркіге дейін ұялайды.
Кездейсоқ
Мұғалжарда,
Ұланбелде,
Аңдысай
қорығында,
Қапшағай су қоймасында кездескен.
Адамдардың мекендеріне жақын
кең шалғындарда, батпақтарда жəне
үлкен
ағаштары
бар
жерлерде
қоныстанады.
10.11-сурет. Ақ дегелек.
Əдетте төрт, кейде екі-бес жұмыртқа салады. Жұмыртқадан
балапандардың шығуы 87,0%. Балапандардың шығыны 40,0%. Жылына бір
рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
60
Бақалармен, балықтармен, тыш-қандармен, кесірткелермен, жəндіктер-
мен (соның ішінде шекірткелермен) қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қара дегелек
Черный аист
C. nigra (Linnaeus, 1758)
Батыста Оңтүстік Швециядан, Германиядан Балқан түбегіне дейін,
шығыста Сахалинге дейін ұялайды. Ұялаудың солтүстік шекарасы Санкт-
Петербургтен, Вологдадан, Кировтан,Оралдан 61º-тан, Нарым өлкесінен,
Түнгіс сағасынан, Сақадан, Амур сағасынан өтеді. Оңтүстікке қарай Кіші,
Алдыңғы жəне Орта Азияда, Қытайдың жəне Уссурия өлкесінің солтүстік
бөлігінде ұялайды. Пиреней шығанағының оңтүстігінде жекеленген ұялары
белгілі.
Олар Африкада, Үндістанда жəне Оңтүстік-Шығыс Қытайда қыстайды.
Түршелері жоқ (10.12-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Тянь-Шанда, Жетісі Алатауында, Сауырда,
Тарбағатайда, Алтайда, Монрақта, Сарыарқада
жəне Мұғалжарда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық
жерден көруге болады.
Сулы-батпақты
алқаптардың
маңында
мекендейді.
Ұшып бара жатып, ашық сулы-батпақты
алқаптарға қонақтайды.
Əдетте бес, кейде екі-алты жұмыртқа салады.
Ұядан 3-4 балапан қанатына көтеріледі.
10.12-сурет. Қара
дегелек.
Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Балықтармен, жəндіктермен, бақалармен, кейде кеміргіштермен жəне
майда құстардың балапандарымен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Лейліктер қандай экологиялық топқа жатады? Олардың қорек табу
жолдары қандай? Лейліктер əлемде қалай таралған? Лейліктердің
ерекшелік белгісін анықта. Олардың маңызын ата.
2. Лейліктер қанша рет жəне қашан түлейді? Олардың қанша тұқымдасы,
туысы жəне түрі бар? Лейліктердің Қазақстанда қанша тұқымдасы,
туысы жəне түрі кездеседі?
61
3. Құтандардың ерекшелігін тап. Олар əлемде қалай таралған?
4. Ал көк құтандар əлемде қалай таралған? Көк құтандардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Көк құтан
немен қоректенеді?
5. Қошқыл құтандар əлемде қалай таралған? Қошқыл құтандардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
6. Көлбұқалар əлемде қалай таралған?
7. Үлкен көлбұқалар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Үлкен көлбұқалар Қазақстанда қалай таралған? Олар
немен қоректенеді?
8. Кішкене көлбұқалар əлемде қалай таралған? Кішкене көлбұқалардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
9. Кішкене көлбұқалар немен қоректенеді?
10. Бақылдақтар əлемде қалай таралған? Бақылдақ құтандар əлемде қалай
таралған? Бақылдақ құтандардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай?
Олар Қазақстанда қалай таралған? Бақылдақ құтандар немен
қоректенеді?
11. Үрпекті құтандар əлемде қалай таралған?
12. Сары құтан əлемде қалай таралған? Сары құтандардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Сары
құтандар немен қоректенеді?
13. Аққұтандар əлемде қалай таралған? Олардың ерекшеліктерін тап.
Үлкен аққұтандар əлемде қалай таралған? Үлкен аққұтандардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
Үлкен аққұтандар немен қоректенеді?
14. Кішкене құтандар əлемде қалай таралған? Кішкене құтандардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
Кішкене құтандар немен қоректенеді?
15. Тырнақұтандар əлемде қалай таралған? Олардың ерекшеліктерін тап.
16. Жалбағайлар əлемде қалай таралған? Жалбағайлардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
Жалбағайлар немен қоректенеді?
17. Қарабайлар əлемде қалай таралған? Қарабайлардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Қарабайлар Қазақстанда қалай таралған? Қарабайлар
немен қоректенеді?
18. Дегелектердің ерекшеліктерін тап.
19. Ақ дегелектер əлемде қалай таралған? Ақ дегелектердің Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Ақ
дегелектер немен қоректенеді?
20. Қара дегелектер əлемде қалай таралған? Қара дегелектердің
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
Қара дегелек құтандар немен қоректенеді?
62
11. ҚОҚИҚАЗ ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - ОТРЯД
ФЛАМИНГООБРАЗНЫЕ - PHOENICOPTERIFORMES
Өте ұзын мойынды жəне ұзын аяқты ірі құстар.
Алдыңғы саусақтары жақсы дамыған жəне жарғақпен біріккен.
Тұмсығы үлкен, орта шенінен төменге қарай иілген; жақтарының
иегінде мүйізді тақтайшалар жəне тісшелер орналасқан, қаз тəрізділер
сияқты, мұндай сүзгі құрылғы судан əртүрлі майда омыртқасыздарды
аулауға мүмкіндік береді. Мысалы, шаяндар қоқиқаздардың негізгі азығы
болып келеді.
Қанаттары қысқалау жəне доғал, сондықтан қоқиқаздар тек үдемелі
түрде ұша алады. Дегелектер сияқты қалықтай алмайды.
Құйрықтары да қысқа, ортаңғы бағыттауыш жұбы басқаларынан
ұзындау.
Қоқиқаздардың көпшілігі Американың, Африканың жəне Еуразияның
тропикалық жəне субтропикалық елдерінде тұрақты мекендейді. Тек бір түрі
ғана Азияның солтүстігіне 50º30´ ендікке қарай тараған. Одан əрі өтетіндері
ұя салуға барып қайтатындары.
Қоқиқаздар тайыз тұзды көлдерде жəне теңіздің тайыз жерлеріне
қоныстайды.
Күндізгі құстар.
Жерде жəне тайыз суда əдетте жай қозғалады, бірақ қажетті жағдайда
тез жүгіруі мүмкін.
Суда, көбінесе бір аяғымен тұрады. Жақсы жəне жеңіл жүзеді.
Жерден, тайыз судан, судан жеңіл көтеріледі.
Ұшқан кезде мойынын жəне аяғын бір сызықта ұстайды.
Моногамдар. Ұяларын тайыз тұзды көлдерде немесе теңіз
жағалауларына тұрғызады. Ұялары кесілген конус тəрізді. Тобырымен
ұялайды.
Бір немесе екі, кейде үш жұмыртқа салады. Жұмыртқа басуға жəне
балапандарды өргізуге ата-аналары бірдей қатысады. Ширақ балапанды
құстар. Балапандары құрғасымен ұяларынан шыға алады. Жұмыртқадан
шыққан балапандардың тұмсығы тік келеді. Екінші аптадан олардың
тұмсықтары иіле бастайды. Сол мезеттен, олар ересектерше қоректене алады.
Алғашқы айында балапандардың жамылғысы ақ түсті болып келеді.
Содан кейін сұр реңге ауысады. Қыс айларында олар түлей бастайды. Түлеу
жазда аяқталады. Кəрі құстар жылына бір рет, ұялау кезеңі біткен соң
түлейді. Жамылғы қауырсындары біртіндеп ауысады, ал желпуіш
қауырсындары бір мезгілде ауысады. Бұл кезде құстар ұша алмай қалады. Ол
кез жаздың соңы.
Қоқиқаздардың оншалықты маңызы жоқ. Өте əдемі жəне ерекше
құстар болғандықтан оларды қорғауға алу керек.
63
Қоқиқаз тəрізділердің тек бір ғана тұқымдасы бар.
Қоқиқаздар тұқымдасы
Семейство Фламинговые
Phoenicopteridae
Қоқиқаздар тұқымдасы үш туыстан тұрады. Қазақстанда соның бірі
кездеседі.
Қоқиқаздар туысы
Род Фламинго
Phoenicopterus Linnaeus, 1758
Бұл туыстың біздің фаунамызда тек бір түрі кездеседі.
Қоқиқаз
Обыкновенный фламинго
Ph. roseus Pallas, 1811
Қоқиқаздардың таралуы үзік-үзік болып келеді. Олар Африка
жағалауларында экватордан оңтүстікке қарай Жасыл мүйіс аралдарында,
Тунисте жəне төменгі Мысырда ұялайды. Еуропада Оңтүстік Испанияда
жəне Францияда Ронның төменгі жағында ұялағаны белгілі. Азияда
Үндістанда, Цейлонда, Парсы шығанағында, Түркияда ұялайды. Аталған
елдерде тұрақты мекендейді.
Түршелері жоқ (11.1-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Орталық Қазақстанның үзік-үзік жерлерінде (Жаманкөлде, Шалқар-
Теңізде, Ащытастысорда, Теңізде), сондай-ақ, Каспийде Өлі қолтық
шығанағында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды бүкіл тегістік алқаптардан көруге болады.
Кейде Батыс Тянь-Шаньның алқымдарында кездеседі.
Ащы-тұзды су қоймаларында орналасады. Əр топта ұялау сəттілігі
19,0-48,0%.
Майда омыртқасыздармен (шаян тəрізділермен, қос қанаттылардың
дернəсілдерімен,
моллюскалармен),
балдырлармен,
шалаңдардың
ұрықтарымен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
64
11.1-сурет. Қоқиқаздар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қоқиқаздар қандай экологиялық топқа жатады? Олар əлемде қалай
таралған?
2. Қоқиқаздардың ерекшелік белгісін анықта. Олардың маңызын ата.
3. Қоқиқаздардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі бар?
4. Олардың Қазақстанда қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі кездеседі?
5. Қоқиқаздың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
6. Қоқиқаздар немен қоректенеді?
65
12. ҚАЗ ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - ОТРЯД ГУСЕОБРАЗНЫЕ -
ANSERIFORMES
Өте ірі (Аққу) немесе орташа (Шүрегей) мөлшерлі су құстары.
Мойындары ұзын. Аяқтары қысқа, жүзетін жарғақтары бар.
Тұмсықтары орташа ұзындықты, тік; көпшілігінде жалпайған;
кейбірінде ұшына қарай жіңішкереді немесе кеңейеді.
Үстіңгі жəне астыңғы жақтарының иегінде мүйізді тақшалар немесе
тісшелер орналасқан. Жоғарғы жақтың ұшында қатты «тырнақ» бар.
Қауырсындануы қалың, тығыз.
Мамықтары қалың бүкіл денесін жабады.
Қанаттары орташа мөлшерлі, ұшталған.
Əдетте құйрықтары қысқа, тек кейбірінде орташа ұзындықта.
Түстері əртүрлі: кейбірі ақ; енді бірі сұрша-қоңыр; көпшілігінде ашық
көкшіл түсті бөліктері бар; жеке түрлері күңгірт-қара түсті.
Кейбір түрлерінің басында ұзарған қауырсындардан құралған
айдарлары бар; көбінесе иық жəне ішкі желпуіш қауырсындары ұзарған.
Қазақстандағы үйректердің еркектері мен ұрғашыларының түстері
əртүрлі. Керісінше тропикалық үйректердің ата-анасының түстерінде
айырмашылық болмайды. Елімізде кездесетін қаздар мен аққулардың
жұптарының түстері бірдей. Барлығының еркектері ұрғашыларынан ірі.
Қораздарының еркектік мүшелері бар.
Бұлардың өмірі суға тығыз байланысты. Жақсы жүзеді. Көпшілігі
жақсы сүңгиді; кейбірі су астында үш минутқа дейін бола алады жəне үлкен
тереңдікке батады. Су астында аяғымен жылжиды, кейбірі қанаттарымен
еседі. Көпшілігі мойынын созып, денесінің алдыңғы бөлігін суға батырып,
тайыз лайдан азықтарын табады.
Олар жерде əртүрлі қозғалады. Қаздар мен қарашақаздар орташа
жүреді, тез жүгіреді; басқаларының жүрістері ауыр, шайқалып жүреді.
Үздіксіз қанат қағу арқылы көпшілігінің ұшуы тез. Ұшқан кезде əр
құстың қанаттары өздігінше ерекше дыбыс шығарады. Тек кейбірі ұша
алмайды деуге болады (Nesonetta auclandica), ал бір түрі – Патагониялық
кеме-үйрек – мүлдем ұша алмайды, себебі олардың қанаттары қысқарған.
Азықтары əртүрлі. Жақсы сүңгитіндері майда балықтармен немесе су
астындағы моллюскалармен қоректенеді. Көпшілігі аралас азықпен (тайыз
сулардан алып) қоректенеді. Қаздар негізінен су жағаларындағы немесе жер
бетіндегі өсімдіктермен қоректенеді.
Сұр қаздар мен аққулар тұрақты жұп құрады. Көпшілігі тек шағылысу
кезінде ғана жұптасады. Жұмыртқа салып біткен соң еркектері ұрғашыларын
тастап кетеді. Олар жұмыртқа басуға жəне балапан өргізуге қатыспайды.
Ысылдақ шүрегейлерде нағыз полигамдық байқалады. Бірақ елімізде
менкендейтін үйректердің еркектері басқа жұптардың ұрғашыларымен, кейде
тіптен басқа түрдің ұрғашыларымен шағылысады. Барылдауық үйрек пен
66
ысылдақ шүрегейдің, барылдауық үйрек пен бізқұйрық үйректің, бізқұйрық
үйрек пен ысылдақ шүрегейдің, ысылдақ шүрегей мен сарыайдар үйректің,
ысылдақ шүрегей мен қоңыр үйректің, барылдауық үйрек пен қызылтұмсық
сүңгуірдің, көк сүңгуір мен алакөз сүңгуірдің будандары белгілі.
Көбінесе жеке жұптарымен ұялайды, кейде – тобырымен. Ұяларын жер
бетіне, тайыз суға, қамысқа, жүзінді лабазға, ағаштағы кеуекке, құздағы
індерге, шыңдарға тұрғызады. Бірақ, əр кезде суға жақын жерде
орналастырады.
Көпшілігі алты-он, кейбірі он бес жəне аздаған түрлері бестен кем
жұмыртқа салады.
Жұмыртқалары бір түсті ақ немесе сəл жасылдау жəне қоңырлау-
ақшыл.
Жұмыртқа басу жиырма күннен қырық күнге дейін, көпшілігінде
жиырма бес күн.
Балапандар жұмыртқадан шыға салысымен, кепкен соң, жүгіруге жəне
жүзуге мүмкіндігі бар. Əдетте олар ұяны екінші күні тастайды.
Балапандар азықты өздері табады, бірақ анасы немесе атасы оларға
қамқорлық көрсетеді; қатерлі жағдайда оларды қорғайды. Бір ұяның
балапандары қанаттарына көтерілгенше бірге болады.
Орташа құстардың балапандары екі-екі жарым айда, ірілерінікі – үш-
үш жарым-төрт айда жетіледі; көпшілігі екінші жəне үшінші жылы жетіледі;
ал кейбір түрлері тек төртінші жылы жетіледі.
Түлеу əр түрінде əртүрлі жағдайда өтеді. Көпшілігінде желпуіш
қауырсындары бірге түседі, ал олардың орнына жаңа қауырсындар үш
аптадан кейін шығады. Бұл кезде олар ұшу қабілеттілігінен айырылады.
Ұрғашылары балапан шығару кезінде түлейді, ал балапан шығаруға
қатыспаған еркектері өз алдына түлейді. Ол үшін олар ұялау аймағынан
түлеу аймағына үлкен тобыр болып ұшып кетеді. Түлейтін еркектердің
жиналатын жері Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі жəне Қазақстанның
солтүстігіндегі орманды дала жəне далалардағы су қоймалары (Ырғыз жəне
Торғай өзендерінің төменгі жағындағы көлдер, Қорғалжын, Павлодардың
солтүстігіндегі көлдер жəне Еділдің атыраулары).
Қаздар жəне үйректер қамыстарда, ал сүңгуірлер, сусылдақтар,
тұрпандар жəне италақаздар, керісінше, ашық тұзды көлдерде түлейді.
Қазақстанда мекендейтін қаз, қарашақаз, аққу, сарыалақаз жəне
отүйрек жылына бір рет, ал көпшілік үйректер, керісінше, жылына екі рет
түлейді. Бұл кезде ұрғашыларының түсі барлық мезгілде бірдей, ал
еркектерінің түсі екі кезеңде де өзгереді.
Қаз тəрізділердің аңшылық нысанасы ретінде маңызы зор. Бұлардың
еті жеуге жарамды, көпшілігінің сапасы жақсы жəне өте жақсы (мысалы,
шүрегейдікі, барылдауық үйректікі жəне т.б.).
Қаз тəрізділерді аулау негізінен мылтықпен жүргізіледі; аулаудың
басқа да түрлері бар.
67
Барлығының қауырсындарының жəне мамығының сапалары жоғары:
жеңіл, жылы, серпімді жəне бір-біріне жабыспайды. Осы құстардың ішінде
əсіресе сарыалақаздың жəне отүйректің мамықтары өте жақсы.
Аққулардың мамық жүнді терісі өте жоғары бағаланады. Оның
жеңілдігі жəне жұмсақтығы тігін материалдары ретінде жақсы қолданылады.
Қазақстанда кейінгі кезде қаз тəрізділердің саны онша өспеуде. Оның
негізгі себебі түлеу кезінде оларды жаппай аулау, ересек жəне есейген
балапандарды тұзақпен аулау, былайша айытқанда шексіз қасақылық. Оны
болдырмау үшін аңшылық шаруашылықтарында олардың қорын қорғау,
қасақылармен күресу жəне тиімді аулау мерзімін табу керек.
Аңшылық нысаналығынан басқа олардың үй құстарының шыққан тегі
ретінде маңызы бар. Барылдауық үйректен үй үйректері, сұр қаздан –
қаздардың көптеген тұқымдары, қытай қазынан үй қаздарының кейбір
тұқымдары шыққан (12.1; 12.2; 12,3; 12.4; 12.5; 12.6; 12.7; 12.8; 12.9-
суреттер).
Пайдалары мен қоса зияны да бар. Егіс алқаптарында қаздар, кейбір
үйрек түрлері жайылып, үлкен зиян келтіреді.
Қаз тəрізділер отряды екі отряд тармағына бөлінеді: паламедеялар
(паламедеевые – Anhimae) жəне қаздар немесе тақтатұмсықтылар (гусиные,
или пластинчатоклювые – Anseres).
Қаздар бір ғана тұқымдастықтан тұрады.
12.1-сурет. Бежин қазы.
12.2-сурет. Псков қазы– Ақмаңдайлы
қаздардан шыққан.
12.3-сурет. Ірі сұр қаз.
12.4-сурет. Тула жауынгер қазы.
68
12.5-сурет. Оброшенск қазысы.
12.6-сурет. Украина сұр үйрегі.
12.7-сурет. Мускатты қаздар.
12.8-сурет. Холмогор қазы.
12.9-сурет. Горький қазы.
Үйректер тұқымдасы
Семейство Утиные
Anatidae
Қазақтандағы үйректер тұқымдасы он алты туысқа жататын қырық
түрден тұрады.
Кіші қарашақаздар туысы
Род Малые казарки
Branta Scopoli, 1769
Бұл туысқа Еуразияның жəне Американың тундраларында тараған бар
жоғы төрт түр жатады. Қазақстанда бұл туыстың тек бір түрі кездеседі.
Қарашақаз
69
Черная казарка
B. bernicla (Linnaeus, 1758)
Арктикада,
Мұзды
мұхиттың
Азиялық
жəне
Америкалық
жағалауларында жəне аралдарында ұялайды.
Қыста Азияда (Жапонияда жəне Орталық Қытайда), Америкада –
Тынық мұхит жағалауы мен Канададан Калифорнияға дейін, Атлант мұхиты
жағалауы мен оңтүстікке қарай Флоридаға дейін, Ұлы көл ауданында жəне
Миссисипи мен Еуропада Норвегия, Польша, Германия, Ұлыбритания
жағаларында жəне одан əрі Испанияға дейін кездеседі.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – B. b. bernicla (12.10-
сурет).
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Республикамыздың солтүстік аудандары көлдерінде, Зайсан ойпатын-
да, Селеті көлінде, Наурызымда
жəне Алматы шаhарының маң-
ындағы Сорбұлақ көлінде кез-
дейсоқ ұшып келгені байқалған.
Павлодар
облысының
көлдерінен тұрақты ұшып өтеді.
Шөптесін
өсімдіктермен
қоректенеді.
Əуесқой
аңшылық
нысаналары.
12.10-сурет. Қаражемсаулы қарашақаз.
Қызылжемсаулы қарашақаздар туысы
Род Краснозобые казарки
Rufibrenta Bonaparte, 1856
Бұл туыстың Қазақстанда тек бір түрі ғана кездеседі.
Қызылжемсаулы қарашақаз
Краснозобая казарка
R. ruficollis (Pallas, 1769)
Қызылжемсаулы қарашақаз тундра жəне орманды тундраның шектеулі
аудандарында ұялайды: батыста Ямал жəне Обь өзендерінің төменгі жағынан
шығыста Хатангаға дерлік.
Қыстау аудандары үлкен емес. Олар Каспий теңізінің оңтүстік
жағалауында жəне Иран иен Ирактың солтүстік-батыс бөлігінде қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.11-сурет).
70
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Ұшып бара жатқан құстарды
батыс, орталық, оңтүстік жəне
солтүстік
облыстардан
көруге
болады: Жайық өзенінің бойынан,
Еділ мен Жайықтың аралығынан,
Қорғалжын
мен
Наурызым
қорықтарынан, Сырдария бойынан,
Зайсан ойпатынан жəне Іле өзенінің
атырауларынан. Кездейсоқ Солтүстік
Үстүртте жəне Марқакөлге ұшып
келгені байқалған.
12.11-сурет. Қызылжемсаулы
қарашақаз
Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қаздар туысы
Род Гусь
Anser Brisson, 1760
Бұл туысқа Қазақстанда да кездесетін құстың төрт түрі кіреді.
Сұр қаз
Серый гусь
A. anser (Linnaeus, 1758)
Еуразияда (Сібірдің көпшілік бөлігінде, Орта жəне Алдыңғы Азияда:
Қашғарияда, Жоңғарияда, Монғолияда жəне Қытайдың солтүстік бөлігінде
ұялайды. Еуропада солтүстікке қарай Карелияда, Вологдада, Түмен
тундрасында, ал Сібірде Обь өзенінің төменгі жағында, Нарым өлкесінде,
Енесейдың 55º солтүстік кеңдігінде жəне осы кеңдік бойынша Уссурия
өлкесіне дейін) ұялайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.12-сурет).
Қазақстанда
ұялайтын
құстар
Республикамыздың
барлық
сулы-батпақты
аймақтарында
ұялайды. Тек сусыз жерлерде жəне
тау жоталарында кездеспейді.
Əдетте төрт-бес, кейде үш-он
жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Егер
ұялары
қираса, онда олар қайта жұмыртқа-
12.12-сурет. Сұр қаз.
лайды.
71
Тек өсімдік тектес азықтармен: су жəне жер бетіндегі өсімдіктермен
жəне олардың ұрықтарымен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Ақмаңдайлы қаз
Белолобый гусь
A. albifrons (Scopoli, 1769)
Ақмаңдайлы қаз Еуропа мен Солтүстік Американың тундраларында,
сондай-ақ, Мұзды мұхиттың көптеген аралдарында ұялайды.
Қыста Солтүстік Американың оңтүстігіне қарай Калифорниядан
Флоридаға дейін, Жапонияда жəне Қытайдың шығыс бөлігінде,
Ұлыбританияда, Польша, Германия, Голландия, Франция, Исландия жəне
Португалия жағалауларында, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде, Қара жəне
Азов теңіздерінде, Каспий теңізінің оңтүстігінде, Иракта, Иранда,
Пəкістанда, Үндістанда жəне Бирмада кездеседі. Бір бөлігі құрлықтың
ішінде, Орта Азияда қыстайды.
Төрт түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі - A. a. albifrons (12.13-
сурет).
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
Қоныс аудару кезеңінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығынан жəне
Каспий теңізінің жағалауынан шығысқа қарай Семей, Зайсан жəне
Шымкентке дейінгі кеңістікте кездеседі.
Əдетте бес, кейде үш-
жеті
жұмыртқа
салады.
Қыстайтын қауымдастықтың
28,0%-ын сол жылғы төл
құрайды. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Өсімдіктермен жəне олардың
ұрықтарымен, оның ішінде
астық тұқымдастықтармен,
12.13-сурет. Ақмаңдайлы қаз.
қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Шиқылдақ қаз
Пискулька
A. erythropus (Linnaeus, 1758)
Еуразия тундраларында ұялайды.
Балкан шығанағында, Кавказдың Оңтүстік-Шығысында жəне Оңтүстік-
Шығыс Қытай, Жапония жəне Корея жағалауларында қыстайды. Құстардың
бір бөлігі Германияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Францияда, Венгрияда
72
жəне басқа Еуропа елдерінде, Кіші жəне Алдыңғы Азияда жəне құстардың
бірнеше түрі Мысыр мен Үндістанда қыстайды. Кейбір жылдары
Турікменстанның Атрегінде қыстап қалады.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
Еділ мен Жайық өзендерінің аралығынан шығысқа қарай Семей,
Қарағанды жəне Түркістанға дейінгі сулы-батпақты алқаптарда мол
кездеседі.
Əдетте төрт-алты, кейде екі-сегіз жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен жер бетінде өсетін өсімдіктермен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Қырманқаз
Гуменник
A. fabalis (Latham, 1787)
Ұялайтын құс ретінде Еуразия жəне Батыс Гренландия тундраларында
тараған, ал Азияда тайга аймағында оңтүстікке қарай Сихотэ-Алиняға,
Байкал көлінің маңына, Хангайға, Саянға жəне Алтайға дейін тараған.
Батыс Еуропа жағалауларында, Жерорта жəне Қара теңіздерінде,
құстардың бір бөлігі Орта Азияда, Инда өзенінің сағасында, Жапонияда жəне
Қытайдың оңтүстік-шығыс бөлігінде қыстайды.
Төрт түршесі бар. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – A. f. fabalis жəне
A. f. middendorffii.
Қазақстаннан ұшып өтетін жəне Қазақстанда қыстайтын құстар.
Қазақстанның тегістіктегі сулы-батпақты алқаптарында Ілектің төменгі
жағынан Зайсан ойпатына дейін мол кездеседі.
Құстар Шымкент пен Түркістанның оңтүстігінде қыстайды.
Марқакөлде ұялауы мүмкін.
Əдетте төрт-алты, кейде үш-он екі жұмыртқа салады. Қыстайтын
қауымдастықтың 26,5%-ын сол жылғы төл құрайды. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен өсімдіктермен жəне олардың ұрықтарымен, жемістерімен
қоректенеді.
Жасыл жəне жиналған егін алқаптарында жайылады.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
73
Ақ қаздар туысы
Род Белый гусь
Chen Boie, 1822
Бұл туысқа Солтүстік Америкада тараған құстардың үш түрі жатады.
Соның бірі Қазақстанға кездейсоқ ұшып келеді.
Ақ қаз
Белый гусь
Ch. caerulescens (Linnaeus, 1758)
Арктика құстары. Солтүстік Американың солтүстігінде (Аляскадан
Гудзон бұғазына жəне Баффин жеріне дейін), Гренландияның батысында
жəне солтүстік-шығыс Сібірде ұялайды. Врангел аралында өте көп кездеседі.
Солтүстік Америкада қыстайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – Ch. h. Hyperboreus.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар
Қазақстанның тегістіктеріндегі сулы-батпақты алқаптарда Ордадан
Зайсан ойпатына дейін кездеседі. Тараздың маңында да кездескен.
Өсімдіктердің жапырақтарымен, ұрықтарымен, жемістерімен жəне
жидектерімен қоректенеді. Күздік егістіктерге жайылады.
Ақбас қаздар туысы
Род Горный гусь
Eulabeia Reichenbach, 1853
Бұл туысқа тек бір түр жатады.
Ақбас қаз
Горный гусь
E. indica (Latham, 1790)
Орта Азиялық құс. Тибетте, Жоңғарияда, Моңғолияда, Памирде,
Қырғызстанда, Алтайда – Құрай таулар тізбегінің оңтүстігінде ұялайды.
Селенгіде, Байкал көлінің оңтүстігінде, Тарейнор көлінде жəне
Қазақстанның кейбір жерлерінде (Баянкөлде, Жаркентте, Зайсанда, Қаскелең
өзенінде) ауланған.
Түршелерге бөлінбеген.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Зайсан ойпатының сулы-батпақты алқаптарында жəне республика-
мыздың оңтүстік-шығысында кездеседі.
74
Су жағасы өсімдіктерімен жəне олардың ұрықтарымен қоректенеді,
сондай-ақ, балдырлармен, шаян тəрізділермен жəне басқа да омыртқа-
сыздармен қоректенеді.
Қытай қаздары туысы
Род Сухоносы
Cygnopsis Brandt, 1836
Бұл туысқа тек бір ғана түр кіреді.
Қытай қазы
Сухонос
C. cygnoides (Linnaeus, 1758)
Шығыс Сахалиннен бастап Зайсан ойпатына дейін ұялайды.
Солтүстікте Аян, Байкал, Минусинск ойпатына жəне Алтайға, оңтүстікте
Ордос, Гоби Алтайының солтүстігіне жəне Үренгіге жетеді.
Негізгі қыстау ауданы – Шығыс Қытай жəне Корея.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Зайсан ойпатында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды Іле өзені аңғарларынан, Сырдарья өзені
алаптарынан жəне Марқакөлден кездестіруге болады.
Сулы-батпақты алқаптарды мекендейді.
Əдетте бес-алты, кейде бес-сегіз жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Өсімдіктермен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Аққулар туысы
Род Лебедь
Cygnus Bechstein, 1803
Бұл туысқа өте ірі құстар біріккен. Олардың мойындарының ұзындығы
денелерінің ұзындығымен бірдей немесе одан да асады.
Бұл туысқа кіретін алты құс түрі Еуразия мен Африкада тараған.
Қазақстанда аққулардың үш түрі кездеседі. Оның екеуі бізде ұялайды,
ал біреуі тек ұшып бара жатқанда кездеседі.
75
Сыбырлақ аққу
Лебедь-шипун
C. olor (Gmelin, 1789)
Құстар Еуразияда (Оңтүстік Швецияда, Данияда, Польшада, Дунайдың
төменгі жағында жəне Болгарияның оған қосарласып жатқан бөлігінде,
Калининград облысында, Днестрдің төменгі жағында, Кубанда, Теректе,
Сулакта, Түркияда, Иракта, Қазақстанда, Амурдың төменгі жағында, Шан
көлінде жəне оған тіркес жатқан аудандарда, Тарейнор көлінде, Моңғолияда
жəне Сидемде, Лобнор, Кукунор көлдерінде, Цайдемде, Тибеттің солтүстік
жағындағы көлдерде жəне Орталық Гобиде) ұялайды.
Ыстықкөлде, Сырдария өзенінің орталық бөлігінде, Каспий теңізінде,
Дунайдың, Днестр мен Пруттың төменгі жағында, Жерорта теңізінің шығыс
жағалауларында жəне Ніл өзенінің төменгі жағында, Парсы шығанағының
жағалауларында, Пəкістанда, Сары теңіз жағалауларында қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.14-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөлігінің тегістіктеріндегі су қоймаларында
ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды басқа жерлерден де көруге болады.
Солтүстік Каспийде, Маңғыстауда, кейде Түркістан мен Шымкенттің
оңтүстігінде қыстайды.
Əдетте бес-жеті, кейде үш-онекі жұмыртқа салады. Жұмыртқадағы
ұрпақтардың өлуі 0,9%; балапандардың шығыны 10,0-15,0%, кейде 70,0-
85,0%. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар
қайта жұмыртқалайды.
Негізінен су астындағы өсім-
діктердің бөлігімен: тамырсабақ-
тармен, тамырлармен, өркендермен,
кейде балдырлармен қоректенеді.
Ұсақ-түйек
жануар
тектес
азықтармен де қоректене алады.
Экологиялық
жəне
эстетикалық маңызы бар.
12.14-сурет. Сыбырлақ аққу.
Кəсіби аңшылық түрге айналуы мүмкіндігі бар.
Сұңқылдақ аққу
Лебедь-кликун
C. cygnus (Linnaeus, 1758)
Құстар Еуразияның солтүстік бөлігінде (батысында Исландия,
Шотландия жəне Скандинавиядан шығысында Камчатка жəне Сахалинге
дейін, солтүстікке қарай Фенносканияның солтүстік жағы мен Кольск
76
түбегіне, Канин тундрасында, Печогораның төменгі жағында, Азов
шығанағында, Енесейдың төменгі Түнгүс сағасында, Жоғарғы Колымада,
Анадырда, оңтүстікке қарай Шотландияда, Ладога көлінде, солтүстік
Каспийде, Балқаш-Алакөл ойпатында, Жоңғарияда, Моңғолияда, Солтүстік
Маньчжурияда, солтүстік Жапонияда, оңтүстікке қарай үздіктеліп жəне жеке
тілімдерде) ұялайды.
Жерорта теңізінде, Каспийде, Алдыңғы жəне Орта Азияда, Пəкістанда,
Кореяда жəне Шығыс Қытай бөлігінде қыстайды. Кейде олардың жеке
өкілдері немесе топтары солтүстікке қарай қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.15-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөліктерінің тегістіктеріндегі су қоймаларында
ұялайды. Оңтүстікке қарай Торғай өзенінің төменгі жағында, Балқаш-Алакөл
ойпатында, кейде Марқакөлге жетеді.
Солтүстік Каспийде, кейде Түрк-
істан мен Шымкенттің оңтүстігінде
қыстайды.
Төрт-жеті
жұмыртқа
салады.
Жұмыртқадағы ұрпақтық өлуі 26,0%
жетеді.
Қанаттарына 90,0% балапан көте-
ріледі. Жылына бір рет жұмырт-
қалайды.
Өсімдік жəне жануар тектес азық-
12.15-сурет. Сыбырлақ аққу.
тармен (тамырсабақтармен жəне су өсімдіктерінің жасыл бөлігімен, майда
омыртқасыздармен) қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Кіші аққу
Малый лебедь
C. bewickii Yarrell, 1830
Ресейдің батыс шекарасынан шығыста Колымаға дейінгі тундраларда
ұялайды.
Негізінен Ұлыбританияда қыстайды.
Батыста Оңтүстік Норвегия жəне Солтүстік жағалауларынан шығыста
Жапония жағалаулары мен Оңтүстік-Шығыс Қытайға жетеді.
Триастада, Инда сағасында, Ленкораниде, Арал теңізінің оңтүстігінде,
Алтайда жəне Ақ теңізде қыс айларында аздап кездеседі.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
77
Еділ мен Жайық, Утва мен Ілек, Торғай мен Ұлқия өзендерінің
аралықтарынан, Солтүстік Каспийден, Арал теңізінен, Ертіс өзенінің
бойынан жəне Марқакөлден көрінген.
Бір рет Жаркенттен ауланған.
Əдетте үш-бес, кейде екі-алты жұмыртқа салады. Қыстайтын
қауымдастықтың 7,0-44,0%-ы сол жылғы балапандар. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Су жəне жер беті өсімдіктерімен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Жер үйректері туысы
Род Земляные утки
Tadorna Oken, 1817
Бұл туысқа қаздар мен үйректердің арасында тұрған жеті түрлі
үлкендеу құстар біріккен. Қаздарға олардың жер бетінде жүргені ұқсас: олар
көп жəне жеңіл жүреді, керек болса тез жүгіреді; ұшқанда қаздарға ұқсас
ұшады.
Моногамдар. Тек жұптарымен жүреді. Жұптар бірнеше жылға
қосылған.
Басқа ерекшеліктері үйректерге ұқсас.
Қазақстанда екі түрі кездеседі.
Сарыалақаз
Огарь
T. ferruginea (Pallas, 1764)
Сарыалақаздың ұялау аудандары Еуропаның оңтүстігі; Кіші, Алдыңғы,
Орта жəне Орталық Азия; Қазақстан жəне Сібірдің оңтүстік бөлігі.
Шығыста Амурде, батыста Грегия, Болгария жəне Румынияның Қара
теңіз бөліктерінде; оңтүстікте Трансиорландияда, Иракта, Иранның
оңтүстігінде, Гималайда, Алшанда; солтүстікте Украинаның оңтүстігінде,
Еділ өзенінің Камышинасында, Ачинскіде, Байкалда, Благовещанскіде
ұялайды. Испанияның оңтүстігінде жəне Кіші Африканың жекеленген
жерлерінде ұялағаны белгілі.
Көпшілік жағдайда Ніл өзенінің төменгі жағында, Эгей теңізінде,
Алдыңғы жəне Кіші Азияда, Арабияда, Пəкістанда, Үндістанда, Бирмада,
Қытайда, Испанияның оңтүстігінде жəне Кіші Африкада қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.16-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның барлық жерінде кездеседі жəне ұялайды.
78
Шымкенттің оңтүстігінде, Іле өзенінің ортаңғы ағысында, Жаркентке
жақын жерде жəне Шарынның төменгі жағында, ал жылы жылдары Арал
теңізінің Барсакелмес аралында қыстайды.
Тегістіктегі жəне таулы су қоймаларында мекендейді.
Əдетте
сегіз-тоғыз,
кейде
алты-онекі
жұмыртқа
салады.
Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Өсімдік (дəнді дақылдармен,
сораңдармен, су өсімдіктерімен,
сораң
ұрықтарымен,
тары,
бидаймен) жануар (обыр жекіртке
тұқымдастарымен, шаян тəрізді-
лермен, жəндіктердің дернəсілдер-
12.16-сурет. Сарыалақаз.
імен) тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Италақаз
Пеганка
T. tadorna (Linnaeus, 1758)
Негізгі ұялайтын аудандары Кіші, Алдыңғы жəне Орта Азия, Қара теңіз
жағалауының, Қазақстан жəне Моңғолия далалары жəне шөлдері.
Солтүстікке қарай Манышке жетеді, одан əрі солтүстік шекарасы
Қазақстаннан өтіп Шан көліне жетеді. Құстар Моңғолиядан ұялауға Туваға
жəне Сібір Енесейінің далалы аймақтарынан Ашинскіге жетеді. Дəуір
даласында да ұялайды. Оңтүстікте Парсы шығанағына жəне Сейстанға
жетеді.
Оңтүстік Испанияда, Францияда, Алжирде, Сардин аралында жəне
Гренландияда шоқталып ұялайды. Сондай-ақ, Ұлыбритания жағалауларында,
Солтүстік Францияда, Бельгияда, Голландияда, Данияда, Норвегияда (71º с.к.
дейін), Оңтүстік-Шығыс Швецияда, Балтық теңізінің ірі аралдарында жəне
Оңтүстік Финляндияда ұялайды.
Қыстауы – солтүстік Теңіз жағалары, Ұлыбритания аралдары, Бискай
шығанағы, Жерорта теңізі, Месопатия, Үндістанның орталық бөлігі, Бирма.
Түршелерге бөлінбейді (12.17-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құс-
тар.
Қазақстанның
тегістік
аудандарының бəрінде кездеседі
жəне ұялайды.
Кейде Келес жəне Арыс
өзендерінің Сырдария өзеніне құя-
12.17-сурет. Италақаз.
79
тын жерлерінде қыстайды. Су қоймаларын мекендейді.
Əдетте сегіз-он, кейде үш-онсегіз жұмыртқа салады. Жұмыртқадағы
ұрпақтардың жəне балапандардың шығыны 73,0%-ға жетеді. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Шаян тəрізділермен, жəндіктермен, сондай-ақ, бір жасушалы
балдырлармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Өзен үйректері туысы
Род Речные утки
Anas Linnaeus, 1758
Туысқа бүкіл əлемге тараған отызға жуық құс түрі кіреді.
Қазақстанда тоғыз түрлі өзен үйрегі кездеседі.
Барылдауық үйрек
Кряква
A. platyrhynchos Linnaeus, 1758
Ұялайтын құс ретінде Еуразияда жəне Солтүстік Америкада кең
тараған. Еуропа мен Батыс Сібірде солтүстікке қарай тундраның шекарасына
жетеді, бірақ құстар онда ұяламайды. Солтүстікке қарай Шығыс Сібірде Лена
өзенінің бойымен 64º с.к. жəне Коряк жеріне; Америкада – Юконға жəне
Макензи сағасына дейін жетеді. Оңтүстікке қарай бүкіл Еуропада (Пиреней
түбегінен басқа жерде), Кіші жəне Алдыңғы Азияда, Гималайда, Қашғарияда,
Моңғолияда, Солтүстік Қытайда жəне Жапония архипелагінің солтүстік
аралдарында ұялайды.
Оқшауланған ұялары Алжирде жəне Мароккода, Риу-Киу аралдарында
белгілі. Америкада оңтүстікке қарай Калифорнияның Солтүстік бөлігінен
Миссури сағасы, Ұлы көлдер арқылы Гудзон бұғазы жағалауларына дейін
ұялары байқалған.
Тұрақты қыстаулары Балтық теңізінің жағалаулары, Оңтүстік
Норвегия, Ұлыбритания, Франция, Жерорта теңізі елдері, Ніл өзенінің бойы,
Алдыңғы Азия, Каспий теңізі, Үндістан, Оңтүстік Қытай, Жапония,
Командор жəне Алеут аралдары, АҚШ-тың оңтүстігі жəне Мексика. Одан
басқа сулары қатпайтын ұялайтын жерлерде аздаған бөлігі қыстайды.
Жеті түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі - A. p. platyrhynchos
(12.18-сурет).
Қазақстанда ұялайтын жəне Қазақстанның кейбір жерлерінде
қыстайтын құстар
Ұшып бара жатқан құстар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі
жəне еліміздің барлық сулы-батпақты алқаптарында ұялайды (соның ішінде
таулы көлдерде де – Марқакөлде).
80
Оңтүстікте, кейде оңтүстік-
шығыста (Алматы маңында) жəне
Құлсары ауылының маңындағы
қатпайтын көлдерінде, ал жылы
қыстарда
Арал
теңізінің
Барсакелмес аралында қыстайды.
Əдетте тоғыз-онүш, кейде
төрт-онсегіз жұмыртқа салады.
12.18-сурет. Барылдауық үйрек.
Ұядан орташа есеппен бес-жеті балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Өсімдік
(су
өсімдіктерімен
жəне
олардың
баданаларымен,
түйнектерімен, ұрықтарымен, сұлы дəндерімен, бидаймен, тарымен) жəне
жануар (шаян тəрізділермен, қоңыздармен, инеліктердің дернəсілдерімен,
моллюскалармен) тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Ысылдақ шүрегей
Чирок-свистунок
A. crecca Linnaeus, 1758
Бүкіл Орта жəне Солтүстік Еуропада: солтүстігінде Мұзды мұхит пен
Алпі тауына дейін, оңтүстігінде Украинаның оңтүстігі жəне Орал тауына
дейін ұялайды. Құстар Азияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл жерде
солтүстікке қарай тундраның оңтүстігіне, оңтүстікке қарай Алтайға,
солтүстік Моңғолияға жəне Маньчжурияға жетеді. Одан басқа Кавказда
ұялайды. Солтүстік Американың батыс бөлігін шығысқа қарай Ұлы көлдерге
дейін, оңтүстікке қарай Колорадаға дейін мекендейді.
Құстар Еуразияда жəне Африкада (Испанияда, Ұлыбритания
аралдарында, Оңтүстік Норвегия жағалауларында, Солтүстік теңізбен жəне
одан əрі оңтүстікке қарай Жерорта теңізінде, Ніл өзенінің арнасында, Каспий
теңізінің оңтүстігінде, алдыңғы жəне Орта Азияда, Үндістанда, Үндіқытайда,
Кореяда, Жапонияда жəне Филиппин аралдарында) қыстайды.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – A. c. crecca.
Қазақстанда ұялайтын жəне Қазақстанның кейбір жерлерінде
қыстайтын құстар.
Еліміздің барлық сулы-батпақты алқаптарында ұялайды жəне
кездеседі.
Кездейсоқ биік таудағы су қоймаларына (Үлкен Алматы көліне)
соғады.
Оңтүстік Қазақстанда, кейде оңтүстік-шығыс Қазақстанда қыстайды.
Əдетте сегіз-онбір, кейде жеті-онбес жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен бес-сегіз балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
81
Өсімдік
(су
өсімдіктерімен,
олардың
баданаларымен
жəне
ұрықтарымен, көкпекпен, сораңдармен) жəне жануар (су шаяндарымен жəне
жəндіктермен, инеліктердің дернəсілдерімен, моллюскалармен) тектес
азықтармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Қырылдақ шүрегей
Клоктун
A. formosa Georgi, 1775
Шығыс Сібір үйрегі. Енесейдың шығыс жағында ұялайды, солтүстікке
қарай Мұзды мұхитқа, оңтүстікке қарай Байкал көлінің солтүстік жағасына,
Витиманың жоғарғы жағына, Аянға жəне Охот теңізінің Уда сағасына дейін
жетеді. Шығысқа қарай Анадырдың төменгі жағына, Камчаткаға жəне
Командор аралына жетеді.
Жапонияда жəне Оңтүстік Кореяда қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Ертіс
өзенінің
бойында,
Зайсан
ойпатының
сулы-батпақты
алқаптарында жəне Келес өзенінің Сырдария өзеніне құятын жерінде
кездескен.
Əдетте алты-тоғыз жұмыртқа салады.
Өсімдік қияқтың ұрықтарымен, тарымен, бұршақпен, емен өрігімен
жəне жануар (ұсақ су жəндіктерімен) тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Қоңыр үйрек
Серая утка
A. strepera Linnaeus, 1758
Еуразияның орталық бөлігінде (батыста Ұлыбританияның оңтүстік-
шығыс бөлігінен шығыста Харбинге жəне Солтүстік Америка батысының
орталық бөлігіне дейін) ұялайды. Ұялау ауданының солтүстік шекарасы
Дания, Оңтүстік Швеция, Рыбинск су қоймасы, Екатеринбург, Ертіс сағасы,
Красноярск, Байкал көлі арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Венгрия,
Словения, Болгария, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауы, Сейстан, Қашғария,
Моңғолия арқылы өтеді. Одан басқа жекеленген ұялары Исландияда,
Оңтүстік Испанияда, Оңтүстік Францияда, Алжирде; ал Америкада Тынық
мұхиттан Ұлы көлге дейін, солтүстікке қарай Ванкуверге жəне Монитоба
көліне, оңтүстікке қарай 32º с.к. дейін кездеседі.
Еуразияда Ұлыбритания аралдарында, Голландия мен Франция
жағалауларында, Жерорта, Қара жəне Азов теңіздерінде, Каспий теңізінің
82
оңтүстігінде, Алдыңғы жəне Орта Азияда, Үндістанда, Бирмада жəне
Оңтүстік-Шығыс Қытайда қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Ұшып бара жатқан құстар Қазақстанның барлық сулы-батпақты
алқаптарында кездеседі жəне ұялайды.
Оңтүстік Қазақстанда қыстайды, ал жылы жылдары Арал теңізінің
Барсакелмес аралында қыстап қалады.
Əдетте тоғыз-онбір, кейде алты-онбес жұмыртқа салады. Орташа
есеппен ұядан алты балапан қанатына көтеріледі. Ұяның қирауы 57,0%.
Қираған ұяда құстар қайта жұмыртқалайды.
Өсімдік (су өсімдіктерінің жапырақтарымен, сабақтарымен, астық
тұқымдастарымен жəне олардың дəндерімен, баданалармен, түйнектермен,
бидай, тары, күрішпен) жəне жануар (қалытқылармен, тік қанаттылармен)
тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Сарыайдар үйрек
Свиязь
A. penelope Linnaeus, 1758
Еуразияның солтүстік бөлігінде кең тараған. Еуропада олардың таралу
аймағы Мұзды мұхитқа жетеді, Батыс Сібірде тундраға сəл кіреді, ал Шығыс
Сібірде солтүстікте тайгаға жетеді. Оңтүстікке қарай олар Шотландияда,
Скандинавияның оңтүстігінде, Псковта, Казанда, Оралда, Қостанайда,
Омскіде, Семейде, Алтайда, Тувада, Байкал көлінде жəне Амур өзенінің
сағасында ұялайды. Бұдан оңтүстікке қарай тек жекеленген жұптары ұялауы
мүмкін. Мұндай тұрақсыз ұялау Ұлыбританияда, Данияда, Германияда,
Польшада, Эстония аралдарында, Смоленскіде, Мəскеуде, Тулада, Самарада,
Пенза облысында, Қазақстанның далаларында байқалған.
Қыстаулары Атлант мұхитының жағалауларынан оңтүстікке қарай
Оңтүстік Скандинавия жəне Ұлыбритания, Жерорта теңізі, Кіші жəне
Алдыңғы Азия, Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Қытай жəне Жапония.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік аудандарында ұялайды. Оңтүстік шекарасы
Орал, Қарағанды жəне Марқакөл арқылы өтеді.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық жерден көруге болады.
Сулы-батпақты алқаптарды мекендейді.
Əдетте алты-тоғыз, кейде алты-онекі жұмыртқа салады. Ұяларының
қирауы 45,0%. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда
олар қайта жұмыртқалайды.
83
Негізінен
су
өсімдіктері
жапырақтарымен,
баданаларымен,
түйіндерімен, сондай-ақ, жидектермен, тік қанаттылармен, моллюскалармен,
жамбас жүзгіштермен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Бізқұйрық үйрек
Шилохвость
A. acuta Linnaeus, 1758
Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік жəне орталық бөлігінде
ұялайды. Еуропада тундра, тайга, жапырақты орман аймақтарында ұялайды.
Далалы аймақтарда тұрақты ұяламайды. Азияның басым бөлігінде
солтүстікке қарай теңіз жағалауы тундрасына жетпейді. Оңтүстікке қарай
бүкіл тундра, тайга, орманды дала жəне далада ұялайды. Солтүстік
Америкада батыс бөлігін мекендейді – Гудзон бұғазының батыс жағалауына
жəне Ұлы көлге дейін. Солтүстікке қарай Мұзды мұхитқа, оңтүстікке қарай
Гурон көліне, Миссури сағасына жəне Колораданың жоғарғы жағына жетеді.
Көрсетілген аймақтардан оңтүстікке қарай жеке жерлерде жəне кейбір
жылдары ұялайды. Кейде Қара теңіз далаларында, Еділ өзенінің төменгі
жағында, Кавказ тауының алдында жəне арғы жағында, Орта Азияның кейбір
жерлерінде жəне Қазақстанның оңтүстігінде ұялайды.
Негізгі қыстаулары – Британия аралдары, Солтүстік теңіз
жағалауларынан оңтүстікке қарай Жерорта теңізіне дейін жəне оған шектес
аудандар, Төменгі Ніл, Каспийдің оңтүстігі, Алдыңғы Азия, Үндістан,
Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Қытай, Корея, Жапония, Тайван, Филиппин.
Америкада негізгі қыстаулары Орталық Америка, Мексика, АҚШ-тың
оңтүстігі жəне Тынық мұхитпен солтүстікке 55º с.к. дейін.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – A. a. acuta (12.19-
сурет).
Қазақстанда
ұялай-
тын жəне Қазақстанның
кейбір жерлерінде қыстай-
тын құстар.
Еліміздің
солтүстік
аудандарында
ұялайды.
Оңтүстік шекарасы Қамыс-
Самар көлдері, Торғай өзені-
12.1-сурет. Бізқұйрық үйрек.
нің төменгі жағы жəне Зайсан ойпаты арқылы өтеді.
Кейде Сорбұлақтан (Алматы шаһарының маңы) көрінеді. Марқакөлден
де көрінген. Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге
болады.
Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды.
84
Əдетте жеті-тоғыз, кейде алты-он екі жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен бес балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Өсімдік (су өсімдіктерінің жасыл бөлігімен, олардың ұрығымен,
бидаймен, тарымен) жəне жануар (инеліктердің дернəсілдерімен,
шегірткелермен, моллюскалармен) тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Даурықпа шүрегей
Чирок-трескунок
A. querquedula Linnaeus, 1758
Еуразияның ортаңғы бөлігінде ұялайды. Солтүстікке қарай Оңтүстік
Швецияға, Карелияның орта бөлігіне, Архангельскіге, Печораның жоғарғы
жағына, Ертіс сағасына, Сахаға, Сахалинге жəне Камчатканың оңтүстігіне
жетеді. Оңтүстіккке қарай Жерорта теңізіне, Кавказ тауына, Каспий теңізінің
оңтүстігіне, Қазақстанға, Синьцзянға жəне Сунгаридің жоғарғы жағына
жетеді.
Испанияның оңтүстігінде, Сардинияда, Кипрде, Солтүстік Үндістанда
жекеленген ұялары кездескені белгілі.
Жерорта теңізінде, Африкада (Экватордан оңтүстікке қарай жəне одан
əрі), Алдыңғы Азияда, Үндістанда, Үндіқытайда, Зонд жəне Филиппин
аралдарында, Оңтүстік Қытайда жəне Оңтүстік Жапонияда қыстайды. Қара
жəне Азов теңіздерінде, Каспий теңізінің оңтүсті мен Орта Азияда аз
мөлшерде жəне қыстап қалады.
Түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Еліміздің бүкіл су қоймаларында, оның ішінде оңтүстік Алтайда да
(Марқакөлде) жəне Жайық өзенінің сағасында ұялайды. Тек Арал теңізінде
жəне оны қоршаған шөлде ұяламайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Кейде биік тау басындағы су қоймаларына (Үлкен Алматы көліне)
қонақтайды.
Құстар кейбір жылдары Арыс жəне Келес өзендерінің төменгі жағында
қыстайды.
Əдетте сегіз-он, кейде алты-онбес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Жануар (моллюскалар, су жəндіктері жəне оның дернəсілдері, шаян
тəрізділер) жəне өсімдік (су өсімдіктерінің сабақтары, жапырақтары,
түйіндері жəне ұрықтары) тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
85
Жалпақтұмсық үйрек
Широконоска
A. clypeata Linnaeus, 1758
Еуропаның көпшілік бөлігінде, Азияның солтүстік бөлігінде жəне
Солтүстік Африканың батыс бөлігінде ұялайды. Солтүстікке қарай Норвегия
мен Швецияның орталық бөлігіне, Финляндияның 63º с.к., Ақ теңізге, Печора
сағасына, Салехардқа, төменгі Түнгүс сағасына, төменгі Колымаға жəне
Коряк жеріне дейін; ал Америкада Коцеба шығанағына жəне Макензи
сағасына дейін барады. Жаппай ұялаудың оңтүстік шекарасы Францияның
орталық бөлігі, Австрия, Словения, Болгария, Қара теңіз, Кавказ тауы, Мары,
Тəжікстан, Қазақстанның оңтүстігі, Синьцзянь, Солтүстік Моңғолия,
Маньчжурия жəне Хоккайдо арқылы өтеді. Осыдан оңтүстікке қарай
оқшауланған ұялары Оңтүстік Испанияда жəне Корсикада белгілі. Кейде
Мысырда, Алдыңғы жəне Орталық Азияның кейбір орындарында жəне
Цейлонда ұялайды. Америкада оңтүстікке қарай Чикагоға жəне Колорадо
алқабына жетеді. Еуразияның батысында Ұлыбритания аралдарында,
шығысында Камчатка, Сахалин жəне Хоккайдода ұялайды. Америкада
ұялаудың батыс шекарасы Тынық мұхит, шығыс шекарасы Мекензи
сағасынан Аюлы жəне Құлдар көлдері арқылы Мичиганға өтетін сызық.
Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Ұлыбритания аралдарында, Африканың
солтүстік бөлігіндегі Атлант жағалауларында, Ніл өзенінің арнасында, Қара,
Каспий жəне Қызыл теңіздерде, Месопотамияда, Оңтүстік Түрікменстанда,
Иранда, Пəкістанда, Үндістанда, Үндіқытайда, Жапонияда жəне Филиппин
аралдарында; Солтүстік Американың оңтүстігінде қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.20-сурет).
Қазақстанда
ұялайтын
құстар.
Сулы-батпақты алқаптардың
бəрінде ұялайды, тек Маңғыстауда
жəне Үстіртте ұяламайды.
Ұшып бара жатқан құстарды
еліміздің барлық жерінен көруге
болады.
12.20-сурет. Жалпақтұмсық үйрек.
Кейде Келес жəне Арыс өзендерінің Сырдария өзеніне құятын жерінде
қыстайды.
Əдетте тоғыз-он бір, кейде алты-он төрт жұмыртқа салады. Ұяларының
қирауы 46,0%. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда
олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен жануар тектес азықтармен (су асты шаян тəрізділерімен,
зымырақтармен, моллюскалармен, инеліктермен, биттермен, қоңыздармен,
өрмекшілермен, шабақтармен) қоректенеді. Сондай-ақ, балдырдың жасыл
86
бөлігімен, сужапырақпен, мүйізжапырақпен жəне су өсімдіктерінің
ұрықтарымен қоректене алады.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Мəрмəр шүрегей
Мраморный чирок
A. angustirostris Menetries, 1832
Мəрмəр шүрегейлер Пəкістанда, Иранда, Орта Азияда (Каспий теңізі
маңында Атректен Ленкоран арқылы Еділдің сағасына дейін), Сирияда,
Палестинада, одан əрі батысқа қарай Африканың Жерорта теңізі
жағалауында ұялайды. Құстардың ұялау аймағының негізгі бөлігі Алдыңғы
Азияда.
Солтүстік бөліктегі құстар қыстауға ұшып кетеді.
Құстар Ленкоранда жəне Атректе тұрақты өмір сүреді.
Түршелерге бөлінбейді.
Құстардың Қазақстанда болу сипаты əлі белгісіз.
Солтүстік Каспийде, Қамыс-Самар көлдерінде, Сырдария аңғарында
жəне Телікөлде ұялайды. Құстар аз мөлшерде кездеседі.
Өзбекстанда олардың санын өсіру шаралары қолға алынған.
Əдетте жеті-он екі жұмыртқа салады.
Су жəндіктерінің дернəсілдерімен, моллюскалармен, шөптердің
ұрықтары жəне сабақтарымен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізгілген.
Қызылбас үйректер туысы
Род Краснобаш
Netta Kaup, 1829
Туыста жалғыз түр бар.
Қызылтұмсық сүңгуір
Красноносый нырок
N. rufina (Pallas, 1773)
Қызылбас үйректің негізгі ұялау ауданы Кубанның төменгі жағынан
Кавказ жəне Еділ өзенінің төменгі жағы, Қазақстан, Оңтүстік-Батыс Сібір
жəне Орта Азия арқылы Қашғарияға, Жоңғарияға, Солтүстік Моңғолияға
жəне Убса-Нұр көліне жетеді. Жекеленген ұялары Арменияда, Сейстанда,
Парсы шығанағында, Жерорта теңізі аралдарында, Алжирде, Батыс
Еуропаның кейбір жерлерінде, солтүстікке қарай Дания, Германия, Чехия,
Словения, Венгрия, Болгария жəне Румынияда белгілі.
87
Жерорта теңізінде, Каспий теңізінің оңтүстігінде, Месопатияда,
Ауғанстанда, Пəкістанда, Солтүстік Үндістанда жəне Ыстықкөлде қыстайды.
Түршелерге бөлінбейді (12.21-сурет).
Қазақстанда
ұялайтын
құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлігі-
ндегі сулы-батпақты алқаптарда
ұялайды.
Ұялаудың
солтүстік
шекарасы Қамыс-Самар көлдері,
Ілек, Қостанай, Көкшетеу, Семей
12.21-сурет. Қызылтұмсық сүңгуір.
жəне Қара Ертіс өзені арқылы өтеді.
Қоныс аударып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге
болады.
Кейде құстар Түркістанның оңтүстігінде қыстайды.
Əдетте сегіз-он, кейде бес-онтөрт жұмыртқа салады. Орташа есеппен
ұядан төрт-бес балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Тек өсімдіктердің жасыл бөлігімен (шалаңның, мүйізжапырақтың,
балдырдың), сондай-ақ, ұрықтармен, моллюскалармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысналары.
Сүңгуір үйректер туысы
Род Чернеть
Aythya Boie, 1822
Бұл туысқа бүкіл құрлықта тараған он екі түрлі құс кіреді. Қазақстанда
төрт түрі кездеседі.
Көк сүңгуір
Голубая чернеть
A. ferina (Linnaeus, 1758)
Еуразияда Ұлыбритания аралдарынан Байкал көліне дейін ұялайды.
Солтүстікке қарай Орталық Швецияға, Оңтүстік Финляндияға, Онега көліне,
Кама өзенінің төменгі жағына, Ертіс өзенінің сағасына, Красноярскіге,
төменгі Түнгүсте 62º жəне Байкал көліне; оңтүстікке қарай Германияға,
Чехияға, Словенияға, Балкан түбегіне, Молдоваға, Украинаның оңтүстігіне,
алдыңғы Кавказ даласына, Қазақстанға, Цайдамға жəне Орокнорға жетеді.
Жекеленген ұялары Голландияда, Бельгияда, Оңтүстік Францияда, Оңтүстік
Испанияда, Алжирде, Тунисте, Кавказда, Сейстанда жəне Пəкістанда белгілі.
Одан басқа Солтүстік Американың солтүстігіндегі Атабаск көлінде,
шығысында Манитоба мен Небраскіде, оңтүстігінде Колорадодада,
батысында Сьера-Невада тауында ұялайды.
88
Балтық, Солтүстік, Жерорта, Қара жəне Каспий теңіздерінде, Алдыңғы
Азияда, Жапония аралдарында, ал Америкада – Ұлы көлдер ауданынан
оңтүстікке қарай тропикаға дейін қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі сулы-батпақты алқаптарында
ұялайды. Оңтүстік шекарасы Қамыс-Самар көлдері, Торғай өзенінің төменгі
жағы жəне Зайсан ойпаты арқылы өтеді.
Кейде Іле жəне Сырдария өзендерінің атырауларында бірен-сарандап
ұялайды.
Оңтүстік Қазақстанда ұялайды.
Əдетте сегіз-он, кейде төрт-онбес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Өсімдік (су өсімдіктерінің сабақтарымен, түйіндерімен жəне
ұрықтарымен) жəне жануар (жəндіктердің дернəсілдерімен, қоңыздармен,
өрмекшілермен,
моллюскалармен,
сүліктермен)
тектес
азықтармен
қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Алакөз сүңгуір
Белоглазая чернеть
A. nyroca (Guldenstadt, 1770)
Еуропаның оңтүстік бөлігінде ұялайды. Шығысқа қарай Германияның
солтүстік бөлігіне, Воронежге, Самараға; батысқа қарай Орталық Францияға
жəне Испанияның шығысына жетеді. Сондай-ақ, Мароккода жəне Алжирде
ұялайды. Азияда Кіші Азияда, Иракта, Ауғанстанда, Синьцзянда, Кашмирде,
Оңтүстік Тибетте, Орта Азияда, Қазақстанда жəне оған шекаралас Батыс
Сібірде тараған. Шығысқа қарай Құланды даласына жəне Чановқа жетеді.
Аталған аймақтардың солтүстігінде алакөз сүңгуірлер кездейсоқ кездеседі.
Кейде Ярославлде, Рыбинск су қоймасында, Уфада, Түменде, Новосібірде,
Нарым өлкесінде ұялайды.
Құстар
Жерорта
теңізінің
жағалауларында,
солтүстік-Шығыс
Африкада, Қара теңізде, Каспий теңізінің оңтүстігінде, Месопатомияда,
Сейстанда жəне Үндістанда қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ұялайды. Солтүстік шекарасы
белгісіз. Ол Күршімнің төменгі жағынан, Ілек, Селеті, Семей жəне Қара Ертіс
өзенінің атырауларынан өтетін сияқты. Бұрын Наурызымда ұялайтын.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Кейде Шымкент шаһарының оңтүстігінде жəне Шарын өзенінің
төменгі жағында қыстайды.
89
Сулы-батпақты алқаптарды мекендейді.
Əдетте сегіз-он, кейде алты-онтөрт жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен өсімдік тектес азықтармен (жапырақтармен, ұрықтармен
жəне су өсімдіктерінің қабықтарымен) қоректенеді. Инеліктердің
дернəсілдерін, су қоңыздарын жəне басқаларды жей береді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Айдарлы сүңгуір
Хохлатая чернеть
B. fuligula (Linnaeus, 1758)
Исландия жəне Ұлыбритания аралдарынан Еуразияның солтүстік бөлігі
арқылы Камчатка, Сахалин, Командор жəне Курил аралдарына дейін
ұялайды. Солтүстікке қарай Ақ теңізге, Канин түбегіне, Обь ернеуіне, Енесей
сағасына, Ленаға, Колымаға жетеді. Жаппай ұялаудың оңтүстік шекарасы
Солтүстік Германия жəне Польша, Балтық жағалауы елдері, Украинаның
солтүстік аудандары, Сары Еділдің төменгі жағы, Қазақстан, Алтай,
Моңғолия, Байкал көлінің арғы жағы жəне Жапонияның солтүстік аралдары
арқылы өтеді. Бұдан оңтүстікке қарай жекеленген ұялары Голландияда,
Чехияда, Словенияда, Австрияда, Албанияда, Болгарияда, Румынияда,
Кипрде, Сібірде, Кавказда белгілі.
Құстардың негізгі қыстау аудандары Еуразияда (Ұлыбритания
аралдары, Солтүстік Франция, Бельгия, Голландия, Солтүстік Германия,
Жерорта теңізі, Қара жəне Каспий теңіздері, Алдыңғы жəне Орта Азия,
Үндістан, Шығыс Қытай, Корея, Оңтүстік Сахалин, Оңтүстік Курил
аралдары, Жапония жəне Филиппин).
Құстар түршелерге бөлінбейді(12.22-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде
ұялайды. Ұялаудың оңтүстік шекарасы
Өзеннің, Ырғыздың жəне Торғайдың
төменгі жағы, Кеңгірдің сағасы, Өскемен
маңы жəне Марқакөл.
Ұшып бара жатқан құстарды
еліміздің барлық жерінен көруге болады.
12.22-сурет. Айдарлы сүңгуір
Кейде Іле өзені алабында жəне Келес өзенінің төменгі жағында
қыстайды.
Сулы-батпақты алқаптарды мекендейді.
Əдетте сегіз-он, кейде алты-онүш жұмыртқа салады. Ұяның қирауы
40,0%. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар
қайта жұмыртқалайды.
90
Негізінен
жануар
тектес
азықтармен
(моллюскалармен,
су
жəндіктерінің дернəсілдерімен, шаян тəрізділермен, майда балықтармен),
сондай-ақ, су өсімдіктерінің тамырымен жəне сабақтарымен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Теңіз сүңгуірі
Морская чернеть
C. marila (Linnaeus, 1761)
Еуразия тундраларында жəне тайгаларының солтүстігінде жəне
Солтүстік Америкада ұялайды.
Негізінен теңіз жағалауларында қыстайды (Сахалинде, Жапонияда,
Кореяда, Қытайда, Алеут аралдарында, Солтүстік Америка жағалауларында,
Неміс теңізінде, Ұлыбритания жағалауларында, Жерорта, Қара жəне Азов
теңіздерінде, Парсы шығанағында, Сейстанда жəне Каспий теңізінің
солтүстік жағалауларында).
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық тегістіктерінде көруге
болады: Еділ мен Жайық өзендерінің аралығынан Балқаш-Алакөл ойпатына
дейін.
Жылы қыс жылдары Арал теңізінің Барсакелмес аралында кездесіп
қалады.
Өсімдік (су өсімдіктерінің жапырақтарымен, түйіндерімен) жəне
жануар (инеліктердің дернəсілдерімен, моллюскалармен, балықтармен)
тектес азықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Ұшқыр үйректер туысы
Род Морянка
Clangula Leach, 1819
Бұл туысқа екі түрлі құс кіреді: бірі Еуразия мен Американың
тундраларында кең тараған; екіншісі Шығыс Сібірде жəне Солтүстік
Американың батыс бөлігінде ұялайды.
Қазақстанда бір түрі ұшып бара жатып жақсы көрінеді; ал екіншісі
кездейсоқ, тек анда-сонда бір көрінеді.
91
Ұшқыр үйрек
Морянка
C. hyemalis (Linnaeus, 1758)
Ұшқыр құстар Еуразия мен Америка тундраларының ішкі су
қоймаларында ұялайды.
Құстардың негізгі қыстаулары Атлант жəне Тынық мұхит теңіздерінің
жағалаулары: Еуропада оңтүстікке қарай Солтүстік Францияға; Азияда
Жапония мен Кореяға; Америкада шығысқа қарай Гаттераса мүйісіне, ал
батысқа қарай Колифорния штатына дейін жетеді. Сондай-ақ, Мұрман
жағасында, Жаңа Жерде жəне Американың Ұлы көлдері маңында қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның батыс бөлігіндегі су қоймаларында кең тараған,
шығысқа қарай Көкшетауға, Қорғалжынға жəне Түркістанға жетеді.
Кейде Шардара су қоймасында қыстайды.
Жануар тектес азықтармен (жəндіктердің дернəсілдерімен, шаян
тəрізділермен, моллюскалармен, майда балықтармен) қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Шақшақайша
Каменушка
C. histrionicus (Linnaeus, 1758)
Шақшақайшалар Шығыс Сібірде (батысқа қарай Байкал көлінде;
солтүстікке қарай полярлық шеңберінде; оңтүстікке қарай Уссурия
өлкесінде, шығысқа қарай Тынық мұхитында, Командор, Курил жəне Алеут
аралдарында, Алясканың бір бөлігінде) жəне Солтүстік Американың батыс
бөлігінде, Гренландия жəне Исландия жағалауларында ұялайды.
Құстар Тынық мұхит жағаларында, Исландия, Гренландия,
Ньюфаундленд жəне Лабрадор жағалауларында қыстайды.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Құстар еліміздің далалы көлдерінде ертеректе кездескен.
Сусылдақ үйректер туысы
Род Гоголь
Bucephala Baird, 1858
Туысқа үш құс түрі біріккен; оның екеуі Солтүстік Америкада
мекендейді; ал бірі Еуразияның солтүстік бөлігінде тараған, оның бір бөлігі
Солтүстік Америкада мекендейді.
Қазақстанда тек бір түрі кездеседі.
92
Сусылдақ
Обыкновенный гоголь
B. clangula (Linnaeus, 1758)
Сусылдақтар Еуразия мен Солтүстік Американың орманды аймағының
басым бөлігінде мекендейді. Ресейде оңтүстікке қарай Псков, Калининград,
Ярослав облыстарында, Татарстанға, Орынбор, Түмен, Томск, Барнаул,
Алтай, Саян, Тува облысына, Байкал көлінің аймағына, одан шекарадан өтіп
Маньчжурияға жетеді. Жекеленген ұялары Шотландияда, Швейцарияда,
Словенияда, Дунай мен Днепр өзендерінің төменгі жағында, Қара Ертісте
белгілі.
Құстардың басым бөлігі Еуразияда (Неміс жəне Балтық теңіздерінің
жағаларында, Ұлыбритания аралдарында, Солтүстік Францияда, Оңтүстік
Каспийде, Қара жəне Жерорта теңіздерінде, Ыстықкөлде, Иранда,
Пəкістанда, Қашғарияда жəне Моңғолияда, Ангарада, Ононда, Командор
аралдарында, Камчатка жағасында, Оңтүстік теңіз жағалауларында, Кореяда,
Жапонияда) қыстайды. Жекеленген құстар өзен аңғарларының бойымен
солтүстікке қарай қыстайды (Томскіде, Орынборда, Киевте жəне басқа
жерлерде).
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – B. c. clangula (12.23-
сурет).
Қазақстанда ұялайтын жəне
Қазақстанның
кейбір
жерлерінде
қыстайтын құстар.
Жайық жəне Ілек өзендерінің орта
шамасындағы аңғарларында, Көкшетау-
да, Семей шаһарының маңында, Қара
Ертіс өзенінің бойында жəне оңтүстік
12.23-сурет. Сусылдақ.
Алтайда (Марқакөлде) ұялайды.
Оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс Қазақстанда қыстайды, ал жылы
жылдары Арал теңізінің Барсекелмес аралында қыстап қалады.
Əдетте сегіз-он, кейде бес-онүш жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Ұядан орташа есеппен бес балапан қанатына көтеріледі.
Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Жануар
тектес
азықтармен
(жəндіктердің
дернəсілдерімен,
инеліктермен, қоңыздармен, шаян тəрізділермен, моллюскалармен, майда
балықтармен), кейде жебежапырақтардың түйіндерімен жəне шалаңдардың
түйнектерімен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
93
Мамыққаздар туысы
Род Гага
Somateria Leach, 1819
Бұл туысқа арктикалық теңіздердің жағалауларында немесе оған
жақын аймақта өмір сүретін құстардың бес түрі кіреді. Құстар құрлыққа
кездейсоқ тереңдейді.
Қазақстанға олар кездейсоқ ұшып келеді.
Мамыққаз
Гага-гребенушка
S. spectabilis (Linnaeus, 1758)
Еуразия мен Американың тундраларында жəне Арктиканың
аралдарында ұялайды.
Құстар Беринг теңізінде, Камчаткада жəне Алеут аралдарында;
Норвегия, Ұлыбритания, Исландия, Гренландия, Ньюфаундленд жəне
Лабрадор жағалауларында қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді (12.24-сурет).
Қазақстанға
кездейсоқ
ұшып
келетін құстар.
Жайық өзенінің бойында байқалған.
Жануар тектес азықтармен (жəндік-
тердің дернəсілдерімен, шаян тəрізділер-
мен, моллюскалармен, тікентерілермен)
12.24-сурет. Мамыққаз.
қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Тұрпандар туысы
Род Турпаны
Melanitta Boie, 1822
Бұл туысқа Еуразия мен Американың солтүстік бөлігінде мекендейтін
құстардың бес түрі біріккен.
Қазақстанда бұл туыстың үш түрі кездеседі.
Қара тұрпан
Синьга
M. nigra (Linnaeus, 1758)
Қара тұрпандар Исландияда, Оркней аралдарында, Шпицбергенде,
Шотландия мен Ирландияның солтүстігінде жəне Еуразия тундралары мен
орманды тундраларында (Скандинавиядан Ленаға дейін) ұялайды.
94
Құстардың көпшілігі Норвегияның жағалауларында, Ұлыбритания
аралдарында, Балтық теңізінің солтүстігінде, Солтүстік теңізде қыстайды.
Одан əрі оңтүстікке қарай сирек кездесе береді, дегенмен Пиреней түбегіне
жəне Азов аралдарына жетеді. Жеке даралары кейде Жерорта, Қара жəне
Каспий теңіздерінде қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Қостанай облыстарында, Шу жəне
Сырдария өзендерінің бойында кездескен.
Қара тұрпандар инеліктердің дернəсілдерімен, моллюскалармен, майда
балықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Дөңтұмсық тұрпан
Горбоносый турпан
M. deglandi (Bonaparte, 1850)
Шығыс Сібірде (батысқа қарай Енесей өзенінің ортаңғы ағынына жəне
Алтайға дейін, солтүстікке қарай ормандардың шеткі шекарасына дейін,
оңтүстікке қарай Витим тауы мен Тува облысына дейін) жəне Солтүстік
Америкада ұялайды.
Сібірде ұялайтын құстар Камчатка жағалауларынан Жапония жəне
Кореяға дейін қыстайды.
Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – M. d. stejnegeri.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Оңтүстік Алтайдың таулы көлдерінде ұялайды (Бұқтарма алқабындағы
Рақманов бұлақтарының маңында, Қара-Алқы батыс бөлігінде Үкік үстіртіне
дейін).
Ұшып бара жатқан құстарды Марқакөлден де көруге болады. Қалбы
Алтайындағы орманды өзендерде кездеседі.
Əдетте алты-сегіз жұмыртқа салады.
Су жəндіктерінің дернəсілдерімен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Кəдімгі тұрпан
Обыкновенный турпан
M. fusca (Linnaeus, 1758)
Құстардың көпшілігі тундрада, орманды тундрада жəне орманды
аймақтың солтүстік бөлігінде (батысынан Оркней жəне Гебрид аралдары
жəне Солтүстік Шотландиядан, шығысынан Хатагіге дейін, оңтүстіккке
қарай Скандинавияның оңтүстік бөлігіне, Балтық теңізінің аралдарына,
Ладога көліне, Печораға 65º с.к., Екетеринбургке, Түменге, Түкəліге,
95
Барабанның солтүстік ауданына дейін) ұялайды. Жекеленген ұялары
Арменияның Севан көлінде, Грузияның Ахалқалақ үстіртіндегі көлдерде
белгілі.
Құстардың негізгі қыстаулары Еуропа жағалаулары (Балтық
алқымынан Мурман жəне Норвегия арқылы Франция мен Солтүстік Испания
жағаларына дейін). Жеке даралары Қара жəне Жерорта теңіздерінде, Орта
Азияда жəне Оңтүстік Каспийде қыстайды.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Кəдімгі тұрпандар Орталық жəне Солтүстік Казақстанның көлдерінде
ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстар Маңғыстаудан, Ілек өзенінің төменгі
жағынан, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысынан Семейге дейін көрінеді.
Əдетте бес-он жұмыртқа салады.
Моллюскалармен,
су
жəндіктерінің
дернəсілдерімен,
майда
балықтармен, кейде өсімдіктердің сабақтарымен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабын енгізілген.
Ақбас үйректер туысы
Род Савка
Oxyura Bonaparte, 1828
Бұл туысқа негізінен тропикалық жəне субтропикалық елдерде
мекендейтін құстардың алты түрі кіреді.
Қазақстанда тек бір түрі кездеседі.
Ақбас үйрек
Савка
O. leucocephala (Scopoli, 1769)
Құстардың негізгі ұялау аудандары – Сарпин далалы көлдерінен жəне
Еділ өзенінен (онда солтүстікке қарай Волгоградқа жетеді) Обь өзеніне
(солтүстікке қарай Тасқа дейін), Қазақстанға жəне орта Азияға дейін. Одан
басқа Тува жəне Убса-Нұр ойпаттарында, Сейстанда, Уфа мен Бүгүрусланда,
Армениядағы Севан көлінде, Венгриядағы Феленше көлінде, Албанияда,
Батыс Германияда, Италия мен Испанияның оңтүстігінде, Сардинияда,
Сицилияда жəне Кіші Африкада ұялайды.
Жерорта теңізіндегі ақбас үйректер тұрақты мекендейді.
Басқа жақта мекендейтін құстар қыстауға Мысырға, Месопатомияға,
Каспий теңізінің оңтүстігіне, солтүстік Үндістанға, Мұрабқа, Тедженке жəне
Геррирудке ұшып кетеді.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
96
Еліміздің жазықтарындағы тұщы немесе тұзды су қоймаларында өте
кең тараған.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Əдетте алты, кейде бес-он жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Су өсімдіктерімен жəне олардың ұрықтарымен, жəндіктердің
дернəсілдерімен, шаян тəрізділермен жəне моллюскалармен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Бейнарықтар туысы
Род Крохаль
Mergus Linnaeus, 1758
Бұл туысқа алты түрлі құс біріккен. Қазақстанда үш түрі кездеседі.
Кіші бейнарық
Луток
M. albellus Linnaeus, 1758
Кіші бейнарықтың ұялау аудандары Еуразияның ормандарын алып
жатыр (батыста Скандинавиядан, шығыста Анадыр, Камчатка жəне
Сахалинге дейін, оңтүстікке қарай Швецияның солтүстік ауданына, Онега
көліне, Рыбинск су қоймасына, Сакмараның жоғарғы жағына, Миассаға,
Түменге, Тарыға, Томскіге, Енесейге, Лена жəне Зена өзендерінің жоғарғы
жағына, Сахалинге дейін). Құстардың оқшауланған ұялары Ілменде, Днепр
өзенінің төменгі жағында жəне Қазақстанда белгілі.
Құстардың негізгі қыстаулары – Балтық жəне Солтүстік теңіздері, Орта
жəне Оңтүстік Еуропа, Кіші азия, Төменгі Мысыр, Украинаның оңтүстігі,
Қара, Каспий жəне Азов теңіздері, Иран, Пəкістан, Орта Азия, Солтүстік
Үндістан, Қытайдың солтүстік бөлігі, Корея жəне Жапония.
Құстар түршелерге бөлінбейді (12.25-сурет).
Қазақстанда ұялайтын жəне
Қазақстанның кейбір жерлерінде
қыстайтын құстар.
Қара
Ертіс
жəне
Жайық
өзендерінің аңғарларында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің
барлық су қоймаларынан көруге
болады.
12.25-сурет. Кіші бейнарық.
Құстар Іле өзенінің аңғарында, Сырдария өзенінің ортаңғы бөлігінде
жəне Каспий теңізінде қыстайды.
Əдетте жеті-тоғыз, кейде бес-онбір жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
97
Су жəндіктерінің жəне инеліктердің дернəсілдерімен, су қоңыздары-
мен, мизандармен, майда балықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Секпілтөс бейнарық
Длиноносый крохаль
M. serrator Linnaeus, 1758
Еуразияның жəне Солтүстік Американың тундралы, орманды тундралы
жəне орманды аймақтарында мекендейді. Жекеленген ұялары Қаратеңіздің
Керкініт шығанағының аралдарында, Арменияның Севан көлінде белгілі.
Құстар түршелерге бөлінбейді.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Құстар Балқаш көлінде, Алакөлде, Көкше көлдерінде жəне Оңтүстік
Алтайда (Бұқтарма өзенінің ортаңғы ағысында, Марқакөлде) ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық су қоймаларынан көруге
болады.
Құстар кейде Түркістанның оңтүстігінде жəне Ертіс өзенінде қыстап
қалады.
Əдетте сегіз-он, кейде алты-онтөрт жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Жұмыртқадан балапан шығуы 60,0-80,0%. Балапандардың шығыны өте
жоғары.
Құстар балықтармен, су жəндіктерімен, кейде бақалармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Үлкен бейнарық
Большой крохаль
M. merganser Linnaeus, 1758
Үлкен бейнарық Еуразияның жəне Солтүстік Американың орманды,
Орта Азияның таулы аймақтарында (Гималай мен Тибетте) ұялайды (12.26-
сурет).
Құстардың негізгі қыстаулары – Еуразия мен Солтүстік Американың
Атлант жəне Тынық мұхит жағалаулары, Жерорта жəне Қара теңіздер,
Каспий теңізінің оңтүстігі, Парсы шығанағы, Солтүстік Үндістан, Үндіқытай
жəне Оңтүстік-Шығыс Қытай.
Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның екеуі – M. m. merganser, M.
m. comatis.
Қазақстанда ұялайтын жəне Қазақстанның кейбір жерлерінде
қыстайтын құстар.
Құстар Алтайда, Сауырда, Тарбағатайда, Жетісу Алатауында, Көкше су
қоймаларында ұялайды.
98
Ұшып
бара
жатқан
құстарды еліміздің барлық су
қоймаларынан көруге болады.
Ертіс, Іле жəне Сырдария
өзендерінде,
Арал
теңізінің
Барсакелмес
аралында
жəне
Солтүстік Каспийде қыстайды.
12.26-сурет.Үлкен бейнарық.
Əдетте сегіз-он, кейде төрт-онбес жұмыртқа салады. Ұядан орташа
есеппен алты-жеті балапан қанатына көтеріледі. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен балықтармен қоректенеді, су жыландарын, су жəндіктерін
жəне олардың дернəсілдерін де, моллюскаларды да қорек ете алады.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қаз тəрізділер қандай экологиялық топқа жатады? Олардың бəрі
бірдей ұша алама? Қаз тəрізділер əлемде қалай таралған? Олардың
ерекшелік белгісін анықтап, маңыздарын ата.
2. Олардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі бар? Ал Қазақстанда
қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі кездеседі? Олар қашан жəне қанша
рет түлейді?
3. Кіші қарашақаздар əлемде қалай таралған?
4. Қарашақаздар əлемде қалай таралған? Қарашақаздардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
5. Қызылжемсаулы қарашақаздар əлемде қалай таралған? Олардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
6. Сұр қаздар əлемде қалай таралған? Сұр қаздардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
7. Ақмаңдайлы қаздар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
8. Шиқылдақ қаздар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
9. Қырманқаздар əлемде қалай таралған? Қырманқаздардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
10. Аққаздар əлемде қалай таралған? Аққаздардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
11. Ақбас қаздар əлемде қалай таралған? Ақбас қаздардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
12. Бежин қаздары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
99
13. Сыбырлақ аққулар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
14. Сұңқылдақ аққулар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
15. Кіші аққулар əлемде қалай таралған? Кіші аққуардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
16. Сарыалақаздар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
17. Италақаздар əлемде қалай таралған? Италақаздардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
18. Барылдауық үйректер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
19. Ысылдақ шүрегейлер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
20. Қырылдақ шүрегейлер əлемде қалай таралған? Қырылдақ
шүрегейлердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
21. Қоңыр үйректер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
22. Сарыайдар үйректр əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
23. Бізқұйрық үйректер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
24. Даурықпа
шүрегейлер
əлемде
қалай
таралған?
Даурықпа
шүрегейлердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
25. Жалпақтұмсық үйректер əлемде қалай таралған? Жалпақтұмсық
үйректердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
26. Мəрмəр шүрегейлер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
27. Қызылтұмсық шүрегейлер əлемде қалай таралған? Қызылтұмсық
шүрегейлердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
28. Көк сүңгуірлер əлемде қалай таралған? Көк сүңгуірлердің Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
29. Алакөз сүңгуірлер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
30. Айдарлы сүңгуірлер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
31. Теңіз сүңгуірлері əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
100
32. Ұшқыр үйректер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
33. Шақшақайлар əлемде қалай таралған? Шақшақайлардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
34. Сусылдақтар əлемде қалай таралған? Сусылдақтардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
35. Мамыққаздар əлемде қалай таралған? Мамыққаздардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
36. Қаратұрпандар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
37. Дөңтұмсық тұрпандар əлемде қалай таралған?
38. Дөңтұмсық тұрпандардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар
Қазақстанда қалай таралған?
39. Кəдімгі тұрпандар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
40. Ақбас үйректер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
41. Кіші бейнарықтар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
42. Секпілтөс бейнарықтар əлемде қалай таралған? Секпілтөс
бейнарықтардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар
Қазақстанда қалай таралған?
43. Үлкен бейнарықтар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
101
13. СҰҢҚАР ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ НЕМЕСЕ ЖЫРТҚЫШ
ҚҰСТАР - ОТРЯД СОКОЛООБРАЗНЫЕ, ИЛИ ХИЩНЫЕ ПТИЦЫ -
FALCONIFORMES
Мықты ілмек тəрізді тұмсығы жəне қисық өткір тырнақты орташа жəне
ірі құстар (13.1; 13.2, 13.3; 13.4; 13.5; 13.6; 13.7-суреттер).
Тұмсықтың жалғасқан жері жалаң терімен – балауызбен көмкерілген.
Көзінің айналасы, кеңсірігі жəне саусақтары қауырсынданбаған.
Жіліншіктері əр түрінде əр түрлі мөлшерде қауырсындануы мүмкін.
Өлекселермен қоректенетін кейбір жыртқыш құстардың мойыны жəне
басы жалаңаш немесе тек мамықпен көмкерілген. Мамығы бүкіл денесіне
біркелкі тараған.
Кеңсірігінде қатты қылшықтар жақсы дамыған.
Жамылғы қауырсындары берік, мықты, шеттері дөңгелектенген; бірақ
кейбір түрлерінің желкесінде, мойынында олар үштіктелген.
Сирақтарының қауырсындары ұзарған жəне «Шалбар» құрайды.
Желпуіш жəне бағыттауыш қауырсындары өте қатты. Бірінші дəрежелі
желпуіштерінің бір бөлігінің (он-онбір) ойықтары жəне кесінділері бар.
Бағыттауыш қауырсындары əдетте онекі (кейбір қамайларда онтөрт).
Түстері тартымсыз: қоңыр, сұр, қара жəне ақ араласқан. Ересектерінің
денесіндегі суреттері көлденең жолақты, балапандарыныкі бойлық жалақты.
Жіліншіктері торлы тілімдермен немесе көлденең қалқаншалармен
көмкерілген.
Үш саусағы алдына, бірі артына қараған; ал балықшы тұйғында
төртіншісі де артына қарай бұрыла алады. Саусақтарының төменгі жағында
жастықтары жақсы дамыған.
Қауырсынданбаған бастың жəне сирақтың бөліктері көкке немесе
сарыға боялған.
Қанаттарының пішіні əртүрлі – жасырынып немесе жемтіктерін тар
жолда ұстайтын орман жыртқыштарының қанаттары қысқа жəне
дөңгеленген; қалықтап жемтіктерін іздейтін жыртқыштардыкі – жалпақ жəне
үлкен; қуып ұстайтын жыртқыштардыкі – жіңішке жəне ұзын.
Көздері үлкен, сыртқы артына қарай бағытталған.
Жемсаулары бар.
Соқыр ішектері болмайды.
Жұп ұрық бездері болады. Шағылысу мүшелері болмайды.
Құйыршық безі балықшы тұйғыннан басқаларында нашар дамыған
жəне қауырсынданған.
Жыныстық
диморфизм
түстерінде
(ұрғашыларына
қарағанда
еркектерінің түстері ашық) жəне көлемдерінде (ұрғашылары еркектеріне
қарағанда ірілеу) көрінеді.
Тұрпайы ұяларын жерге, ағаштарға, шың қуыстарына, кейде адам
жайларына салады. Көбнесе басқа құстардың ұяларын пайдаланады.
102
Моногамдар. Жұптарымен ұялайды, ал кейбір майда сұңқарлар жəне
құмайлар кішігірім топ құрайды. Жұмыртқаларын ұрғашылары басады.
Еркектері ұяларын қорғайды, ұрғашыларын қоректендіреді, балапандарын
тамақтандыруға жəне тəрбиелеуге қатысады.
1 2
13.1-сурет. Жыртқыш құстардың тұмсықтары:
1-қырандардыкі; 2-
сұңқарлардыкі.
13.2-сурет. Қырғидың
аяғы.
13.3-сурет.
Жамансарының аяғы.
13.4-сурет.
Құладынның аяғы.
13.5-сурет. Қара
кезқұйрықтың аяғы.
13.6-сурет.
Қаршығаның аяғы.
13.7-сурет. Бүркіттің
аяғы.
Ұядағы жұмыртқа саны көп болмайды – бірден тоғызға дейін.
Жұмыртқалары дөңгеленген немесе сопақтау; қабықтары қалың, ақ сары
103
немесе көкшіл түсті. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Жұмыртқа басу
бірінші жұмыртқаны туудан басталады.
Балапандары əлсіз жəне жай жетіледі. Олардың екі мамық сəні болады.
Олар қауырсындану реңімен ересектерінен ерекшеленеді. Жыныстық жетілуі
үш-төрт жаста.
Олардың өсіп-өнуі қоректік қорға тығыз байланысты. Əртүрлі
жануарлармен, əсіресе, майда жануарлармен – аңдармен, құстармен, қосме-
кенділермен, бауырымен жорғалаушылармен, балықтармен, жəндіктермен
қоректенеді. Өлекселермен жəне қоқтықтармен қоректене алады.
Көпшілік түрлері бір азық түріне маманданған. Олар жаппай көбейіп
жатқан кеміргіштер, түзу қанаттылар жəне өлекселері бар жерге тез жинала
алады.
Бұл тобырдың өкілдері бүкіл əлемге тараған: Антарктидадан жəне
кейбір мұхит аралдарынан басқа.
Қазіргі кезде өмір сүретін жыртқыш құстар отряды екі отряд
тармағына бөлінеді:
1.
Амеркалық құмайлар – Американские грифы – Cuthartae.
2.
Нағыз жыртқыш құстар – Настоящие хищные птицы –
Falcones немесе Accipitres.
Қазақстанда тек нағыз жыртқыш құстардың түрлері кездеседі.
Жыртқыш құстардың маңызы əртүрлі.
Көпшілігі, əсіресе майда сұңқарлар, құладындар жəне жамансарылар
оларға қорек болып келетін, көп мөлшерде зиянды кеміргіштерді жояды.
Кейбірі (ірі сұңқарлар, қаршығалар жəне бүркіттер) аулағыш құстар
ретінде пайдаланылады.
Құмайлар,
кезқұйрықтар
жəне
кейбір
бүркіттер
өлексе,
қоқтықтарменде қоректеніп пайда келтіреді.
Тек кейбір түрлері ғана (саз құладыны, қаршыға) аңшылық
шаруашылығына жəне кейбір құс шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін.
Қазақстанда жыртқыш құстардың үш тұқымдасы кездеседі.
Балықшы тұйғындар тұқымдасы
Семейство Скопиные
Pandionidae
Монотипті тұқымдас тек туыстан тұрады.
Балықшы тұйғындар туысы
Род Скопа
Pandion Savigny, 1809
Бұл туыс тек бір түрден тұрады.
104
Балықшы тұйғын
Скопа
P. haliaetus (Linnaeus, 1758)
Балықшы тұйғындар əлемде кең тараған құстар. Олар Еуразияда
(солтүстікке қарай биік діңгекті ағаштардың шетіне дейін) ұялайды.
Шөлді аймақтың көпшілігінде (Орта Азияда, Үндістанда жəне
Үндіқытайда) кездеспейді.
Солтүстік Американың барлық жерінде кездеседі – солтүстікке қарай
орман шетіне дейін.
Африкада Қызыл теңіздің маңында жəне Кіші Африкада мекендейді.
Австралияда кең тараған.
Еуразиялық құстар - Африкада жəне Оңтүстік Азияда, ал Америкалық
құстар – Солтүстік жəне Орталық Америкада қыстайды.
Бес түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. h. haliaetus (13.8-
сурет).
Сыртқы саусағы өте қозғалғыш,
алдына жəне артына бағыттала алады.
Тырнақтары имектелген, жіңішке жəне өткір.
Құстардың саусақтарының төменгі жағында
мүйізді қабығы бар. Ол өткір, тікенек
секілді; балықты ұстауға көмектеседі. Құстар
балықтарды бақылап, су бетінде қалықтап
тұрады да, тез құйылып келіп, суға сүңгіп
жемтігін ұстайды.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Оңтүстік Алтайда (Марқакөлде); Ертіс,
Қара Ертіс, Іле, Сырдарья жəне Жайық
өзендерінің аңғарларында, Балқаш-Алакөл
13.8. Сурет. Балықшы
тұйғын.
ойпатында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық жерден, соның ішінде Бетпақдала
мен Үстіртте де көруге болады.
Əдетте екі-үш, кейде төрт жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген
Қаршыға тəрізділер тұқымдасы
Семейство Ястребиные
Accipitridae
Майда (салмағы 50 г) жəне ірі (салмағы 12 кг) құстар. Тұмсығындағы
тісшелері онша байқалмайды. Қатты таңдайында көлденең белдеушесі жоқ.
Мойын омыртқалары 14 (тазқараларда 17). Құстардың кеуде омыртқалары
105
арқасымен біріккен. Көмекейдің төменгі пердесі нашар дамыған. Бірінші
дəрежелі желпуіш қауырсындардың түлеуі он біріншісінен басталып,
біріншісінен аяқталады немесе ортадан басталады (қыран, тазқара). Кейбір
тазқаралардың тозаңдықтары бар.
Құстар (Антарктидан, кейбір мұхит аралдары мен сусыз шөлдерден
басқа) бүкіл жер шарында тараған.
Əлемде 63 туысқа жататын 208 түрі бар.
Қазақстанда он туысқа жататын жиырма тоғыз түрі кездеседі.
Аражегіштер туысы
Род Осоеды
Pernis Cuvier, 1817
Аражегіштердің кеңсіріктері жəне маңдайлары басқа жыртқыштар
сияқты қылшықтармен емес орта мөлшерлі тығыз қауырсындармен
көмкерілген. Тұмсығы əлсіз; тұмсық үстінің шеттерінде томпақтары
болмайды. Қысқа тілерсектері жартылай қауырсынданған.
Қазақстанда екі түрі кездеседі.
Аражегіш
Обыкновенный осоед
P. apivorus (Linnaeus, 1758)
Құстар Еуразияда (батысында Ұлыбританияда, шығысында Томскіде,
солтүстігінде Скандинавияның оңтүстік аудандарына, Ақ теңізге, Печораның
жоғарғы жағына, Ертіс өзенінің сағасына жəне Томскіге, ал оңтүстікте
Испания, Италия жəне Грекияның солтүстік бөлігінде, кіші Азияда, Кавказда
жəне Каспий теңізінің жағалауына дейін) тараған (13.9-сурет).
Құстар Африканың оңтүстік бөлігінде
қыстайды.
Түршелері жоқ.
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
Қазақстанның Оңтүстік Алтайында, Жай-
ық өзенінің ортаңғы ағысының аңғарларында,
Мұғаджарда, Үркештің орманды алқабында
ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің
барлық жерінен көруге болады (биік таулы
жерлерден басқа).
Негізінен аралармен, түкті аралармен жəне
олардың дернəсілдерімен қоректенеді. Кейде
жұлдызқұрттармен, саяқтармен, шегірткелермен,
қоңыздармен, бақалармен, жыландармен, майда
13.9-сурет. Аражегіш.
106
құстармен, кеміргіштермен қоректене алады.
Экологиялық маңызы бар.
Айдарлы аражегіш
Хохлатый осоед
P. ptilorhynchus (Temminck, 1821)
Құстар Азияда (Алтайдан Сахалинге дейін, солтүтік-шығыс Қытайда,
Жапония аралдарында, Үндістанда, Үндіқытайда, Зонд жəне Филиппин
аралдарында) тараған.
Алты түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі – P. p. Orientalis.
Қазақстаннан ұшып өтетін құстар.
Ұшып бара жатқан құстарды Қазақстанның шығыс бөлігінен көруге
болады: Алтай, Солтүстік жəне Батыс Тянь-Шань тауларының алдында жəне
Сырдария өзенінің аңғарында.
Қоғамдық жарғақ қанаттылармен жəне олардың дернəсілдерімен
қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Кезқұйрықтар туысы
Род Коршун
Milvus Lacepede, 1799
Қазақстанда тек бір түрі ғана кездеседі.
Қара кезқұйрық
Черный коршун
M. migrans (Boddaert, 1783)
Қара кезқұйрықтар Африканы, Мадагаскарды, Еуропа мен Азияны
(солтүстікке қарай Архангельскіге, Тобылға, Түнгүске, Вилю мен Охотскіге
дейін), Үнді-Австралия архипелагінде жəне Австралияда мекендейді.
Африкада жəне Азияның оңтүстігінде (Иран, Үндістан, Үндіқытай)
қыстайды (13.10; 13.11-сурет).
13.10-сурет. Қара кезқұйрықтың əуеден
көрінісі.
13.11-сурет. Қара кезқұйрық:
еркегі
алдында жəне ұрғашысы.
107
Алты түршесі теркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – M. m.
migrans, M. m. lineatus.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Сусыз жəне ағашсыз аудандардан басқа барлық жерде ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық жерден көруге болады.
Орманды, сулы, таулы су қоймаларында мекендейді.
Əдетте екі-үш, кейде бір-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Жас немесе майда ауру сүтқоректілермен, құстармен, бауырмен
жорғалаушылармен, қосмекенділермен, балықтармен, моллюскалармен,
шегірткелермен, өлекселермен жəне қоқтықтармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Құладындар туысы
Род Луни
Circus Lacepede, 1799
Жеңіл тұлғалы, орта мөлшерлі, үлкен қанатты жəне құйрықты
жыртқыш құстар. Ашық кеңістікте (дала, шалғын, егістік) жəне қамысты су
қоймаларының жағаларын мекендейді.
Қауырсындануы жұмсақ жəне тығыз емес.
Құлағынан иегіне қарай бастың екі жағынан майда, ақырындап иілген
тығыз қауырсыннан құралған сақина өтеді. Ол құладындарға жапалақ реңін
береді.
Аяқтары ұзын, жіңішке, бірақ мықты.
Олардың жалпақ жəне ұзын қанаттарының құрылыс ерекшеліктері –
құстардың ұшу ерекшеліктерін анықтайды.
Құладындар Арктика мен Антарктидадан басқа бүкіл жер шарына
тараған.
Қазақстанда төрт түрі кездеседі.
Түз құладыны
Полевой лунь
C. cyaneus (Linnaeus, 1766)
Еуразия мен Америкада кең тараған. Көпшілік жерлерде солтүстікке
қарай тундраға жетеді. Еуропада оңтүстікке қарай Жерорта мен Қара
теңіздеріне жетеді. Азиядағы оңтүстік шекарасы белгісіз – Кіші Азия жəне
Иранда əдеттегі құстар. Шығыста Алтайға, Моңғолияға, Маньчжурияға,
Кореяға, Жапонияның солтүстік аралдарына жетеді.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі – C. c. cyaneus (13.12-
сурет) кездеседі.
108
Қазақстанда
ұялайтын
жəне
қыстайтын құстар.
Оңтүстік-Батыс Алтай тауларында,
Жетісу Алатауында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміз-
дің барлық жерінен көруге болады.
Қазақстанның
оңтүстігінде
жəне
оңтүстік-шығысында қыстайды.
Дала, егістік, шалғын, өзен аңғар-
ларын мекендейді.
Əдетте төрт-бес, кейде екі-алты жұм-
13.12-сурет. Түз құладыны.
мыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Майда кеміргіштермен, торғай тəрізділермен, шалшықшылармен,
кесірткелермен жəне жəндіктермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Дала құладыны
Степной лунь
C. macrourus (Gmelin, 1771)
Еуразия даласында (Дунайдың төменгі жағынан солтүстік-батыс
Моңғолияға, солтүстікке қарай Каспий теңізінің Иран жағалауына жəне
Сырдария өзенінің төменгі жағына дейін тараған.
Азияның оңтүстігінде жəне бүкіл Африкада қыстайды.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде (құрғақ далалар мен шөлейттерде
оңтүстікке қарай Қамыс-Самар көлдерінде, Ембі өзенінің жоғарғы жағында,
Жезқазғанда. Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде жəне Тарбағатай тауының
бөктерінде, Сырдария өзенінің аңғарларында) ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Əдетте төрт-бес, кейде үш-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен кеміргіштермен, одан басқа да майда құстармен, олардың
жұмыртқаларымен, кесірткелермен жəне ірі жəндіктермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Шалғын құладыны
Луговой лунь
C. pygargus (Linnaeus, 1758)
Шалғын құладыны Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Кіші Африкада,
Азияда (шығыста Тянь-Шаньға жəне Алтайға, солтүстікте Түмен жəне
109
Томскіде, оңтүстікте Иранда, Сырдария мен Терме өзендерінің төменгі
жағына дейін) тараған.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Еліміздің барлық жерінде кездеседі жəне ұялайды.
Кейде Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қыстайды.
Ылғалды, шалғынды, биік шөпті, бұталы жəне қамысты, сирек
қамысты, батпақты шалғынды, майда ағашты суға жақын жерлерді, сирек
қамысты немесе тығыз қамысты шалғындардың шетін мекендейді.
Əдетте төрт-бес, кейде үш-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Майда кеміргіштермен, құстармен жəне олардың жұмыртқаларымен,
кесірткелермен, ірі жəндіктермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Саз құладыны
Болотный лунь
C. aeruginosus (Linnaeus, 1758)
Еуразияда, Африкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Жаңа
Коледонияда жəне Фиджі аралдарында, Тасманияда мекендейді (Еуропада
солтүстікке қарай Скандинавияның оңтүстік бөлігіне жəне Архангельскіге
дейін, оңтүстікке қарай Месопотамияға, Тянь-Шаньға, Солтүстік Моңғолияға
жəне Кореяға дейін; Африкада Кіші жəне Оңтүстік Африкада, Мадагаскар
аралдарында).
Азияның оңтүстігінде жəне Африканың оңтүстік бөлігінде қыстайды.
Сегіз түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – C. a.
aeruginosus, C. a. spilonotus (13.13; 13.14-суреттер).
13.13-сурет. Саз құладынының əуеден көрінісі.
13.14-сурет. Саз
құладыны:
алдында еркегі
жəне ұрғашысы.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Сусыз аудандардан басқа барлық жерде ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды барлық жерден көруге болады.
Қамыстары биік өскен су қоймаларын мекендейді.
110
Əдетте төрт-бес, кейде үш-алты жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен құстармен (үйректер, қасқалдақтар, сұқсырлар, шалшықшы-
лар, торғай тəрізділер), қос мекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен
жəне ірі жəндіктермен, кейде балықтармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Қаршығалар туысы
Род Ястребы
Accipiter Brisson, 1760
Орманда ұшуға бейімделген орташа жəне майда құстар. Денелері
тығыз, етті, құйрықтары біршама ұзындау (қанаттың ұзындығының
жартысынан асады).
Қанаттары жалпақ, қысқа (жиналған кезде құйрықтың үштен біріне
жетпейді) жəне доғал; оның ұшын үшінші, төртінші жəне бесінші желпуіш
қауырсындар құрайды. Бірінші желпуіш қауырсындарының ойықтары бар.
Жіліншіктері ұзын болғандықтан аяқтары да ұзын.
Саусақтары мықты, иілген тырнақтары бар.
Тұмсықтары онша үлкен емес, бірақ тік иілген.
Антарктидадан басқа бүкіл жер шарына тараған.
Қазақстанда олардың үш түрі кездеседі.
Қаршыға
Тетеревятник
A. gentilis (Linnaeus, 1758)
Еуразия мен Солтүстік Американың орманды өңірлерін, оңтүстік Азия
мен Еуропаның таулы ормандарын мекендейді. Африкада тек Марокконың
солтүстік бөлігінде кездеседі.
Он түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – A. g.
buteoides, A. g. schvedowi (13.15; 13.16-сурет).
13.15-сурет. Қаршығаның əуеден көрінісі.
13.16-сурет. Қаршыға:
еркегі
алдында жəне ұрғашысы.
111
Қазақстаннан ұшып өтетін жəне Қазақстанда қыстайтын құстар.
Көкше тауларында жəне Іле Алатауында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Жайық өзенінің аңғарларында, Наурызымда, Ертіс өзенінің бойында,
Алтайда жəне Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда қыстайды.
Жазық ағашты-бұталы жəне таулы аудандарды мекендейді.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен құстармен (құр, сұр құр, шіл, қырғауыл, кекілік, үйрек,
кептер, кейде қояндар, тиіндер, майда кеміргіштер) қоректенеді.
Қаршығалар аңшылық шаруашылықтарындағы тауық тəрізділерге
үлкен зиян келтіреді.
Ертеден саятшылар қаршығаларды аулағыш құс ретінде
қырғауыл, үйрек жəне қоян аулау үшін пайдаланған.
Қырғи
Перепелятник
A. nisus (Linnaeus, 1758)
Азия, Еуропа, Кіші Африканың жəне оларға тіркескен аралдардың
жазық жəне таулы ормандарында мекендейді. Азияда шығысқа қарай
Колыма алабынан аспайды, солтүстікке қарай орман шеттеріне, оңтүстікке
қарай Гималайға дейін жетеді.
Құстардың бір бөлігі ұялайтын жерлерінде, ал бір бөлігі Еуразияның
оңтүстігінде жəне Солтүстік-Шығыс Африкада қыстайды.
Жеті түршесі тіркелген. Қазақстанда соның үшеуі кездеседі – A. n.
nisus, A. n. nisosimilis, A. n. dementyevi (13.17; 13.18- суреттер).
13.17-сурет. Қырғидың əуеден
көрінісі.
13.18-сурет. Қырғи:
алдында еркегі
жəне ұрғашысы.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Көкше тауларында, Ертіс өзенінің бойында, Алтайда, Жетісу
Алатауында, Солтүстік жəне Батыс Тянь-Шаньда ұялайды.
Ұшып бара жатқан жəне қыстап қалған құстарды еліміздің барлық
жерінен көруге болады.
Жазық ағашты-бұталы жəне таулы аудандарды мекендейді.
112
Əдетте үш-төрт, кейде екі-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Қырғилар сарықастан сайрауыққа дейінгі мөлшерлі құстармен
қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Ертеден саятшылар қырғиларды аулағыш құс ретінде бөденелерді
аулау үшін пайдаланатын.
Үлкен мықи
Европейский тюбик
A. brevipes (Severtzov, 1850)
Майда қаршығалар. Мықидан сəл үлкендеу жəне қаралау. Ішкі
төртінші жəне бесінші сыртқы желпуіш қауырсындарында ойықтары
болмайды. Екінші желпуіш қауырсынының соңы алтыншы желпуішке
қарағанда бесінші желпуішке жақын.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Жайық өзенінің аңғарларында ұялайды.
Оңтүстік Азияда қыстайды.
Ұшып бара жтқан құстар Атырау мен Маңғыстауда байқалады.
Əдетте үш-төрт, кейде үш-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Үлкен мықилар кесірткелермен, жəндіктермен, майда құстармен жəне
тышқандармен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Мықи
Тюбик
B. badius (Gmelin, 1788)
Мықилар Экваторлық Африка мен Оңтүстік Азияның (Үндістанда,
Үндіқытайда, Ауғанстанда, Иранда, Кіші Азияда, Аравияның Оңтүстік
бөлігінде, орта Азияның аздаған бөлігінде) басым бөлігінде жəне Еуропаның
оңтүстік-шығыс бөлігінде (Балқанда, Молдовада, Украинада, Еділ өзенінің
төменгі жағында, Жайық өзенінің орта белінде) тараған.
Еуропаның, Орта Азия жəне Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі құстар
қыстауға Азияның оңтүстік аудандарына ұшып келеді.
Алты түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі – A. b. cenchroides.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қаратал, Іле жəне Сырдария өзендерінің аңғарларында ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс
Қазақстаннан көруге болады.
113
Өзен аңғарларындағы жəне жазық жерлердегі тоғайларда мекендейді.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Кесірткелермен,
ірі
жəндіктермен,
майда
құстармен
жəне
кеміргіштермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Жамансарылар туысы
Род Канюки
Buteo Lacepede, 1799
Бұл туысқа орта мөлшерлі, ұзын жалпақ қанатты жəне дөңгелек
құйрықты жыртқыш құстар кіреді.
Тұмсықтары онша үлкен емес.
Аяқтары бір шамадай əлсіз, сондықтан олар тек майда жануарларды
ұстай алады.
Жіліншіктері алдынан жартылай немесе толық қауырсынданған, ал
артынан олар əркезде қалқаншалармен жабылған.
Əртүрлі майда жануарлармен, негізінен кеміргіштермен қоректенеді.
Жамансарылар бүкіл жер шарына тараған. Тек Антарктида,
Австралияда жəне Зонд аралдарында ғана олар кездеспейді.
Жамансарылардың жиырма төрт түрі тіркелген. Қазақстанда солардың
төрт түрі кездеседі.
Айқанат тілеміш
Зимняк
B. lagopus (Pontoppidan, 1763)
Еуразия жəне Солтүстік Американың тундралары мен орманды-
тундраларында мекендейді.
Қыста Еуразиялық құстар Орталық Еуропаға, Кавказға, Каспий
теңізінің аймағына, Орта Азияға, Солтүстік Моңғолияға, Кореяға; ал
Америкалық құстар Калифорнияға, Техасқа, Луизианаға, Солтүстік
Каролинаға қоныс аударады.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – B. l
.lagopus, B, l. menzbieri.
Қазақстаннан ұшып өтетін жəне Қазақстанда қыстайтын құстар.
Қазақстан жазықтарының бəрінде кездеседі.
Жазық жерлерді қалайды.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
114
Негізінен кеміргіштермен (тоқалтіс, қаптесер, егеуқұйрық, құмтышқан,
ондатр) қоректенеді. Айқанаттар құм қояндарын, құстарды, майда
сусарларды да аулайды жəне балықтарды да жинайда.
Экологиялық маңызы бар.
Жүнбалақ тілеміш
Мохноногий курганник
B. hemilasius Temminck et Schleger, 1844
Орталық Азияда оңтүстікте Тибетке жəне Гималайға дейін, солтүстікте
Байкал көліне дейін, шығыста Батыс Маньчжурияға дейін, батыста
Жоңғария, Қашғария жəне Тарбағатайға дейін мекендейді.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлерінде, Монрақта, Зайсан ойпатында
жəне Тарбағатайда ұялайды.
Қоныс аударушы жəне қыстаған құстарды Іле өзенінің аңғарларынан
жəне Тянь-Шань тауының етегіндегі жазықтардан көруге болады.
Ормансыз тауларды мекендейді.
Əдетте екі-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Жүнбалақ
тілеміштер
құмтышқандармен,
сарытышқандармен,
тоқалтістермен қоректенеді. Сондай-ақ, олар құстарды, қояндарды,
жəндіктерді, бауырымен жорғалаушыларды аулайды.
Экологиялық маңызы бар.
Кəдімгі тілеміш
Обыкновенный курганник
B. rufinus (Cretzchmar, 1827)
Солтүстік Африкада, Оңтүстік Еуропада (Грекияда, Кавказда, Еділ
өзенінің арғы жағында), ішкі Азияда, Арабияның солтүстік бөлігінде,
Иранда, Ауғанстанда, Белуджистанда, Үндістанның солтүстік-батыс
бөлігінде, Орта Азияда, Қазақстанда жəне Моңғолияда тараған.
Қазақстанның оңтүстігінде, орта Азияда, Үндістанда, Иранда,
Африканың Ніл өзенінің аңғарында жəне оның шығыс жағында қыстайды.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі – B. r. rufinus.
Қазақстанда ұялайтын құстар
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде солтүстікке қарай Қамыс-Самар
көлдерінде, Ақтөбеге, Қарағандыға жəне Зайсан ойпатына дейін ұялайды.
Солтүстікте Құсмұрын көлі мен Павлодар шаһары арасындағы кеңістікте
жеке ұшып жүрген жəне ұялаған құстар кездеседі.
115
Ұшып бара жатқан құстарды аталған жерлердің шекарасында көруге
болады.
Қазақстанның оңтүстігінде қыстайды.
Оқшауланған тоғайлары бар шыңдарға қараған жазық жерлерді
мекендейді.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен кеміргіштермен қоректенеді. Бауырымен жорғалаушыларды,
құстарды, ірі жəндіктерді аулайды.
Экологиялық маңызы бар.
Жамансары
Обыкновенный канюк
B. buteo (Linnaeus, 1758)
Еуразияның жазық жəне таулы ормандарын, Азов, Канар, Мадейр,
Жасыл мүйіс, Корсика, Сардиния жəне Жапония аралдарын мекендейді.
Солтүстікке
қарай
Шотландияға,
Скандинавияның
орта
бөлігіне,
Финляндияға, Архангельскіге, Батыс Сібірдің 60º с.к. жəне Саханың 63º30´
с.к. дейін; ал оңтүстікке қарай Жерорта теңізінің жағалауларына, Кіші
Азияға, Солтүстік Иранға, Солтүстік Қазақстанға, Тянь-Шаньға жəне Кореяға
жетеді. Жекеленген өкілдері Гималайда кездеседі.
Бес түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – B. b.
vulpinus, B. b. japonicus (13.19; 13.20- сурет).
13.19-сурет. Жамансарының əуеден
көрінісі.
13.20-сурет. Жамансары:
сол
жағында ұрғашысы, оң жағында еркегі.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Солтүстік Қазақстанда (Тобыл мен Ертіс өзендері аралығында), Көкше
жəне Сарыарқа тауларында, Алтайда, Жетісі Алатауында жəне солтүстік
Тянь-Шаньда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қыстайды.
116
Əдетте үш-төрт, кейде екі-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Жамансарылар майда кеміргіштермен, сондай-ақ құстармен, ірі
жəндіктермен, бауырмен жорғалаушылармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Жыланшылар туысы
Род Змееяды
Circaetus Vieillot, 1816
Жыланшылардың төрт түрі тіркелген. Оның үш түрі Африкада тіршілік
етеді. Төртінші түрі Африканы жəне Еуразияның батыс бөлігін мекендейді.
Қазақстанда кездеседі.
Жыланжегіш бүркіт
Змееяд
C. gallicus (Gmelin, 1788)
Жыланжегіш бүркіт Африкада (Сахарадан басқа жерлерде), Оңтүстік
жəне Орталық Еуропада (солтүстікке қарай Санкт-Петербургқа, Новгородқа
жəне Қазанға дейін), Алдыңғы жəне Орта Азияда, Солтүстік Үндістанда
ұялайды.
Қазақстанда солтүстікке қарай 49º с.к. дейін тараған. Одан басқа
ұялары Барнауылдың маңында табылған. Солтүстік Қытайда Ордоста
ұялағаны белгілі. Солтүстік Моңғолияда Гүдзірде, Кентайда жазда көрінген.
Африкада, Арабияда жəне оңтүстік Азияда (Иранда, Ауғанстанда жəне
Үндістанда) қыстайды.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – C. g.
gallicus, C. g. heptneri.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ұялайды (солтүстікке қарай
Мұғаджарға, Сарыарқаға жəне Іле өзенінің алабына дейін). Осыдан
солтүстікке жəне батысқа қарай қоныс аударған жəне ұшып бара жатқан; ал
оңтүстікке қарай тек ұшып бара жатқан құстар кездеседі.
Қуаң таулы жəне жазықта оқшауланған ағаштары бар шыңдарға
жалғасқан жерлерде мекендейді.
Бір жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары
қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен жыландармен жəне кесірткелермен, кейде бақалармен, майда
құстармен, кеміргіштермен, кірпілермен жəне де басқа майда жануарлармен
қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
117
Ергежейлі бүркіттер туысы
Род Мелкие орлы
Hieraatus Kaup, 1844
Қазақстанда екі түрі кездеседі.
Бақалтақ бүркіт
Орёл – карлик
H. pennatus (Gmelin, 1788)
Африканың, Еуропаның, Азияның жəне Австралияның орманды
аудандарында кең тараған. Құстар Орталық, Оңтүстік-Шығыс жəне
Солтүстік Африкада, Оңтүстік Еуропаның басым бөлігінде (солтүстікке
қарай Беловеж орманына жəне Тула облысына дейін), Алдыңғы жəне Орта
Азияда, Алтайда, Байкал көлінде, Жаңа Гвинея мен Австралияның оңтүстік
бөлігінде ұялайды.
Еуразияда мекендейтін құстар Үндістанда жəне Африкада қыстайды.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі де кездеседі – H. p.
pennatus, H.p. milvoides.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Жетісу Алатауында, Солтүстік жəне Батыс Тянь-Шаньда, кейде Іле
өзенінің сағасында жəне Қарқаралыда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды аталған жерлерден жəне Жайық өзенінің
бойынан көруге болады.
Таулы жəне тоғайлы ормандарды мекендейді.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Жылан бір рет
жұмыртқалайды.
Кептер жəне кекілікке дейінгі мөлшерлі құстармен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қырғи бүркіт
Ястребиный орёл
H. fasciatus (Vieillot, 1822)
Африкада (Сахарадан Марокко, Алжир жəне Туниске дейін),
Еуропаның оңтүстігінде жəне Жерорта теңізі аралдарында, Азияның
оңтүстігінде (Кіші Азия мен Аравиядан Қытай мен Кореяға дейін)
мекендейді. Орта Азияда Копетаг жəне Қызылқұм тауларына дейін кездеседі.
Үш түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – H. f.
fasciatus.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар.
Қаратауда жəне Келес өзенінің Сырдария өзеніне құятын жерінде
кездеседі.
118
Аласа шөлді тауларды, өзен жағасындағы жарларды жəне тау етегін
мекендейді.
Екі-үш жұмыртқа салады.
Негізінен құстармен (кекілік, кептер жəне т.б.), кейде қояндармен,
бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді.
Қырандар туысы
Род Орел
Aquila Brisson, 1760
Мықты тұмсығы жəне күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін
барлық жағынан (алды-артынан) қауырсынданған, ірі жəне орташа құстар.
Ұрғашылары
еркектерінен
үлкендеу;
олардың
реңдерінде
айырмашылық жоқ.
Ересектік сəнді балапандар тек бірнеше түлеу арқылы киеді. Əр
жастағы құстардың реңдері əртүрлі болады. Түлеу біртіндеп жүреді.
Қазақстанда қырандардың төрт түрі кездеседі.
Дала қыраны
Степной орёл
A. nipalensis (Hodgson, 1833
Еуразия далаларында жəне солтүстік шөлдерде (Дунайдың төменгі
жағынан Байкал көліне жəне Сары теңізге дейін, оңтүстікке қарай Орта жəне
Орталық Азияның шөлдеріне дейін) ұялайды.
Көпшілігі Азияның оңтүстігінде жəне аздаған бөлігі Арабияда жəне
Африкада қыстайды.
Бес түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – A. n.
orientalis, A. n. nipalensis.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның көпшілік бөлігінде ұялайды (солтүстікке қарай
Наурызым, Павлодарға; шығысқа қарай Жетісу Алатауының етегіне дейін).
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Қуаң далалы, шөлді жəне шөлейтті жерлерде мекендейді.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен кеміргіштермен (суырға дейін) қоректенеді. Басқа
сүтқоректілерді,
құстарды,
бауырмен
жорғалаушыларды
аулайды.
Өлекселерді де жейді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
119
Шаңқылдақ қыран
Большой подорлик
A. clanga Pallas, 1811
Еуразияның орманды аймағын мекендейді (оның солтүстік бөлігінен
басқа; Дунай жəне Эльба алқабынан Қиыр Шығысқа дейін, солтүстікке қарай
Орта Печораға, Ертіс жəне Ангара өзендерінің төменгі жағына, Байкал көліне
жəне Хабаровскіге дейін, оңтүстікке қарай орманды далалардың оңтүстік
шекарасына дейін). Шаңқылдақ қырандардың ұялауының оңтүстік шекарасы
əлі толық бегіленбеген.
Азияның оңтүстігінде (Аравияда, Иранда, Үндістанда жəне
Үндіқытайда) қыстайды.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Жайық өзенінің орта ағысының аңғарларында, Өскеменде, Сырдария
өзенінің аңғарында, Аманқарағайда, Наурызымда, Нарым қырында, Орталық
Мұғаджарда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады;
оның ішінде Оңтүстік Алтайдан да.
Бір-екі жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер
ұялары қираса, онда олар қайта жұмыртқалайды.
Негізінен орман жəне су маңы жануарларымен қоректенеді (майда
жəне орташа сүтқоректілермен, құстармен – торғай тəрізділерден тауық
тəрізділерге жəне қаз тəрізділерге дейін, кесірткелермен, бақалармен,
балықтармен, өлекселермен).
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қарақұс
Могильник
A. heliaca Savigny, 1809
Еуразия жəне Африкада ұялайды (Мароккода жəне Пиреней
шығанағында оқшауланған топ құрады; одан кейін Балқан тауы арқылы
Еуропаның оңтүстік бөлігі мен Батыс Сібір арқылы Байкал көліне дейін жəне
алдыңғы Азия арқылы Үндістанға дейін).
Ніл өзенінің аңғарында, алдыңғы жəне Орта Азияда, Үндістанда,
Қытайда, Кореяда жəне Жапонияның оңтүстік аралдарында қыстайды.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – A. h. heliaca.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның жазық жəне тау етегі жерлерінде көптеп ұялайды
(солтүстікке қарай Ордаға, Наурызымға, Қызыл тауға, Семейге, Қалбыға
жəне Оңтүстік Алтайдың етегіне дейін).
120
Ұшып бара жатқан жəне қоныс аударған құстарды еліміздің барлық
жерінен көруге болады; соның ішінде Марқакөлден де.
Қарақұстар кейде қыс айларында Қалбыда, Батыс Алтайда жəне
Барсакелмес аралында кездеседі.
Қуаңды жазықтарда, кейде ағаштары сирек кездесетін қырларда немесе
шыңдарға шығатын жолдары бар жерлерді мекендейді.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен сүтқоректілермен (саршұнақтар, қосаяқтар, қояндар, кірпілер
жəне т.б.), құстармен (шілдер, үйректер, қаздар, құрлар), кейде бауырымен
жорғалаушылармен жəне ірі жəндіктермен қоректенеді.
Кейде қарақұстарды саятшылар аң аулаушы құс ретінде
пайдаланады.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Бүркіт
Беркут
A. chrysaetos (Linnaeus, 1758)
Еуразия мен Солтүстік Американың орманды аймағын, Оңтүстік
Еуропаның, Азияның (оңтүстікке қарай Гималайға дейін) жəне Кіші
Африканың тауларын мекендейді. Солтүстікте оның таралуы биік діңгекті
орман шекарасымен шектеледі.
Алты түршесі тіркелген. Қазақстанда соның төртеуі кездеседі – A. ch.
chrysaetos, A. ch. kamtschatica, A. ch. homeyeri, A. ch. daphanea (13.21-сурет).
Қазақстанда
тұрақты
мекендейтін
немесе
қоныс
аударып жүретін құстар.
Бүркіттер
негізінен
Қазақстанның оңтүстігінде жəне
оңтүстік-шығысында
ұялайды;
басқа аумақтарда Арал теңізінен
жəне
Мұғаджардан
батысқа
қарай
жекеленген
өкілдері
ұялайды.
Қоныс аударып жүрген құстарды
жəне қыс мезгілінде оларды елі-
13.21-сурет. Бүркіт.
міздің барлық жерінен көруге болады.
Бүркіттер орманды, қуаң тауларды, сондай-ақ жазықтарды мекендейді.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
121
Суырлармен, қояндармен, түлкілермен, тұяқты жануарлардың
төлдерімен (қарақұйрықтың, киіктің, текенің), сондай-ақ, ұларлармен,
кекіліктермен, қарға тəрізділермен, ал шөлде тасбақалармен қоректенеді.
Бүркітпен аң аулау Қазақстанда ежелден келе жатқан саятшылық
дəстүр. Онымен түлкі, қоян, киік жəне басқа аңдарды аулайды.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Су бүркіттер туысы
Род Орлан
Haliaeetus Savigny, 1809
Қомақты биік тұмсығы жəне ұзын, жалпақ қанаты бар ірі жырқыш
құстар.
Ұрғашылары мен еркектерінің реңдері бірдей, бірақ ұрғашылары
үлкендеу.
Əр жастағы құстардың түстері əртүрлі; тұрақты сəнді құстар көптеген
түлеулерден соң төртінші-бесінші жылдары, кейде жетінші-сегізінші
жылдары киеді. Құстарда түлеу өз кезегімен біртіндеп жүреді.
Қазақстанда су бүркіттердің екі түрі кездеседі.
Кезқұйрықты су бүркіті
Орлан-долгохвост
H. leucoryphus (Pallas, 1771)
Орталық Азияда мекендейді (солтүстікке қарай Байкал көліне,
оңтүстікке қарай Ганга жəне Инга өзендерінің төменгі жағына, шығысқа
қарай Хуанхэ өзенінің орта ағымына, батысқа қарай Қашғария мен
Жоңғарияға дейін жетеді; содан кейін салыстырмалы тар тіліммен
Қазақстанның оңтүстігімен Еділ өзенінің төменгі жағына жетеді).
Азияның оңтүстігінде (Үндістанда, Пəкістанда, Иранда жəне Иракта)
қыстайды. Жылы қыстарда жеке өкілдері Орта Азияда, Қазақстанның
оңтүстік бөлігінде мекендейді.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын немесе көшіп жүретін құстар.
Ертеректе Маңғыстауда, Сырдария өзенінің бойында Қараөзектің
құйған жерінде, Іле өзенінің бойында Қапшағай мен Жаркентте,
Малайсарыда, Марқакөлде ұялағаны белгілі.
Ұшып бара жатқан құстар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығынан,
Ембіден, Торғай өзенінен, Қорғалжыннан, Ертіс, Шу, Іле жəне Қара Ертіс
өзендерінен көрінеді.
Екі жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Негізінен балықтармен жəне су құстарымен қоректенеді.
Қояндарды, құмтышқандарды, ондатрларды аулайды.
122
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Аққұйрықты су бүркіті
Орлан-белохвост
H. albicilla (Linnaeus, 1758)
Оңтүстік-батыс
Гренландияда,
Исландияда,
Ұлыбританияның
солтүстік бөлігінде, Еуразияның тундралы аймағынан (Мурман, Обь сағасы,
Енесей, Лена жəне Калым өзендерінің сағалары) оңтүстікке қарай Қара теңіз
жағалауына, Кіші Азияға, Солтүстік Иранға, Амудария мен Сырдария
өзендерінің төменгі жағына, Іле өзенінің аңғарларына, Зайсанға, Солтүстік
Моңғолияға, Кореяға, Сахалинге дейін тараған. Батыс Еуропада батысқа
қарай Одер өзенінің төменгі жағынан өтетін сызықтан ортаңғы Дунай өзені
арқылы Эгей теңізінің солтүстік жағалауына дейін тараған.
Құстар көбінесе ұялаған жерінде қыстап қалады; бір бөлігі оңтүстікке
таралу аймағынан тыс жерлерде Батыс Еуропада, Солтүстік Африкада Ніл
өзенінің аңғарында, Каспий теңізінің жағалауында, Солтүстік Үндістанда
жəне Қытайдың кейбір жерлерінде қыстайды.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – H. a. albicilla
(13.22-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Тоғайлы су қоймаларында – Солтүстік
Каспийде, Жайық өзенінде, Наурызымда, Ертіс
өзенінде, Марқакөлде, Зайсан мен Балқаш-Алкөл
ойпатында, Іле өзенінің аңғарында, Шу өзенінің
жайылмаларында жəне Сырдарья өзенінің төменгі
жағында ұялайды.
Ұшып жəне қоныс аударып бара жатқан
құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Оңтүстік
Қазақстанда
жəне
Солтүстік
Каспийде, кейде Барсакелмес аралында қыстайды.
Əдетте екі, кейде бір-үш жұмыртқа салады.
Үйректермен, қасқалдақтармен, басқа су маңы
құстарымен,
қырғауылдармен,
балықтармен,
ондатрлармен, өлекселермен қоректенеді. Қыста топ-
13.22-сурет.
Аққұйрықты
субүркіті.
тарымен жараланған киіктерге, Каспий теңізінде – итбалықтардың
балаларына тиіседі.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
123
Сақалтайлар туысы
Род Бородач
Gypaetus Stoor, 1784
Қазақстанда бұл туыстың бір түрі кездеседі.
Сақалтай
Бородач
G.barbatus (Linnaeus, 1758)
Оңтүстік, Батыс жəне Солтүстік Африканың, Оңтүстік Еуропаның,
Арабияның, Алдыңғы, Орта жəне Орталық Азия тауларында тараған.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда соның екеуі кездеседі – G. b.
hemachalanus, G. b. aureus.
Қазақстанда тұрақты мекендейтін құстар.
Жетісу Алатауында жəне Тянь-Шаньда ұялайды.
Əдетте бір-екі жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Өлекселермен қоректенеді. Терілерді, сіңірлерді, ірі сүйектерді жəне
тұяқтарды жұта береді.
Əдебиетте олардың суырға жəне жартастағы тұяқтылардың төлдеріне
шабуыл жасағаны келтірілген.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Жұртшылар туысы
Род Стервятник
Neophron Savigny, 1809
Қазақстанда бұл туыстың бір түрі белгілі.
Жұртшы
Стервятник
N. percnopterus (Linnaeus, 1758)
Африкада (Нигера жəне Конго өзендері алқаптарының тропикалық
ормандарынан басқа), Оңтүстік Еуропаның тауларында, Аравияда, Кіші
Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Үндістанда, Орта Азияда солтүстікке қарай
Тянь-Шань тауының солтүстік етегіне дейін тараған.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі - N. p.
percnopterus (13.23-сурет).
124
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Маңғыстауда, Қаратауда, Талас
жəне Қырғыз Алатауында, Шу-Іле
тауларында жəне Іле жəне Жетісу
Алатауының шыңдарында ұялайды.
Кейде республикамыздың орталық
жəне шығыс аудандарында, оның ішінде
Батпақдалада да кездейсоқ кездесіп
қалады.
Əдетте бір-екі жұмыртқа салады.
Жылына бір рет жұмыртқалайды.
13.23-сурет. Жұртшы.
Өлекселермен жəне қоқтықтармен қоректенеді. Кейде кесірткелерді,
жыландарды, майда тасбақаларды аулайды.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Тазқаралар туысы
Род Гриф
Aegypius Savigny, 1809
Қазақстанда бұл туыстың бір түрі белгілі.
Тазқара
Черный гриф
Ae. Monachus (Linnaeus, 1766)
Тазқаралар Африканың Атлас тауларында, Еуропа елдерінде Жерорта
теңізінің жағалауларында жəне аралдарында, Қырымда, Кавказда, Кіші
Азияда, Палестинада, Арабияда, Иранда, Ауғанстанда, Беуджстанда, Батыс
Гималайда, Орта Азия тауларында, Алтайда, Моңғолияда жəне Солтүстік
Қытайда ұялайды.
Қыстаулары – ұялайтын аймақтың оңтүстік бөлігі, сондай-ақ,
Үндістанда, Орталық жəне Оңтүстік Қытай аудандарында.
Түршелері жоқ (13.24-сурет).
Қазақстанда тұрақты мекендейтін, қоныс аударушы құстар.
Тянь-Шаньда жəне оның тарамдарында (Іле-Шу тауларында,
Қаратауда), Жетісу Алатауында, Шу өзенінде, Сауыр тауларында мекендейді.
Қоныс аударушы құстарды Наурызымнан, Теңіз-Қорғалжыннан, Ертіс
өзенінің бойынан, Оңтүстік жəне Батыс Алтайдан, Қалбыдан, Зайсаннан,
Монрақтан жəне Тарбағатайдан көруге болады.
Əдетте бір жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Өлекселермен қоректенеді. Кейде кесірткелерді жəне құстарды
аулайды. Қойлар төлдегенде олардың шуын жинайды.
125
13.24-сурет. Сол жағында Ақбас құмай, оң жағында тазқара.
Құмайлар туысы
Род Сипы
Gyps Savingy, 1809
Өлекселермен қоректенетін ірі жыртқыш құстар. Үлкен, бірақ тұмсығы
əлсіз жəне аяғы бар. Танаулары тік қуыс тесік.
Құмайлардың бастары жəне мойындары мамықпен көмкерілген.
Мойындарының түбінде екі жалаңаш дағы бар.
Тілерсегі тек адлыңғы жағынан 1/3 бөлігі ғана қауырсынданған.
Құмайлардың құйрығы он төрт бағыттауыш қауырсыннан тұрады.
Туысқа Еуропада мекендейтін құстардың төрт-бес түрі біріккен.
Қазақстанда екі түрі кездеседі.
Ақбас құмай
Белоголовый сип
G. fulvus (Hablizl, 1783)
Кіші Африканың, Абиссина жəне Мысыр тауларында, Арабияның
батыс бөлігінде, Еуропа мен Азияның оңтүстігіндегі тауларында, Тибетте,
Гималайда, Тянь-Шаньда жəне Моңғол Алтайында тараған.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – G. f. fulvus
(13.24-сурет).
Қазақстанда тұрақты мекендейтін, қоныс аударушы құстар.
Қуаң шыңды тауларда – Жетісу Алатауының жəне Тянь-Шаньның
тарамдарында ұялайды.
Қоныс аударушы құстарды еліміздің барлық жерінен (батыс
Қазақстаннан басқа) көруге болады, оның ішінде Наурызымнан, Орталық
Қазақстаннан, Бетпақдаладан жəне Оңтүстік Алтайдан.
126
Əдетте бір жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Өлекселермен қоректенеді.
Құмай
Кумай
G. himalayensis Hume, 1869
Тянь-Шаньды, Памир-Алтайды, Гималай мен Тибетті мекендейді.
Қазақстанда оның таралуы Тянь-Шаньның жоталарымен шектеледі.
Қазақстанда тұрақты құстар.
Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шаньда ұялайды. Бір жұмыртқа
салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Негізінен өлекселермен қоректенеді.
Сұңқарлар тұқымдасы
Семейство Соколиные
Falconidae
Дене бөлімдері бір-біріне сай майда жəне орташа мөлшерлі жыртқыш
құстар.
Салмақтары елу граммнан екі-үш килоға жетеді.
Денесі тығыз. Қанаты үшкір, өзінше ұзын.
Құйрығы біршама қысқа.
Тұмсығы қысқа, тік, төменге иілген, астыңғы жағында өткір тісшесі
бар.
Өзіне сай ұзын аяғының өткір тырнағы бар.
Таңдайының көлденең белеушесі бар.
Мойын омыртқасы он бес. Кейде омыртқалары арқасымен біріккен.
Көмекейдің төменгі жағындағы пердесі жақсы дамыған
Таралу сипаты бойынша – космополиттер; тек Антарктидада
кездеспейді.
Тұқымдастықтың құрамына он бір туысқа біріккен елу сегіз құс түрі
кіреді.
Қазақстанда тек бір туысының түрлері кездеседі.
Сұңқарлар туысы
Род Соколы
Falco Linnaeus, 1758
Қазақстанда бұл туыстың он түрі кездеседі.
127
Ақ сұңқар
Кречет
F. rusticolus Linnaeus, 1758
Еуразияның жəне Солтүстік Американың тундралы жəне орманды
тундраларын мекендейді; кейде олар қатар жатқан орманды аймаққа өтеді.
Қатты қыс жылдары олар оңтүстікке қарай қоныс аударады.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі
кездеседі – F. r . intermedius (13.25-сурет).
Қазақстанда қыстайтын құстар.
Қыс мезгілінде Көкшетауда, Өскеменде, Ертіс
өзенінің жайылымдарында жəне Алматы шаһарының
маңында кездеседі.
Шоғыр ағаштары бар жазық немесе шыңдарға
жақын жерлерді қалайды.
Əдетте үш-төрт жұмыртқа салады. Жылына бір
рет жұмыртқалайды.
Ақ жəне тундра шілдерімен, кептерлермен,
ұзақтармен, қарғалармен, құрлармен қоректенеді.;
қояндарға да шабуыл жасайды.
Өте жақсы саятшы құс.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
13.25-сурет. Ақ
сұңқар.
Ителгі
Балобан
F. cherrug Gray, 1834
Еуразияның шөлдерін, далаларын, орманды далаларын жəне тауларын
мекендейді – батыста Дунай өзенінің төменгі жағынан, шығыста Хинга
өзеніне дейін.
Құстардың бір бөлігі ұялаған жерлерінде (оңтүстікте) қыстайды; бір
бөлігі Үндістанға, Алдыңғы Азияға жəне Солтүстік Африкаға ұшып кетеді.
Бес түршесі тіркелген, бəрі де Қазақстанда кездеседі: F. ch. cherrug, F.
ch. saceroides, F. ch. milvipes, F. ch. aralocaspius, F. ch. coatsi (13.26-сурет).
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Шоқталған ағаштары немесе құздары бар жазық жерлерді, қуаң
шыңдары бар тауларда ұялайды.
Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қыстайды.
Оңтүстікте тұрғылықты өмір сүреді.
Əдетте екі-төрт, кейде алты жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
128
Құмтышқандармен, сарытышқандармен, бас-
қа майда сүтқоректілермен, майда торғай тəр-
ізділермен,
көккептерлермен,
түркептер-
лермен, кекіліктермен, кейде бауырымен
жорғалаушылармен, ірі қоңыздармен жəне
шегірткелермен қоректенеді.
Киіктердің өлекселерімен қоректенгені
байқалған
Араб елдерінде сүйікті саятшы құс;
оларды
жорға
дуадақтарды
аулауға
пайдаланады.
Қазақстанның
Қызыл
Кітабына
енгізілген.
13.26-сурет. Ителгі.
Үнді ителгісі
Лаггар
F. jugger Gray, 1834
Бирмада, Үндістанда жəне Ауғанстанда тараған. Үнді ителгілері
Түрікменстанда жəне Өзбекстанда кездескен.
Түршелері жоқ.
Қазақстанға кездейсоқ ұшып келетін құстар
Шыназ маңында кездескен, ол Өзбекстан мен Қазақстанның шекарасы.
Майда жəне орташа құстармен (көгершінге дейінгі), кеміргіштермен,
кесірткелермен қоректенеді.
Қазақстан үшін олардың экологиялық маңызы мардымсыз.
Шет ел аңшылары саятшы құс ретінде өзімен бірге ала келуі мүмкін.
Бидайық
Шахин
F. pelegrinoides Temminck, 1829
Көп уақыт бойы бидайықтар лашынның түршесі деп саналды. Себебі
лашынға олардың дене құрылыстары жəне қозғалыстары ұқсас.
Қызыл немесе қызғылт төбесі жəне қызыл «мұртымен», кейде
қызылдау төменгі жағымен ерекшеленеді.
Балапандары өте ұқсас, тек қызғылттау реңімен бөлінеді.
Ересек бидайықтар лашындардан сарғыштау аяқтарымен, балауызымен
жəне көз айналасындағы сақиналарымен ерекшеленеді.
Қазақстанға өте сирек ұшып келеді.
129
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – F. p.
babylonicus.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Жетісу жəне Іле Алатауларында ұялайды; сол тау етектерінде
қыстайды.
Жалаң жартасты тауларда, жазықта мекендейді.
Əдетте екі-үш жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Бозторғайлармен, көгершіндермен, шүрегейлермен, бұлдырықтармен,
кекілік-термен, ақбауыр ұзынқанаттармен қоректенеді.
Жарқанаттарға да шабуыл жасайды.
Саятшы құс ретінде қолданылады.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Лашын
Сапсан
F. peregrinus Tunstall, 1771
Жер шарының барлық құрлығында (Антарктидадан басқа) мекендейді.
Бірақ таралуы біркелкі емес, мысалы, шөлдерде ұяламайды.
Он алты түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың екеуі кездеседі – F.
P. Peregrinus, F. p. calidus (13.27; 13.28-сурет).
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Алтайда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Жазықтарда жəне сулы, ағашты, құздары бар тау аңғарларында
мекендейді.
Əдетте екі-төрт жұмыртқа салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Тек барылдауық үйректің жəне дуадақтың мөлшеріндегідей құстармен
қоректенеді. Өте сирек майда кеміргіштерді аулайды.
Лашындарды үйрек, қаз, дуадақтарды аулау үшін қолданады.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
13.27-сурет. Лашынның əуеден
көрінісі
13.28-сурет. Лашын:
алдында еркегі
жəне ұрғашысы.
130
Жағалтай
Чеглок
F. subbuteo Linnaeus, 1758
Бүкіл Еуразияны солтүстікке қарай полярлық шеңберге дейін,
оңтүстікке қарай Гималайға дейін, шығысқа қарай Колымаға, Сахалин,
Жапония аралдарына жəне Кіші Африкаға дейін мекендейді.
Қытайда, Үндістанда жəне Оңтүстік Африкада қыстайды.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі - F. s. Subbuteo
(13.29-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Орманды-тоғайлы жердің бəрінде ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің
барлық жерінен көруге болады.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-бес жұмыртқа
салады. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Əртүрлі жəндіктермен (қоңыздар, инелік-
тер, шегірткелер), майда құстармен (қарлығаш-
тар, бозторғайлар, сайрауықтар), кесірткелермен,
майда сүтқоректілермен (жарқанаттар) қорек-
тенеді.
Кейде оларды аулағыш құс ретінде
13.29-сурет. Жағалтай.
майда құстарды аулау үшін қолданады.
Экологиялық маңызы бар.
Тұрымтай
Дербник
F. columbarius Linnaeus, 1758
Еуропа, Азия жəне Солтүстік Американың солтүстік бөліктерінде кең
тараған. Солтүстікке қарай орманды тундраның солтүстік шекарасына,
Азияда оңтүстікке қарай 46º с.е. жəне Орталық Тянь-Шаньға дейін жетеді.
Еуропаның, Азияның жəне Солтүстік Американың оңтүстігінде
қыстайды.
Он түршесі тіркелген. Қазақстанда соның үшеуі кездеседі – F.c.
pallidus, F. c. lymani, F. c. aesalon.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде оңтүстікке қарай Мұғаджарға,
Қарағандыға, Семейге дейін, сондай-ақ Солтүстік Тянь-Шаньда ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды еліміздің барлық жерінен көруге болады.
Республикамыздың оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қыстайды.
Орманды тауларды жəне орманды-тоғайлы жазықтарда мекендейді.
131
Əдетте төрт-бес, кейде екі-бес жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізгі қоректері майда құстар (тауқұдіреттен бөденеге дейін), кейде
кеміргіштерді, кесірткелерді, жəндіктерді аулайды.
Кейбір жерлерде оларды аулағыш құс ретінде майда құстарды
аулуа үшін қолданылады.
Экологиялық маңызы бар.
Бөктергі
Кобчик
F. vespertinus Linnaeus, 1766
Еуразияның далалы, орманды далалы жəне кейбір орманды
аудандарын Санкт-Петербургтан жəне Дунайдың төменгі жағынан Байкал
көліне дейін мекендейді. Бөктергілер солтүстікке қарай кейбір жерлерде
орманды аймаққа тереңдеп кіреді: Еуропада Архангельскіге, Азияда Ханты-
Мансіге жетеді.
Құстар тауларда 1000-1100 метрге, кейде 1500 метрге дейін көтеріле
алады.
Негізінен тропикалық жəне Оңтүстік Африкада қыстайды.
Түршелері жоқ. (13.30; 13.31-сурет).
13.30-сурет. Бөктергінің əуеден
көрінісі
13.31-сурет. Бөктергі:
алдында еркегі
жəне ұрғашысы.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның солтүстік аудандарында оңтүстікке қарай Ордаға,
Жайық өзенінің төменгі жағына, Наурызымға, Астанаға, Батыс Алтайдың тау
бөктеріне жəне Қара Ертістің жайылымдарына дейін ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды оңтүстік аудандардан көруге болады.
Кездейсоқ кездесу Марқакөлде болған.
Орманды-тоғайлы жазық жерлерде мекендейді.
Əдетте үш-төрт, кейде екі-алты жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
132
Негізінен жəндіктермен (шегіртке тəрізділер, шекшектер, қоңыздар,
инеліктер, жұлдыз құрттар), сиректеу майда кеміргіштермен, кесірткелермен,
кездейсоқ – құстармен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Дала күйкентайы
Степная пустельга
F. naumanni Fleischer, 1818
Кіші Африкада, Еуропаның оңтүстігінде, Кіші Азияда, Иранда, Орта
Азияда, Қазақстанда, Алтайда, Саянда, Солтүстік-Батыс Моңғолияда, Байкал
көлінің оңтүстігнде жəне Үлкен Хинганның оңтүстік бөлігінде тараған.
Үндістанда, Арабияда жəне Африканың оңтүстігіндегі Кан жеріне
дейін қыстайды.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда ұялайтын құстар.
Қазақстанның құмды жерлерінен басқа барлық жерлерде ұялайды.
Құздары бар жазық жерлерді жəне шыңдары бар тауларды мекендейді.
Əдетте төрт-бес, кейде екі-жеті жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Негізінен жəндіктермен (шегіртке тəрізділер, шекшектер, қоңыздар,
инеліктер,
жұлдыз
құрттар),
сиректеу
майда
кеміргіштермен,
кесірткелермен, кездейсоқ – құстармен қоректенеді. Жəндіктерді ұшып бара
жатып тобымен əуеде ұстайды.
Экологиялық маңызы бар.
Кəдімгі күйкентай
Обыкновенная пустельга
F. tinnunculus Linnaeus, 1758
Еуразияда (Қиыр Шығыстан басқа) жəне Африкада кең тараған.
Солтүстік бөлігіндегі құстар қыстауға негізінен Оңтүстік Азияға жəне
Африкаға ұшып кетеді; аздаған бөлігі Оңтүстік Еуропаға, Кавказға, Орта
Азияға жəне Оңтүстік Қазақстанға беттейді.
Он екі түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың бірі кездеседі – F. t.
tinnunculus (13.32-сурет).
133
13.32-сурет. Кəдімгі күйкентай:
сол жағында əуеден көрінісі, оң жағында
алдында еркегі жəне ұрғашысы.
Қазақстанда ұялайтын жəне қыстайтын құстар.
Қазақстанның орманды-тоғайлы жазықтарында, өзен аңғарларында,
қуаң жəне биік тауларда мекендейді.
Республикамыздың оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қыстайды.
Əдетте төрт-бес, кейде үш-сегіз жұмыртқа салады. Жылына бір рет
жұмыртқалайды.
Майда кеміргіштермен (қаптесерлер, тоқалтістер, сарышұнақтар),
құстармен (бозторғайлар, торғайлар, бөденелер), кесірткелермен жəне
жəндіктермен (түзуқанаттылар, қоңыздар, инеліктер) қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сұңқар тəрізділер қандай экологиялық топқа жатады? Олардың
ерекшелік белгісін анықта.
2. Жыртқыш құстар əлемде қалай таралған? Олардың маңызын ата.
3. Жыртқыш құстардың қанша отряд тармағы, тұқымдасы, туысы жəне
түрі бар? Қазақстанда олардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі
кездеседі?
4. Жыртқыш құстар қашан жəне қанша рет түлейді? Олар азыққа қалай
маманданады? Жыртқыш құстар əлемде қалай таралған?
5. Балықшы тұйғындар əлемде қалай таралған? Балықшы тұйғындардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
6. Қаршыға тəрізділердің ерекшеліктерін тап.
7. Аражегіштердің ерекшеліктерін тап.
8. Олар əлемде қалай таралған? Аражегіштің Қазақстанда болу мəртебесі
қандай? Олар əлемде қалай таралған?
9. Айдарлы
аражегіштер
əлемде
қалай
таралған?
Айдарлы
аражегіштердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
134
10. Қара кезқұйрықтар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
11. Құладындердің ерекшеліктерін тап.
12. Түз құладындары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
13. Шалғын
құладындары
əлемде
қалай
таралған?
Шалғын
құладындарының Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар
Қазақстанда қалай таралған?
14. Саз құладындары əлемде қалай таралған? Саз құладындарының
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
15. Қаршығалардың ерекшеліктерін тап. Олар əлемде қалай таралған?
16. Қаршығалардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
17. Қырғилар əлемде қалай таралған? Қырғилардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
18. Үлкен мықилар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
19. Мықилар əлемде қалай таралған? Мықилардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
20. Жамансарылардың ерекшеліктерін тап.
21. Айқанат тілеміштер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
22. Жүнбалақ тілеміштер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
23. Кəдімгі тілеміштер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
24. Жамансарылар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
25. Жыланжегіш бүркіттер əлемде қалай таралған? Жыланжегіш
бүркіттердің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
26. Бақалтақ бүркіттер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
27. Қырғи бүркіттер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
28. Қырандардың ерекшеліктерін тап.
29. Дала қырандары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
30. Шақылдақ қырандар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
31. Қарақұстар əлемде қалай таралған? Қарақұстардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
135
32. Бүркіттер əлемде қалай таралған? Бүркіттердің Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
33. Су бүркіттерінің ерекшеліктерін тап.
34. Кезқұйрықты су бүркіттері əлемде қалай таралған? Кезқұрықты су
бүркіттерінің Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
35. Аққұйрықты су бүркіттері əлемде қалай таралған? Олардың
Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Аққұйрықты су бүркіттері
Қазақстанда қалай таралған?
36. Жұртшылар əлемде қалай таралған? Жұртшылардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
37. Тазқаралар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Тазқаралар Қазақстанда қалай таралған?
38. Құмайлардың ерекшеліктерін тап.
39. Ақбас құмайлар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Ақбас құмайлар Қазақстанда қалай таралған?
40. Құмайлар əлемде қалай таралған? Құмайлардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
41. Сұңқарлардың ерекшеліктерін тап.
42. Ақ сұңқарлар əлемде қалай таралған? Ақсұңқарлардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
43. Ителгілер əлемде қалай таралған? Ителгілердің Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
44. Үнді ителгілері əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
45. Бидайықтар əлемде қалай таралған? Бидайықтардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
46. Лашындар əлемде қалай таралған?
47. Лашындардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
48. Жағалтайлар əлемде қалай таралған? Жағалтайлардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
49. Тұрымтайлар əлемде қалай таралған? Тұрымтайлардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
50. Бөктергілер əлемде қалай таралған? Бөктергілердің Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
51. Дала күйкентайлары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда
болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
52. Кəдімгі
күйкентайлар
əлемде
қалай
таралған?
Кəдімгі
күйкентайлардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар
Қазақстанда қалай таралған?
136
14. ТАУЫҚ ТƏРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ - ОТРЯД КУРООБРАЗНЫЕ -
GALLIFORMES
Мөлшерлері əртүрлі (45 г - 8-10 кг дейін) тауық бейнелі жер үсті
немесе жер үсті-ағаш құстары.
Антарктидадан, Еуразия мен Американың қиыр шығысындағы
аралдарынан, Гренландияның көпшілік бөлігінен, Оңтүстік Американың
жəне Арабияның оңтүстік бөлігінен басқа барлық жер шарына тараған.
Тұрғылықты немесе қоныс аударушы құстар; қоңыржай жəне солтүстік
ендіктің кейбір түрлері ұялауға ұшып келетін құстар.
Түгелімен дерлік əуесқой, кейбірі кəсіби аңшылық нысаналары.
Тауық тəрізділер қазіргі кезде өмір сүретін екі жүз алпыс түрден сексен
бес туыстан құралған, сегіз тұқымдастыққа біріккен екі отряд тармағына
бөлінеді:
Гоациндер – Гоациновые – Opisthocomi;
Тауықтар – Куриные - Galli .
Гоациндер тек бір ғана тұқымдастан – Opisthocomidae, бір ғана туыстан
– Opisthocomus, бір ғана түрден – O. Hoazin (Miller, 1906) тұрады.
Гоациндер Амозонка өзені алабының ылғалды ормандарында
мекендейді.
Тауықтарға қазіргі кезде өмір сүретін алты тұқымдас кіреді.
Үлкен аяқтылар немесе қоқыс тауықтары тұқымдасы
Семейство Большеногие, или сорные куры
Megapodiidae
Орта мөлшерлі (салмақтары 500-2000 гр дейін) жер үсті құстары.
Малай аралдарында жəне Австралияда тараған.
Жеті туысқа: Megapodius, Aepypodius, Alectura (Catheturus), Eulipoda,
Leipoa, Megacephalon, Talegalla біріккен алты түр кіреді.
Краксалар тұқымдасы
Семейство Краксовые
Cracidae
Орта жəне ірі мөлшерлі (салмақтары 500-4000 гр дейін) орман құстары.
Орталық жəне Оңтүстік Америкада тараған.
Он бір туысқа: Crax, Aburria, Chamaepetes, Mitu, Nothocrax, Oreophasis,
Ortalis, Pauxi, Penelope, Penelopina, Pipile біріккен отыз түр кіреді.
137
Мысыр тауықтары тұқымдасы
Семейство Цесарковые
Numididae
Келбеті мен мөлшері бойынша тауыққа ұқсас (салмағы бір кг жуық)
жер үсті құстары.
Қауырсындары теңбіл-теңбіл: қара денеде ақ дақтары көп.
Бас жəне мойын терілері жалаң; көбінесе ол жерлері ашық түсті. Тек
Африкада тараған. Бес туысқа: Numida, Acryllium, Agelastes, Guttera, Phasidus
біріккен жеті түр кіреді.
Қазіргі кезде Кəдімгі мысыр тауығы – Обыкновенная цесарка – N.
meleagris Linnaeus, 1758 қолға үйретілген жəне көп елдерде оны өсіруде;
салмағы үш-төрт кг жететін жəне жақсы жұмыртқалайтын мəдени
тұқымдары шығарылған (14.1-сурет).
14.1-сурет. Мысыр тауығы.
Күрке тауықтар тұқымдасы
Семейство Индейковые
Meleagrididae
Нағыз күрке тауық келбетті ірі (салмақтары бес-он кг) жер үсті құстары
Солтүстік жəне Орталық Американың оңтүстік аудандарында тараған.
Орманды далаларды мекендейді.
Екі монотипті туысы бар:Meleagris, Agriocharis.
Қолға үйретудің жəне одан əрі іріктеудің нəтижесінде қазіргі кезде
əртүрлі тұқымды мəдени үй күрке тауықтары шығарылған (14.2; 14.3-
суреттер).
138
14.2-сурет. Мəскеулік ақ
күркетауық.
14.3-Грузин күрке тауығы.
Құр тəрізділер тұқымдасы
Семейство Тетеревиные
Tetraonidae
Орта жəне ірі мөлшерлі (салмақтары үш жүз граммнан төрт-бес кг
дейін) жер үсті немесе жер үсті-ағаш құстары.
Еуропаның, Азияның, Солтүстік Американың қоңыржай жəне
солтүстік ендіктерінде тараған.
Тұрғылықты құстар; кейбір түрлері қоныс аударушы немесе жыл
құстары.
Он бір туысқа: Tetrao, Bonasa, Canachites, Centrocerus, Dendragapus,
Falcipennis, Lagopus, Lyrurus, Pedioecetes, Tetrastes, Tympanuchus біріккен он
сегіз түр кіреді.
Қазақстанда төрт туысқа біріккен бес түр кездеседі.
Аққұрлар туысы
Род Белая куропатка
Lagopus Brisson, 1760
Орташа мөлшерлі құстар. Қыста сирағы саусағына дейін қауырсынады.
Жазда саусақтары жалаң, майда қабыршақтармен көмкерілген. Басқа
құрлардан айырмашылығы мүйізді шашақтары болмайды.
Қазақстанда бұл туыстың екі түрі кездеседі.
139
Аққұр
Белая куропатка
L. lagopus (Linnaeus, 1758)
Аққұр Еуразияда жəне Солтүстік Америкада кең тараған.
Тундраларды, тайгалардың батпақты телімдерінде мекендейді.
Батпақтармен, өзен орман-тоғайлармен жəне аңғарлармен орманды
далаға, далаға жəне тауларға енеді.
Он алты түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың екеуі кездеседі – L.l.
major, L. l. brevirostris (14.4-сурет).
Қазақстанда
тұрғылықты
құстар
Қазақстанның солтүстік бөлігін-
де оңтүстікке қарай Наурызымға,
Бурабайға, Семейге дейін, сондай-ақ,
Алтайда ұялайды.
Ағашты-бұталы далаларды жəне
бұталы биік тауларды мекендейді.
Əдетте он-он екі, кейде алты-
онбес жұмыртқа салады. Жылына бір
рет жұмыртқалайды.
Өсімдіктермен жəне олардың
ұрықтармен қоректенеді.
14.4-сурет. Аққұр:
1,6-
қысқы сəндегі еркегі; 2-қысқы сəндегі
ұрғашысы; 3-көктемгі сəндегі еркегі;
4-жазғы сəндегі еркегі; 5-жазғы
сəндегі ұрғашысы.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Тундра аққұры
Тундряная куропатка
L. mutus (Montin, 1776)
Тундра аққұры Еуразияның жəне Солтүстік Американың тундраларын,
Скандинавия, Шотландия тауларын, Алпіні жəне оған іргелес жатқан
Пиренейді, Шығыс Сібір тауларын, Хангайды, Алтайды, Сауырды (мүмкін
Тарбағатайды) мекендейді. Сондай-ақ, олар Гренландия, Исландия,
Командор, Алеут, Жапон жəне көптеген арктикалық аралдарда ұялайды.
Жиырма үш түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың бірі кездеседі –
L.m. nadezdae (14.5-сурет).
Қазақстанда тұрғылықты құстар.
Алтай мен Сауырда ұялайды. Тас шағылды Альпі шалғындарын
мекендейді.
Ұяда 3-12 жұмыртқа. Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Шөпті өсімдіктер мен бұталардың жапырақтарымен, сабақтарымен
жəне олардың ұрықтармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
140
14.5-сурет. Тундра аққұры:
7-8-қысқа сəндегі еркегі; 9-көктемгі сəндегі еркегі; 10-күзгі
сəндегі еркегі; 11-жазғы сəндегі еркегі; 12-жазғы сəндегі ұрғашысы.
Құрлар туысы
Род Тетерев
Lyrurus Swainson, 1832
Қазақстан фаунасына бұл туыстың тек бір түрі кездеседі.
Құр
Тетерев
L. tetrix (Linnaeus, 1758)
Еуразияның орманды жəне орманды далалы аймақтарында мекендейді,
батыста Ұлыбритания жəне Пиренейден шығыста Уссурия өлкесіне дейін.
Камчатка мен Сахалиннің ормандарында құрлар кездеспейді.
Алты түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың екеуі кездеседі – L. t.
viridanus, L. t. mongolicus (14.6-сурет).
Қазақстанда
тұрғылықты
құстар.
Солтүстік Қазақстанда ұялайды,
оңтүстікке қарай Жайық өзенінің төм-
енгі жағына, Наурызымға, Сарыарқаға
жəне Семейге жетеді. Сондай-ақ, олар
Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу Алатау-
ында жəне Солтүстік Тянь-Шаньда
ұялайды.
Жазықта орман аралдарын, ал
тауда орманда мекендейді.
Ұяда 4-12 жұмыртқа. Жылына бір
рет жұмыртқалайды.
Өсімдіктердің жапырақтарымен,
сабақтарымен, жемістерімен, ұрықтары-
мен қоректенеді, жəндіктерді де жейді.
14.7. Сурет. Құр:
1,2-L.t.tetrix; 1-
ұрғашысы,2-еркегі; 3,4-L.t.viridanus;
3-ұрғашысы, 4-еркегі; 5-ювенильді
сəндегі ұрғашы құр, 6-ювенильді
сəндегі еркегі, 7-ювенильді сəндегі
еркек құрдың басы, 8-ересек еркек
құрдың басы.
141
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Меңіреу құрлар туысы
Род Глухарь
Tetrao Linnaeus, 1758
Қазақстанда бұл туыстың тек бір түрі кездеседі.
Меңіреу құр
Глухарь
T. urogallus Linnaeus, 1758
Меңіреу құрлар батыста Скандинавия, Германиядан жəне шығыста
Лена өзенінің бойына дейінгі қылқан жəне жалпақ жапырақты ормандарда
мекендейді. Еуропада оңтүстікке қарай Пиренейге, Солтүстік Албанияға
жəне Родоп тауларына дейін жетеді. Азияда меңіреу құрдың ең оңтүстіктік
мекені Оңтүстік Алтай жəне Солтүстік-Батыс Моңғолия.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың екеуі кездеседі – T .u.
taczanowskii, T. u. Urogallus (14.7- сурет).
Қазақстанда тұрғылықты құстар.
Алтайдың, Қалбы Алтайының жəне
Көкшенің таулы ормандарында ұялайды.
1912 жылы жəне 1964, 1986 жылдары
меңіреу құрларды Ресейдің Киров жəне
Новосибир
облыстарынан
Көкшетауға
əкелініп жерсіндірілген. Əкелінген құстар ол
жерге жақсы жерсініп кетті жəне қазірде сол
жерде өмір сүреді.
Қылқандармен, жидектермен, емен
өрігімен жəне басқармен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
14.8. Сурет. Меңіреу құр:
1-T.u.uragallus uralensis ересек еркегі,
2-3-T.u.uragallis ересек құстары: 2-
еркегі, 3-ұрғашысы; 4-ювенильді
сəндегі ұрғашысы, 5-ювенильді сəндегі
еркегі.
Сұр құрлар туысы
Род Рябчик
Tetrastes Keyserling et Blasius, 1840
Қазақстанда бұл туыстың тек бір түрі кездеседі.
142
Сұр құр
Рябчик
T. bonasia (Linnaeus, 1758)
Сұр құрлар батыста Солтүстік жəне Орталық Еуропаның
ормандарынан Еуразияның орманды аймағымен шығыста Колымаға, Охот
теңізінің жағалауына, Сахалинге, Маньчжурияға жəне Кореяға дейін тараған.
Оңтүстікке қарай жекеленген телімдерде Пиренейде, Альпіде, Карпатта,
Жигулиде кездеседі. Батыс Сібірде олардың оңтүстік шекарасы солтүстіктен
орманды даланы айналып өтіп Алтайға шығады; Солтүстік Моңғолияда
кездеседі.
Төрт түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың біреуі кездеседі – T. b.
septentrionalis (14.8-сурет).
Қазақстанда
тұрғылықты
құстар.
Алтайдың
жəне
Қалбы
Алтайының орманды тауларында
ұялайды.
5-16
жұмыртқа
салады.
Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Өсімдіктердің жасыл бөлік-
термен, жидектерімен жəне жəндік-
термен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
14.8-сурет. Сұр құр:
1-B.b.bonasia
ересек еркегі, 2-B.b.septentrionalis ересек
еркегі, 3-B.b.bonasia ересек ұрғашысы, 4-
ювенильді сəндегі еркегі, 5-əуедегі ересек
еркегі.
Қырғауыл тұқымдастары
Семейство Фазановые
Phasianidae
Əртүрлі мөлшерлі (салмақтары қырық бес граммнан бес кг дейін) жер
үсті құстары.
Космополиттер, тек Солтүстік жарты шардың жоғарғы жағында
(тундра жəне тайганың солтүстік бөлігі), Антарктидада жəне құрлықтан алыс
мұхит аралдарында мекендемейді.
Қырық сегіз туысқа біріккен бір жүз жетпіс бес түр кіреді.
Қазақстанда алты туысқа біріккен сегіз түрі кездеседі.
Барлық үй тауықтары Қызыл бұталы немесе Банкив тауығынан (Gallus
gallus (Linnaeus, 1758) шыққан.
Қазіргі кезде Банкив тауықтары Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген
аудандарында табиғи өмір сүруде.
143
Қазіргі кезде Тауыс – Павлин – Pavo cristatus Linnaeus, 1758 қолға
үйретіліп, əсемдік үшін өсірілуде.
Жақында Жапон бөденесі – Японский перепел – Coturnix japonicus
Temminck, 1829 зертханалық құс ретінде жəне азық көзі ретінде қолға
үйретілуде. Егер жабайы ұрғашы бөденелер көбеюге тек он екі айдан соң
ғана жараса, ал қолға үйретілген бөденелер отыз бес-қырық күнде жұмыртқа
туып оны баса алады. Бір жылда бір бөдене 300 жуық жұмыртқа туады екен.
Жұмыртқалары витаминдерге жəне микроэлементтерге өте бай. Оған деген
сұраныс өте жоғары. Етті типті бөденелердің салмағы 230-300 граммға
жетеді. Көбінесе бұл түрді Кəдімгі бөдененің – Обыкновенный перепел – C.
coturnix түршесі C. c. coturnix деп қаралуда.
Ұларлар туысы
Род Улар
Tetraogallus Gray, 1832
Ірі, көлемді құстар. Негізінен Альпі аймағында мекендейді.
Еркектерінің күшті аяқтары қысқа конус тəрізді тепкімен қаруланған
ұрғашылары мен еркектерінің түстері бірдей, бірақ еркектері сəл ірілеу.
Қазақстанда бұл туыстың екі түрі кездеседі.
Гималай ұлары
Гималайский улар
T. himalayensis Gray, 1843
Қарабауыр ұлар Орта Азияның, Гиндукуштың, Памирдің, Күнлүннің,
Батыс Гималайдың, Тянь-Шаньның таулы қыраттарында мекендейді,
солтүстікке қарай Тарбағатайға жəне Сауырға жетеді (14.9-сурет).
Төрт
түршесі
тіркелген.
Қазақстанда
солардың
екеуі
кездеседі – T. h. sewertzowi, T. h.
saurensis.
Қазақстанда
тұрғылықты
құстар.
Сауырдың, Жетісу Алатауы-
ның жəне Тянь-Шаньның Альпі
шалғындарының шыңдарға шыға-
тын жерлерінде ұялайды.
7-12
жұмыртқа
салады.
Жылына бір рет жұмыртқалайды.
Егер ұялары қираса, онда олар
қайтадан жұмыртқалауы мүмкін.
14.9-сурет. Гималай ұлары:
1-еркегі, 2-ұрғашысы
144
Өсімдіктердің жасыл бөлігімен, баданалармен, ұрықтармен, аршаның
жиделерімен, кейде жəндіктермен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Алтай ұлары
Алтайский улар
T. altaicus (Gebler, 1836)
Алтай ұларының таралу аумағы Алтайдың, Саянның, Моңғол
Алтайының жəне Хангайдың таулы қыраттарымен шектелген.
Түршелерге бөлінбейді (14.10-сурет).
Қазақстанда тұрғылықты құстар.
Алтайда ұялайды. Альпі шалғын-
дарының шыңдарға шығатын жерлерінде
мекендейді.
Жылына бір рет ұрпақ береді.
Өсімдіктердің сабақтарымен, бүршік-
терімен, жапырақтармен, түйнектерімен,
баданалармен, жидектермен, сондай-ақ,
жəндіктермен қоректенеді.
Қазақстанның Қызыл Кітабына
енгізілген.
14.10-сурет. Алтай ұлары:
алдыңғысы еркегі жəне
ұрғашысы.
Кекіліктер туысы
Род Кеклик
Alectoris Kaup, 1829
Қазақстан фаунасында бұл туыстың бүр түрі кездеседі.
Кекілік
Кеклик
A. chukar Gray, 1830)
Кекіліктер негізінен Орталы, Орта, Алдыңғы жəне Кіші Азияда,
сондай-ақ
оңтүстік-шығыс
Еуропада
ұялайды.
Солтүстікке
қарай
Моңғолияға, Маньчжурияға, Туваға, Алтайға, Қазақстанға, Кавказға,
Балқанға жетеді. Оңтүстікке қарай Иранға, Пəкістанға, Гиндукушқа,
Гималайға жетеді.
Он бес түршесі тікелген. Қазақстанда солардың төртеуі кездеседі - A.
ch. shestoperovi, A. ch. subpallida, A. ch. falki, A. ch. dzungarica (14.11-сурет).
145
Қазақстанда тұрғылықты
құстар.
Манғыстауда,
Тянь-
Шаньда, Жетісу Алатауында,
Сауырда
жəне
Тарбағатайда,
Қалбы Алтайында ұялайды.
Қуаң тауларды, құздары бар
аласа
жəне
биік
тауларды
мекендейді.
Əдетте тоғыз-онтөрт, кейде
алты-жиырматөрт жұмыртқа сал-
14.11-сурет. Кекілік:
алдында ересектері,
артында ювенильді сəндегі еркегі.
ады. Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта
жұмыртқалауға кіріседі.
Өсімдіктердің жапырақтарымен, сабақтарымен, баданаларымен, түй-
нектерімен, ұрықтарымен, жидектерімен жəне тік қанаттылармен, қоңыз-
дармен, моллюскалармен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Дала шілдері туысы
Род Пустынная куропатка
Ammoperdix Gould, 1851
Қазақстан фаунасында бұл туыстың бір түрі кездеседі.
Дала шілі
Пустынная куропатка
A. griseogularis (Brandt, 1843)
Дала шілі Иракта, Иранда, Ауғанстанда, Пəкістанда, Түрікменстанда,
Тəжікстанда тараған.
Түршелері жоқ.
Қазақстанда болу сипаты əлі белгісіз.
Үстіртте жəне Орталық Қызылқұмда Қазақстан шекарасының маңында
кездескен.
Əдетте олар шөлді таудың төменгі белдеуінде мекендейді.
Ұяларында
сегіз-оналты
жұмыртқа
бар.
Жылына
бір
рет
жұмыртқалайды.
Шөптесін өсімдіктердің жапырақтарымен, сабақтарымен жəне
ұрықтарымен, сондай-ақ жəндіктермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
146
Сұр шілдер туысы
Род Серая куропатка
Perdix Brisson, 1760
Орташа мөлшерлі құстар. Қанатының ұшын төрт-бес желпуіш
қауырсын құрайды, құйрығы дөңгеленген, оналты-онсегіз бағыттауыш
қауырсыннан құралған.
Еркектерінің тепкілері жоқ.
Жыныстық диморфизм жоқтың қасы.
Негізінен өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Дегенмен, жазғы
кезде жəндіктер құстардың азығында едəуір орын алады.
Еуразияның далаларын, орманды далаларын, ашық тайга кеңістігін
жəне таулы аудандарын мекендейді.
Моногамдар.
Қазақстан фаунасында бұл туыстың екі түрі кездеседі.
Сұр шіл
Серая куропатка
P. perdix (Linnaeus, 1758)
Сұр шіл бүкіл Еуропада дерлік (Британия аралдарында да), Кіші
Азияда, Солтүстік Иранда, Қазақстанның едəуір бөлігінде, Батыс Сібірдің
оңтүстік бөлігінде жəне шығысқа қарай Тува мен Хакассияға дейін тараған.
Солтүстік шекарасы 65º с.к. маңынан Скандинавия жəне Финляндия, Ақ
теңізбен, Оралда 59º с.к. Тараның маңынан, Томскіден өтеді жəне осыдан
Минусинскіге кетеді. Оңтүстікке қарай Жерорта теңізіне, Иранның орталық
бөлігіне, Қазақстанға, Алтайға, Туваға дейін жетеді.
Сегіз түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың үшеуі кездеседі – P. p.
lucida, P. p. robusta, P. p. Arenicola (14.12-сурет).
Қазақстанда тұрғылықты
құстар.
Шөлдер мен Сарыарқадан
басқа барлық жерде ұялайды.
Жазықтарда, өзен аңғарларында
жəне бұталы қуаң тауларда
мекендейді.
Ұяларына он үш-жиырма-
алты жұмыртқа салады. Жылына
бір рет жұмыртқалайды.
14.12-сурет. Сұр шіл:
алдында ювенильді
сəндегі балапан, ортасындағы ересек
ұрғашысы, соңғысы ересек еркегі.
Өсімдіктердің жапырақтарымен, сабақтарымен, ұрықтарымен, жидек-
терімен, сондай-ақ жəндіктермен (қоңыздар, тік қанаттылар, құмырсқалар)
қоректенеді.
147
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Сақалды шіл
Бородатая куропатка
P. dauurica (Pallas, 1811)
Сақалды шіл Уссурия атырауы мен Маньчжуриядан бастап шығысқа
қарай Орталық Азияның көптеген елдері жəне Сібірдің оңтүстік бөлігі,
Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Солтүстік жəне Орталық Тянь-Шань арқылы
батыста Ферғана алабының айналасындағы қыраттарға дейін тараған.
Солтүстікке қарай Уссурия атырауына, Байкалға (мұнда Витим қыратына
дейін болуы мүмкін), Туваға, Саянға, Алтайға (одан əрі Қазақстанға) дейін
жетеді. Оңтүстікте Маньчжурияда, Моңғолияда, Орталық Азияның көптеген
аудандарында (Мекенга, Сары жəне Көгідік өзендерінің жоғарғы жағына
дейін) мекендейді, Қырғызстанға жетеді.
Екі түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі - P. d. dauurica.
Қазақстанда тұрғылықты құстар.
Солтүстік Тянь-Шаньның жəне Жетісу Алатауының, Сауыр мен
Алтайдың бұталы аласа жəне биік тауларында ұялайды.
Төрт-онбес жұмыртқа салады. Жылына екі рет жұмыртқалайды.
Өсімдіктердің жасыл бөлігімен жəне ұрықтарымен, сондай-ақ
жəндіктермен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Бөденелер туысы
Род Перепел
Coturnix Bonnaterre, 1791
Қазақстан фаунасында бұл туыстың бір түрі кездеседі.
Бөдене
Перепел
Coturnix coturnix (Linnaeus, 1758)
Бөденелердің ұялау орындары Атлант теңізінің аралдарынан (Азов,
Канар) Байкал жəне Солтүстік-Шығыс Моңғолияға дейін тараған.
Солтүстікке қарай Скандинавияда жəне Финляндияда 65º с.к., Оралда 60º30´
с.к., Енесейда 61º с.к. дейін жетеді. Оңтүстікке қарай Африкада Мароккоға
жəне Мысырға (сондай-ақ, Оңтүстік Африкада), Азияда Палестинаға,
Месопотамияға, Белуджистанның солтүстік бөлігіне жəне солтүсті-батыс
Индияға дейін жетеді.
148
Жыл құстары, Үндістанда, Оңтүстік Белуджистанда, Арабияда,
Африканың солтүстік тропикалық бөлігінде қыстайды. Аздаған бөлігі
Оңтүстік Еуропада, Кавказда жəне Орта Азияда қыстап қалады.
Бес түршесі тіркелген. Қазақстанда соның бірі кездеседі – C.c. coturnix
(14.13-сурет).
Қазақстанда ұялайтын құстар
Шөлдерді
жəне
Сырдария
алаптарынан
басқа
Қазақстанның
барлық жерінде ұялайды.
Ұшып бара жатқан құстарды
еліміздің барлық жерінен көруге
болады.
Жазықтардағы, өзен аңғарларын-
дағы жəне аласа таулардағы биік
шөптерді жəне бұталы шалғындарды
мекендейді.
Жеті-жиырма жұмыртқа салады.
14.13-сурет. Бөденелер:
1-ересек еркегі, 2-ересек ұрғашысы, 3-
ювенильді сəндегі балапаны.
Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса, онда олар қайта
жұмыртқалауға кіріседі.
Өсімдіктердің жасыл бөлігімен жəне ұрықтарымен, сондай-ақ,
жəндіктермен қоректенеді.
Əуесқой аңшылық нысаналары.
Қырғауылдар туысы
Род Фазан
Phasianus Linnaeus, 1758
Қазақстан фаунасында бұл туыстың тек бір түрі кездеседі.
Қырғауыл
Фазан
Ph. colchicus Linnaeus, 1758
Қырғауылдар батыста Қара теңізден шығыста Тынық мұхит
жағалауына жəне Оңтүстік Жапонияға дейін тараған. Олардың солтүстік
шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауымен, Арал теңізінің аралдарымен,
Балқаш-Алакөл көлдерімен, Моңғолияда 50º с.к. маңымен, Қиыр Шығыста
52º30´ с.к. дейін өтеді. Оңтүстік шекарасы Кавказда 40º с.к., Ауғанстанда 33-
34º с.к. жəне Памирді оңтүстіктен айналып өтеді. Орталық Азияда оның
оңтүстік таралу аймағы Күнлүн қыратымен, ал Шығыс Азияда 22º с.к.
төменге түседі.
Қазіргі кезде көптеген Батыс Еуропаның жəне Солтүстік Американың
елдерінде жерсіндірілген.
149
Отыз түршесі тіркелген. Қазақстанда солардың екеуі кездеседі - Ph.c.
mongolicus, Ph. c. turcestanicus (14.14-сурет).
Қазақстанда
тұрғылықты
құстар.
Қазақстанның оңтүстік бөлі-
гінде Сырдария атырауынан Алакөл
ойпатына дейінгі су қоймаларының
тоғайларында жəне қамыстарында,
қылқан жапырақты жəне таулы
ормандарында ұялайды.
Əдетте
сегіз-онбір,
кейде
алты-жиырма жұмыртқа салады.
14.14-сурет. Қырғауыл.
Жылына бір рет жұмыртқалайды. Егер ұялары қираса,онда олар қайта
жұмыртқалауға кіріседі.
Өсімдіктердің жасыл бөлігімен, ұрықтармен, жидектермен, сондай-ақ,
жəндіктермен қоректенеді.
Əуесқой жəне кəсіби аңшылық нысаналары.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тауық тəрізділер қандай экологиялық топқа жатады? Олар əлемде
қалай таралған? Тауық тəрізділердің ерекшелік белгісін анықтап,
олардың маңызын ата.
2. Тауық тəрізділердің қанша отряд тармағы, тұқымдасы, туысы жəне түрі
бар? Ал Қазақстанда олардың қанша тұқымдасы, туысы жəне түрі
кездеседі?
3. Қоқыс тауықтарының, мысыр тауықтарының ерекшеліктерін тап.
4. Күрке тауықтар əлемде қалай таралған жəне олардың маңызы қандай?
5. Құр тəрізділердің ерекшеліктері қандай?
6. Аққұрлардың ерекшеліктерін ата. Олар əлемде қалай таралған?
7. Аққұрлардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
8. Тундра құрлары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
9. Құрлардың ерекшеліктерін анықта. Құрлар əлемде қалай таралған?
10. Құрлардың Қазақстанда болу мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда
қалай таралған?
11. Меңіреу құрлар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
12. Сұр құрлар əлемде қалай таралған? Сұр құрлардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
13. Қырғауыл тұқымдастарының ерекшеліктерін тап.
150
14. Гималай ұларлаы əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
15. Алтай ұларлары əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
16. Кекіліктер əлемде қалай таралған? Кекіліктердің Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған?
17. Дала шілдері əлемде қалай таралған? Дала шілдерінің Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Дала шілдері Қазақстанда қалай таралған?
18. Сұр шілдер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Сұр шілдер Қазақстанда қалай таралған?
19. Сақалды шілдер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Сақалды шілдер Қазақстанда қалай таралған?
20. Бөденелер əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Бөденелер Қазақстанда қалай таралған?
21. Қырғауылдар əлемде қалай таралған? Олардың Қазақстанда болу
мəртебесі қандай? Қырғауылдар Қазақстанда қалай таралған?
151
ҚЫЗЫҚТЫ МƏЛІМЕТТЕР
Зарудный Николай Алексеевич (1859-1919) үзік зоолог-фаунист жəне
саяхатшы. Қазақстан авиафаунасын зерттеуге зор үлес қосқан.
Сушкин Петр Петрович (1868-1928) – заманының ірі оқымыстысы,
зоолог-орнитолог, зоогеограф, анатом жəне палеонтолог. Қазақ даласының
құстарын зерттеуге зор үлес қосқан.
Кашкаров Даниил Николаевич (1878-1941) – жануарлар экологиясы
ілімінің негізін қалаушы.
Шнитников Владимир Николаевич (1873-1957) – биология
ғылымдарының докторы, ғылымға еңбек сіңірген қызметкер. Жетісудың
табиғаты мен жануарлар əлемін зеттеуші ғалым.
Шульпин Леонид Михайлович (1905-1942) – «Жалпы орнитология»
оқулығы авторының бірі. Алматы жəне ақсу-Жабағлы қорықтарының
орнитофаунасын зерттеген ғалым.
Селевин Виктор Алексеевич (1905-1938) – Семей өңірінің
орнитофаунсын зерттеген ғалым.
Долгушин Игорь Алексеевич (1908-1966) – биология ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақстан орнитологиясының атасы жəне көп томдық
«Қазақстан құстары» еңбегінің басшысы.
Зверев Максим Дмитриевич (1896-1996) – Қазақстанның халық
жазушысы, белгілі жазушы-натуралист. Жүздеген еңбектің авторы, соның
15-і құстарға арналған.
Кузьмина Мария Алексеевна (1910-1986) – биология ғылымдарының
кандидаты, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның
тауық тəрізділерін зерттеуге өмірін арнаған ғалым.
Корелов Мстислав Николаевич (1911-1996) – Қазақстанның
жыртқыш құстарын, торғайларын жəне тауларын зерттеген ғалым. Бірінші
рет жыртқыш құстарды саусақтары бойынша анықтауды жазған.
Гаврилов Эдуард Иванович (1933 ж.т.) – биология ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақстан аумағындағы құстардың мерзімдік қоныс
аударуын зерттеген ғалым.
Ковшарь Анатолий Федорович (1937 ж.т) – биология ғылымдарының
докторы, профессор. 340-тан астам еңбектің авторы.
Əуезов Эрнар Мұхтарұлы (1943-1995) – биология ғылымдарының
кандидаты. Солтүстік, Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның су
жəне су маңы құстарын зерттеуге зор үлес қосқан ғалым. Ұлы жазушы
Мұхтар Омарханұлының кенжесі.
Березовиков Николай Николаевич (1956 ж.т.) – биология
ғылымдарының кандидаты. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, орталық жəне Батыс
Қазақстанның авиафаунасын зерттеуге зор үлес қосқан ғалым.
Карпов Федор Федорович (1962 ж.т.) – биология ғылымдарының
кандидаты.
152
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың қанша түрі өмір сүреді?
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 8600-ден астам түрі өмір сүреді.
Қазақстанда құстардың қанша түрі өмір сүреді?
Қазіргі кезде Қазақстанда құстардың 488 түрі өмір сүреді.
Қай құрлықта құс түрі көп кездеседі?
Оңтүстік Американы құстардың құрлығы деуге болады: мұнда басқа
құрлыққа қарағанда құстар көп. Мұндағы құстардың түрі 2.5 мыңнан астам.
Мұндағы құстардың көпшілігін басқа құрлықтан көре алмайсыз.
Адамдардың кінəсінен жер бетінен қанша құс түрі жойылды?
Адамдар табиғаттың байлығына кейде пайымды қарамайды. Көбінесе бір
мезеттік пайда үшін əрекет етеді. Құстарды адамдар еті, жұмыртқасы жəне
əдемі қауырсындары үшін мыңдап жойған. Соның нəтижесінде кейінгі 400
жылда адамдардың кінəсінен жер бетінен 440-тан астам құс түрі жойылып
кетті. Көбісінен із қалмаған, олардың қандай болғаны да белгісіз. Кейбірінен
сол кездегі кітаптарда жазылған деректер бар. Кейінгі жылдарда жойылған
құстардың мұражайларда терісі жəне тұлыбы қалған. Ол адамдардың
тойымсыз екенінің белгісі сияқты. Солардың ішінде – дронт, кезбе кептер,
королдік жəне маврикалық тотықұстар бар.
Тек құстарға ғана тəн қандай сыртқы белгі бар?
Тек құстардың ғана қауырсындары бар.
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың қайсысы үлкен?
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың ең ірісі – африкалық түйеқұс. Оның
биіктігі үш метрге, ал салмағы 90 кг жетеді.
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың қайсысы кіші?
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың ең майдасы – колибри. Оның мөлшері
арадай-ақ.
Əлемде ұшатын жыртқыштардың ішіндегі ірісі қай құс?
Ұшатын жыртқыштардың ең ірісі – америкалық айдарлы құмай. Қанатын
жайғандағы ұзындығы үш метрге жетеді. Ол американың Кордильерасында
мекендейді. Айдарлы құмай 5000 метр биіктікте ұша алады. Олар өз ұяларын
шыңдарға салады. Əдетте, айдарлы құмайлар өлекселермен қоректенеді.
Еркектері ұрғашыларынан маңдайы мен төбесіндегі биік жалпақ айдарымен
ерекшеленеді.
Қазақстанда ұшатын жыртқыштардың ішіндегі ірісі қай құс?
Қазақстан авифаунасының ішіндегі ұшатын жыртқыштардың ең ірісі –
тазқара. Олар тек оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аудандарында ұялайды.
Дегенмен, кезбе тазқараларды жазда Қазақстанның барлық жерінен көруге
болады, əсіресе тұяқты жабайы жануарлар көп жерлерде. Мысалы, киіктер
жүрген жерлерде. Мүйіздері үшін қасақылықпен өлтірілген киіктердің
басында солар отырады. Үлкен (салмағы 12 кг дейін жетеді) қара құс, жалаң
ұзын мойынды, онысының кейбір жерлері қошқыл түбітпен жабылған,
мойнының түбінде – үлкен қауырсындардан құралған мойын жібі болады.
Қазақ даласының ең ірі құсы қай құс?
153
Қазақ даласының ең ірі құсы – дуадақ. Дуадақтың ұрғашысының салмағы 3-
5, еркегі – 11-18 кг. Кейбіреулерінің салмағы 21 кг жетеді.
Қазақстандағы ең кішкентай құс қай құс?
Қазақстанның ең кішкентай құстары сарыбас шеже мен əсем шымшық. Олар
майда (салмағы 5-8 грамм) орман жəндікжегіш отырықшы құстары. Елімізде
тек Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ормандарында ұялайды.
Барлық құстар ұша ала ма?
Құстардың көпшілігі тамаша ұшқыштар. Дегенмен, олардың арасында ұша
алмайтындары да бар. Олар түйеқұстар, казуарлар, пигнвиндер, кивилер.
Бұлар Қазақ даласында мекендемейді. Бірақ, кейінгі жылдары Қазақстанның
оңтүстік-шығыс аудандарында қолда өсіріле бастады. Мысалы, Алматы
облысында түйеқұс жəне эму қолда өсірілуде.
Қандай құста қанат болмайды?
Жаңа Зеландияда əлемдегі жалғыз қанатсыз құс киви өмір сүреді. Бұлар
ымыртта жəне түнде тіршілік ететін,өзінің жемтігін, қоқыстардың арасынан
ұзын жəне жіңішке тұмсығында орналасқан танауы арқылы, құрттар мен
жəндіктерді тауып жейтін құстар. Бұл құс қытай актинидиясының жемісіне
өз атын берген. Жаңа Зеландиялықтар қытай актинидиясының қоңыр үлпек
жемісінің елдің тірілей елтаңбасы осы құспен ұқсастығын байқап қиын
атаулы өсімдік түріне əлемге əйгілі киви атын берген.
Құстар неге жұмыртқаларын басады?
Жұмыртқадан балапандар шығу үшін оларға бірқалыпты жылы температура
ұстау керек, сол себебті құстар жұмыртқаларын денесімен жауып басады.
Қандай құстар жұмыртқаларын баспайды?
Кейбір құстар өз жұмыртқаларын баспайды. Көкектер өз жұмыртқаларын
басқа құстардың ұяларына салып кетеді, ал ол құстар көкектің
жұмыртқаларын байқамай баса береді. Ал австралиялық қоқыс тауықтар
жерді қазып, оған қоқыстарды толтырады да жұмыртқаларын сол қоқыстың
ортасына жасырып, үстін жауып қояды. Қоқыстар шірігіен кезде жылу
бөлінеді де жұмыртқаларды қыздырады. Ол жылу жұмыртқадан балапан
шығуға молымен жетеді.
Құстар қысқа қарай неге ұшып кетеді?
Себебтері əр түрлі. Біріншіден, құстар жəндіктермен қоректенеді, қыста
жəндіктер болмағандықтан олар азық іздеп, оңтүстікке қыс болмайтын жаққа
ұшуға мəжбүр болады. Екіншіден, жəндіктерден басқа азықтармен
қоректенетін құстар да қыста азықтарына жете алмайтын болғандықтан
оңтүстікке ұшып кетеді. Үшіншіден, кейбір құстар қысқы суыққа
бейімделмегендіктен оңтүстікеке ұшып кетеді.
Жыл құстары ұшқанда қалай бағдар алады?
Құстар ұшқанда аспандағы күннің жəне жұлдыздың орналасуына қарай,
жердің магниттік белдеуіне, жердің өз осінде айналған кезде пайда болатын
Кариолис күштеріне қарап бағдар алады. Бір жолмен бірнеше рет ұшқан
154
құстар одан басқа жер бетінде орналасқан нысандар: үйлер, бағаналар,
шамшырықтар жəне басқалар бойынша бағдар алады.
Қандай құс ең ұзаққа қоныс аударады?
Ең ұзын қашықтаққа полярлық қарқылдақтар қоныс аударады. Олар
Солтүстік Мұзды мұхиттың сібірлік жағалауынан батысқа ұшады, Еуропаны,
Африканы айналып ұшып өтіп, Азияның оңтүстік жағалауларын жанай
ұшып, тек Австралияда ғана тоқтайды, кейде Антарктидаға дейін ұшып
барады.
Қандай құстарды үйде ұстайды?
Үйде тотықұстарды, сары шымшықты жəне басқаларын ұстауға болады.
Ең ұзын құйрық қандай құста болады?
Құстардың ішіндегі ең ұзын құйрықтысы осыдан 300 жыл бұрын жапон
шаруасы Ридзаэмон Такэити шығарған ақшыл-көк тұқымды тауық. Оның
құйрығының ұзындығы жеті метрден асқан.
Құстардың қандай түрінің еркектері балапандарын басып күтеді?
Үшоймақтар жəне қалытқы-шалшықшылар полиандриялықтар. Ұрғашылары
бірнеше еркекпен шағылысып, əрқайсысына бірнеше жұмыртқадан ұяларына
туып береді. Ал жұмыртқаларды басу жəне балапандарду өргізу еркектердің
мойнында.
Қандай құстар өз аяқтарымен балапандарын тасиды?
Қауіп төнген сəтті жылқышылар балапандарын аяғына іліп басқа жаққа
тасиды.
Қандай құс бір мезгілде барлық жағына бірдей қарай алады?
Жылқышылардың көздері бастың алдыңғы жəне артқы жағынан бірдей
қашықтықта орналасқан. Сондықтан, олар алдында да, артында да не болып
жатқанын бір мезгілде көре алады.
Қандай құстар көп жұмыртқалайды?
Ең көп жұмыртқалайтын құстар тауық тəрізділер: шілдер, бөденелер.
Олардың ұяларында 20 жəне оданда көп жұмыртқа болады. Олардан көк
шымшықтар да қалыспайды. Олардың ұяларында 15-ке дейін жұмыртқа
кездеседі.
Қандай құстар аз жұмыртқалайды?
Кептерлер, тентекқұстар, қарқылдақтар, шағалалар аз жұмыртқалайды.
Олардың ұяларында əдетте 2-3 жұмыртқадан кездестіруге болады. Ал үлкен
жыртқыш құстардың: бүркіттердің жəне қырандардың ұяларында көбнесе бір
жұмыртқадан, өте сирек жағдайда 2 жұмыртқадан болады.
Біздің ормандарымыздың қандай құстары қыста көбейеді?
Қайшыауыздардың негізгі азығы шыршалардың ұрығы. Сондықтан олар
шыршалардың ұрықтарының жетілген кезінде жұмыртқалап, соны басып
шығарады.
Алтайдың
қайшыауыздары
қыстың
қақыған
аязында
балапандарын шығаруға мəжбүр. Себебі шыршаұрықтары сол кезде піседі.
Тянь-Шань жəне Жетісу кайшыауыздары шілдеде-тамызда, ал шыршалардың
өнімі мол жылдары қыста да балапан өргізеді.
155
Қандай құстар еш уақытта жерге отырмайды?
Ұзынқанаттар өмір бойы жерге отырмайды. Олардың аяқтары өте қысқа.
Егер олар жерге отырса, онда олар жерден көтеріле алмайды. Сергек кезінде
олар тек ұшуда болады. Əуеде өздерінің жемтіктерін аулайды (жəндіктерді).
Суды ұшып жүріп ішеді: Шалшықтың үстінен өтіп бара жатып тұмсығымен
су ішеді. Ұзынқанаттар құздың жарықтарында жəне биік ғамараттарда
ұйықтайды.
Қандай құстарды қызылшақа балапандылар дейді?
Жұмыртқадан өте əлсіз жəне соқыр болып шығатын балапандарды
қызылшақа балапанды құстар дейді. Мұндай балапандар бір айға жуық ұяда
болады. Сол уақытқа дейін ата-аналары оларды қыздырады жəне оларға азық
əкеліп береді.
Қандай құстарды үлпілдек балапандылар дейді?
Жұмыртқадан көзі ашық жəне қауырсынмен жамылған күйінде шығатын
балапандарды үлпілдек балапанды құстар дейді. Олар бірнеше сағаттан соң
ата-аналарының соңынан ере бастайды.
Қандай құстарды отырықшылар дейді?
Отырықшы құстар деп жыл бойы бір жерде мекендейтін құстарды атайды.
Қандай құстарды көшпенділер дейді?
Көшпенді құстар деп бір орыннан екінші орынға ауысып жүретін, əдетте
оншалықты алысқа көшпейтін құстарды атайды.
Қандай құстарды жыл құстары дейді?
Жыл құстары деп қыста оңтүстікке ұшып кететін, ал көктемде ұялайтын
орындарына қайтып келетін құстарды атайды.
Қандай құстарды қыстайтын құстар дейді?
Сол аймақта тек қыста мекендейтін, ал ұялауға басқа жаққа ұшып кететін
құстарды қыстайтын құстар деп атайды.
Қандай құстарды ұшып өтетін құстар дейді?
Біздің аумақтың солтүстігінде ұялайтын, ал қыста оңтүстігімізде қыстайтын,
бізде тек жылына екі рет: көктемде, қыстауынан ұялау орнына өту кезінде
жəне күзде, қыстауына ұшып бара жатып көрінетін құстарды ұшып өтетін
құстар деп атайды.
Құстарды не үшін сақиналайды?
Адамдар көпке дейін күн суытқанда кейбір құстардың қайда кететінін
білмеді жəне таппады. Бұл кезде құстар су қоймаларының түбінде
балдырдардың арасында ұйықтайды деп есептелінетін. Адамдар құстарды
сақиналауды ойлап тапқанда белгілі болғандай, құстар қоныс аударады екен.
Құстар сақиналанған жерінен бірнеше мың шақырым жерден аңшылардың
жəне жергілікті жердің адамдарының қолына түскен. Бұл туралы хабар
сақиналау орталығына түсіп отырған. Əр құстың жеке нөмірі болғандықтан
ғалымдар қандай құс екенін жəне қай жерде сақиналанғанын оңай
анықтайды. Осылай ғалымдар – орнитологтор құстар қайда қоныс
аударатынын біледі.
156
Құстарды сақиналау əдісінің негізін қалаған кім?
Құстарды сақиналау əдісінің негізін қалаған даниялық оқытушы
Х.Мортенсон, ол алғаш рет 1890 жылы қараторғайдың аяғына сақина салды.
Қазіргі кезде құстардың сақиналары неден жасалынады?
Алғашқы сақиналар мырыштан даярланған. Кейіннен, арзан аллюминий
ойлап табылған соң, сақинаны осы металдан жасай бастады. Аллюминийден
жасалынған сақина мырыштан жеңіл жəне құсқа кедіргі келтірмейді. Оны
пайдалану ыңғайлы, жұмсақ. Құстың аяғына жеңіл бекітуге болады.
Құстар минутына неше рет қанатын қағады?
Əр құста қанат қағу жилігі əр түрлі. Əдетте, құс кішірейген сайын, оның
қанат қағуы жилей береді. Колибридің қанат қағуына адам көзі ілеспейді. Бұл
құстың қанат қағуы секундына 100-ден 200-ге дейін. Кептер минутына
шамамен 300 рет қағады, ал бірқазан – 70-ке жуық. Қалықтап ұшатын құстар
қанаттарын тек жерден көтерілгенде ғана қағады. Содан кейін сағаттар бойы
екі жаққа қанатын жайып əуеде қалықтай береді жəне қанатын қақпайды. Ал
егер қанатын қаға қалса, онда өте сирек қағады.
Неге үйрек суға малынбайды?
Үйректерде, басқа су құстары сияқты, майлы сұйық бөлетін арнаулы безі бар.
Құстар тазаланып жатқан сияқты өзінің əр бір қауырсынын тұмсығымен
сүйкейді. Мұнысы əр бір қауырсынын майлағаны. Май суды кіргізбейді,
сондықтан,
үйректердің
қауырсындары
маймен
қапталғандықтан,
суланбайды.
Құстар тамағын шайнай ма?
Құстар шайнай алмайды. Себебі олардың тістері жоқ. Сондай-ақ, олардың
тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Дегенмен, дəн қоректі құстар ірі
жəне қатты тамақтарды пайдаланады. Тамақтары қорытылуы үшін олар
майда тастарды жəне ірі қиыршықтарды жұтады. Олар құс қарнының ерекше
бөлімінде жиналып, онда түскен ірі азықтарды майдалайды, сонысымен
құстардың тісінің ролін атқарады.
Құстарды неге қуық жоқ?
Табиғат құстардың ұшуына кедіргі келтіретіннің бəрін алып тастаған. Соның
ішінде қуықты да. Құстарға денесіне несеп жинаудың қажеті жоқ. Ол құстың
салмағын көбейтеді жəне ұшуға кедіргі жасайды. Сондықтан, құстар несеп
жинамайды, бірден сыртқа шығарады.
Неге құстар жерде ебедейсіз?
Өте жай, екі жағына кезек теңселіп жүретін адамның жүрісін үйрек жүрісті
адам дейді. Шынындада үйректер жерде ебедейсіз. Олардың аяқтары қысқа,
онымен қоса аяғы жамбастың артында орналасқан. Мұндай аяқпен жерде
жүру оңай емес. Үйректер тез жүрсе тепе-теңдіктен айырылып, кеудесіне
қарай құлайды. Ал суда олардың аяғы жетістіктің өзі. Ол əрі моторы, əрі рулі
жəне тежегіші.
Үй тауықтарының тегі қайда?
157
Үй тауықтарының тегі, осы уақытқа дейін Үнді ормандарында мекендейтін
жабайы банкив тауықтары. Олардың еті дəмсіз, ал жұмыртқалағыштығы
нашар. Бұл құстардың қораздарының əдемілігі үшін қолға үйреткен.
Кейіннен олардың жұмыртқалағыштығы артты жəне азықтық сапасы
жоғарылады, ал əдемілігі екінші орынға көшті.
Қандай құстардың саны көп?
Қазіргі кезде құстар ішінде бірінші орында сан жағынан тауық тəрізділер тұр.
Бұл адам қызметінің нəтижесі. Адамдар тауықтарды өздерінің азықтық
қажеттілігіне сай жаппай өсіруде.
Құстардың қанша қауырсыны бар?
Əр құс түрінде қауырсындар саны əр түрлі. Ең көбі аққуларда. Олардың
денесінде 25 мыңдай қауырсын бар. Оның көпшілік бөлігі (20 мыңға жуығы)
басында жəне мойнында орналасқан. Мұндағы қауырсындар майда жəне бір
біріне тығыз орналасқан. Қалған бөлігі денесіне келеді. Кептерлердің
қауырсындарының саны мұнан он есе кем.
«Құс сүті» деген не?
Құстарда сүрқоректілердегі сияқты нағыз сүт болмайды. «Құс сүті» деп
кейбір құстардың (пингвиндердің, кептерлердің жəне басқалардың) ас
қорыту жолында өндірілген ботқа тəрізді жиынтықты айтады. Бұл затпен ата-
аналары өздерінің балапандарын қоректендіреді.
Құс жұмыртқаларының пішіні қандай болады?
Көпшілік құстардың жұмыртқаларының пішіні тауықтардыкіндей. Мұндай
пішінді – жұмыртқа тəрізді деп атайды. Мұндай жұмыртқаның бір ұшы доғал
да, екіншісі – үшкір. Құстарда мұнан басқа пішінді жұмыртқалар кездеседі.
Жапалақтардыкі шар тəрізді. Жағалы жартастарда ұялайтын (кайра, топорик,
тупик) шоғырлы құстардың жұмыртқалары алмұрт тəрізді: мұндай
жұмыртқалардың бір ұшы өте жалпақ, ал екінші ұшы күрт тарылған. Алмұрт
тəрізді жұмыртқалар жалаң шыңдардың шоқыларынан сырғанамайды.
Эллипсоид тəрізді жұмыртқалардың екі жағы да бірдей. Мұндай
жұмыртқалар тентекқұстарда бар.
Құс жұмыртқаларының мөлшері қандай болады?
Ең майда жұмыртқалар колибрилерде, мөлшері бұршақтай-ақ, салмағы 2 г.
Ең үлкен жұмыртқа түйеқұста. Оның ұзындығы 20 сантиметрге, ал салмағы
1,8 килоға жетеді. Жұмыртқалардың мөлшері əрдайым құстың мөлшеріне
сейкес келе бермейді. Мысалы, австралиялық қоқыс тауықтық мөлшері үй
тауығынан аспайды, дегенмен, жұмыртқасы үй тауықтарыныкінен үш есе
үлкен.
Құстардың жұмыртқаларының түсі қандай?
Құстардың жұмыртқалары əр түске боялған. Сайрауықтардікі көгілдір,
қараторғайлардыкі жасылдау, көп құстардыкі ақшыл əр түрлі түстегі дақтары
бар: қара, сұр, сары, қызғылт.
Құстар қандай жылдамдықпен ұшады?
158
Құзғындардың орташа жылдамдығы сағатына 30 шақырым, шағалалардыкі –
45, шұбар шымшық пен торғайдікі – 55, қараторғайдікі – 70, қарлығаштікі –
75, үйректікі - 85 шақырым. Сұңқар жемтігін қарап ұшқанда сағатына 60-70
шақырым алады, ал жемтігіне ұмтылғанда сағатына 100 шақырымды алады.
Ал егер ол биіктіктен түспей тікелей жемтігін қуса, онда сағатына 300-350
шақырым алады.
Қандай құстардың қанаты ұзын?
Оңтүстік америкалық айдарлы құмайдың жəне альбатростың қанаттарының
жайғандағы ұзындығы 4 метрден асады. Бұл ең ұзын қанат болып
есептелінеді.
Ең ұзын тұмсық қай құста?
Ең ұзын тұмсық бірқазанда – жарты метрге жуық.
Ең биікке қандай құс ұшады?
Барлығынан жоғары қаздар ұша алады. Оларды 9500 метр биіктікте көрген.
8000 метр биіктікке ұзақ көтеріле алады. Қырандар, құмайлар, айдарлы
құмайлар 7000 метр биіктікте ұшады. Тырналар 5000 метр биіктікте ұшады.
Құстардың дене температурасы қандай?
Көпшілік құстардың дене температурасы орташа есеппен 42.5°С-қа тең. Ал
майда торғайлардың дене температурасы 45.5°С-қа жетеді.
Құстар қандай тереңдікке сүңги алады?
Сусылдақ үйректер 4 метрге, бейнарықтар 6 метрге, су құзғындар мен
маймаққаздар 10 метр тереңдікке сүңги алады. Дегенмен, сүңгудің
жеңімпазы пингвиндер. Олар 250 метр тереңдікке сүңги алады.
«Құрықтық таңба» дегеніміз не?
«Құрықтық таңба» деп құстардың құрсағындағы жұмыртқа басқанда пайда
болатын қауырсынсыз жерді айтады. Соның нəтижесінде жұмыртқалар
жақсы қызады.
Қандай құстың аяғында тек екі саусағы бар?
Африкалық түйеқұстың аяғында тек екі саусағы ғана бар. Бұл қазіргі кездегі
құстарда кездескен кездейсоқ жағдай. Австралиялық эму мен америкалық
нандудың аяқтарында үш саусақтан бар.
Соқыр құстар бола ма?
Табиғатта соқырбалықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар жəне
соқыр аңдар кездеседі, бірақ соқыр құс болмайды. Құстарға көз өте қажет.
Табиғат оларда өткір көз болуына жағдай жасаған. Көзі жойылған құс өмір
сүре алмайды.
Құстар ін қаза ма?
Шынымен, кейбір құстар ін қазады. Соның ішінде сары жəне боздақтар,
зымырандар, жар қарлығаштары, тупиктер жəне топориктер бар.
Боздақтардың інінің тереңдігі үш метрге жетуі мүмкін. Мұндай інді құстар 20
күндей қазады. Осы кезде олар 12 кг аса жерді тысқа шығарады, ал өздерінің
салмағы болса бар жоғы бірнеше грамм.
159
Үш метрлік інді теңіз жағалауында ұялайтын тупиктер мен топориктер
де қазады. Бұл құстардың іні тек қана терең емес, сондай-ақ, кең де – ені 25-
30 сантиметрге жетеді. Інді жер үйректері – италақаз бен отүйрек те қазады.
Олар 4 метр тереңдікке дейін ін қаза алады.
Қандай құстарды синантроптар дейді?
Синантропты құстар деп адамдармен қоныстас жабайы құс түрлерін атайды.
Мысалы, үй жəне түз торғайы, үлкен көк шымшық, қаратамақ торғай.
Құстардың солақайы немесе оңқайы бола ма?
Қайшыауыз торғайдың тұмсығы қайшыланған. Олардың балапандарының
тұмсығы жұмыртқадан шыққанда, басқа құстардыкі сияқты, біртегіс болады.
Кейіннен қайшыланады. Бірі сол жақты, екіншісі оң жақты болып
қайшыланады. Оң жаққа қайшыланған құстың оң аяғы мен құйрығы дененің
тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі, ал сол аяғымен құс бүрді ұстайды. Сол
жаққа қайшыланған құстың сол аяғы дененің тепе-теңдігін сақтайды, ал оң
аяғымен құс бүрді ұстайды. Қайшыауыздардың мұндай солақай немесе оңқай
болуы тегін емес. Себебі, кейбір бүрлерге оң жағынан, ал екіншісіне сол
жағынан бару оңай. Сондықтан, бір жағындағы бүрлерді солақайлар, екінші
жағынан оңқайлар жинайды.
Жер бетінде өмір сүрген ең үлкен құс қандай құс?
Əлемде ең үлкен құс Мадагаскарлық эпиорнис – алып ұшпайтын «піл
құстар». Олардың биіктігі 3 метрден асқан, ал салмақтары 450 кг жеткен.
Эпиорнистер – жер бетінде өмір сүрген құстардың ең ауыры.
Орнитологиядан Нобель сыйлығын алған кімдер?
Құстардың мінез-құлқын зерттеуден үлкен жетістікке жеткен Кондрат
Лоренц жəне жыртқыш пен жемтіктің өзара байланысын зерттеудегі үлкен
жетістіктері үшін Нико Тинберген Нобель сыйлығына ие болған (ХХ
ғасырда).
Əлемдегі ең үлкен жұмыртқа қай құста?
Мадагаскарлық эпиорнистің жұмыртқаларының мөлшері 34 х 22 сантиметр,
ал салмағы 9 кг болған. Шектеусіз аулаудан жəне жұмыртқаларын жинаудан
бұл құс жойылған.
Авиациялық орнитология қай жылы пайда болды?
1963 жылы Ницца шаhарында авиациялық орнитологияның тұсауы кесілді.
Сол жылдан бастап халықаралық симпозиумдар тұрақты ұйымдастырыла
бастады. Əлемде бұл жұмысты ұшақтар үшін құстардың қауіпсіздігі
бойынша Халықаралық комитет ұйымдастырады.
Қазақстан орналасқан Палеарктикалық зоогеографиялық облыста
қанша құс түрі кездеседі?
Палеарктикалық зоогеографикалық облысқа бүкіл Еуропа, Азияның
тропикадан солтүстігі жəне Солтүстік Африканың аздаған бөлігі кіреді.
Мұнда 1100 астам құс түрі кездеседі.
Құстар қанша жыл өмір сүреді?
160
Үкі, құзғын, бүркіт, ақ бірқазан, тотықұс 50-70 жыл, шағала, тырна, айдарлы
құмай, африкалық түйеқұс 30-40, жұртшы 101 жыл, ақбас құмай 117 жыл
өмір сүреді.
Қандай құстардың қанатында «айнаның» болуы тəн?
Үйректер тұқымдас тармақтарының қанатында «айнасы» бар.
Қандай құс бағыт-бағдар алу үшін эхолокация қолданады?
Оңтүстік Американың солтүстігіндегі таулы тропикалық ормандарда
Гуахаролар терең қараңғы үңгірлерде үлкен шоғыр болып ұялайды. Мұндай
жағдайда олар бағыт-бағдарды тек эхолокация арқылы алады.
Қандай жыртқыш құстардың тұмсық үстінде өткір тісшесі бар?
Сұңқар тұқымдастарының тұмсық үстінде өткір тісшесі болады.
Араб елдеріндегі аң-құс аулауға, саятшылыққа пайдаланатын
қандай жыртқыш құс?
Қазақстанда кең тараған, бірақ саны аз ителгілерді қазақтар ертеден-ақ шіл,
кекілік, үйрек, дуадақ жəне майда сүтқоректілерді аулауға пайдаланған.
Қазіргі кезде бұл құсқа араб елдерінде сұраныс көп. Алғыр ителгілердің
бағасы 3 млн долларға дейін жететін сияқты.
Қандай құстардың мамығы жылы болып саналады, əрі ұйықтау
қаптарын жасау үшін қолданылады?
Біздің елімізге кездейсоқ ұшып келетін мамыққаздардың түбіті өте жылы əрі
жеңіл болып келеді. Сондықтан альпинистерге арнап осы құстың түбітінен
ұйықтайтын қап тігеді. Осы кезге дейін Исландияның кейбір аудандарында
мамыққаздың түбітін кəсіби жолмен жинайды: түбітті балапандар ұяларынан
шыққан соң жинап алады.
Қандай құстар ауа райы шұғыл суытқанда қысқа мерзімді ұйқыға
кетеді?
Ұялап жатқан қара ұзынқанаттар ауа райы күрт суытып, ұшқан жəндіктер
жоғалып кеткен кезде оңтүстікке ұшып кетеді де, балапандары ұйқыға кетеді.
Балапандар осы күйде 5-8 күндей бола алады. Күн жылынып, ата-аналары
қайтып келген соң денелері қызған балапандар «тіріледі». Одан əрі олар
кəдімгідей өсе береді, бірақ, олардың жалпы ұяда болу уақыты созылады.
Пастереллезбен қандай құстар ауырады?
Пастереллезбен үй құстары: тауықтар, үйректер, кептерлер жəне жабайы
құстар: құрлар, шілдер, үйректер жəне т.б. ауырады.
Бруцеллезбен қандай құстар ауырады?
Бруцеллезді қабылдағыштар торғайлар, кептерлер, қырғауылдар.
Туберкулезбен қандай құстар ауырады?
Туберкулезді
қабылдағыштар
қырғауылдар,
кептерлер.
Олар
үй
жануарларымен жанасқанда жұқтырады.
Жалған туберкулезбен қандай құстар ауырады?
Жалған туберкулезбен қырғауылдар ауырады. Оны олар жерден, азықтан
жұқтырады.
Лептоспирозбен қандай құстар ауырады?
161
Үй құстарынан лептоспирозбен тауықтар, қаздар, үйректер, жабайы
құстардан үйректер, құтандар, құладындар, қаршығалар ауырады. Олар
табиғи ошақтан жұқтырады.
Листериозбен қандай құстар ауырады?
Листериозбен үй құстары: тауықтар, қаздар, үйректер жəне жабайы құстар:
қырандар, кептерлер, меңіреу құрлар, торғайлар ауырады. Ауруды
кенелерден жұқтырады.
Лейкозбен қандай құстар ауырады?
Лейкозбен үй құстарынан басқа жабайы үйректер, кептерлер, қырғауылдар,
аққулар, лейліктер, тотықұстар, бөденелер ауырады. Жабайы құстар үй
құстарымен жанасқанда жұқтырады.
Кандидамикозбен қандай құстар ауырады?
Үй құстарынан басқа кандидамикозбен кептерлер, шілдер, қырғауылдар,
бөденелер, құрлар ауырады. Қоздырғыштар табиғатта сақталады.
Спирохетозбен қандай құстар ауырады?
Спирохетозды қабылдағыштар қаздар, үйректер тауықтар, мысыр тауықтары,
сондай-ақ, кептерлер, қараторғайлар, торғайлар. Қоздырғышты аргас
кенелері тасымалдайды.
Эймериозбен қандай құстар ауырады?
Эймериоз қоздырғыштары үлкен суқұзғыннан, сұр қаздан, шиқылдақ қаздан,
барылдауық үйректен, сұр үйректен, қылқұйрық үйректен, отүйректен,
италақаздан, ысылдақ шүрегейден, даурықпа шүрегейден, жалпақтұмсық
үйректен, қызылтұмсық үйректен, ақкөз сүңгуірден, айдарлы сүңгуірден,
қызылбас сүңгуірден, ақбас үйректен, кіші бейнарықтан, бақылтақ
қыраннан, дала күйкентайынан, тілеміштен, жамансарыдан, ителгіден,
қырғидан, қырғауылдан, меңіреу құрдан, сұр құрдан, кекіліктен, бөденеден,
тауыс құстан, қасқалдақтан, сутартардан, тартардан, үлкен түркептерден,
көкқарғадан, қаратөс торғайдан жəне басқа торғай тəрізділерден табылған.
Ботулизммен қандай құстар ауырады?
Ботулизмді қабылдағыштар тауықтар, қырғауылдар, күрке тауықтар, оған
төзімділер қаздар, үйректер. Олар жерден жұқтырады.
Ауескі аурумен қандай құстар ауырады?
Ауескі аурумен қаршығалар, жамансарылар ауырады. Олар ауруды
кеміргіштерден қабылдайды.
Ньюкестле ауруымен қандай құстар ауырады?
Үй жəне жабайы құстардың ауруы. Негізінен тауық тəрізділердің ауруы.
Олардан басқа кептерлер, қараторғайлар, үкілер, аққулар, тауыс құстар,
құтандар ауырады. Ауруды тасушылар кептерлер, қарғалар, торғайлар.
Орнитозбен қандай құстар ауырады?
Орнитоз үй жəне жабайы құстардың жұқпалы ауруы. Жабайы құстардан
кептерлер, үйректер, шағалалар, қырғауылдар жəне басқалары (барлығы 100
аса құс түрі) ауырады. Ауруды таратушылар кептерлер. Адамдарға ауру
құстардан жұғады.
162
Токсоплазмозбен қандай құстар ауырады?
Токсоплазмозды қабылдағыштар: меңіреу құр, аққу, шіл, бөдене, кептер,
пингвин, тотықұс, түз құладыны, қараторғай, тоқылдақ, қарға, торғай,
сарыторғай, сары шымшық, пайыз торғай.
163
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Кузнецов Б.А. Определитель позвоночных животных фауны СССР. Ч.
3. Млекопитающие. - Москва: Просвещение, 1975.
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. - Москва: Высшая
школа, 1979.
Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные
животные. - Алма-Ата: Наука, 1989.
Бекболатов Қ.М., Байтұрсынов Қ.Қ, Беркінбаев О., Жанаділова Х.К.
Жануартану сабақтарына методикалық нұсқау. - Алматы, 1994.
Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. -
Алматы: Ғылым, 1995.
Бекенов А., Есжанов Б. Русско-казахский соварь зоологических
терминов. - Алматы: Ғылым, 1997.
Беркінбай О., Мүталиев А. Жануарлар экологиясы. - Шымкент, 1999.
Беркінбай О. Орнитология // Оқулық. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ,
2008.
Беркінбай О., Есжанов Б., Ташенов Б., Құлманова Г. Қазақстан құстары
мен аңдарының биологиясы // Оқулық. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2008.
Беркінбай О. Қазақстанның құстары. Жалпы білім беретін мектептің
оқушыларына арналған оқу құралы. – Алматы: «Арман-ПВ» БҮ, 2009.
Беркинбай О., Ахметсадыков Н.Н. Болезни зверей и птиц // Учебник. –
Алматы: Prints, 2009.
164
МАЗМҰНЫ
Түсініктер мен терминдер
3
Алғы сөз
5
Кіріспе
6
1 Құстардың жануарлар əлеміндегі орны
7
2 Құстар жүйесі
9
3 Қазақстан құстары отрядтарын айыру белгілері
11
4 Құстар классына сипаттама
17
5 Қазақстан құстарын зерттеудың қысқаша тарихы
23
6 Маймаққаз тəрізділер отряды-Отряд гагарообразные-Gaviiformes
26
7 Сұқсыр үйрек тəрізділер отряды-Отряд поганкообразные-
Podicipediformes
30
8 Түтікмұрындылар отряды-Отряд трубконосие-Procellariformes
36
9 Ескек аяқтылар немесе бірқазан тəрізділер отряды-отряд
веслоногие, или пеликанообразные-Pelecaniformes
38
10 Лейліктер, немесе дегелектер отряды-Отряд аистообразные, или
голенастые-Ciconiiformes
46
11 Қоқиқаз
тəрізділер
отряды-Отряд
фламингообразные-
Phoenicopteriformes
62
12 Қаз тəрізділер отряды-Отряд гусеобразные-Anseriformes
65
13 Сұңқар тəрізділер отряды немесе жыртқыш құстар-Отряд
соколообразные, или хищные птицы-Falconiformes
101
14 Тауық тəрізділер отряды-Отряд курообразные-Galliformes
136
Қызықты мəліметтер
151
Пайдаланылған əдебиеттер
163
Достарыңызбен бөлісу: |