Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бірлестіктердің қандай



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі33,37 Kb.
#11174

«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша

шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –  Маңғыстау облысында Орхус

конвенциясын

 тәжірибелік іске асыру» жобасы



Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бірлестіктердің қандай

құқықтары бар?

Экологиялық  кодекстің  нормалары  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында

қоғамдық  бірлестіктердің:  экологиялық  бағдарламаларды  әзiрлеу  және

насихаттау,  азаматтардың  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғау,  оларды

қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тарту;

қоршаған  ортаны  қорғау  мен  сауықтыру,  табиғи  ресурстарды  ұтымды

пайдалану  мен  молықтыру  жөнiндегi  жұмыстарды  орындау,  экологиялық,

ғылыми,  тарихи-мәдени  және  рекреациялық  жағынан  ерекше  құнды

қоршаған орта объектiлерiн қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың

қызметiне 

қатысу;

 заңнамада 



белгiленген 

тәртiппен 

мемлекеттiк

органдардың  қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша  шешiмдер

қабылдау  процесiне  қатысу;  экологиялық  бiлiм  беру  мен  ағарту  жұмыстарын

орындау,  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  ғылыми  зерттеулер  жүргiзу;

қоғамдық  экологиялық  сараптамаға  және  қоғамдық  тыңдаулар  өткiзуге

бастамашылық  жасау  және  оларды  ұйымдастыру;  қоғамдық  экологиялық

бақылауды  жүзеге  асыру;  мемлекеттiк  органдар  мен  ұйымдардан  уақтылы,

толық  және  дұрыс  экологиялық  ақпарат  алуға;  қоршаған  ортаны  қорғау

саласында  мемлекеттiк  органдармен  және  халықаралық  ұйымдармен

ынтымақтасу  және  өзара  iс-қимыл  жасау,  олармен  келiсiмдер  жасауға,  олар

үшiн  шарттар  бойынша  заңнамада  көзделген  белгiлi  бiр  жұмыстарды

орындау; қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық

актiлер  жобаларын  әзiрлеу  кезеңiнде  оларды  талқылауға  қатысу  және

әзiрлеушiлерге  өз  ескертпелерiн  ұсыну;  қоршаған  ортаға  байланысты

жоспарлар  мен  бағдарламаларды  дайындау  процесiне  қатысу;  жеке  және

(немесе)  заңды  тұлғаларды  жауапқа  тарту  туралы  мәселелер  қою,

экологиялық  заңнаманың  бұзылуы  салдарынан  азаматтардың  денсаулығына

және  (немесе)  мүлкiне  келтiрiлген  зиянның  өтелуi  туралы  сотқа  талап-арыз

беру; кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де

объектiлердi  орналастыру,  салу,  реконструкциялау  және  пайдалануға  беру

туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ

жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс

әсер  ететiн  шаруашылық  және  өзге  де  қызметiн  шектеу,  тоқтата  тұру  және

тоқтату  туралы  шешiм  шығаруды  талап  ету;  қоршаған  ортаны  қорғау

қорларын құру құқығын көздейді.

Сонымен қатар, Кодексте қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық

бірлестіктердің:табиғи   ресурстарды   ұтымды   пайдалану,   қоршаған   ортаны

қорғау   және   экологиялық   қауiпсiздiктi   қамтамасыз   етуге   бағытталған

шараларды iске асыруға жәрдемдесу; өз қызметiн заңнамаға сәйкес жүзеге

асыру мiндетi көзделген.

Бұдан   басқа,   қоғамдық   бірлестіктердің   заңда   белгіленген   өзге   де

құқықтары   мен   міндеттері   бар.   Мысалы,   «Қоғамдық   бірлестіктер   туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында жарғылық мақсаттарды жүзеге

асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер заңнамада белгiленген тәртiппен соттар 



«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша

шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –  Маңғыстау облысында Орхус

конвенциясын

 тәжірибелік іске асыру» жобасы

мен  басқада  мемлекеттiк органдарда өз  мүшелерiнiң құқықтары  мен заңды

мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға құқығы бар екені қарастырылған. 

Сонымен қатар, Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарды

есте сақтау керек. Орхус Конвенциясы азаматтар мен экологиялық қоғамдық



бірлестіктерға неғұрлым кең құқықтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет