Орта білім беру



бет197/241
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#21245
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   241
Байланысты:
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.

1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу» (94-кесте).




  1. кесте. Тақырыптық жоспар

Бағдарлама бөлімдері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары. Сағаттар саны

1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

15

8

15

7

45

Футбол

8

-

-

7

15

Баскетбол

-

8

7

-

15

Волейбол

7

-

8

-

15

3. Гимнастика

-

9

-

-

9

4. Шаңғы дайындығы*

-

-

10

-

10

5. Жүзу**

-

-

-

6

6

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

22

17

25

20

84

Вариативтік

Вариативтік бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды, немесе баскетболды таңдауы арқылы жүзеге

асырылады



4

5

5

4

18

Оқу жылы бойынша сағаттар саны:

26

22

30

24

102

Ескерту:

*– Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.

**– Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.


  1. кесте. 10-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (ер балалар).

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

(орташалан дырылған)

төме н

орташа- дан төмен

орташа

орташа- дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

4,9

5,6

5,5 – 5,3

5,2 – 4,6

4,5 -4,3

4,2

Бір орыннан ұзындыққа секіру

213

190

191 - 201


202-224

225 - 235

236


Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра

лақтыру

611,0

434,0

435-522

523-699

700-785

786,0


3×10 м қайталап

жүгіру


8,3

9,1

9,0 – 8,7

8,6 –7,8

7,7 -7,4

7,3

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)



42,0

33,0

34,0 –37,0

38,0-46,0

47,0-50,0

51,0




  1. кесте. 10-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (қыз балалар).

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

(орташалан дырылған)

төме н

орташа- дан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,4

6,3

6,2 – 5,9

5,8 – 5,0

4,9 -4,6

4,5

Бір орыннан

ұзындыққа секіру


170,0

146

147 -160


161 – 181


182 – 194


195


Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра

лақтыру

497,0

372

373-434

435-559

560-621

622,0


3×10 м қайталап

жүгіру


9,1

10,0

9,9 – 9,6

9,5 –8,6

8,5 –8,1

8,0

Қолдың білезік буынының

динамометриясы (оң қолмен)



26,0

19,5

20,0 –22,5

23,0 -29,0

29,5-32,0

32,5


«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып.

1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу».




  1. кесте. Тақырыптық жоспар


Бағдарлама бөлімдері


Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары. Сағаттар саны

1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

15

8

15

7

45

Футбол

8

-

-

7

15

Баскетбол

-

8

7

-

15

Волейбол

7

-

8

-

15

3. Гимнастика

-

9

-

-

9

4. Шаңғы дайындығы*

-

-

10

-

10

5. Жүзу**

-

-

-

6

6

Базалық компонент

бойынша сағаттар саны:



22

17

25

20

84

Вариативтік

Вариативтік бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды немесе баскетболды

таңдауы арқылы жүзеге асырылады



4

5

5

4

18

Оқу жылы бойынша сағаттар саны:

26

22

30

24

102

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.

**– Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.


  1. кесте. 11-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (ер балалар).

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

(орташа ланды рылған)

төме н

Орташа- дан төмен

орташа

орташа- дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

4,7

5,2

5,1 – 5,0

4,9 – 4,5

4,4 -4,3

4,2

Бір орыннан

ұзындыққа секіру



220

197

198- 208

209 – 231

232 - 244

245

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра

лақтыру


713

540

541- 626

627-799

800– 885

886

3х10 м қайталап жүгіру

8,0

8,7

8,6 – 8,4

8,3 –7,7

7,6 -7,3

7,2

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)



43,5

35

36-39

40 -48

49 – 52

53




  1. кесте. 11-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (қыз балалар).

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

(орташа ландыр ылған)

төмен

орташа- дан төмен

орташа

орташа- дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,4

6,3

6,2 – 5,9

5,8 – 5,0

4,9 -4,6

4,5

Бір орыннан ұзындыққа секіру

172

143

144 -157

158 –

182


183 – 197

198

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

514

373

374– 443

444–

584


585 – 654

655

3х10 м қайталап жүгіру

9,0

9,9

9,8 – 9,5

9,4 –8,6

8,5 –8,1

8,0

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)



28

20,5

21 –24,5

25-31

31,5–34

34,5

«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын

«Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар академия сайтына орналастырылған (nao.kz).


«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні

Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

ҚР білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін төменде көрсетілген құжаттар негіз болып табылады:


  1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы;

  2. «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген);

  3. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін

мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздігі әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

ҚР жалпы білім беретін мектебінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 425-қосымшамен бекітілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану- математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) арқылы жүзеге асырылады.

Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.

Пәннің міндеттері:



  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірімен және орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көзқараста тәрбиелеу;

  6. жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін білім алушылар оқығанда:



  1. әр азамат өз Отанының қауіпсіздігін және оны қорғаудың қажеттілігі мен маңызын түсінуге;

  2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында қызмет атқару үшін қажетті білім, білік және дағды алуға;

  3. алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда қызмет еткенде қолдануға;

  4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыруға;

  5. өзінің дене бітімінің физикалық дамуының іс-әрекет құзыретін жақсарту қажеттілігін бағалауға;

  6. жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге;

  7. сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.

Әрбір оқыту ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.


«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.

«Кіріспе сабағы» бөлімі:



  1. білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;

  2. «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы»,

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі

№ 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 15725 болып тіркелген),«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.

Кіріспе сабақты өткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік- жігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.

Бөлімдер:


  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі».

  2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдардың жалпыәскери жарғылары».

  3. «Тактикалық дайындық».

  4. «Атыс дайындығы».

  5. «Саптық дайындық».

  6. «Әскери топография».

  7. «Әскери роботты техникалардың негіздері».

  8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.

Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.



Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс.

Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі.

10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.

«Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.

«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс- шаралармен таныстырады.

Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық- қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.



Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.

Бөлімдер:



  1. «Тактикалық дайындық».

  2. «Атыс дайындығы».

  3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары».

  4. «Саптық дайындық».

  5. «Әскери топография».

Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазбажұмыстыңжәне практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.



«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны.

  1. сынып.

Бөлімдер:

    1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері».

    2. «Атыс дайындығы».

    3. «Саптық дайындық».

    4. «Технологиялық дайындық».

    5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері».

11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.

«Технологиялық дайындық» бөлімі: Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары; Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін



қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою; Жол белгілері

  • Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек; Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың

тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық- практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативтік бөлімнен 30 сағат қарастырылған;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша сынақ қоюға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрінің 26.11.2019 № 509 бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жартыжылдықта және оқу жылының соңында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады.
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында инклюзивті білім беру ортасын құру

Қазіргі заманның жаһандық мәселелері қазақстандық қоғамның дамуына да әсерін тигізуде, мұндайда аталған мәселелер ықпал ететін маңызды спецификалық объект жас ұрпақ болып табылуда.

2015 жылы ЮНЕСКО шешімімен қабылданған «Білім беру 2030 немесе Тұрақты дамудың мақсаттары 4» жаңа жаһандық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан басқа да қатысушы мемлекеттер секілді «барлық адам үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ілгерілетуді және толық әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге міндетті».

Кәсіби жолдың табыстылығы, сайып келгенде, адамның өз өміріне қанағаттануы сапалы білім деңгейіне, еңбек нарығындағы конструктивті мінез- құлыққа және, ең алдымен, мамандықты дұрыс таңдауға байланысты болады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мен әлеуметтендіру мәселелерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты кәсібилендіру үшін оларда өздеріне, өз мүмкіндіктеріне оң қатынасын, өздерінің психофизиологиялық

ерекшеліктерін максималды түрде адекватты бағалау қажеттілігін түсінуін дамыту маңызды.

Қазақстандағы нормативтік құқықтық құжаттар бүгінгі күні әрбір баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оның білім алу құқығын қамтамасыз етеді. Сол себепті ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіптік бағдарлау үздіксіз процесс болып табылады және барлық жас кезеңдерінде мақсатты түрде жүзеге асырылады. Олардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесі жеке дамуы үшін өте маңызды. Қазіргі динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жалпы білім беру ұйымдарының адаптивті, әлеуметтік-еңбек, зияткерлік, психологиялық-педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне ие кәсіптік бағдарланған түлектеріне сұраныс өсуде.

Осылайша, кәсіптік бағдар және кәсіптік өзін-өзі анықтау «өмір бойы білім беру» парадигмасын іске асыру үшін қажетті құзыреттілікке ие болудың маңызды шарты болуы тиіс. Осыған байланысты жалпы педагогикалық принциптерге сүйене отырып, ғылыми-әдіснамалық тәсілдерді, психологиялық әзірлемелерді ескере отырып, кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі педагогикалық қызметті ұйымдастыру қажет.

Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралына (Академия сайты: www.nao.kz), «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын анықтау және диагностика жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» ( Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №150 бұйрығына қосымша) https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34241215#pos=4;- 116, «Мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын кәсіптер атласына» (ҚР ЕХӘҚМ) https://www.enbek.kz/ru/atlases-professions жүгінуге кеңес береміз.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі мақсаты оның оңтайлы дамуын, қоғамға сәтті кірігуін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі әрдайым дербестендірілген және мұғалім топпен жұмыс істесе де, белгілі бір білім алушыға бағытталған болуы тиіс.

Критериалды бағалау жүйесінің көмегімен әрбір білім алушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке прогресін анықтау білім алушылардың оқуға деген ынтасын ғана емес, мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді.

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу

қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.

Бұл ретте мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ерекше білім беруді қажет ететін әрбір білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған балалар үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру процесінде арнайы жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Осы ұсынымдардың негізінде педагогикалық кеңесте ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін, оның ішінде жеке оқу бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар үшін қорытынды аттестаттау рәсімінің тәртібі мен арнайы шарттары бекітіледі.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау білім алушылардың денсаулығы мен физикалық жағдайын қолдауға: балалардың денсаулығын сақтау режимін ұйымдастыруға, физикалық белсенділіктің жеке таңдалған формаларына тартуға; білім алушылардың зияткерлік дамуын қолдауға бағытталғанын есте сақтаған жөн. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда» педагогтерге ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін арнайы жағдайлардың сипаттамасы ұсынылады.

Қазіргі уақытта білім алушылардың тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына және өмір сүру жағдайларына қарамастан сапалы білім алу үшін тең жағдай жасау білім беру жүйесін дамытудың келешекті бағыты болып табылады. Мұндай жағдайларды жасауда қашықтан оқытуды көздейтін және көп жоспарлы білім беру міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтан білім беруді дамыту шешуші рөл атқарады.

Педагог пен ерекше білім беруді қажет ететін білім алушының отбасы мүшелерінің күш-жігерін біріктіру олардың бір-бірінің позициялық теңдігін өзара және тең құрметпен тануымен ғана мүмкін болады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамды педагог жасауы тиіс, себебі бұл оның құзыреті шегінде әрі оның кәсібилігін көрсетеді.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының негізінде білім алушыларға қиындықтарды жеңуге, бағдарламалық материалды игеруге, оқу іс-әрекетіне оң мотивация қалыптастыруға және әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізгі әдістерін игеруге уақытылы және сапалы көмектесуге болады. Оқу процесіне қатысушылар мен ата-аналар арасындағы серіктестік жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін әр бала үшін дұрыс білім беру бағытын анықтауға болады.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен қашықтан режимде жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды толығырақ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан, Академия сайтында «Қашықтан оқыту» айдарынан https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 табуға болады.


    1. Қашықтан оқыту туралы

Қашықтан оқыту форматы қазіргі уақытта оқытудың балама түрі ретінде қазіргі шындыққа берік енеді. Қашықтан оқыту форматы оқытудың балама түрі ретінде тәжірибеге мықтап енген.

Қашықтықтан оқыту тәртібінің нормативтік құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен «қашықтан оқыту» ұғымы «қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, педагог пен білім алушылардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту» ретінде нақтыланды (1-бап, 38-тармақ). Қашықтықтан оқыту нысаны тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс- шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жүзеге асырылады, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтықтан оқытуды енгізеді (37-2-бап). https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_



Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

    • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың 14-тармағына сәйкес, "онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768);

    • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы №373 бұйрығы. Бұйрық қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін регламенттейтін тармақтармен толықтырылды https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021148

    • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы;

    • Ұсыныстар онлайн-платформаларға, сабақ құрылымына, тапсырмалар көлеміне, бағалау талаптарына, бейнесабақтарды әзірлеуге қойылатын минимум талаптарды қамтиды;

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=kk

    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген).

Стандартта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескеріп, барлық оқу пәндері бойынша 15 білім алушыға дейін топқа бөле отырып, карантин енгізілетіні көрсетілген. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199).

Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан білім платформасын таңдап алу өте маңызды.


Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін әлемде ұлттық білім беру платформалары (Франция, Ирландия, Сингапур, Жаңа Зеландия) және жаһандық LMS платформалары мен WebEx, Office 365 (Microsoft), G Suite for Education (Google), FUSE, ClickView (Ұлыбритания, Австралия) сандық ресурстары пайдаланылды. Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексикада білім беру мақсатында теледидар кеңінен қолданылды.

Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» платформаларын, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams, сонымен бірге телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сай, мұны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк оң бағалады, себебі қалыпты емес жағдайларда білім алушылардың барлығының білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.1

Сіз білім алушылармен байланысқа шығатын платформаны таңдай отырып, оқу материалдары мен орындайтын тапсырмаларды орналастырасыз. Берілген материалды сапасы игеру платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан оны (платформаны) дұрыс таңдау өте маңызды.

Мысалы, kundelik.kz білім беру платформасында бейнесабақтар, электронды күнделік пен журнал, педагогтарға арналған әдістемелік материалдар (оқу жоспарлары, критериалды бағалау бойынша ақпарат) бар.

Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат келесі кестеде берілген.
100-кесте. Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат

«Күнделік» бірыңғай білім беру Интернет-порталы

Орналасуы

https://portal.kundelik.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтар үшін: электронды күнделік, электронды журнал, мектеп есептері, білім беру ресурстары.

Білім алушылар мен ата-аналар үшін: бейнесабақтар, сабақ кестесі





1 Білімді ел (2020), Использование теле- и радиоуроков соответствуют нашим рекомендациям – Всемирный банк и ЮНИСЕФ




мен сабақтар, білім беру ресурстары, білім алушының портфолиосы, чат.

Мемлекеттік органдар үшін: статистикалық есептер

Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген



«Білімал» білімді басқару жүйесі

Орналасуы

https://bilimal.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтарға: электрондық күнделік, электрондық журнал, блог алаңы, есептер, педагогикалық білім базасы, кәсіби қоғамдастық Мұғалімдер мен ата-аналар үшін: сабақ кестесі және сабақтар, білім

беру ресурстары.



Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген



EDUS мектептеріне арналған білім беру платформасы

Орналасуы

https://mektep.edu.kz/

Мүмкіндіктері

Мұғалімдер үшін: оқу және күнтізбелік жоспарлар, электрондық журнал, оқу материалдары, емтихан рәсімдерін өткізу, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу

Білім алушылар мен ата-аналар үшін: электрондық күнделік, чат.

Пайдаланылуы

Педагогтар мен білім алушыларға қолжетімділік деректерін мектептер береді, ата-аналар онлайн тіркеуден өте алады

iMektep мектептеріне арналған білім беру платформасы

Орналасуы

https://imektep.kz/

Мүмкіндіктері

Қазақ тілі, оқу, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, өзін-

өзі тану пәндері бойынша жазылған бейнесабақтар



Пайдаланылуы

Порталға кіру үшін авторизация талап етіледі. Сонымен бірге,

бірнеше бейнесабақ ақысыз қолжетімді.



TopIQ электронды оқулықтар платформасы

Орналасуы

https://topiq.kz/

Мүмкіндіктері

Педагогтар үшін: 1-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтар кітапханасы, мультимедиалық және интерактивті компоненттер оқулыққа енгізілген, тапсырмалардың мақсаты, электронды журналдар, үлгерім статистикасы.

Білім алушылар үшін: электронды оқулықтар кітапханасы, мұғалімге тапсырмалар алу және жіберу, нәтижелерді есепке алу, жеке шотқа оқу материалдарын алу мүмкіндігі бар.

Пайдаланылуы

Жүйеге кіруге арналған активтендіру деректері мектеп әкімшілігіне

бекітілген. Кез келген пайдаланушыға онлайн тіркеуден өту мүмкіндігі бар




Қашықтан оқыту нысанын анықтау қажет

Онлайн режимінде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады.

Асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде педагогтар мен білім алушылар бір-бірінен еркін түрде жұмыс істейтін ресурстары мен онлайн- сабақтары бар сәйкес білім беру онлайн-платформасын таңдау қажет.

Өз материалдарын қолдана отырып сабақ өткізу үшін білім алушыларға берілген контексте тапсырмаларды орналастырудың ең ыңғайлы құралы - үй тапсырмасы модулі бар электронды күнделік. Дискіге материалдарды (немесе оларға сілтемелерді) сала отырып (Google Диск, Облако Mail.ru және т.б.), оларға сілтемені электрондық журналға орналастыру керек.



Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-ана, сабақ барысында оқушы орындайтын іс- әрекеттер нақты жазылуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу кезінде білім алушылардың және білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Қабылданған карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға болады. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының

«Қашықтан оқыту» айдарымен https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 сайтында орналастырылған.



Қашықтан өткізілетін сабақ бұл дәстүрлі емес сабақ!


Қашықтан оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа дағдылар мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).2

Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.

Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып, белглі бір уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта:бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.



Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады:

    • Көлемді мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырса, қосымша материал берілетінін ескерте отырып, мәтіндегі ең маңыздысын қалдырыңыз.

    • Мәтін бөлімдерге бөліну керек.

    • Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, себебі визуализация материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді.





2 Fetherston, T. “Pedagogical Challenges for the World Wide Web.” Educational Technology Review, 2001, 9(1). http://dl.aace.org/11556. Accessed Aug. 12, 2004

    • Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс.

Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс, оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі. Бұл жағдайлар қашықтан оқытуды сәтті жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке орындау жақсы нәтижеге кепілдік бермейді, дегенмен кешенді түрде олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.

    1. Жазғы мектеп

Пандемияның салдары және шұғыл шаралар қабылдау неліктен маңызды

ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік қашықтық кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімді жоғалтудың алдын алуы тиіс, ол академиялық оқудың кем дегенде үш айына не одан да көп айға барабар болуы ықтимал.3

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.

«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.4 Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық уәждемеге және үлгерімге, сондай-ақ балалардың оқу процесіне қызығушылығының жалпы деңгейіне әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және оқу талаптарына жұмылдыруға және олардың жүктемесін шамадан тыс арттырмауға қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы олқылықтарын қалпына келтіруге кепілдік береді.5

Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Нью-Йорк қаласында қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.

2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары көрсеткіш.6

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-196 кезінде білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студент жинаған.







3 European data portal (2020, june 22). Education during covid-19; moving towards e -learning. https://www.europeandataportal.eu/en/impact-studies/covid-19/education-during-covid-19-moving-towards-e-learning

4 Euronews (2020). Білім пандемияның жаңа құрбаны болды

5 UNESCO et al. (2020) Framework for Reopening Schools

Жазғы мектептің Қазақстанда ұйымдастырылуы

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл сайын өткізілетін болады.

Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі

Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.

Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.

Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.



  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.

  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

  • Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.

Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады.



Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету

Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию және басқалар).

Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары

Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер, психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапты жұмыстарын нақты бөлу қажет.

Білім беру ұйымының басшысы жазғы мектептің қызметін үйлестіруге, бақылауға, әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен оқыту процесін ұйымдастыру және санитарлық қағидалар мен нормаларды сақтау бойынша нұсқама беруге жауапты болады.

Білім беру ұйымы басшысының орынбасары білім алушылардың ата- аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды; оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау қорытындылары бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады; педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша неғұрлым күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылауды және т.б. ұйымдастырады.

Мектеп психологтары білім алушыларға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді.

Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру пандемия салдарынан білім сапасының төмендеуін қалпына келтірудің бірі жолы болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   241




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет