«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК (білім беру ұйымының атауы)
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары Дауысын баяу шығарумен қатар дауысын жоғары көтеру дағдыларына қалыптастыру
Пән атауы: Дауыс қою Дайындаған педагог : Оралғазина Г.М 2021 жылғы «01-10.09.»
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 2 курс, 2021-2022 оқу жылы, 28 топ, Жумабеков Алмаз,Мухамедяров Дамир,Арғынғазина Аружан,Сабитов Еркебұлан,Бейюітова Әсемай
Сабақ типі: теориялық - практикалық
2. Мақсат,міндеттері:
А. Дауыс қою негіздерін, вокалдық техниканы іске асыру.
В. Дыбыс жоғарлылығының өзгеруін, демнің сипатын, ырғақты, динамиканы көрсету.
С. Дауыс жаттығуына арналған қимылдар жүйесін меңгерту және қалыптастыру.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: -- Вокалдық негіздерін біледі;
- Вокалдық техниканы оның барлық әр түрлілігімен көркем бейнені іске асыруда қолдануды меңгереді;
- Дыбыс жоғарлылығының өзгеруін, демнің сипатын, ырғақты бейнелілікті көрсетуге арналған вокалдық қимылдар жүйесі дағдысын қалыптастырады;
- партитураны дұрыс және тез оқиды;
- легато дыбыстану дағдыларын дамытады.
2.2 Күтілетін нәтиже:
1. Сабақ барысында ноталық мәтінді меңгереді:
2. Вокалдық техниканы сақтай отырып динамикалық белгілерді көрсете алады;
4. Вокалдық дауыстарын жаттайды:
5. Әндерді жаттайды;
6. Өзінің орындауымен әндерді орындайды;
2.3 Бағалау критерийі:
1) Вокалдық техниканы дамыта отырып нақты айта алады ;
2) Әнді дауыстап сольфеджиолап, дирижирлеп айта алады;
3) Демге арналған жаттығуларға жұмыс жасай алады.
3. Сабақты жабдықтау: фортепиано аспабы:
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Оқулықтар, партитуралар материалдары;
3.2 Техникалық құралдар, материалдар:
Сабақтың барысы:
Білімалушылармен амандасу. Тексеру.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру:
Ф. Абт 4,5 вокалдық шығармаларды дауыспен сольфеджиолап, дирижирлеп айту.
4. Жаңа сабақ:
Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.
Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.
1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).
2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).
3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.
Адамның тыныс алу мушелері үш салады тұрады:
І – тыныс мүшелері.
ІІ – тамақ.
ІІІ – қуыс мүшелері.
1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.
2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет.
3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады
а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек
б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.
Тыныс алудың 3 түрі:
1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес
2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес
3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу.
Білімалушының сабақта жасайтын іс – әрекеттері:
- шығарманы талдайды;
- ноталық мәтінді меңгереді;.
- Демге арналған жаттығуларды еркін көрсете алады;
-Дауыс аппаратымен ән айта отырып , динамикалық белгілерді еркін көрсете алады;
- шығармаларды сольфеджиолап, дирижирлеп айта алады;
Сабақ бойынша рефлексия:
Мен білдім....
Мен үйрендім....
Мен қиналдым...
Маған ұнады...
Менің көңіл – күйім
Үй тапсырмасы:
1.Вокализді талду.
2.Альтерация,динамикалық белгілерін қарастыру.