«Қазақстан мұғалімдері: жастар неге бұл мамандықты таңдайды және
олардың қалуына не түрткі болады?» әлеуметтік сауалнамасының келесі қорытындылары
келтірілген: әрбір бесінші мұғалімге ұстаздық оның негізгі әрі басымдықты таңдауы болған
жоқ, әрбір үшінші жас мұғалім өз кәсібін басқа кәсіпке ауыстыруды көздейді және әрбір
төртінші мұғалім жуық арадағы 5 жылдықта жұмыстан кетуді жоспарлайды
71
. Мұндай сүрең
тұжырымдар, жалақыдан бастап мамандық мәртебесіне дейін, мектептегі психологиялық
климаттан жас мұғалімдер мен тәлімгерлікті қолдау жүйесіне дейін және т.б. факторлардың
тұтас кешенімен түсіндірілер еді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мұғалім мамандығына келетін, жас
мамандарда қандай проблема туындайды?
Достарыңызбен бөлісу: |