Орта білім беру



бет177/241
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#21245
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   241
Байланысты:
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

«Физика» оқу пәні

10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:



  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;

  2. білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар: Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарлары.

2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 81-кестеде көрсетілген.



  1. кесте. «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Жалпы оқу жүктемесінің көлемі, сағат

Төмендетілген оқу жүктемесімен

Үлгілік оқу жоспары



Жаңартылған мазмұнындағы

үлгілік оқу жоспары



Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

10 (ҚГБ)

2

68

1

34

10 (ЖМБ)

3

102

2

68

11 (ҚГБ)

2

68

1

34

11(ЖМБ)

3

102

2

68

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) негізінде Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары қысқартылған (82-кесте).

  1. кесте. Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы

№125 бұйрығымен енгізілген) негізінде қысқарған оқыту мақсаттары.


Ұзақ мерзімді

жоспардың бөлімі



Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді

жоспардың мазмұны



Оқу мақсаттары

10-сынып

Кинематика

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.

№ 2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»



10.1.1.11 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу

Динамика

№ 3 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»



10.1.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау

Әртүрлі ортадағы электр тогы

Электронды-сәулелік түтікше

10.3.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін

және қолданылуын түсіндіру



11-сынып

Ұзақ мерзімді

жоспардың бөлімі



Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді

жоспардың мазмұны



Оқу мақсаттары

Айнымалы ток

№ 1 Зертханалық жұмыс.

«Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»



11.4.3.13 - трансформатор орамасындағы орам санын

эксперимент арқылы анықтау



Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.14 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен

кемшіліктерін бағалау



Толқындық қозғалыс Гюйгенс принципі.

Механикалық толқындардың дифракциясы

11.5.1.4 - Гюйгенс принципін және механикалық толқындарда

дифракциялық көріністі бақылаудың шарттарын түсіндіру



Толқындық оптика

№ 3 Зертханалық жұмыс

«Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»



11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен эксперимент арқылы

анықтау


Геометриялық оптика

Оптикалық құралдар

11.6.2.8 - телескоп, микроскоп

және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру



Атомдық және кванттық физика

Спектрлер. Спектрлік құралдар. Спектрлік анализ

11.8.1.2 - спектрлік құралдардың

жұмыс істеу принципін және олардың қолданылуын сиппаттау



де Бройль толқындары

11.8.1.19 - де Бройль болжамын

түсіндіру



Космология

Күн-Жер байланыстары

11.10.1.4 - Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман

және Винн заңдарын қолдану



Әлемнің кеңейуі

11.10.1.9 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып, Әлемнің жеделдеуi туралы

болжамды талқылау



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР БҒМ 2020 жылғы «27» қарашадағы

№ 496 бұйрығымен бекітілді. Аталған оқу бағдарламаларын академияның www.nao.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 83-кестеде көрсетілген.


  1. кесте. Үлгілік оқу жоспарлары негізінде «Физика» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып


Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10 (ЖМБ)

2

2

2

2

10 (ҚГБ)

1

1

1

1

11 (ЖМБ)

2

2

2

2

11 (ҚГБ)

1

1

2

1

Сынып


Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10 (ЖМБ)

3

3

3

3

10 (ҚГБ)

2

2

2

2

11 (ЖМБ)

3

3

3

3

11 (ҚГБ)

2

2

2

2

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (10-11-сыныптар) оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды академияның www.nao.kz сайтынан алуға болады.

«Физика» пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін педагогтерден күрделі оқыту мақсаттары мен бөлімдердің/бөлімшелердің тақырыптарын қайталауға және бекітуге назар аудару ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   241




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет