Қоршаған орта түсінігі және қоршаған орта факторлары, олардың адам денсаулығына әсері



бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі24,71 Kb.
#98448
1   2
Байланысты:
2 такырып экологияdocx

факторлары 3 топқа бөлінеді:
1) Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың әсері (климат, t0, ылғалдылық, жарық, т.б.)
2) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
3) Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.
1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы); топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар (судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, тұздылығы, қысымы, ластануы); жер бедерінің әсері.
Абиотикалық факторлардың өзін эдафикалық, орографиялық, т.б. деп бөледі. Эдафикалық факторлар – топырақтың қасиеттеріне байланысты тірі организмдерге тікелей әсер ететін экологиялық факторлар тобы; орографиялық факторлар – жер бедерінің әсері.
2. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін саналуан әсерлері жатады.
3. Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызылып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Сонымен антропогендік фокторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.
2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
Қоршаған ортаға организмдердің бейімделуі адаптация деп аталады.
Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.
1 Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар: тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.
2 Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар – кейбір уақыттарда қайталанады: ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.
3 Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, бетпақдалада т. б.)
4 Белгісіз әсер етуші факторлар – бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.
Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.
Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды.
Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.
Ағымдар және оттегі
Көптеген тіршілік орталарында жануарлар ағымының әсер етуін сезінеді. Ауа және су ағымдар болып бөлінеді және жануарлардың таралуында қоршаған ортаның реттеуші факторы болып табылады. Олардың әсері екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін басқа жаққа орнын ауыстыртады.
Ауа ағымдары жел түрінде горизантальды және жер бетінен шығатын жылудың әсерінен термальды болып бөлінеді.
Суда да ағымдар бар. Су ағымының жылдамдығы ауа ағымына қарағанда аз болып келеді. Ол сарқырамаларда үлкен шамада – 6 м/секундқа дейін, ал ең қуатты су ағымы мұхитта (жылы Гольфстрим ағымдарында немесе суық компенсациялық ағымдарында) болады.
Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады. Ересек адамдардың қанында гемоглабинмен байланысқан оттегінің мөлшері 1 м3 дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2 ткандерге таралады және сіңіріледі.
Жануарлар үшін О2 тіршілік үшін қажетті негізгі зат. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, жануарлардың әртүрлі мекен ету орталарында таралуы соған тәуелді. Оттегі ауада, топырақта, таяз суларда, теңіз суларында және тірі ағзаларда әртүрлі мөлшерде таралған.
Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу.
Температураның әсері.
Антарктиданың шөлді мұзында температура –880С дейін төмендесе, Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде +580С дейін көтеріледі. Орталық Европаның ормандарында оңтүстік жағында ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің барлық жерінде тіршілік таралған. Бірақ бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі температура диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан кез келген жануарлардың таралуы мекен еткен жерімен шектеледі, сол жердің температурасына бейімделеді.
Температураға байланысты барлық ағзаларды екі экологиялық топқа бөледі: жылу сүйгіш ағзаларды термофильді, салқын сүйгіш ағзаларды криофильді деп атайды.
Дене температурасын сақтап тұру қабілетіне байланысты жануарларды үш топқа бөледі. Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өздерінің дене температурасын реттей алмайды және пойкилотермді жануарлар деп аталады. Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермді деп атайды. Дене температурасы белгілі бір диапазонда ғана өзгеретін жануарларды гетеротермді деп атайды.
Ағзалардың дене температурасын тұрақты ұстап тұруы олардың химиялық және физикалық терморегуляцияға қабілеттілігіне байланысты. Сыртқы ортаның жылуы азайғанда ағзаның өзінің жылуды сіңіру процесін арттыруы химиялық терморегуляция механизміне негізделсе, жылуды өз денесінен шығармай ұстап тұру қабілеті физикалық терморегуляцияның механизмінің арқысында жүзеге асады.
Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермді, ал оның тек аз мөлшерде ғана өзгеруіне төзетін жануарлар стенотермді деп аталады.
Жалпы жануарлардың сыртқы орта жағдайларына байланысты мінез-құлықтық заңдылықтарын зерттейтін ғылым этология деп аталады.
Ылғалдылықтың әсер етуі.
Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері – жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі шарты. Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері су ерітіндісінде жүреді.
Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы (мыс: үй жануарларының 59%, адам денесінің 64%, ұлудың 70%, балықтардың 75% және жоғары, медузалардың 99% т. б.) судан тұрады
Көптеген жануарларда ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.
Жарық. Август Тинеманн деген биологтың айтуынша «космостық шырмалымға» барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі – күн сәулесі.
Қоршаған ортасында қолайсыз жағдайлар туындағанда бүкіл тіршілік процестерінің тоқталатын организмдердің физиологиялық күйі анабиоз деп аталады.
Биотикалық факторларға бейімделу.
Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.
Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: инфузориялар суды жұта отырып, оны сүзеді де өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.
Гүлдер мен өсімдіктердің бейімделушілігі.
Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар Екі өзендік мемлекетінде құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).
Х.К.Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің құрылысы сол өсімдікті тозаңдыратын және балауызымен қоректенетін насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасының нектар соратын мүшесі ұзын болып келеді; Оңтүстік Америка көбелегінің де тұмсықтары өте ұзын болуы гүл формасына байланысты; шмель -> аконит, т.б.
Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
1 Қоректену немесе трофикалық байланыс.
2 Топикалық байланыс (грекше топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.
3 Форикалық (латынша форас – сыртта) – бұл байланыс бір ағзаның басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.
3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі: бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Оны әрбір ағзаның өзіне тән экологиялық валенттілігі анықтайды. Экологиялық валенттілік дегеніміз экологиялық факторлар әсеріне организмдердің төзімділік шегі (серпімділігі). Бір ағзалар үшін төзімділік аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури – кең, биос – тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады (грекше стенос – тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет