«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет68/81
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#45102
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Байланысты:
Азия

Тәжі – Махал кесенесі Х ғасырда салынған. Бұл кесенесі Үнді, Түрік, Иран, Ауғаныстан құрылысшылары салған. Моғол императорының қайтыс болған әйеліне арнап жасалынған Тәжі – Махал кесенесі дүние жүзіне белгілі болды. Бұл кесенені 20 мың адам 18 жыл бойы салды. Ғажайып әдемілігі үшін Тәжі – Махал «Үнді маржаны» деп аталды. Ол көгілдір аспанмен таласып, қиылған бұрыштары бар төртбұрышқа ұқсайды. Ортасында жерден 15 метрге жуық көтеріліп тұрған әдемі күмбез, үйдің жан – жағындағы бұрыштарда көлемі жағынан мұнан кішірек тағы да төрт күмбез бар. Осындай мұнарлар кесенеге жарасып, әдемі сымбат беріп тұр. Тәжі – Махал – аппақ қардай мәрмәрдан салынып, тамаша оюлармен нақышталған, айналасында су бұрқақтары бар саябақ. Ұлы Моғол империясы кезінде шығыс елінен шебер миниатюралар әкелінді. Моғол миниатюрасы әдеби шығармалармен тығыз байланысты болды.
Ерте ислам өнері
Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт іс-шаралары 711 – 713 жылдары жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне жаңаша бетбұрыс жасауға ықпал ету үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет болды. Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете алмады. Сондықтан үнді – ислам өнеріндегі осы кезең, мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалды.
Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты, үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі болып, сол кездегі мәдени дамуға ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді – исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі жетістікке жетті. Сонымен қатар қолөнері өркендеп, гүлденді.
Махмұд Газневи (998 – 1030) сұлтан ауғанның астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді, үнділік көркем ескерткіштерді құртып жіберді. Ғаламат діни құрылыстарды қиратты.
ХІ ғасырдағы тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдық көрсетуі әйгілі әл-Бируни жазбаларынан мәлім болып отыр.
Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса көктеп кіріп, Делиді жаулап алды. ХV – ХVІ ғғ. Үндістанда Кашмир, Дели, т.б. ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Ерте ислам кезеңінде Моғол өкіметін Акбар билеген тұста салынған индустік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті. Қазіргі мұражайларда сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар – сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндері ғана. Сол кезде буддалық монахтар қудаланып, құрбан болған.
Ертеде ислам әкімдері билеген кезде көптеген діни ғимараттар – мешіттер мен мұнаралар, исламдық діни оқу орындары, керемет көрікті ескерткіш бейіттер, кесенелер салынды. Бұл кезде біртұтас қалалар пайда болды. Делиде көлемімен, маңыздылығымен ерекше есептелетін сәулет кешені сақталған. Делидегі биік күмбез Кутб – Минар (алып мұнарасы табанының диаметрі 16 м, биіктігі 70 м) 1794 жылы салынған.
Сонымен қатар Кутб – уд – дин Айбектің үлкен мешіті, Ала – уд – дин Хильджаның мазары мен медресесі, (1215 ж.) Ильтутмыштың кесенесі көтерілген.
Кутб – Минар мұнарасы қызыл құм тастан салынған. Мұнараның негізгі тұрқы ою - өнері жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші қабаты – тұтастай дөңгелек, үшінші қабаты – кілең тіктөртбұрыш. Ислам сәулетінде бұдан кейінгі биігрек мұнара – Каирдегі Хасан мешітінің мұнарасы болып саналды.
Үндістандық мұсылман өнерінде тек сәулет өнері дамып қойған жоқ, сонымен бірге кескіндемеге көңіл бөлінді. Үндістандағы мұсылман кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы исламдық пуриатанизмді үнділік рух біржолата жеңгендігін көрсетті.
Ислам сәулетінің көне ескерткіштері қатарына Аджмердегі (Раджастхан) мешітті жатқызуға болады. Ислам сәулет өнеріне тән қабір басындағы ескерткіштер, күмбездер өзіндік ерекшеліктерге ие. Үнділік ислам сәулет өнеріне тән негізгі белгі – қоршаған табиғатпен жарасып тұратындығы. Сондықтан да бақтардағы мешіт жанында орналасқан исламға тән мұнаралар сәулет құрылысында пайдаланылды, оның құрылымы өте жақсы дамыды. Үнді сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға ықпал жасады. Ахмадабатағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі сәулет ескерткіші – Джами – Мазджид мешіті (1424 ж. салынған). Үндістандағы ерте ислам сәулет өнерінің інжу – маржаны – 1514 жылы салынған Рани Сепари мешіті, сонымен қатар Ахмад – шаһ (1414 ж.) мешіті. Сасарамдағы Шет – шаһ кесенесі мейлінше әсем және жақсы салынған (1540 – 1543). Бұл – иундар құмтасынан салынған сегіз қабырғалы кесене болатын.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Индия мәдениеті түрлі этнолингвистикалық және конфессионалдық қауымдардың мәдениетінің жиынтығы, ерекше, жан-жақты және көпқырлы. Индия мәдениеті ең алдымен бай, көпғасырлық дәстүрге негізделді, индуизммен тығыз байланысты еді. ХІІІ – ХҮ ғғ. Орта Азия, Иран, т.б. мұсылман әлемінің елдерінен келген ислам мәдениетімен синтезі жүрді.
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. елдің мәдениетінің дамуында парсы тілі үлкен роль атқарды. Парсы тілі – Индиядағы мұсылман елдерінде ресми тіл болды. ХІІІ ғасырдан бастап жергілікті тіл мен әдебиет туындыларына ықпал етті. Осы кезеңдегі әдебиеттегі стиль күрделі, қарапайым адамдарға түсініксіз, ерекше болуымен айқындалды.
Моғол империясында парсы тілінде жазған ақындар Мулла Джами Бихуд, Мир Джалауддин Саядат өмір сүрді. Абул – Фазл Аллмаидің ағасы Файзи ең көрнекті ақындардың бірі. Аурангзебтің ағасы Дара Шукох сопылардың философиясы мен діни ізденістерімен жақсы таныс болды. Оның ықпалымен санекриттен «Бхагавадгита» т.б. шығармалар парсы тіліне аударылды. Ведалар, упанишадаларды жақсы білген, «Бес кітап» пен «Жаңа өсиет» пен таныс болған Дара Шукох, «менің дінім – Жетпіс екі халықтың діні» - деді. Көзқарастары үшін қудаланып, жазаланды.
Абдул – Кадир Бедиль (1644-1720) – философ – пантеист, индуизм философиясымен жақсы таныс, соңғы көрнекті парсы тілінде жазатын ақын.
Моғол кезеңінде парсы тіліндегі тарихнама одан әрі дамыды. Шежірежел – проза жанрының ерекше бір түрі. Ғалым-тарихшылардың әлеуметтік және саяси көзқарастарын білдіретін құрал болды. Абдул – Фазл – Аллами – парсы тіліндегі көрнекті тарихшы. Оның көрнекті, көлемді «Акбар-наме» - сұлтан Акбар кезіндегі 1556-1593 жылдарды толық қамтиды. Соңғы бөлімінде «Аин – и - Акбари» (Акбардың ұстанымдары) – сарай өмірі, Кархане – мемлекеттік шеберханалар мен қызметтер, армияны ұйымдастыру, Акбар реформалары, қызмет адамдарына арналған жадынамалар беріледі.
Абул – Фазл тарихшы ретінде өз замандастары - Низам уд – Дин Ахмад т.б. ықпал етті. Низам уд – Дин Ахмадтың көрнекті шығармасы «Таба – кат – и Акбари» («Акбардың разрядтары»). Абдул – Кадир ибн Мулук – Шах Бадауни – көрнекті тарихшылардың бірі, өзінің «Таңдаулы тарихтарында» («Мунтахаб ат – таварих») Акбардың реформаларына қарсы шығады. ХҮІІ ғ. бірінші жартысында көптеген тарихи шығармалар жазылып, билеушілер Джахангир мен Шах – Джаханға марапаттауларға негізделеді.
Эпистолярлық жанр негізінде прозалық шығармалар дамыды. Аурангзебтің қамаудағы әкесі Шах – Джахан мен ұлдарына жазған хаттары ерекше құнды. Бабырнама
Бабырдың немересі Бүлбадан – бегім әкесіне арнап «Хумаюн-наме» мемуарын жазды. Джахангир – сөз өнерінің хас шебері, өнердің бағасын білетін жан-жақты билеуші. «Джахангир – наме» мемуары құнды тарихи дерек.
Парсы тілінің ықпалымен хиндустани тілі, әсіресе оның әдеби түрі – урду араб графикасын қабылдап дамыды. Урду әдебиетінің маңызды орталығы ХҮ ғ. бастап Деканның қалалары болды. Мухаммад Кули Кутб – шах және Ваджихаурду тілді поэзияның көрнеті өкілдері. ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ. басында бұл қалалар әдебиет провинцияларына айналып, Дели орталық болды. Сафруддин Мухаммад Фаиз – көптеген Маснави және Газемилердің авторы. Оның ықпалымен қалыптасқан ақындар – Мир Таки Мир, Назир Акбарабади.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Индияның басқа – бенгали, маратхи – тілдерінде бай әдебиет қалыптасты. Бхакти идеялары ықпал етті. ХҮ – ХҮІІ ғғ. көрнекті бхакти – ақындар құтқарудың жолы құдайға сенім идеясын синкретизм идеясы үнді – мұсылман мәдени синтезінің жарқын көрінісі. ХҮІ ғ. бхакти поэзиясының көрнекті өкілі сикхтар гуруы Нанак ХҮ ғ. атақты ақын – бхакты Кабира ықпалымен жазған өлеңдері «Ади Грантх» қасиетті кітабына кірді. Бенгалиядағы ақын-бхакт, діни қайраткер Чайтанья маратхида Намдев пен Экнатх. Хинди варианттарының бірінде Тулси Даса поэмасы «Рамаяна» жазылды, әлеуметтік утопияны білдіретін «Царство Рамы» - әділеттілік патшалығын сипаттайды. «Рамаяна» поэмасының кейіпкерлері хинди тілді тұрғындардың арасында белгілі болды. Поэманың адамдардың, соның ішінде, ең төменгі топтағылардың да Құдай алдындағы теңдігін жырлауы қарапайым халыққа жақын да түсінікті еді.
Аградан шыққан соқыр ақын, батыс хинди тілінде жазған – Сұрдас әлеуметтік теңдік утопиясын суреттеді. Оның «Гокуль деревнясы» - адамдардың бәрі тең, әділеттілік үстем болған патриархалдық қауымдық идеал.
Діни синкретизм идеясы саяси ой-пікірде де көрініс тапты. Жоғарыда айтылған тарауларда Абул – Фазл Аллами шығармашылығында және Акбардың діни саясатында көрінісі тапты.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үнді архитектурасында терең із қалдырды. Құрылыстарда екі жақты ықпал: жергілікті үндіс және ортаазиялық-ирандық архитектуралық стильдердің синтезі және құрылыс ішіндегі техникалық прогресс жолымен дамыды.
Архитектуралық стильдердің синтезі әсіресе Акбар кезінде тұрғызылған құрылыстарға тән. Аградағы бекініс – қамал, Фатих пур – Сикридегі құрылыстарда раджпут бекіністерінің сәулет өнері мен индус, джайна храмдарының ықпалын білдіреді. Фатихпур – Сикри 1569-1585 жж. Акбардың резиденциясы болды. Сонымен бірге мұсылман кесенелеріне тән қатал формалармен бірге, үнді архитектуралық дәстүріне тән декордың байлығы да бар.
ХҮІ ғ. екінші жартысындағы сәулет өнерінің маржаны Делидегі Хумаюннің кесенесі. Иран сәулет өнерінің үлгісімен парктің ортасында орналасқан. ХҮІ ғ. екінші жартысында фонтондар мен су көздеріне бай парктер салу өнері жоғары дамыды.
Моғолдар кезеңінің құрылысшылары мәрмәрді жиі қолданған. Акбардың сарайлары мен қамалдары мәрмәрдан тұрғызылған, шеберлер өңдеуге күрделі тасты шебер өңдеп, одан шілтердей нәзік туындылар жасаған.

Ұлы Моғолдар өнері
Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті Делиді басып алған және тонаған, жаулап алушы самарқандық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюның тұсында (1508 – 1556) моғолдар билігі басталды. Ұлы Моғолдар патшалығы Хумаюнның ұлы Акбар тұсында (1556 – 1605) гүлденді. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діншіл адам да емес – ті. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Акбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бұрынғы дәуірлердегі ғимараттарға тән қатаң және ұстамды бағыттан өзгеше, мейлінше жаңа стиль туындылары болып келген. Бұл жаңа стиль әр түрлі формалармен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілерге негізделген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үнде, көрікті, сән – салтанатымен ерекшеленеді. Ұлы Моғолдар дәуіріндегі тамаша құрылыстардың бірі – Аграның солтүстік батысындағы Сикандрада орналасқан Акбар кесенесі осы стиль үлгісі болып табылады.
Бұл кесене Акбар әмірімен салына бастайды да, мұрагер ұлы билік жүргізіп тұрған кезде, яғни 1613 жылы аяқталды. Оның басқа кесенелерден ерекшелігі – буддалық сәулет концепциясына орай жоспарланғандығы. Ол ұзынша формалы үлкен баққа орналасқан, зор қақпалар арқылы тартылған жолдары бар, оларға симметриялы орналасқан екі жақтағы дуалда да дәл осындай, бірақ жалған қақпалар жасалған. Ұшы сүйірленіп бітетін, мейлінше жарасымды күмбезбен көмкерілген негізгі ғимарат жебе тәріздес арқа кесіп өтетін үш қабаттан тұрады. Үшінші, үстіңгі қабаты құрылысты түйіндейтін ашық терасса тәрізді, үсті жабылмаған, алайда бұрыштарында әрқайсысы төрт төрттен сүйрік бағандармен көтерілген төрт күмбезі бар. Бұл кесененің негізгі құрылысы. Мәрмәр мозайкадан салынған ішкі албар тас қорған мен ауланың сыртқы қабырғасынан бөлектеген айналма жолмен қоршалған. Екінші терасса Акбардың ақ мәрмәрден жасалған келісті саркофагы тұр. Сикандраға жақын жерде, Аграның солтүстік батысына қарай, шамамен отыз шақырым қашықтықта Акбардың әмірімен салынған резиденция болған Фатхпур Сикри қаласы бар.
Бүкіл Үндістандағы көрнекті құрылыстардың бірі салынған Фатхруп Сикридегі соборлық мешіт мейлінше әсем кешен болып табылады. Ауласының аумағы 181х158 шаршы метр, мешітінің үш күмбезі бар. Аулада ақ мәрмәрден жасаған Селим Чишти шейхтың және Ислам ханның кесенелері бар. Ауланың оңтүстік жағында айбынды да керемет келісті, өз алдында дербес құрылыс саналатын «Әсемдік қақпасы» (43х20м) орнатылған.
Бүгінде Үндістан сәулетінің аса үздік ескертеіші болып саналатын, Шаһ Жаһан өзінің сүйікті жары Мумтаз Махал құрметіне салдырған Аградағы Тәжі-Махал озық ойдың үлгісіндей әсем ескерткіш. Бұл кесене аңыздарда айтылатындай парсы сәулетшісінің жобасы бойынша салынса да, оның таңғажайып көрнісі Үндістандағы сәулеттік өнер ескерткіштеріне ортақ фантастикалық ирреальдық сипатта өзінің керемет жарасымын тапқан. Бұл тек қана үнділік ескерткіштерге тән сәулеттік өнер үлгісі болып табылады. Тәжі Махал үлкен саябақтың ортасында орналасқан, қай жағынан қарасаңыз да өзінің мұнараларға ұқсас күмбездерімен көз жауын алып мұндалап тұрады.
Әдебиеттерде ағылшындар өздерінің Үндістандағы отаршылдық билігі кезінде көптеген тамаша сәулет туындыларын бұзып, материалдарын пайдаланғаны айтылған. Моғолдар кезеңіндегі сәулеттік ғимараттар үшін бірден бір құрылыс материалы ақ мәрмәр араластырылған қызыл құмтас болғандығы дәлелденді, Мәселен, Дели мен Аградағы сарайлар мен форттардың көпшілігі сол қызыл құмтастан салынған.
Моғолдар дәуіріндегі кескіндеменің осы заманғы үнді кескіндемесінің дамуына әсері болды. Үнділік кескіннің жоғары дәрежеде болғанына Аджанта қабырғаларында сақталған жұрнақтар, Декандағы, сол сияқты Кинчипурамдағы (Кайласанатхи храмы), Танджурдағы, Андхра Прадештегі Лапакши храмы мен Виджаянагардағы храмның кескіндеме үлгілері дәлел.
Үнді кескіндеме өнерінің ең жоғарғы даму дәрежесі Моғолдар кезеңінде болды. Бұл өнердің өркендеуі Акбар билігі кезінде басталды жіне ол күндердің аса үлгілі туындылары біздерге жетіп отыр. Моғолдардың мемлекеттік мектебі мен Декан мектептерінде, Раджастхан мен Пахари мектептерінде өз туындыларын мүсіндеген көптеген суретшілердің есімдері белгілі. Көп жағдайда жекелеген миниатюра қолжазбаларында оның таңбасы мен салған суретші есімі қатар тұрғандықтан, оларды миниатюраның даму хронологиясына қосуға мүмкіндік бар.
Моғолдар кезеңіндегі кескіндеме дамуына көне үнділік мұраның негіз болғандығы мәлім. Гуджараттан табылған 1127-1288 жылдары жазылғаны көрсетілген, джайндық кескіндеменің басталу кезеңіне жататын кітаптар – осындай туындылар. Бұларға Аджанта кескіні елес берерліктей сұлу әйелдер қимылы мен көркін, бет әлпетін бейнелеуі тән болып келеді. Сонымен, бірге халықтың рухтағы безендіру мейлінше дөрекі бейнелер, айталық, аса үлкейтілген сүйір мұрынды бет-пішіндер де бар.
1427 жыл деп белгіленген және сексен бес миниатюрамен безендірілген «Шаһнаме» қолжазбасы ең көне мұсылман туындыларының бірі болып саналады. Ол Дели музейінде сақталған.
Джайындық безендірудің Солтүстік және Орталық Үндістанның шығыс бөлігінде кең тарағанына Джайпурда табылған «Кальпасутра» (1465) дәлел болады.Мұнда да «Кальпасутрамен» байланыстырылады. Сарай маңындағы тамаққа талғамшы адамдарға арналып, шамамен 1500-1510 жылдары шығарылған, өзінше бір көркемделген аспаздық кітап «Нимад-наме» Мальвадан табылды.
Сонымен қатар Солтүстік Үндістанның жекелеген облыстарында, Джаунпурда, Аудха мен Патнада кескіндеменің жергілікті мектептері жұмыс істей бастады. Таж – Махал – үнді, моғол сәулет өнерінің ғана емес, дүние жүзілік сәулет өнерінің шарықтау шегі.
Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900 – 1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. үлкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.
Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри - алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.
Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі. Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер, қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас сутра – б.э.д. 868 жылы ең алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап, олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді.
XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет