2021-2022 оқу жылының басында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шаралар жыл бойы жүргізілуі тиіс. Соған байланысты мектептерге 2021-2022 оқу жылында оқушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарының реті ұсынылды.