«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»


Қоршаған ортаны қорғау ұйымы



бет44/49
Дата22.09.2023
өлшемі485,86 Kb.
#109872
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
« орша ан орта мен е бекті ор ау»

Қоршаған ортаны қорғау ұйымы.
Қоршаған орта мен табиғатқа адамның әсері.

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр.Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепетеңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғиресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғаттыпайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту-өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Осылардың шешімін табу үшін 


экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология неіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Осыған байланысты
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экология пәндерін оқытуда сабақ
беру жүйесін өзгерту қажет. Экономика қазіргі кезге дейін мемлекеттің байлығы туралы ғылым ретінде қаралып келді: оның жалпы алғанда әл-ауқатты да қамтитынын және сонымен қатар ағарту ғылымы теориясының қазіргі нысанасымен, яғни құндылықтар туралы ұғыммен тығыз ұштасқан оның елеулі бөлігі болып табылатынын көрсетуге тырысады. Ол үшін материалдар онда-мұнда шашылып жатқан осы жаңа ғылымның түр-тұрпатын кескіндеуге ұмтылыс жасалынды. Егер, бір жағынан, осылай иемдену арқылы экономика саласы кеңейетін болса, басқа жағынан, ішкі саясат үшін экономикадан туындайтын әкімшіліктің бастауын бөліп алып, оның шектерін қысқарту керек деп саналады; бұлайша бөліп алу оның әрқайсысы дәл шекараларды айқындап беру тұрғысында екі ғылым үшін де бірдей тиімді. 
Халық байлығы теориясындағы талпыныс ешбір жүйеге тоқталмай, қосымшадағы ең пайдалы нәрселердің бастауын ұштастыру болады. Осы бастаулардың үлкен бөлігі Смиттің шығармалары болмақ және оған оның жүйелерін ерекше ұстанатын құсап көрінетін, талассыз аксиомалар дәрежесінде енгізілген дәлелдемелердің айқындығымен ерекше міндетті; бірақ бұл - осы сияқты жағдайлар сектаның
кез-келген рухына сақтықпен қарауға мәжбүр етіп отыр. Осы бір құрметті
философтың беделі ешбір жерле оған көзсіз бағынуға дейін жеткізген жоқ деп батылдықпен пайымдай алады. Одан кейін жасалынған жаңалықтарды пайдаланып, түсіндірмешілерден кеңестер алып, сынға құлақ түріп; сайып келгенде, оның әрбір бастауларын, оның әрбір ережелерін таразыға салды.Әрбір халықтың жылдық еңбегі оған өмір сүруге 
барлық қажетті нәрсені және өмір сүруге қолайлы өнімдерді беретін, ол жыл ішінде тұтынатын және әрқашан енемесе тікелей осы өнімдерді немесе басқа халықтардан осы өнімдерге айырбасқа сатып алынатын нәрселерден тұратын бастапқы қор болып табылады.Сондықтан осы өнімдердің мөлшерінен немесе оларға айырбасқа алатын нәрсені тұтынатындардың салыстырмалы санына байланысты халық барлық қажетті заттармен және
олар мұқтаждық ететін қолайлы нәрселермен жақсы немесе нашар жабдықталған
болып шығады.Бірақ әрбір халықтағы бұл қатынас әр түрлі жағдаймен: біріншіден, өнермен, шеберлікпен және жалпы алғанда оның еңбегінің қалай қолданылатынын пайымдаумен, екіншіден, пайдалы еңбекпен айналысатындардың және онымен қамтылғандардың санымен арадағы қатынаспен айқындалады. Белгілі бір халықтың аумағының топырағы, климаты және мөлшері қандай болмасын, оның жылдық жабдықталуының мошылығын немесе тапшылығы әрқашан осы екі шартқа қатысты болады.
Еңбек өнімділігі саласындағы осы прогресстің себептері және қоғамдағы таптар мен адамдар топтарының арасындағы оның өнімі табиғи түрде соған сәйкес бөлінетін тәртәп осы зерттеудің бірінші кітабының нысанасы болып табылады.
Адамзатқа тек қана атом соғысы қауіп төндіріп тұрған жоқ. Онда да қасіретті қатерлердің шеті көрінді, ол-биосфераның өлуі, яғни барлық тіршіліктің жоқ болуы,
кезінде динозаврлар неге өліп таусылып еді?! Адамзатты да сондай болашақ күтіп тұрмасына кім кепіл? Cүтқоректілердің бәрі өздерін “саналы адам” деп өркөкіректікпен атап алса да, сол сананың кемдігінен өлгелі тұр. Атом ядросының құпиясын ашуға, компьютер ойлап табуға адам баласының ақылы жетті, бірақ өздері ойлап тапқан заттарды ұтымды пайдалануға мәдениеті жетер емес. Ғылыми – техникалық революцияның ондаған жылдары ішінде біз өзіміз өмір сүретін ортаны, алдымен атмосфераны аяусыз былғауды үйрендік. Ал ол миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан.
1.Адамзат өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске(катаклизмге) ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс.Адамның өндірістік іс-әрекеті – қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері
әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.
Қоршаған орта дегеніміз – бұл адамның шаруашылық 
іс-әрекеті және оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи орта. 
Қоршаған ортаға өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік магистральдары, қалалар мен ауылды жерлердегі елді мекендер, әлеуметтік орта және т.б. кіреді.Адамның бір қалыпты өмір сүруіне таза ауа, ауыз су қажет болса, шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешекдерін қорғаудың да маңызы зор.
Шаруашылықтың әр түрлі салалары қоршаған ортаны ластаудың және оны тасымалдаудың көзі болып табылады. Өнеркәсіп -еліміздің экономикалық тұрақтылығын
қамтып қана қоймайды, сонымен бірге қоршаған ортаны күшті ластаушы. 
Өнеркәсіптің әр түрлі салаларын қоршаған ортаға әсер ету бағытына қарай - өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары деп екі топқа біріктіруге болады.
Көмір, темір рудаларын, минералды тұздар және басқа да қазба байлықтарын өндіретін кен орындарының жұмысы, әсіресе кенді өндіру ашық әдіспен жүргізілетін болса, 
үлкен аумақтық ландшафтың бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл жерде антропогендік
ландшафт қалыптасады.Антропогендік ландшафт дегеніміз – адамның іс-әрекетінің
нәтижесі. Мысалы, СоколовСарыбай кен байыту комбинатында темір рудалары жер бетіне таяу орналасқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз кен орнындағы көмірді де ашық әдіспен алады.Адамның биосфераға антропогендік іс-әрекеті Жер шарындағы
көптеген аймақтардың климатын өзгеріске ұшыратуда. Адамдар пайдалы қазбаларды 
барлаумен және өндірумен қатар олардың саны мен көлемін ұлғайту жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Отын энергетикалық кешендері, пайдалы қазбаларды көп
мөлшерде өндіру және оны жағу (дүние жүзі бойынша 10 млрд т) атмосферада көмірқышқыл газының жиналуына әсерін тигізеді. Ал атмосферадағы
көмірқышқыл газының көбеюі жер планетасында температураның көтерілуіне, яғни ауа райының өзгеруіне жаппай жылынуға әкеп соғады.Қазіргі кезде атмосферада метанның, көмірқышқыл газының, азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы ұлғайып отыр. Бұл адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді [8,154-156б]. Табиғат пен адам қоғамы арасында өзара байланыс бар. Рас, адам қоғамы
өзінің ерекше заңымен дамиды. Адам қоғамы аңдар әлемінен саналы еңбек арқылы ерекшеленеді. Аңдар да өзіне қажеттісін жасайды. Олар ұя немесе үйшік салады, ін қазады. Бірақ өзіне немесе балаларына тек тікелей қажеттісін 
ғана жасайды. Адамдар өзі шығаратын затының шамасын, өлшемін,
мөлшерін біледі, табиғи заңдылықты басшылыққа алады, әсемдікті сезінеді [9,10б].

1.1.Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық


мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз [10,144б]. Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады.
Қоршаған орта (немесе қоршаған табиғат ортасы) терминінде адамдардың ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсіндіріледі.Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі -экологиялық факторлар деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшелігіне қарай
ол үш топқа бөлінеді:- абиотикалық фактор бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге
тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу
қасиеті (температура, жарық немесе басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері, т.б.)
- тіршілік факторлары – бұл тіршілік иелерінің бір-біріне жер етудің барлық
формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді.
- антропогенді факторлар организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың 
өмір сүру жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам қызметтерінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар:өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету көлемі арта түсуде.Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Организмдердің қарқындылыққа немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуғаболады. Жетімсіз немесе 
шамадан артықәсер ету-организмдердің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.Алуан
түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайда өздеріне өте жақсы сезінулері бірдей емес.
Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты, гүлді капуста көлеңкелі салқынды ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты ұнатады. Осы факторлар өсімдіктердің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі оңтайлылық деп аталады.Бұл әдеттегідей температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы организм түріне оңтайлы зонаның
факторы деп аталады. Ең азынан көбіне дейін бар аралық температура кезінде өсуге
мүмкіндік барды диапазон(көлемінің) тұрақтылығы деп аталады. Шек қою
нүктесінен, яғни ең азынан көбіне дейін тіршілікке қолайлы температура тұрақтылығының шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторларға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмдердің экологиялық валенттілігін оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігі көрсетеді. Тұрақтылық шегінің нүктесіне жақындау шамасы бойынша егер әрекет ету 
факторы азайып, немесе көбейсе, тіршілік әрекеті төмендеп қысымға ұшырайды немесетіршілік иесінің өлуіне әкеп соқтырады, яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй зонасы туралы айтылып отыр. Мұндай ықпалды басқа факторлар да жасай алуы мүмкін.Әрбір өсімдік пен жануарлар түрінің оңиайлылығы, мазасыз күй зонасы немесе қысым зонасы мен тұрақтылық шегі(шыдамдылығы) қоршаған ортаның әрбір факторларына қатысы барлар өмір сүруде.

41 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет